Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту
  2. Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту міндеттер
  3. Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытуда ойынға қойылатын әдістемелік талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр

Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.

Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады.

Бағдарламаның мақсаты : оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.

Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту міндеттері

-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;

-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;

- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;

-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.

Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, «болу» «бар болу» етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді.

Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.

Міндеттері:

1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.

2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.

3. Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.

Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытуда ойынға қойылатын әдістемелік талаптар

1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек.

2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек

3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек

4. Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз -ақыл -ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс -тәсілдерді, сондай -ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен жазуға үйрету жолдары
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Бастауыш сыныптан шетел тілін оқытудың ерекщеліктері
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz