Адам арасындағы қатынастар



І. Кіріспе
1) Адамдардың арасындағы қатынастар жөніндегі жалпы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1) Адамдардың арасындағы қарым.қатынастың психологиялық компоненті
ІІІ. Қорытынды
1) Мұғалім және оқушылар арасындағы қарым.қатынастың жалпы түсінігі
Адам аралық қатынас дегеніміз - қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардын сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
1) Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 1992 ж.
2) М.М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психология» Алматы, 1982 ж.
3) М.С. Мухина «Мектеп жасына дейінгі психология» Алматы, 1986 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Адам аралық қатынас дегеніміз - қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардын сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Teн құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамнын да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынасғар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең киын да қолайсыз құбылыс - бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, кауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс касиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көніл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көніл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейніне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ұшығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағытталады.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондыктан мұндай қатынастарды адамдардың мәнгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "суйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты - үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам аралық қатынастар
Адам аралық қатынастар психологиясы
Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік
Жеке тұлғаның қоршаған ортасы мен кеңістігі
Топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясы туралы зерттеулерді талдау арқылы қызметтік қатынастардың жоба - схема жасау
Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік
Адам аралық қатынас
Қатынастар психологиясы
Пәндер