Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория.әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Кластер түсінігі мен құрылымы және экономиканы дамытуда кластерлер жобасын пайдаланудың маңыздылығы ... ... ... ... .. 8
1.2 Туризм кластерінің даму ерекшеліктері. ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3 Туризм саласында кластерлік жүйені дамытудың шетелдік тәжірибесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

2 Қазақстандағы туристік кластердің дамуы мен туризм саласы.ның қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.1 Туризмнің Қазақстан экономикасындағы даму тенденциясы және осы саланы дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... 36
2.2 Туризм пилоттық кластері жобасын іске асыру ... ... ... ... ... . 44
2.3 Туризм саласы мен туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау (Алматы қаласы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

3 Туризм кластерінің Қазақстан Республикасы экономикасын.дағы даму мәселелері мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 66
3.1 Ұлттық туризмді дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
3.2 Туризм кластерін қолдау шаралары мен даму перспек.тивалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 74
3.3 Алматы қаласындағы туристік кластердің даму бағыттары мен өзекті мәселелерін шешу жолдары және дамытудың перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

Қорытынды 89

Қолданылған әдебиетер тізімі 95

Қосымшалар
Кіріспе

Бәсекелестік – нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуі үшін қажетті басты механизм. Әлемдік экономиканың жаһандануы мен халықаралық экономиканың бәсекелестігі жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетсіздігі әлемің алдыңғы қатарлы елдерінің даму деңгейімен айырмашылықты қысқартуға бағытталған барлық талпыныстарымызды жоққа шығара отырып, Қазақстанды әлемдік экономикадан тыс қалдыруы мүмкін. Сол себептен біз үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі өзекті болып табылады. Осыған орай мемлекетімізде алдыңғы он жыл ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып отыр, сонымен қатар экономиканы әртараптандыруға бағытталаған және ұзақ мерзімді перспективаға негізделген индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру ісі бастау алды. Стратегияда экономикадағы жетекші салаларды кластерлік үлгімен дамыту қарастырылған, сол себептен елімізде осы бағытта әр түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазіргі кезде кластерлерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі маңызды құрал болып табылады. Кластер – бұл қосымша құнды құру үрдісінде өзара байланысқан жабдықтаушыыр, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының жүйесі. Ол адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола алмайды. Кластерлік жүйе алдыңғы қатарлы елдер экономикасының көп бөлігін қамтыған. Күннен күнге кластерлер экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарларының маңызды құраушысына айналуда. Дәстүр бойынша кластерлер теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары қарқынен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды. Қазақстанның туризм үшін қажеті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкінідіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен «туризм» пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Еліміздің әлемдік туризм нарығында өзінің орнына ие болуына ерекше мүмкіндігі бар, ол үшін туристер үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32 саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі – туризм кластерінің дамуына баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.
Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы
Қолданылған әдебиетер тізімі

1. Л.С.Спанкулова. Проблемы развития кластерной экономики промышленности на региональном уровне// АльПари. - 2004. - №2-3. -с.91-95.
2. М.Ж. Тұрсымбаева. Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде кластердің рөлі // АльПари, 2005, №4, 43-45б.
3. К.Сарин. Помогут ли нам кластеры?// Мир Евразии. -2005. -№6. - с.28-31.
4. М.Афанасьев, Л.Мясникова. Мировая конкуренция и кластеризация экономики // Вопросы экономики.- 2005.-№4.- c.79-82.
5. С.Байзақов, Н.Райхан. Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді // Ақиқат. -2005. -№1. - 15-22б.
6. А.Бельгибаева. Кластер как инструмент повышения конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции // Транзитная экономика.- 2006. - №4. - с.43-46.
7. А.Л.Шалабекова. Применение кластеров в управлении экономикой // АльПари. -2005. -№3. – с.55-58.
8. А.Казбек. Стратегия «быстрых побед» в экономике Казахстана позволит добиться ощутимых результатов в ближайшие 5 лет // Деловой мир. -2005. -№6. – с.26-29.
9. М.Темирбаев. Успешные кластеры – пример общенационального согласия // Деловой мир. - 2005. -№1. – с.20-22.
10. S.Nordin. Tourism clustering and innovations// European Tourism Research Institute materials. – www.etour.se.
11. Е.Давыденко. Казахстан – туристическая Мекка?// Мир Евразии.-2005. -№6. -с.48-51.
12. PricewaterhouseCoopers, 2001, adapted from Poon 1993 & Cooper et al. 1998 in “Structure performance and competitiveness of European tourism and its enterprices”, 2003.
13. Porter M.E. “Clusters and the new Economics of Competition”, Harvard Buisness Review, Issue 6, Nov/Dec 1998.
14. Портер М. Конкуренция. – СПб.: Вильямс, 2002. – 495с.
15. Gunn.S.A. Tourism Planning/ Washington: Taylor and Francis, 1994.
16. Текенов У.А. Теоретические и практические аспекты формирования и развития кластерной системы в Казахстане// Казахстан-Спектр. -2006. -№1. – с.93-97.
17. С.Байзаков, А.Калабаева. О развитии экономической школы кластерного анализа в казахстане// Экономика и статистика. -2004. -№5. – с.11-18.
18. Мастер-план развития туристского кластера Алматинской области на 2007-2008 годы, октябрь 2007г.
19. Исмаилова Д. Понятие туристического бизнеса и его значение в экономике страны// Экономика и право Казахстана. - 2004. -№4. -с.51-53.
20. Н.Ким. Компании и рынки. Туризм. Обратите внимание// Nationаl Buisness. -2006. -№1. с.34-35.
21. Отчет о проделанной работе за 2006 год и задачах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан по развитию индустрии туризма, физкультуры и спорта на 2007 года, презентация Министерства и туризма Республики Казахстан.
22. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі мәліметтері, www.stat.kz ақпараттық сайты.
23. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы жылдық есебі, Қазақстстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша.
24. Отчет о проделанной работе за 2006 год Министру туризма и спорта Республики Казахстан Т.Досмухамбетову, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
25. Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының № 231 Жарлығы, 29.12.06ж.
26. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 28.02.07ж., www.zakon.kz ақпараттық сайты.
27. Презентация кластерного развития туризма, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
28. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 13.06.2001ж., №231
29. www.cluster.kz ақпараттық сайты.
30. Стратегия развития туристской отрасли Казахстана, презентация промежуточного отчета консалтинговой компании IPK International, 20.12.02г.
31. Журкабаева Бахытгуль// Капитал.- 2006г.- 19 декабря, инфор-мационный сайт.
32. С.Аяғанов. Жүйелілік болмай, жүрісімізден жаңыла беретініміз анық// Егеменді Қазақстан. - 2006. -30 қыркүйек. - 2б.
33. Мастер-план развития туристского кластера города Алматы на 2007-2008 годы, Алматы, ноябрь 2007г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 4

1 Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік 8
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Кластер түсінігі мен құрылымы және экономиканы дамытуда 8
кластерлер жобасын пайдаланудың маңыздылығы ... ... ... ... ..
1.2 Туризм кластерінің даму ерекшеліктері. ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3 Туризм саласында кластерлік жүйені дамытудың шетелдік тәжірибесі.27
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Қазақстандағы туристік кластердің дамуы мен туризм саласы-ның 36
қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Туризмнің Қазақстан экономикасындағы даму тенденциясы және 36
осы саланы дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ...
2.2 Туризм пилоттық кластері жобасын іске асыру ... ... ... ... ... . 44
2.3 Туризм саласы мен туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын 51
талдау (Алматы қаласы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Туризм кластерінің Қазақстан Республикасы экономикасын-дағы даму 66
мәселелері мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Ұлттық туризмді дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу 66
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Туризм кластерін қолдау шаралары мен даму 74
перспек-тивалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.3 Алматы қаласындағы туристік кластердің даму бағыттары мен өзекті 82
мәселелерін шешу жолдары және дамытудың
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Қорытынды 89

Қолданылған әдебиетер тізімі 95

Қосымшалар

Кіріспе

Бәсекелестік – нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуі үшін қажетті
басты механизм. Әлемдік экономиканың жаһандануы мен халықаралық
экономиканың бәсекелестігі жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілетсіздігі әлемің алдыңғы қатарлы елдерінің даму деңгейімен
айырмашылықты қысқартуға бағытталған барлық талпыныстарымызды жоққа шығара
отырып, Қазақстанды әлемдік экономикадан тыс қалдыруы мүмкін. Сол себептен
біз үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі өзекті болып
табылады. Осыған орай мемлекетімізде алдыңғы он жыл ішінде әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып отыр, сонымен
қатар экономиканы әртараптандыруға бағытталаған және ұзақ мерзімді
перспективаға негізделген индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге
асыру ісі бастау алды. Стратегияда экономикадағы жетекші салаларды
кластерлік үлгімен дамыту қарастырылған, сол себептен елімізде осы бағытта
әр түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазіргі кезде кластерлерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың
экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі
маңызды құрал болып табылады. Кластер – бұл қосымша құнды құру үрдісінде
өзара байланысқан жабдықтаушыыр, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік
инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының жүйесі. Ол адам
капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен
сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола
алмайды. Кластерлік жүйе алдыңғы қатарлы елдер экономикасының көп бөлігін
қамтыған. Күннен күнге кластерлер экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық
жоспарларының маңызды құраушысына айналуда. Дәстүр бойынша кластерлер
теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары
қарқынен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан
өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған жеті салада
кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде туризм
индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы
саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар
екендігі анықталды. Қазақстанның туризм үшін қажеті табиғи ресурстары бар
бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкінідіктерін толығымен қолданбайды деуге
болады. Сол себептен туризм пилоттық кластерін дамыту мен оның
перспективаларын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Еліміздің әлемдік
туризм нарығында өзінің орнына ие болуына ерекше мүмкіндігі бар, ол үшін
туристер үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды
қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай
жасау осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып
келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып
табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің
негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын
қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды
экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың
жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32
саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан
Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі – туризм кластерінің дамуына
баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.
Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен
қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар
өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының,
оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан
әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы
мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының
басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып,
оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы
білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі
деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл
механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола
отырып экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты туризм индустриясын дамытудағы
кластелердің қалыптасу және даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және
тәжірибиелік тұрғыдан негіздеп зерттеу және жалпы кластерлердің
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, жаңашылдықтың жоғары деңгейі мен
бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құрал ретіндегі рөлін ғана емес, сонымен
қызмет сферасы үшін маңыздылығын ашып көрсету, туризм кластерінің ел
экономикасын дамытуда қолдану мүмкіндігін қарастырып, оның даму
перспективаларын анықтау.
Көзделген мақcаттарға сәйкес дипломдық жұмыста келесідей міндеттер
қойылған:
– кластерлердің түсінігін, құрылымын, даму ерекшеліктерін қарастырып
және экономиканы дамытуда оларды қолдану маңыздылығын айқындай
отырып, теориялық негіздерін ашып көрсету;
– кластерлік жүйенің еліміздегі бағдарламасы мен оның ішіндегі туризм
пилоттық кластерінің жобасын қарастыру, негізгі даму бағыттарын
анықтау;
– мәліметтерге сүйене отырып Қазақстандағы туризм саласының даму
жағдайын зерттеу және тенденцияларын айқындау;
– Алматы қаласындағы туристік кластер дамуының жүзеге асуының алғышарты
ретіндегі қаланың инфрақұрылымын, туристер үшін тартымды
объектілерді, қызмет көрсету субъектілерінің жағдайын талдай отырып,
туризм ортасын зерттеу;
– Алматы қаласындағы туризм кластерін дамытуда оның қатысушылары
алдында тұрған өзекті мәселерді анықтау, оларды шешудің мүмкін
бағыттары мен жолдарын ұсыну ;
– Қазақстандағы туристік кластер мен жалпы туризм саласының дамуына
кедергі болып табылатын тетіктерді айқындау және соның негізінде осы
салада кластерлік жүйені дамытуды белсенді жүргізу, қалыптасып жатқан
толыққанды нарықтық қатынастар шеңберінде оны жүзеге асыру бағыттарын
анықтау;
– туризм кластерінің ел экономикасындағы даму персективаларын бағалау.
Зерттеудің пәні – туризм кластерін белсенді дамыту мен еліміздің
туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау
және даму перспективаларын бағалау.
Зерттеудің нысаны – Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері,
туризм кластерінің қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі
инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кластерлер мен бәсекелестік теориясы
жайында жазылған шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігінің, Статистика
жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда
жарияланған материалдар мен интернет сайттарының ақпараттары кеңінен
қолданылды.
Жұмыста зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық,
монографиялық және есептік, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау
әдістері кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 9 бөлімшеден, қорытындыдан
құралған, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар ұсынылған.
Иллюстрация ретінде 5 кесте және 17 сурет келтірілген. Жұмыс 99 баспалық
бетте орындалған.
1 Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың
теория- әдістемелік негіздері

1.1 Кластер түсінігі мен құрылымы және экономиканы дамытуда кластерлер
жобасын пайдаланудың маңыздылығы

Ағылшын тілінде claster сөзінің көптеген мағынасы бар, бірақ олардың
бәрінің жалпы сипаттамасы қандай да бір функцияны орындау мен нақты бір
мақсатқа жету үшін жекелеген элементтерді біріктіру болып табылады. Осы
мағына бұл түсініктің экономикалық мазмұнына да жатқызылады [1].
Кластер түсінігі экономикада жаңа болып саналады. Кластерлік даму
жайлы пікір-таластар алғаш рет 1990 жылы әйгілі американдық экономист,
әлемнің әртүрлі елдерінің 100-ден аса саласын зерттеген Майкл Портердің
Ұлттық бәсекелестік артықшылықтары атты кітабында жазылған. Оның пікірі
бойынша кластер – нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін
толықтыратын географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар
(жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты
ұйымдар (білім беру ұйымдары, мемлекеттік басқару ұйымдары, инфрақұрылымық
компаниялар) тобы. Бірінен бірі жақын орналасқан компаниялар оларға
өздерінің түпкілікті тұтынушылары үшін бір бірінен оқшау компанияларға
қарағанда анағұрлым жоғары құн жасауға мүмкіндік беретін ілеспе
экономикалық әсерден ұтады. М.Портер елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке
фирмалардың бәсекеге қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді
қолдануға бейімделетін әртүрлі саладағы фирмаларды біріктіретін кластер
арқылы қарастыру керек деп санайды. Яғни, Портердің негізгі тезисі
перспективті бәсекелестік артықшылықтар ішкі нарықта қалыптасады деген
қорытындыға әкеледі [2]. Кластердің географиялық масштабы бір қаладан
немесе аймақтық- әкімшілік бірліктен бір ел немесе тіпті бірнеше көршілес
елге дейін өзгеруі мүмкін.
Кластерлер қызмет тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру,
инновацияларды ынталандыру мен жаңа кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасау
үшін қандай да бір аймақтың, жекелеген аудандардың, тіпті әртүрлі елдердің
кәсіпорындары мен мекемелерін біріктіре алады. Кластерлер кәсіпорындарға
бизнесті жүргізудің шарттары мен нарықтағы сұраныстың өзгеруіне неғұрлым
икемді болуына мүмкіндік береді. Осылайша, кластер өмірге қабілетті, өзін
жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын, сәтті түрде дамушы ұйымды
білдіреді.
Кластерге тән негізгі ерекшеліктер:
- жаңа кластерлік технологиялар негізінде фирмалар, ғылыми мекемелер,
жергілікті және аймақтық билік органдарының интеграциясы мен
ынтымақтастығы;
- ортақ мақсаттар мен мүдделер;
- бәсекелестіктегі күресте жаңа мүмкіндіктерді бере алатын өндіріс,
өнімді өткізу, инвестицияларды қаржыландыруды ұйымдастыру мен
басқарудағы инновациялар мен жаңа технологиялар;
- ақпараттың толықтығы мен ашықтығы, қол жеткізе алушылығы,
кластердің барлық қатысушылары үшін мәліметтер мен білім алмасу;
мәліметтер базасын құру мен жабдықтау, өткізу нарықтарына, жұмыс
күші нарығы мен ноу-хау нарығына Интернет арқылы қол жеткізе алу;
- ортақ мақсаттарға жетуде кластердегі барлық субъектілердің
кооперациясы мен ынтымақтастығы;
- нарық қажеттіліктеріне, тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранысын
қанағаттандыруға бағыт ұстаушылық;
- кластерге тиесілі шағын, орта кәсіпорындарды қолдау мен дамыту [1].
Кластердің өмірлік циклі бірнеше сатыдан өтеді. Бірінші сатысы –
негіздің болуы, алғышарттар, яғни аймақта компаниялар мен басқа да әрекет
етуші тұлғалардың болуы. Одан кейін кластердің пайда болуы орын алады, бұл
кезде агломерация қатысушылары негізгі қызмет жанында кооперациялануды және
өздерінің байланыстары арқылы ортақ мүмкіндіктерді жүзеге асыруды бастайды.
Кластер өзінің дамуын бастағанда аймақтағы сол немесе байланысты қызметтің
жаңа қатысушылары пайда болады және тартылады, жаңа байланыстар осы жаңа
әрекет етуші тұлғалар арасында туындайды. Кластердің есеюі әрекет етуші
тұлғалар қандай да бір критикалық массасына жеткенде басталады. Ол өз
байланыстарын шекарасынан тыс жерлерде, басқа кластерлермен, қызмет
бағыттарымен, аймақтармен дамытады. Бұл кезде кластер ішінде жаңа фирмалар
мен жаңа бағыттарды құру динамикасы басталады. Осылайша біртіндеп өзгеру
келеді – уақыт өте келе нарықтар, технологиялар мен үрдістер кластерлер
сияқты өзгереді.
Кластерге өмір сүру, өмір сүруге қабілетті болу, тоқырау мен
құлдырауды болдырмау үшін инновацияларды өндіріп, өзгерулерге икемделу
керек. Ол бір немесе оның қызметі аясында жинақталатын бірнеше кластер
формасын таңдай алады немесе өнімдер мен қызметтер жеткізілетін жолдарды
өзгерте алады.
Жіктелу бәсекелестік пен инновацияны күшейте алса да, ол тоқырау мен
құлдырауға әкелетін тәуекелдер мен қақпандардан сақтандырылмаған.
Кластеризацияның келесідей су асты тастарын бөліп көрсетуге болады. Бұл
осал жерінің болуы, өйткені мамандану аймақтың шектеулігіне әкеле алады, ал
технологиялық үзіліс кластердің қандай да бір артықшылықтарын бұза алады.
Өз кезегінде қалыптасқан қатаң құрылымдар бағыттың мүлдем өзгеруін
кешіктіруге немесе қажетті қайта құруға бөгет жасауға тәуекел жасайды, бұл
көбіне жүргізілетін саясаттың икемсіздігінен болады. Бәсекелестік қысымның
төмендеуінен корпорация көмегімен инновациялардың итермелеуші күштері
қысқарады. Нәтижесінде жеткіліктілік синдромы болуы мүмкін, бұл кезде өткен
жетістіктерге үйренген кластер енді өзгеруші тенденцияларды көріп білуге
жағдайы болмайды [3].
Кластердің жалпы құрылымы күрделі болып келеді (сурет 1) [4]. Ол
географиялық, сол сияқты сыртқы ортамен байланысқан бірегей ішкі ақпараттық
орта шеңберінде де біріккен. Кластер кеңесі аймақтық басқаруды қамтиды және
бизнес бойынша үкімет кеңесімен байланысқан. Оның міндеті тек қана
аналитикалық болып табылады. Кластер құрылымындағы бастысы – құн құруда
инновацияның бүкіл тармаққа таралуы және сыртқы ортамен әрекеттесуде ортақ
логистикалық терезе. Бұндай құрылым трансакциялық шығындарды
минимизациялауға мүмкіндік береді.

Кластердің жалпы құрылымы

Сурет 1

Кластердің қызмет етуінің негізінде Портердің ромбі жатыр, басқаша оны
Даймонд моделі деп атайды (сурет 2). Ромбта қарастырылған өзара
әрекеттесулердің кешені қажеттілік пен оған негізделетін кластердің
бәсекеге қабілеттігін анықтайды. Өндіріс шарттары табиғи және адам
ресурстарын, капитал, физикалық, әкімшілік және ғылыми-техникалық
инфрақұрылым ресурстарының сәтті сәйкестендірілуі есебінен туындайды. Бұл
жағдайлар мамандану мен сапа факторларының негізі ретінде болады.
Байланысқан және қосалқы салалар құрамдас бөлшектер мен технологиялық
жабдықтар бағытында инновацияларды енгізуді қамтамасыз етеді, бұл оларды
неғұрлым бәсекеге қабілетті етеді. Мысалы, төменгі Манхэттеннің
мультимедиялық кластері өзара байланысты салаларда қызмет ететін және бір-
бірін қамтамасыз ететін баспасөз ісі, радио мен видео ақпарат сияқты
фирмалардан тұрады. Кластердің бәсекеге қабілеттігі өсуі үшін талапшыл және
ізденгіш жергілікті тұтынушылардың бар болуы маңызды, оның талаптары басқа
нарықтардағы сұраныстан ерте туындайды және жаңа тауарларға глобальді
сұраныс үшін байқау тасы болып табылады.

Даймонд моделі

Сурет 2

Ромб ортасындағы өзара әрекеттесулердің кресті (сурет 2) жергілікті
әкімшілік және институционалдық орталар тарапынан қолдау көретін оның
барлық құраушыларының өзара қажеттілігін көрсетеді. Осы айтылған әкімшілік
және институционалдық орталар кластерлер стратегиясы мен құрылымының
дамуына сәйкес үзіліссіз жетіліп отырады және оның құрылымына түрлі мүмкін
нысандағы инвестицияларды ынталандырады.
Кластерлерде бәсекелестік пен кооперцияның күрделі комбинациясы
қалыптасады. Олар әртүрлі жазықтықтарда бола тұра бір-бірін толықтырып
тұрады. Әлемдік нарықта кластерлер жүйе мен бәсекелестіктің бір агенті
ретінде қатысады, бұл оларға тең жағдайда қатысуға және глобальді
бәсекелестік тенденциясына төтеп беруге мүмкіндік береді. Корпоративті
жолмен инновациялық саясат та жүзеге асырылады, бұл кезде трансакциялық
шығындарды біршама төмендетуге жағдай туады.
Қазіргі кезде әлем жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанда біздің
өзіміздің машинамызды құрастыратын уақыт жоқ, ең үздік технологиялар,
әдістерді іріктеп алып, оларды біздің жағдайларымызға икемдеуіміз қажет.
Өйткені бүкіл әлемдегі бизнес ұқсас ережелермен дамуда, сонымен ең үздік
брендтер, бизнес пен экономикалар қалай да болса кластерлік сатыдан өткен.
Дамушы елдердің үкіметтері экономиканы кластеризациялау феноменіне
1990-жылдардан бастап ерекше көңіл бөлуде және ол өз кезегінде экономикалық
саясаттың негізі болуда. Бұл үшін елдер мен аймақтар деңгейінде кластерлер
ісі бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізетін, сонымен қатар сәйкес
кластерлердің қажеттіліктерімен барлық деңгейлерде білім беру
бағдарламаларын бақылайтын департаменттер (кеңестер, агенттіктер) құрылады
[4].
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың
себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі
болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар
процесінде екінші салалық бәсекеге қабілетілігін жасауға көмектеседі.
Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушысы
болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге
қабілеттігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге
қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың
дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтамасыз
етеді, ортақ өндрістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа
өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы
барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік,
пайда баланстарының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді
бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған
кұн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы – ішкі бәсекелестер тобы
бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар
кластерінің барлық фирмалары маманданған, бірақ та біртектес
технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар
жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп
соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға
мүмкіндік тудырады [5].
Кластерлер кәсіпорындар мен салалардың өнімділігін мыналардың
нәтижесінде жоғарлатады: технологиялар, жабдықтар, ақпаратқа қол жеткізуді
жақсартуы; бәсекелестіктің арқасында кластерлер ішінде неғұрлым тиімді
мамандандыруды құруы; неғұрлым талапшыл тұтынушылардың пайда болуының
нәтижесінде тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартуы, т.б.
Кластерге ортақ технологиялық тізбекте байланысқан, яғни бір соңғы
өнімді жасауда қызмет ететін кәсіпорындар бірігуі тиіс. Жалпы алғанда,
соңғы өнімге қайсысы неғұрлым жақын болса, сол соғұрлым жоғары қосылған
құнды алады және ол үшін соғұрлым тиімді болады. Алайда кластерлік жүйе тек
қана соңғы өнім иелеріне ғана емес, сонымен бүкіл кластер қатысушыларына
тиімді болу үшін арналған [6].
Кластердің өндірістік құрылымын талдау оның басқа фирмааралық
байланыстарды ұйымдастыру формалары алдындағы артықшылықтарын көрсетеді
[7]:
Кластердің айрықша ерекшелігі болып оның бірқатар оң әсерлер шеңберінде
пайда болуы табылады, ең алдымен өндіріс масштабы әсері. Оның негізінің
қызметін фирмалардың бірінде қандай да бір өнім немесе қызмет түрін өндіру
үшін кластердің инновациялық ядросының болуы.
Екінші оң әсер қамту әсері болып табылады. Жалпы жағдайда қамту әсері
өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін бір уақытта пайдаланыла алатын өндіріс
факторы болған кезде туындайды. Бұл фактор көпфункционалды табиғатымен
сипатталады. Фирмаларды кластерге біріктіргенде қамту әсері біршама
күшейеді, өйткені трансакциялық шығындарды минималдау кезінде түрлі
кәсіпорындарда көпфункционалды факторларды қолдану мүмкіндігі пайда болады.

Кластердің үшінші оң әсері болып өнімді жалпы стандарттау жағдайында
туындайтын синергия әсері болып табылады. Тиімділік байланыстардың барлық
бағыты бойынша таралады. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің
басқа да салаларына таралады. Кластердің басқа салаларынан келетін жаңа
өндірушілер ҒЗТКӘ-ге түрлі қадамдарды ынталандырады және жаңа стратегиялар
мен квалификацияларды біліктіліктерді енгізуде жаңа құралдарды қамтамасыз
ете отырып дамуды жеделдетеді.
Өз кезегінде экономиканы кластерлік құрылымдау мемлекеттің жалпы
экономикалық саясатына елеулі әсер етеді. Бұл ең алдымен ғылымды, тәуекеді
инновацияларды қолдаумен, экспорттық қызметпен, қажетті инфрақұрылымды құру
мен біліммен байланысты (сурет 3) [4]. Кластерлерді дамытуға негізделген
саясат мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауына әкеледі.

Кластерлердің жалпы экономикалық саясатқа әсері

Сурет 3
Кластерлік бағдарламаның маңыздылығы оның қоғамың іскерлік өмірінің
барлық аспектілерін қамтуында: тиімсіз әкімшілік реттеу, сыбайлас
жемқорлық, тәуелсіз сот мәселелері, т.б. кластерлер шеңберінде талқыланады.
Әр кластердің дамуына байланысты мәселелер институционалдық мәселелермен
ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға Индустриалдық -
Инновациялық даму стратегиясының шеңберінде және Президенттің
Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекелестікке қабілетті экономикаға
және бәсекелестікке қабілетті ұлтқа Жолдауына негізделе отырып , Қазақстан
Республикасының Үкіметі экономиканың өндірмейтін салаларын кластерлік
дамыту арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру бойынша жаңа жобаны
іске асыруға кірісті.
2004 жылдың шілде айында Қазақстан экономикасын өндіруші емес
салаларда кластерлерді дамыту көмегімен диверсификациялау жобасы бастау
алды. Қазақстанның кластерлік даму бағдарламасы еліміздің шикізаттық
бағыттан бас тарту және бәсекеге қабілетті экономиканы құрудағы
талпынысында басымдықты құралдардың бірі болып табылады. Жобаның
тапсырушысы Қазақстанның Үкіметі, ал мердігерлер кластерлер концепциясының
негізін қалаушы, Гарвард бизнес мектебінің стратегия және бәсекеге
қабілеттілік Институтының жетекшісі, әлемнің кеңес берушілерінің алғашқы
ондығына кіретін Майкл Портер бастаған Austin Associates американдық
консалтингтік компаниясы мамандары болды. Майкл Портер жобаның ғылыми
кеңесшісі болды. Бұл инициативаның басты мақсаты – экономиканың өндіруші
салаларынан өндіруші емес салаларға ауысу және олардың өнімділігін арттыру.

Жоба шартты түрде 3 кезеңге бөлінді: әлеуетті кластерлерді анықтау,
кластерлік саясатты дамыту, бағдарламаны жүзеге асыру. Бірінші кезеңінде
Қазақстан бәсекелестік артықшылықтарға ие нарық сегменттерін анықтау
мақсатында 150-ге жуық өндіруші емес салалар мен қосалқы салаларға талдау
жасалды. Бәсекеге қабілеттілік екі негізгі критерий бойынша бағаланды:
саланы дамыту үшін қажетті негіздің болуы мен саланың Қазақстан
экономикасындағы рөлі. Берілген сала жұмысбастылықты қамтамасыз ету мен
экспортқа қаншалықты әсер ететіндігі мен динамикадағы саланың өсуі
зерттелді, сонымен іскерлік ортаның бағасы да маңызды критерий болды.
Бағдарламаның екінші кезеңі барысында 23 салалық кластер мен нарық
сегменттері үшін қазақстандық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі нарықтың
тартымдылығы мен динамикасы бағаланды. Экономиканың берілген саладағы соңғы
5-10 жылдағы сұраныс пен ұсынысты бағалау көмегімен осы көрсеткіштердің
келесі 5-7 жылға болжамды сипаттамалар жасалды.
Осы талдау Қазақстандағы ғана емес, сонымен бүкіл әлемдегі
кластерлердің дамуының әлеуеті жөнінде көзқарас қалыптастыруға және соның
нәтижесінде қарастырылатын кластерлердің санын 9-ға дейін қысқартуға
мүмкіндік берді [8].
Бәсекеге қабілетті салалар бірнеше критерий бойынша іріктелді. Бірінші
критерий – адамдық ресурстар саны мен сапасы. Екінші критерий – кластерге
әлеуетті қатысушы кәсіпорындардың орналасуы. Яғни, шикізатты өндіретін,
өңдейтін және соңғы қосымша құнды жоғарлататын түпкі өнімді дайындайтын
кәсіпорындардың өзара байланыс жасауы, бір-біріне жақын орналасуы. Бұдан
кейін табиғи ресурстардың, инфрақұрылымның болуы назарға алынып, ең
соңында кәсіпорынның технологиялық сәйкестігі тексеріліп, тоғыз сала
таңдалып алынды [9].
Осы кластерлерге шығындар бойынша талдау жасалды, анығырақ айтар
болсақ, қазақстандық өндірушілердің шығындары шетел өндірушілерімен
салыстырылды. Аймақтық нарықтағы тауарлардың экспорт мүмкіндіктері
бағаланды. Әрбір кластер үшін оның құрылымы мен қатысушылары арасындаға
қатынастардың қарқындылығын сипаттайтын карта жасалды.
Қазіргі кезде жоба үшінші кезеңде, оның басында 7 пилоттық кластермен
жұмысты жалғастыру жөнінде шешім қабылданды. Төменде еліміздің жеке
секторларында кластер жасалатын жеті сала көрсетілген:
- туристік сала;
- құрылыс материалдарын өндіруші сала;
- тоқыма өнеркәсібі;
- тамақ өнеркәсібі;
- көліктік- логистикалық қызметтер;
- металлургия өндірісі
- мұнай-газ машина құрылысы.
Осы кезеңде әр кластер үшін оның қызметі барысында қақтығысатын
мәселелер мен бизнестің алдына қойылатын мақсаттар анықталды және осы
анықталған мәселелерді шешу мен қойылған мақсаттарға жету үшін арнайы
қызмет топтары құрылды. Бұл, біріншіден, кластер ішінде өзара әрекеттесу
жүйесін құруға, екіншіден, қызмет нысаны әртүрлі ұйымдарда кластерді
жалпылама көруді жетілдіруге, үшіншіден, бағдарламаның барлық қатысушылары
үшін ортақ мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа кездесулер барысында индустрияның жалпылама дамуына
бағытталған жалпы жүйелік шараларды қосатын әрбір кластерді, сонымен қатар
сәйкес кластерлердегі пилоттық жобаларды дамыту бойынша іс-шаралар жоспары
әзірленді. Бұл жоспарлар кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен
2005 жылдың 25 маусымында бекітілді. Кластерлердің жаңа мәселелерінің
туындауына байланысты анықталған жоспарларға өзгертулер енгізіліп тұрады.
Осылайша, кластерлер біртіндеп дамып, мемлекеттік және жеке секторлар
арасында диалог құрылады. Бұған қоса, кластер өзінің жеке инициативаларын
да жүзеге асырады.
Нормативтік актілерді әзірлеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды,
олардың қабылдануы жақын болашақта кәсіпкерлік климатты жақсартуға
мүмкіндік береді. Бұл жұмыс бизнеспен тығыз байланыста жүргізілді. Қазір
көптеген кәсіпкерлер отандық заңнаманы жетілдіру мен кластерлік топтарда
жұмыс істеу өнерінің мақсаттарына жетудің ең тиімді әрі қысқа жолы
екендігін түсіне бастады.
Жеті кластердің әрқайсысы үшін бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.
Олардың кейбіреулері кластерлік тұжырымдаманы іске асырып, үлкен
нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Бірнеше жедел жеңістер туристік
кластерден көрінді. Бизнес бірігіп әзірленіп, енгізіліп жатқан іс-шаралар
жоспарына жылдам жауап беруде. Туристік компаниялар мен көмекші салалар,
сонымен мемлекеттік органдардың өкілдері іс-шаралар жоспарында белгіленген
мақсаттарға жетуде тез бірікті.
Оңтүстік Қазақстандағы мақта кластерінің де аймақтық және халықаралық
нарықтарда бәсекеге қабілетті болу әлеуеті жоғары. Бұл, біріншіден,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстанда
өндірілетін шикізаттық ресурстарға еркін қол жеткізу факторы болып
табылады. Бұдан басқа, жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен бұрын болған тоқыма
кәсіпорындарын жарақтандыру, адам ресурстарын дамыту үшін қажетті негіздің
бар болуы, өндірістік шығындар деңгейінің төмендігі, мақта мен тоқыма
өнімдеріне жоғары сұраныс және потенциалды өткізу нарықтары – Қытай, Азия
елдері, Ресей, Еуропа мен Таяу Шығысқа жақындығы маңызды мәнге ие.
Тағы бір перспективті сала Қазақстанның транспорттық әлеуетін дамыту
болып табылады. Осы кезге дейін халықтың аз саны мен территорияның кеңдігі
негізінен теріс макроэкономикалық факторларға жатқызылды. Алайда егер де
біз жол инфрақұрылымын оңтайландырып, логистикалық қызметтер сферасын
дамытсақ, онда транзиттік потенциалдың жүзеге асырылуы Қазақстанға үлкен
экономикалық дивидендтерді береді.
Осылайша, экономиканы кластеризациялау бойынша басталған экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін
күшейтуде оң әсерін тигізуі тиіс бағдарлама қоғам қызметінің барлық
сфераларын қамтыған. Майкл Портердің өзінің сұхбаттарының бірінде
Қазақстанның көптеген басқа елдерімен салыстырғанда сәттілікке қол
жеткізуге мүмкіндіктерінің көбірек екендігі жөнінде айтып кеткен, бұл біз
үшін үлкен баға балып табылады [8]. Егер кластерлер елдің бәсекеге
қабілеттігін арттыруға бағытталған жалпыұлттық келісімнің үлгісі болатын
жеке және мемлекеттік сектордың алдыңғы қатарлы ұйымдарымен бірігіп
дамытылатын болса, онда үлкен жетістіктерге жетуге болатыны әрине сөзсіз.

1.2 Туризм кластерінің даму ерекшеліктері

Дәстүрлі түрде кластерлік теориялар мен тұжырымдамалар негізінен
өндіріс саласына қолданылған. Бүгінгі күнде де осы басымдық қызмет көрсету
секторының, сонымен қатар туризмнің өсуі мен оның маңыздылығының артуына
қарамастан әлі де бар. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ), туризм жөнінен
мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сонымен
мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес туризм мемлекеттің
әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей әсер ететін қызмет
ретінде түсініледі, сонымен қатар оның болашақта өз қызметінің
мүмкіндіктерін кеңейтуін жалғастыратын бірнеше индустрияның бірі
болатындығы жөнінде болжам бар [10]. Қазірдің өзінде көптеген елдер мен
аймақтар үшін бұл сала табыс пен жұмысбастылықтың маңызды құралы болып
табылады.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып
келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып
табылады. Әлемде туризмнің алдыңғы позицияларды иеленуі экономиканың
жаһандану үрдістері мен адамдардың басқа халықтардың жетістіктері мен
өркениеттеріне қызығушылықтарының өсуімен шартталады.
ДТҰ және туризм мен саяхаттардың дүниежүзілік кеңесінің бағалаулары
бойынша туризм өнеркәсібіндегі бір жұмыс орнына басқа салаларда пайда
болатын бес-тоғыз жұмыс орны сәйкес келеді. Туризм тікелей немесе жанама
түрде экономикадағы 32 саланың дамуына әсерін тигізеді және мемлекеттің
инфрақұрылымының дамуына жағдай жасайды.Туризм аймақтық және ұлттық дамуда
маңызды құрал, табыс пен жұмысбастылықтың көзі болып табылады, сонда да бұл
сала әлем экономикасындағы ең аз зерттелген өнеркәсіп түрі [11].
Туризмге кластерлік тұрғыдан қарау тек қана қызмет көрсету секторының
жалпы алғанда ұзақ мерзімді перспективасы болғандықтан ғана емес, оған
ерекше сипаттар тән болуынан қызықты.
Туризм кластерлерінің шекаралары өте шашыраңқы, сондықтан оның аумағын
анықтап өлшеу өте қиын. Ол өзіне үйден тыс жерде саяхат жасай отырып керек
болатын өнімдер мен қызметтердің кең қатарын қамтитын басқа өндірістер
сегменттерін қосады. Мейрамханалар, қонақ-үйлер, авижолдар, саяхаттар
бюросы, дүкендер, т.б. секторларды біріктіретін туризмнен басқа осындай
көпжақты өнеркәсіп түрі жоқ деуге болады (сурет 4) [12].
Туризм дамуына тікелей не жанама түрде экономиканың 30-дан аса секторы
әсер етеді, бұл – көлік, сауда, коммуникация мен байланыс, қоғамдық
тамақтану, мәдениет объектілері, сонымен ұлттық табиғи парктер мен демалыс
орталықтары.
Туристің өзінің өндіріс процесіне қатысып, соңғы өнімнің құрамдас
бөлігінің болуы бұл салаға тән ерекше сипат болып табылады. Тағы бір
ерекшелігі: өндіріс сферасында жетекші компаниялар көбіне соңғы өнімнің
сапасын жіберуге дейін бақылап, құн түзеуші тізбектегі басқа қатысушылардың
қанағаттанарлық жұмыс атқаратынына сенімді болуға мүмкіндігінің бар болуы.
Ал туризм индустриясында бұл мүмкін емес, өйткені туристік өнім өндірісі
мен жеткізілуі бір уақытта жүзеге асырылады. Алайда туристтің тәжірибесі
жалпы әсерге негізделуі мүмкін. Мысалы, турист қонақ-үйге оның жақсы қызмет
көрсетуіне қарамастан, жанындағы мейрамхананың нашар қызметінің салдарынан
қайта келмеуі мүмкін. Туризм кәсіпорындары мен кластер қатысушылары
арасындағы қатынастар клиенттердің сұранысын қанағаттандыру үшін қажет
болып табылады.
Туризм секторының моделі

Сурет 4

Басқаша айтқанда, жақсы қызмет ететін кластерге қатысушылардың жүйесі
1+1=3 болатындай қосымша құнды құра алады. Туризм кластерінде туристтің
тәжірибесі тек қана алғашқы басты тартымдылыққа ғана емес, сонымен қонақ-
үй, мейрамхана, сауда нүктелері мен көліктің қолайлы жағдайлары сияқты
қосымша қатысушылар қызметінің сапасы мен тиімділігіне тәуелді болуы
мүмкін. Өйткені кластер мүшелері өзара байланысты және біреулердің жұмысын
жақсы орындауы екінші біреулерінің тиімділігін арттыруы тиіс [13]. Бұл
туристік бизнесті ұйымдастырушы оператолар бірігіп жұмыс істей отырып
өздерінің нарықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте алатындығын білдіреді.
Туризм кластеріндегі бос аралықтарды анықтай отырып және синергияға жету
мақсатында бизнес пен секторлар арқылы интеграция жасап жаңа туристік
өнімдер мен қызметтерді жасауға және прогрессивті бәсекелестікті ортаға қол
жеткізуге болады.
Туризм кластерін құруда ең басты мәселе оның орналасу орнын анықтау
болып табылады. Кластердің орны қаланың бір бөлігі ғана, не әкімшілік
бірлік, тіпті толық мемлекет те болуы мүмкін. Бұл орын әдетте табиғи түрде
өздігінен қалыптасады, бірақ кластер толық әлеуетіне жетуі үшін дамытылуы
тиіс. Дамыту бағыты жоспарлау стратегиясы, мемлекеттік қолдау,
инфрақұрылымға инвестициялар немесе маркетингтік шараларды іске асыруда
бірігу болуы мүмкін. Тартымдылық, қызметтер, ақпараттағы өзара тәуелділік
бірігуге қажеттілікті туғызады және бұл компаниялардың кластердің тұйық
кеңістігінде орналасуынан көпті ұтады. Саяхатшының алдында қызметтердің
көптүрлілігі мен үлкен көлемі және керекті қызметердің аз көлемі бола тұра,
олардың өзара жақын орналасуы арасында таңдау бар болса, оның екінші
нұсқаны таңдау ықтималдылығы жоғары болады. Туризм саласында тартымдылық
басты күш болып табылады.
Нарықтың жаһандану шарттары неғұрлым күшті бәсекелестікті тудырады.
Үнемі жаңа орналасу орындары пайда болып, басқалар өзгеріске не құлдырауға
ұшырайды. Сәтті құрылған жоғары деңгейдегі ынтымақтастық туризм кластерінің
орналасуына, сол сияқты жалғыз кәсіпкерге де қосымша құнды құрады. Алайда
туризмдегі бірлесу соншалықты оңай емес. Туризм секторындағы кішігірім
операторлардың көптігі − өндіруші өнеркәсіпке қарағанда тиімді
серіктестікті құру қиындығының басты себебі. Кластер қатысушылары өздеріне
бір жүйенің бөлігі ретінде қарауы керек.
Көптеген туризм кластерлерінің басқа өндірістер мен қолдаушы
кластерлермен тығыз байланыстары болады. Туризм кәсіпорындары мен сектордан
тыс қатысушылар арасындағы байланыс жүйесі клиенттердің сұранысын
қанағаттандыру үшін маңызды. Сонымен бірге, екі не одан да көп кластерлер
арасындағы ынтымақтастық үлкен пайда әкеліп, бәсекелестікке қабілеттікті
арттырады. Мысалы, АҚШ-тағы Калифорния штатының Напа алабындағы шарап пен
туризм кластерлерінің арасындағы байланыс [10].
Енді туризм кластерін Майкл Портердің ромбы бойынша қарастырайық.
Өндіріс факторларының шарттарына тоқталатын болсақ, туризмдегі елдің
дамуына мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерге мемлекеттің табиғи,
археологиялық және мәдени ресурстары жатады. Елдің немесе аймақтың
бәсекеге қабілеттігі маманданған көрсеткіштермен де өлшенеді. Ондай
көрсеткіштер мысалына туризмге бағытталған адам ресурстарын, туризм
кластерінің жобаларына қажетті ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін әзірленген инфрақұрылым, қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі
және қоғамдық сектор қолдауының кең қамтылуын жатқызуға болады. Осы екі
фактор түрлері бәсекеге қабілеттілікті ұстау үшін тұрақты түрде
жетілдіріліп тұруды қажетсінеді [14].
Сұраныс факторларының шарттары бойынша, ішкі және шетел туристері де
жергілікті сұранысқа әсер етеді. Бұл сала өндіруші салаларда шығарылған
өнім экспортымен салыстырғанда тұтынушылардың өздері туристік аймақтарға
келетіндігімен ерекшеленеді. Сұраныс шарттарын қарастырғанда басты назар
туристік орынға келуші туристтердің таңдаулары мен қажеттіліктерін қоса
алғанда нарықтың көлемі мен құрылымына аударылуы керек болғанда, жедел
келген туристтердің талаптарына аударылады. Жедел өсіп келе жатқан
нарықтарда дұрыс позицяларды және күшейіп келе жатқан тұтынушылар мен
жергілікті қоғамның туристік мәдениетін анықтау да соншалықты маңызды.
Білімді және талапшыл туристер мен тұтынушылар жаңа бағыттар мен
өндіріс мүмкіндіктерін ертерек анықтауда маңызды көрсеткіштер болып
табылады. Сапаға қатаң қарайтын туристтер сапаны басқару жүйесі қызметін
атқарады және бәсекеге қабілеттілікті артттыруға біршама әрекеттесе алады.
Туризм саласындағы бәсекелестік пен қарсыластық екі деңгейде бола
алады – жергілікті және мемлекетаралық. Жергілікті компаниялардың әрқайсысы
білікті мамандар, жақсы қызмет, абырой мен нарықты бөлісу үшін
бәсекелеседі. Бұнда көбіне сектордағы (қонақ-үй, мейрамханалар, саяхат
агенттіктері сияқты) жоғары деңгейлі қарсыластық пен стандарттарды жақсарту
және жаңа өнімді таныстыру арасында байланыс болады. Мемлекетаралық
деңгейде бәсекелестік туристерді өзіне тарту аясында жүреді.
Байланысқан және қосалқы салалар бойынша бәсекеге қабілетті туризмнің
аумағы маманданудың деңгейімен, өзінің әртүрлілігімен, жабдықтаушылардың
сапасы мен операциондық жүйемен анықталады. Сәтті кластерлер қатынастардың
жақсы қызмет етуін талап етеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін жігерлі және
жаңашылдыққа бейім сектордың қолдауы қажет. Бұл қонақ-үй мен
мейрамханалардың жақсы жабдықтаушыларының, персоналды оперативті,
техникалық және әкімшілік деңгейде даярлайтын жақсы мектептер, туризм
жобаларын әзірлеуге маманданған инженерлер мен архитекторлар, сонымен осы
салаға қатысты басқа да қызмет көрсетуші компанияларды білдіреді.
Жабдықтаушылардың да денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуші
субъектілер, құрылыс өнеркәсібі, дүкендер, саяхат жасау бюросының
агенттері, туризмбасшылығы, банктер, химиялық тазалау, шаңғы мектебі, азық-
түлік пен өнеркәсіп индустриясы, мәдени орталықтар, спорт заттары, машина
тұрақтары және де туризм орнына поезд, жол, әуе немесе теңіз жолымен жету
әдістеріне деген қажеттілігі болады.
Туризм коммерциялық кәсіпорындарды бақылауда ерекше болып табылмайды.
Үкімет инвестициялайды, оларды қалыптастыруда ат салысады, басқарады және
біршама деңгейде туризм дамуының әзірлемелерін жасайды. Туризм мен саяхат
жасау өнеркәсібінің соңғы жылдары рөлінің өсуі осы секторға деген
қызығушылық пен назарды арттырды. Қоғамдық шаралар туризмді дамытуға зор
үлес қоса алады. Мемлекет бірқатар, білім беру, зерттеулер, саясат,
валюталық бағам, заңдар, инвестициялық саясат, қоршаған ортаның ластануын
бақылау, еңбек нарығын реттеу сияқты құралдар арқылы туризм кластерлерінің
бәсекеге қабілеттігіне кері не оңды әсер ете алады. Қоғамдық және жеке
сектордың сәтті құрылған ынтымақтастығы кластердің даму бағыты мен
динамикасын, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілігін де арттыра алатындағы
сөзсіз.
Туризм кластері модельдері мен көрсеткіштері әдетте ортақ
ұқсастықтарға ие. Себебі кластерлер сияқты жүйелер бұл салада табиғи түрде
өздігінен қалыптасады, бірақ әзірлеменің бағыты толық әлеуетіне жетуі үшін
дамытуды қажет етеді. Бұл бағыттар жоспарлы стратегия, мемлекеттік қолдау,
инфрақұрылымға инвестициялар және маркетингік шаралар болуы мүмкін.
Туризм кластеріне әсер ететін факторлар жалпы туризмге әсер етуші
факторлармен ұқсас болып келеді ( сурет 5) [15].

Туризм кластеріне әсер етуші факторлар

Сурет 5

Елімізде болған үлкен өзгерістер туризм нарығына айтарлықтай ықпал
етті. Ашықтық пен демократизация саясаты арқасында Қазақстан перспективті
туристік бағыт ретінде әлемде танымал болып келе жатыр. Бұған тұрақты ішкі
жағдай мен дәстүрлі қонақжайлық әрекет етуде.
Туризм − аймақтық және ұлттық дамуда маңызды құрал, табыс пен
жұмысбастылықтың көзі. Еліміздің туристік рекреационды потенциалына
негізделген шаруашылық, әлеуметтік және өндірістік қызметтердің санқырлы,
күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы, адамдардың бос
уақытын дұрыс ұйымдастыруға және қоғамның демалу мен көңіл-күйін көтеруге
деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарын жұмылдыру
қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Туризмдегі байланысқан операторлар мен өндірісті қамтитын
географиялық түрде шектелген қатысушылардың шоғырлануы мен бірлестіктерін
түсінуде кластерлік әдіс тиімді болып табылады. Кластер негізінде туристік
индустрияның барлық объектілерін біріктіре отырып елдің экономикалық
дамуының катализаторы бола алатын туристік өнімді жасауға болады. Туризм
саласын дамытуда кластерлік әдіс − оның әлеуетін арттырудағы тиімді құрал.

1.3 Туризм саласында кластерлік жүйені дамытудың шетелдік тәжірибесі

Кластерлік инициативалар өтпелі экономикасы бар елдерде ерекше
мағынаға ие болды. Көптеген елдер өзінің басты күш-жігерін
макроэкономикалық, құқықтық, әлеуметтік және саяси мәселелерге
бағыттағанда, олардың ішіндегі неғұрлым алдыңғылары өздерінің
бағдарламалары мен экономикалық өзгерістеріне реформалардың ауыр
кезеңдерінде қоғам жағдайының жақсаруын байқау үшін қоғамның
микроэкономикалық негіздерін жетілдірудің күрделі әрі маңызды жобаларын
ұйқастыруға мүмкіндіктерді тапты [16].
Ірі кластерлерді дамытудың шетелдік тәжірибесі біршама және оң болып
келеді. Бұл – Солтүстік және Оңтүстік Каролинадағы тігін компаниялары,
Германияның оңтүстігіндегі автокөлік компаниялары, Италиядағы сәнді аяқ-
киім өндірісі, шарап өндіретін Калифорниядағы топтар және Португалия мен
Швециядағы ағаш өңдеуші өнеркәсіп. Қазақстан үшін сонымен аймақтардың
бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін жергілікті деңгейдегі кластерлер
тәжірибесі де маңызды [17]. Олардың қатарына, мысалы, Голливудтағы ойын-
сауық индустриясы, Нью-Йорктегі қаржылық кластер, Хай-Пойнттегі тұрмыстық
техника өндіру кластері, Карлсвадтағы гольф үшін қажетті жабдықтарды шығару
бойынша кластер [14].
Ал туризм саласының белсенді дамуы Италияда (Рим, Венеция), Түркияда
(Бодрум, Мармарис, Анталья), АҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте
(Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды. Интернет
ақпараттық жүйесі мен көптеген әдебиеттерді қарастыру нәтижесінде 2003-2005
жылдар аралығында ТМД-ның көптеген елдерінде туризмді дамытудың
бағдарламалары қабылданғандығы анықталды.
Осы әлемдік туристік орталықтарда туризм инфрақұрылымының негізін
қазіргі заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-
сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристік орталықтардың
дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлі
маңызды болды. Осы өңірлердің туризм индустриясының тиімді дамуына
мемлекеттің бизнестің кәсіпкерлерлік бастамаларына қолдау көрсетуі, сондай-
ақ туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттік-жеке әріптестік ықпал
етті.
Оңтүстік Африка елінің туризм саласын кластерлік үлгімен қалай
дамытқанын, қандай әдістер қолданғанын қарастырйық.
Бай әрі көпқырлы тарихы бар Оңтүстік Африка туристер үшін әлемдегі ең
тартымды елдердің бірі бола алар еді. Алайда олардың нәсілдік шектеу режимі
ұлтты оңашаландырды, осы шарттар экономикалық және әлеуметтік пайданы
шектеп, туризм мен демалыс индустрияларының дамуына кедергі келтірді.
Туризмнің дамуы тарихи түрде қалыптаспады, осы аймаққа алғашқы қызығушылық
тек қана 1994 жылғы демократиялық сайлаудан кейін ғана пайда болды. Бұл
туризмнің жаңа эрасының бастамасы болды, оның әлеуеті анық көрініп,
шетелдік келушілердің саны тез қарқынмен өсте бастады.
1994 жылдан кейінгі бірнеше жыл бойы туризм өсуі зор болды, 1993 жылғы
3,1млн. туристен 1998 жылғы 5,7 млн. дейін [10]. Сонда да 1990-жылдардың
соңында шетелдік туристердің төмен деңгейі байқалды. Глобальді бәсекелестік
пен туризм табиғатына жауап ретінде Оңтүстік Африканың туризмін дамытуда
осы саланың белсендігі мен араласу қажеттілігінің керектігі мойындалды.
Мемлекеттік және жеке сектор бірігіп, шетел туристерінің санын өсіру
мақсатында ол үшін қолайлы орта құра бастады. Өнеркәсіпті қолдау үшін
қомақты қаржы бөлінді. 1998 жылғы кластерлік бастама Туризмнің Бірлескен
Әрекеттері деп аталды, бұл бастама мемлекеттің жауабын білдіріп, басшылықты
біріктіруге және индустрияны дамытуға бағытталды. Осы әрекет қоғам мен жеке
сетордағы қызығушылығы бар топтардың бірігуіне, одан кейін нәтижесінде
ортақ стратегияға әкелді.
Кластерлік бастама түрлі сектордағы туризмге қызығушылығы бар
субъектілердің тартылуы жаңа байланыстардың орнатылуы мен операторлардың
арасында диалогтың ашылуы нәтижесінде болды. Одан басқа, ынтымақтастық
арқылы тиімділіктің артатыны айқын бола бастады, өйткені туризмді дамытудың
көптеген осындай жобалары әзірленіп, олар сәтті жүзеге асып жатты.
Кластерлердің жеті аймағы анықталды: біреуі ұлттық, екеуі тақырыптық және
төртеуі жергілікті деңгейде. Кластерлік әдіс глобальді бәсекелестікке
жетуде тиімді құрал болды. Ол экономикалық қауымдастықты ұстанған бағытты
қолдау және жұмысбастылықты қамтамасыз ету, жергілікті деңгейде табысты
арттыру сияқты экономикалық мақсаттарға жету үшін белсенді қызмет етуге
итермеледі. Яғни, 1998-1999жылдарда енгізілген кластерлік бастама бірге
жұмыс істеу мен Оңтүстік Африка елінің туристік әлеуетін жүзеге асыру үшін
талпынысты білдіреді.
Кластерлік үрдістің жақсы жоспарланған ұйымдастырушылық құрылымы болды
және бизнес, үкімет пен жұмыс күштерімен бақыланды, бұлардың бәрі Туризмнің
Басшылық Тобын (ТБТ) құрады (сурет 6) [10]. Жобаның кеңес алу жұмысы Жаңа
Зеландияның осындай бір фирмасымен, Кластерлік Навигаторлар мен Американың
экономикалық кеңес беру тобымен бірігіп жұмыс істей отырып, оны толықтай
дерлік Туризмнің Кластерлік Консорциумы (ТКК) жүргізді, Оңтүстік Африканың
Жобалау Консалтингімен басқарылды. Жоба мемлекеттік қаражат есебінен
қаржыландырылды. 1998-1999 жылдардағы байланыстарды орнату жетістіктері
қызығушылығы бар тұлғалармен одан әрі дамытылуы тиіс болды.
1999 жылы кластерлік жобаларды ұлттық және тақырыптық деңгейлерде
енгізгесін туризмді кластерлеу үрдісіне екі жергілікті кластер қатысу
керектігі жөнінде шешім қабылданды. Туризмдегі жұмыс күші негізінен шағын
бизнес пен Оңтүстік Африканың жергілікті қауымдарында шоғырланған. Бұл
кластерлердің жергілікті туризмге қалай әсер ететіндігінің мысалы болуы
керек болды. Нәтижесінде облыстардың санын әлеуетті максималды білу
мақсатында кеңейтіп, төртке жеттті.

Оңтүстік Африканың кластерлік бастамасы

Сурет 6

Жергілікті кластерлік бастаманың негізгі төрт мақсаты
анықталды:
- ең жақсы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті туризмнің
кластерлік даму әдісін сынау;
- төрт түрлі жердегі туризм дамуындағы айырмашылықты сезу;
- әртүрлі деңгейлер – ұлттық, тақырыптық, жергілікті, арасындағы
байланысты дамыту;
- осындай кластерлік әдіске қызығушылығы бар басқа да бірлестіктерді
құру.
Барлық деңгейдегі атқарылған жұмыстар жақсы нәтижелерді көрсетті.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей жергілікті деңгейде жүзеге асырылған
кластерлік әдіс неғұрлым тиімді болды. Осы деңгейде қатысушылардың
персоналды пайда алудан алатын сезімдері тікелей және көп ұзамай байқалады,
сондықтан қатысуға деген ынта да артады. Қатынастардың жүзеге асырылуы
жобадан тыс қалып қояды, негізінде оған қарамастан кластерлік үрдіс әлі де
жүріп жатады. Өйткені бірігіп жұмыс істегенде пайданың көбірек түсетінін
білген қатысушылар осы қатынастарды одан әрі жалғастыруға енді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы
Туризм кластерінің даму ерекшеліктері
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Туристік кластердің дамуын қолдау
Жобаны басқару. Құрылыс фирмасын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде мәселелері және оны шешу жолдары
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Пәндер