Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау



КІРІСПЕ ... ... .3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәні..
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыртырудың мүмкіндіктері

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс.тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Заманауи қоғамда мамандардың кәсіби-шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Бұған, 2012 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ««Қазақстан-2050 стратегиясы» - кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген [1].
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара.
1 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты Алматы: «Ақиқат» №1, 2013. - 18-19.
2 Қазақстан Республикасынының білім беру тұжырымдамасы. www.edu.gov.kz
3 Теплов Б. М. Проблема индивидуальных различий. -М., 1961.
4 Ананьев Б. Г. Избранные психологические труды. -М., 1980.
5 Баласағұн Ж. «Құтты білік», - А., 1986.
6 Әл-Фараби «Философиялық трактаттар» А., 1973 ж.
7 Құнанбаев Абай. Қара сөздері. -Алматы: 1993. - 87 б.
8 Ушинский К. Д. Избранные педагогические сочинения. Т.1, Т.2. -М.: Педагогика, 1974. - 584 с. - 440 с.
9 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар /ҚЅрастырып, баспаға дайындаған Б.С.Сѕлейменов. Қаз. ССР Ғылым Академиясынық баспасы, -Алматы, 1955. - 414 б.
10 Макаренко А. С. Воля, мужество, целеустремленность В 7 т. Т. V. -М., 1958. - С. 282.
11 М.Жұмабаев « Педагогика » Алматы 1992 ж.
12 Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. -М.: Просвещение, 1987.
13 Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. -М.: Просвещение, 1986.
14 Занков Л. В. О предмете и методах дидактических исследований. -М.: АПН РСФСР, 1962. -148 с.
15 Крутецкий В. А. Психология обучения и воспитания школьников. -М.: Просвещение, 1976.
16 Тәжібаев Т. Т. Жалпы психология. -Алматы: Қазақ университеті, 1998.
17 Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы: Мектеп, 1982. -350 б.
18 Әбділдин Ж.Ж. Философиялық сөздік / Ред. ұжым: – Алматы: Дәуір , 1995. – 526 б.
19 Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
20 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсендiлiгiн арттыру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1978. – 110 б.
21 Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегiнде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.;
22 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007.
23 Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. 2015. - 12 б.
24 Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. - А.: Жазушы, 1979. - 121 б.
25 Тілешова С. «Білім ғылыми» педагогикалық журнал. 2004-2007 ж.
26 Жаманбаева К. А. Методика ориентации учащихся на литературно-художественное творчество на уроках литературы /6-7 классы/: Автореф. … дисс.канд. педагог. наук: 13.00.02. -Алматы, 1994. - 18 с.
27 Мырзабаев А. Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Пед. ғыл. канд. … дисс. –Алматы, 2005. -132 бет.
28 Тұрғынбаева Б. А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пед. ғыл. канд…. дисс. –Алматы, 1998. -148 бет.
29 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы. / «Егемен Қазақстан», 14 желтоқсан, 2010.
30 Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру. Дис. п.ғ.к. – Алматы, 2001. – 167 б.
31 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар /ҚЅрастырып, баспаға дайындаған Б.С.Сүлейменов. Қаз. ССР Ғылым Академиясынық баспасы, -Алматы, 1955. - 414 б.
32 Уалиханов Ш. « Таңдамалы шығармалар ». Алматы 1985 121-142 б.
33 Құнанбаев А. « Шығармалар жинағы ». А., 1991.
34 Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегiнде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.; Қазақстан – 2030; Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы, 2004.
35 Выготский Л.С. Психология творчества и педагогика. -М.: Педагогика, 1976. - 390 с.
36 Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы: Мектеп, 1982. -350 б.
37 Шукина Г.И. « Педагогические проблемы формирование познавательных интересов учащихся» М.; Педагогика, 1988 г.
38 Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. -М.: Просвещение, 1987.
39 Бабанский Ю.К. Выбор методов обучения в средней школе. – М.: Педагогика, 1982. – 32 с.
40 Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1959. – 259 с.
41 Философский энциклопедический словарь. «А-Я» /Гл. ред. Л.Ф.Ильичев и т.д. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 836 с.
42 Шамова Т.И. « Педагогические технологий: что это такое и как их использовать в школе; М - Тюмень: МГПУ, ТИПК, 1994 г ».
43 Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
44 Хмель Н.Д. Бiртұтас педагогикалық процестi жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2003. – 128 с.
45 Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» оқулығы, Алматы, 1995.
46 Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. -М.: Просвещение, 1975.
47 Тұрғынбаева Б. А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пед. ғыл. канд…. дисс. –Алматы, 1998. -148 бет.
48 Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан», №41 - 42, 2012.
49 Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. 2015. - 12 б.
50 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы. / «Егемен Қазақстан», 14 желтоқсан, 2010.
51 Қараев Ж., Абықанова Б., Ілиясов Н. // Қазақстан мектебі. - 2003. - N3. - 267-269 бб.
52 Жанпейісованың М. "Модульдік оқыту" технологиясы.
53 Мырзабаев А. Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Пед. ғыл. канд. … дисс. –Алматы, 2005. -132 бет.
54 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007.
55 Таубаева Ш. Т. Педагогикалық колледждер мен институттар, универсиеттер студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарды жазып даярлау әдістемесі. - Алматы, 2002. - 55 б.
56 Бұзаубақова К. «Өзіндік жұмыс және оған қойылатын педагогикалық талаптар» // Қазақстан мектебі, №10, 2011. - 25-28 бб.
57 Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы, 2002
58 Төкеева-Бектұрғанова Л. А. Оқушылардың интеллектісін дамыту және өзін-өзі басқаруы.-Шымкент, 2001. 66 б.
59 Бектұрғанов М. Б. Оқушылардың интеллектісін дамыту.-Шымкент, 2001.
60 Қараев Ж., Абықанова Б., Ілиясов Н. // Қазақстан мектебі. - 2003. - N3. - 267-269 бб.
61 Альтшуллер Г. С. Найти идею. – Новосибирск: Наука, 1991.- С. 225.
62 Қазақстан – 2030; Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы, 2004.
63 Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -2004. - N4. -5-12 бб.
64 Мухина И.В. Шығармашылық жұмысқа баулу // Қазақстан мектебі. - 2002. - 60 бет.
65 Мырзабаев А. Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Пед. ғыл. канд. … дисс. –Алматы, 2005. -132 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
қалыптастырудың педагогикалық 8
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыртырудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... . 15




2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 41
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін 41
қалыптастыру жолдары
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін 53
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...


ҚОРЫТЫНДЫ 96
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . 98
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Заманауи қоғамда мамандардың кәсіби-
шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың
жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің
қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Бұған, 2012 жылғы желтоқсан
айындағы Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы - кемелденген мемлекеттің жаңа
саяси курсы атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр
білімді ұлт болуымыз керек делінген [1].
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020
жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар
түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс - деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта
жасалып жатқан іс-шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық
жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы
шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру
жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру
ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін,
теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім
беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта
қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап
етеді.
Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген,
шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі
мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін
тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау
мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге
дайын болуға тиіс.

Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып
қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім
берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның
себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология
ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне
байланысты мектепке дейінгі мекемеде шығармашылық тұлғаға тән білім беру
қажеттігі[2].
Шығармашылық - мәдени немесе
материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде
жинақталғаны, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Мектеп жасына
дейінгі бала әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында қол жеткізген
жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа
жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада мол табыстарға қол
жеткізеді. .
Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің
маңызы ерекше. Осыған орай оқушыдардың білім жетістігін өркениетті елдердің
білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды
білімгерлер бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, о жас
ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту
технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің
бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын,
оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.
Мектеп жасына дейінгі балаларға белгілі - бір көлемдегі білім, білік
- дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін
кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі
күннің талабы.
Шығармашылық қабілеттілік - өз бетінше жаңа, бір бейне құруымен
сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық
ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық
дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық
өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып,
қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден қабілеттілік бір адамды
екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық
ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді
жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті
орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет
деп атауға болады; үшіншіден, қабілет түсінігі адамда бар білім, ептілік
және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім,
дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны
меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір
жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп
көрсетеді [3].

Б.Г.Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің
белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық
аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым
ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша,
қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің
жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа
бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді [4].

ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында білімгерлердің шығармашылық
бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде
мектепке дейінгі мекемелердің орны ерекше. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің
барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз
Жүсіп Баласұғын [5],
Әл-Фараби [6], Абайды ерекше
толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды
үнемі көтеріп отырған [7].
Педагогтар К.Д.Ушинский [8],
Ы.Алтынсарин [9], А.С.Макаренконың [10] шығармаларында
шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-
бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын [11].
Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский [12], В.В.Давыдов [13], Л.В.Занков
[14], В.А.Крутецкий [15], өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев
[16], М.Мұханов [17], Ж.М.Әбдилдин [18], Қ.Б.Жарықбаев [19], Т.С.Сабыровтың
еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын
қоры деп білеміз [20]. Бәсекеге қабілетті мектепке дейінгі баланың
шығармашылық қабілетін қалыптастыру тәрбиешінің білімділігін, жан-
жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің
бүгіні мен ертеңі тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде болашақ тәрбиеші қолында
екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек
күттірмейтін мәселелердің бірі. Ел Президенті Н.Назарбаев өз Жолдауында:
Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады- деген [21].
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп жасына дейінгі ұрпақ екені даусыз.
Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің білімді, тәрбиелі, жан-
жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс.
Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы
өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, болашақ тәрбиешілердің біліміне, кәсіби
шеберлігіне көп байланысты.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан тек адамға ғана тән Шығармашылық сөзінің төркіні - шығару,
ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.
Философиялық сөздікте Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар,
жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар
бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып
келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық
деңгейге көтеруге болатындығын айтуда.
Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі
технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып
табылатыны белгілі. Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасын Білім туралы заңында білім беру мекемелерінің ең негізгі
мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген [22].
Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “... адамның өмір шындығында өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген. Қазақстан Республикасы
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің
гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең
алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін
дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен мектеп жасына
дейінгі балаларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді” [23]. Бұл
айтылғандар білім берудің басты мақсаты тәрбиешілерге дүние заңдылықтарын,
фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттыру жағын ойластыруды алға
тартады.Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып
келеді. Солардың қатарына тәрбиеленушілердің қасиеттерін, қабілеттерін
дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады.
Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына,
технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер
енгізуіне байланысты жоғары оқу орындарында шығармашылық тұлғаға тән білім
мен іскерлікті беру қажеттігі. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс
табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері,
немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.
Шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде
жазып қалдырған..Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына
байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер,
педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ балалардың шығармашылық
қабілеттіліктерін дамыту және т.б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа
бағыттары белгіленді .Республикамызда шығармашылық қабілеттерін дамыту
бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға
шығарма жазғызу (Ә.Қоңыратбаев [24], С.Тілешева [25]), оқушыларды сөз
өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту
(Қ.Ә.Жаманбаева [26]), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық
мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А.Б.Мырзабаев [27]
шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау,
шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б.А.Тұрғынбаева [28]) мәселелері
тереңінен зерттелген. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, мектеп
жасына дейінгі балалардың қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсаты
- бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық
ғылымның негізгі мәселелерінің бірі Қазіргі дамып жатқан заманымызда жан-
жақты, шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан зерттеп, оның жолдарын анықтау, ғылыми-әдістемелік жүйесін құру
тақырыпты нақтылап, айқындауға және Мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қабілетін қалыптастыру тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысаны – мектепке дейінгі мекемеде балалардың шығармашылық
қабілетін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық
қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау және оның тиімділігін
дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
– Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми
педагогикалық негізінің айқындалуы;
– Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық
шарттарының анықталуы;

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
педагогикалық мәні

Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының
халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды
қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа
тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың
қайсы бірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Шығармашылық қабілет
ұғымы жалпы қабілеттілік ұғымынан оның дербес біртектес бір түрін -
шығармашылық қабілетті іріктеу үдерісінде шығармашылық пен қабілет
ұғымдарын синтездеу нәтижесінде құрылады.
Шығармашылық проблемасы адамзатты күні бүгінгі дейін толғандырып келген,
әлі де зерттеуді талап ететін күрделі проблема болып табылады.
Шығармашылықты - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылысы,
ізденіс жасау әрекеті, оның заңдылықтарын оқып-біліп, үйрене алатын кәсібі
деп түсінеміз.
Ғылыми-әдістемелік еңбектерді зерделей отырып, психологиялық тұрғыдан
шығармашылықты – адамның өз бетінше іс-әрекетінің және белсенділігінің бір
түрі, мұнда ол үлгі немесе көшірмеден экспериментке көшіп, қоршаған ортаны
өзгерте отырып, қандайда бір құнды жаңа нәрсені жасау, шығармашылық
актінің болуы деп түсінеміз. Мұндағы шығармашылық акт – жаңашылдығы,
ерекшелігі және бірегейлігімен ерекшеленетін өнімді жасауға қабілеттілік,
түрткі. Сондай-ақ, адам психикасының жұмысын білімді операциялау үдерісі
ретінде қарастыра отырып, оның мынадай құраушыларын көрсетуге болады:
білімді алу, білімді қолдану, білімді түрлендіру. Білімді алу жүйесін оқыту
сипаттайды, білімді қолдану қабілетін алынған білімдердің негізінде
мәселені шешу қабілетін көрсететін интеллектпен теңестіру мүмкін., ал
білімді түрлендіру үдерісін (елестету, фантазия, болжам тудыру т.б.)
креативтілік (жалпы шығармашылық қабілеті) сипаттайды. Мұндай теңестіру
интеллектуалдылық және шығармашылық үдерістердің ара қатынасын қарастыруға
алып келеді.
Шығармашылық үдерісті (білімді түрлендіру) интеллектуалдықтан (білімді
қолдану) ажырату үшін адамның психикасында саналы және санадан тыс іс-
әрекеттерді ажырата білу қажет. Мәселен, күрделі шығармашылық тапсырмаларды
шешу үдерісінде бірнеше сатыдан өтуге тура келеді: алдымен жаңа тапсырманың
шарттарына дайын білімді қолданады; содан соң табанды, бірақ нәтижесіз
әрекеттердің арқасында шешім біртіндеп ойда көріне бастаған кезде “идеяның
инкубациясы” сатысына көшеді; кейіннен ойды тиянақтау нәтижесінде
шығармашылық шешімді табуды көрсететін білімді түрлендіру іске асады. Бұл
сатылардың тізбегі ғылыми жаңалықтарды сипаттау кезінде бірнеше дүркін
қайталанып, бекітіледі. Демек, шығармашылық үдерістің интеллектуалдылықтан
айырмашылығы, онда сана пассивті болып, шығармашылық жағы ғана қабылданады.
Санадан тыс әрекет шығармашылық өнімді белсенді түрде тудыра отырып, оны
санада көрсетеді. Мұндай басқарылатын іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде
басқа да қатынастар болады: сана белсенді, ал санадан тыс әрекеттер
рецептивті болып, ақпарат сана үшін көрсетіледі.
Сонымен шығармашылық − индивидтің психикасында білімді қолдану мен
түрлендіру үдерістерінің ерекшеліктерімен байланысты үдеріс. Мұндағы іс-
әрекет өнімін шығармашылық ретінде бағалау критерийлері оның жаңашылдығы,
ерекшелігі, мәнділігі, және т.б. болып табылады, сондай-ақ шығармашылық
кезеңдеп жүреді.
Психологиялық ғылыми зерттеулерде шығармашылықтың басты белгісі -
құбылыстар мен заттар, үдерістер немесе олардың бейнелеуіндегі көрнекі-
сезімдік немесе ойлау түрлерін түрлендіре білу, ал екінші белгісі - оның
ерекшелігі деп көрсетіледі. Демек, шығармашылықты – қайсыбір үдеріс
барысында әріптер, операциялар немесе жаңа құралдар көмегімен ерекше
заттарды не бейнелерді жасау іс-әрекеті деп түсінуге болады. Сондай-ақ
шығармашылық ұғымын былайша қорытындылауға да болады: шығармашылық - өте
күрделі үдеріс, өйткені онымен айналысатын адам мақсатты сезінеді, міндет
қояды және оның шешімін іздейді; шығармашылық үдерісте ішкі түйсіктің де,
елестетудің де, қиялдың да орны ерекше; шығармашылық мәселелерді шешу:
қуану, қанағаттану, тілек т.б. ішкі сезімдермен байланысты. Әйткенмен де,
бұл кезеңдер шығармашылықтың ерекшеліктерін толық ашып көрсете алмайды.
Ғылыми еңбектерді зерделей отырып, біз шығармашылық үдерістің мәні
барлық адамдар үшін бірдей деп айта аламыз. Шығармашылықтардың айырмашылығы
олардың нақты материалында, жетістіктерінің өлшемінде және оның қоғамдық
мәнділігінде. Шығармашылық үдерісті үйрену үшін данышпандарды зерттеудің
қажеті жоқ. Оның бастауы өмірдегі барлық мәселелерді шешуде кездеседі. Тек
мұнда адамның көрегендік танытуы және де оның өткір көзбен емес, ең
бастысы ми арқылы “көре” білуі керек.
Шығармашылық та басқа іс-әрекеттер сияқты ой түрткіні қажет етеді,
бірақ барлық ой-түрткі шығармашылық туғызбайды. Олардың ішінде ең негізгісі
өзін-өзі жетілдіру ой түрткісі. Ол барлық шығармашылықтың көркем,
музыкалық, техникалық түрлерінде себепші болады.
Сонымен, шығармашылық үдерістің негізгі ерекшелігі - оның объективті
және субъективті жақтарының болуында. Шығармашылық объективтілігі оның
түпкі жемісінің жаңалығы мен әлеуметтік бағалығында, оның нәтижесі ғылыми
жаңалық, өнертапқыштық, туынды т.б. болуы керек. Егер, жаңалық шығармашыл
субъект үшін ғана жаңалық болса, онда мұндай жағдайдағы шығармашылық
тікелей жеке бастікі болып табылады. Егер жаңалық барлық адамдар үшін
жаңалық болса, онда шығармашылықтың қоғамдық мәні болады. Қоғамдық мәні бар
шығармашылық қана қоғамды дамыта алады.
Шығармашылық - субъективті үдеріс. Шығармашылық үдерістің
субъективтілігі оқыту мақсатында сол арқылы басқару мүмкіндігін береді.
Көптеген еңбектерде “тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал
адам дамуының өзі – оның еркіндікке деген қозғалысы” деп есептейді.
Бүгінгі таңда кез келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың
шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік
прогрестің жетекші факторы болып табылады.
Еліміздегі білім беру ісі болашақ тәрбиеленушілердің білім
алу деңгейіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне
икемделіп отыруы , ең алдымен балалардың жеке тұлғалық дамуы мен
жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек.
Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын,
ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің
жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен
анықталады.
Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына
дейінгі балалардың білім деңгейін арттыру, шығрмашылықпен жұмыс істей
отырып, заман талабына сай оларды жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды
деңгейі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйренуі керек.
Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді
(тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады
және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң
нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс,
т.б. пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері олардың өз
бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана
отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа
нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже
алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына,
тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.
Білім берудің басты міндеттернің бірі білімін әрі қарай жалғастыруға
дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын
қамтамасыз ету. Осыған сәйкес бала белгілі көлемдегі білік дағдыларды
меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктрін кеңейте отырып,
оларды шығармашылық бағытта жан-жақты шыңдау. Бұл – бүгінгі күннің басты
проблемасы ғана емес, сонау ерте заманнан бастау алған.
Ұлттың болашағы оның жастарының білім және рухани даму байлығымен
тікелей байланысты. Баланың интелектілік байлығының көп мөлшері тәрбиеші
сепкен ізгіліктер мұраты мен білім байлығына негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
биылғы жылғы халыққа Жолдауында Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз
өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тіл меңгергендердің
қатары 95 пайызға дейін жететін болады деген болатын. Жаңа ғасыр, жаңа
мыңжылдық басында бүгінгі қоғам талабы, әлеуметтік сұраныс өз ойын еркін
жеткізе алатын, қабілетті, айналасындағы адамдармен тіл табысып жұмыс
істеуге бейім іскер азаматарды қажет етеді. Ал мұндай талапқа жауап беру
мектеп қабырғасында шәкірттің білім алуына келіп тіреледі. Мемлекеттік
тілді оқытудың негізгі міндеттері – қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің
жүйесін танып білу, яғни тілдік біліктілікті қалыптастыру.
Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен
қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері
жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен баланың
мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы
қайшылық. Бұдан тағы да баланың білімі мен біліктілігі арасындағы
және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б.
қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу баланың саналы түрде
көп күш-жігер жұмсауын керек етеді [29].
Тәрбиеші баланың білім, білік деңгейлерін анықтап,
олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері
нәтижесінде баланың білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық
ізденімпаздығы қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балада ойынды шығармашылықпен ойлауы,
оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны
жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске
асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды
шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
. Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің
кәсіптік білім, іскерлік дағдының, тәжірибенің жиынтығы.
Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе -
мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие - білім беру жұмыстарының
мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан болашақ
тәрбиешілерге сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру -
өзекті мәселелердің бірі .
Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заманауи
талаптарына сай болашақ тәрбиешілердің кәсіби даярлығын арттыруға
байланысты қай салада болмасын белгілі бір деңгейде білімдермен қаруландыру
бүгінгі күннің талабы.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен,
баланың даярлығына, оның іс тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін
жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты
жағдайларға байланысты жүргізе білу - әрбір тәрбиешінің жеке шығармашылық
ісі. Тәрбиешінің жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – баланың оқу ,
ойын әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар
беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;
- шығармашылық міндеттерді балаға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
- көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
- шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық,
әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық
тұжырымдар жасау.
Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде
психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары мен ойлап табушылардың
өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі
айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдап қорытудың арқасында шығармашыл
жеке тұлғаға тән сипатты белгілер бөлінді.
Омарова Р.С. бұл оқытудың ұйымдастырылуы болашақ тәрбиешілердің
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол
жөнінде ізденушілер: “Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу
әдісін қолдану талап етіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар негізгі
ғылымға байланысты дайын білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек.
Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешінің басқаруымен бұл
білімді немесе оның қажетті құраушыларын өздерінше алуы керек жағдайда
болуы қажет. Бұл өз кезегінде ойынды .оқытуды ұйымдастыру процесінде
мынаны жоспарлайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың алдына жаңа
мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық процесіне айналдырады.
Басқаша айтқанда, оқыту процесінің құрылымын ситуациялық мәселелер құрайтын
болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай аталады”, - деп жазды [30].
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің қалыптасуының
теориясы мен тәжірибесі тұрғысынан қарастыру маңызды болып табылады.
Жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, біз өз зерттеу
жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне қарай шығармашылық қабілет ұғымын
былайша тұжырымдадық:
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті бірнеше тұрақты
белгілерімен ерекшеленеді, бұл жалпы балалардың қабілетіне, әр түрлі әдіс-
тәсілдер негізінде өзгеріп тұруы қажет.
Соңғы педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі мекемелерде оқу-
тәрбие процесінде балалардың шығармашылық қабілет әдістері жөнінде кеңінен
жазылуда. Солардың бірі шығармашылық қабілет әдістерін кеңінен
төмендегідей етіп береді:
1. Шығармашылық тапсырмаларды орындау, талдау.
2. Зерделенген ережелерді қосу .
3. Ойлауды белсендіру әдістері. Бұл әдістер мектеп жасына дейінгі
балалардың жеке дара және топтық шығармашылық жұмыстарында қолданылады.
Аталған әдістердің құрамына төмендегілерді жатқызады:
- топтық жұмыс ;
- бақылау сұрақ әдісі..
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі педагогикалық процестің мақсаты – бұл
мәдениеттің негізгі заңдылықтары мен әдістері, танымдық және практикалық іс-
әрекетте өзбетінше жұмыс жасай алуды, кәсіптік, қоғамдық және отбасылық
карьерді таңдаудағы еркіндікті меңгеру процесінде өнегелік және
шығармашылық жеке тұлғаны дамыту .
Адамның шығармашылық қабілетін зерттеу барысы, негізінен, төмендегідей
ғылымдар жүйесі тұрғысынан зерттелді:
1. Шығармашылықтың мәні жөнінде философия саласы тұрғысынан;
2. Адамның шығармашылық қабілетін психологиялық тұрғыдан;
3. Шығармашылыққа баулу мәселесі бойынша педагогикалық тұрғыдан.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен
сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан
да әлемдік қауымдастықты айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің
білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті
маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін оқу орындарының функционалдық басым
бағыттары мектеп жасына дейінгі балалардың ғылымдар жүйесінің негіздерін
меңгеріп, олардың бойында тұлға аралық және этникалық топ аралық қатынастар
мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын
анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын
тәрбиеші қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы
білім мен саналы тәрбие беру барысында балалардың шығармашылық
қабілеттерін, ақыл-ой белсенділіктерін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана
ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына
лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең ұрпақ тәрбиеші берген білімді іс-
әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық
тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай белсенді, зерделі
танымды іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс.
Шығармашылық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде
көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді
шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға
қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің
психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің
жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын
көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған.
Шығармашылық қабілетке - баланың проблеманы көре білуі, өз іс-
әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар
алуы жатады.
Оқыту сабактарының шығармашылық сипаты баланың танымдық белсенділігін
оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа,
адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық ойындарда өзінің достарының
кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен үлгі алуға,
саналылыққа, танымдылық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының
пікірінің әсері зор. Мұндай ойындарда баланың ұжымдық ой пікірлері
қалыптасып, топтағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді:
ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға
үйренеді; баланың өзіндік жұмысы талқыланады: сурет салу, қағазбен жұмыс
жасау, ертегі тыңдау , ойын ойнау т.б; сайыстар ұйымдастырылып, балалардың
жарысу серпінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім
шығады, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
проблемасын ұқыпты қадағалау, ойын. оқу процесінің тиімді болуында қандай
көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға
және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына
ғана әсер етіп қана қоймай балалардың ойлау қабілетін дамытады. Мектеп
жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту мәселесі үлкен орын
алады. Бала қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек, ол
күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті практикалық
әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін ойын
түрлері -жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда
балаға ерекше ахуал,тәрбиеші мен бала арасында ынтымақтастық қабілет
қалыптасады. Тәрбиеші бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы
емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, ұжымдық,
шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Сонымен қатар, шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана
емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған
жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен
табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы
еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі
және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр топта балаға байланысты тәрбиеші
өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты - аталған
қасиеттерді көрсетуге тырысады.

1.2Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
мүмкіндіктері мен құрылымы

Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар,
ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында
қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық
білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі
әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда
кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық
арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, тәрбиешілердің алдында
жаңа міндет тұр: баланың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны
дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы аталған
мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде
анықтап, оған қолдау көрсету аса дәлелдеуді қажет етпейді.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер — бүгінгі
мектепке дейінгі тәрбиеленушілер, тәрбиешілер оларды қалай тәрбиелесе, сол
деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп
шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-
жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру " деп тұжырым жасағаны
бекерден бекер емес. XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты
сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин "Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса,
оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана
өркениетке жетелейтін озық білім" дейді [31]. Ш.Уәлиханов шығармаларында
жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның
жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынандай:
"Қазақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен
ерекшеленеді". Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам
қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға
тартады [32]. А.Құнанбаев адамды қоршаған орта табиғаттың бір бөлігі дей
келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан бастап
білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы
қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды [33].
Жеке тұлғаның рухани өсуі дегеніміз — кісілік қасиетін, шығармашылық
қасиетін, дүниетанымын кеңейту. Біреулер айналадағы құбылысқа тандана,
тамашалай қарайды, ал енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сыни
пікірлер айтуы мүмкін. Тандана, тамашалай қараған баладан шығармашылық
қасиетті тани білу — тәрбиеші парызы.
Психологтардың зерттеуінше, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек
болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады. Сондықтан жүйелі түрде
шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынның
шығармашылық мүмкіндігі зор, өйткені, олар шығармашылықпен тұрақты,
белсенді айналысуға икемді келеді.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан баланың мынандай ерекшеліктері болады:
— өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға
қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
— шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға
тырысады;
— қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік болып
келеді, болмыстары ертегіден. әңгімеден құралады;
— бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске
бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі;
—балалар ертегі. әңгіме. музыка тыңдауға бейім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір
қажеттілік психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни,
педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып,
құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға
тәрбиешінің берер психологиялық әсері мынандай болмақ:
— "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "оқы", "үйрен" деп,
баланың еркін билеп, сенім білдіру;
— баланың кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап,
көтермелеу;
— шығармашылық сәтте балаға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін
бақылау, қамқорлық таныту;
— ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен
қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
— балалар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға,
сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
— балалардың қойған сұрақтарына шын пейілімен дұрыс жауап беру,
олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев, педагогикалық оқу орындарының
алдына бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алатын жаңа формация педагогын
даярлау міндетін қойып отыр.
Осы айтылғандарға байланысты бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі
балаларды дайындаудың жоғарғы дәрежедегі көрінетін тұлғалық сипатын оның
жалпы және кәсіби мәдениетінде деп түсіну қажет.
Шығармашылық балаға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны
жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты студент үшін шабыт
баспалдағы саналады. Балаларға алуан түрлі тапсырмалар беру, ойындар ұсыну
бала назарын шығармашылық арнаға бұрады. Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға
жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық түйін табу, сөзді сүю, оның
мән-мағынасына түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету қажеттілігі
шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшесі- сөз өнері, тілін
дамыту, бейнелеу өнері саласы. Олай болса, балаларға сөз өнерін меңгерту,
тілін дамыту тәрбиешінің алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуы
тиіс.
Ттттт Шығармашылық қызығуы қалыптасқан баланы іздеу, оларды тәрбиелеу
қоғам үшін өте қажет, себебі дарынды адам басқа адамдарға қарағанда көп
пайда алып келеді. Сол себепті балаға зерттеу, бейімдеу, ынталандыру
жұмыстары көптеп жүргізілуі қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық
деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін білімгерлерді жоғары
сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет деп
еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап
көрсеткен [34].
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті және оның мәнін
түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі
ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық
қабілет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де
қарастырылады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап
бағалайтындығы байқалды. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер
қатарынан, өркениет биігінен көрінуі оқу сапасына тікелей байланысты.
Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде, мектеп жасына дейінгі балаларды заман
талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша көзқарас
қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтастыра отырып
жаңарту – ХХІ ғасыр талабы болып табылады.
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне
прогресивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән-тұлға. Бүгінгі
психология, қызығушылық туыла біткен сапа емес, ол тұлғаның қалыптастыру
нәтижесі болып саналып, қоршаған ортамен, әсіресе, тәрбие және оқыту
процесімен айқындалады деп есептейді. Адамның әрбір даму сатысындағы
психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол
тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, белгілі бір бағытқа бағыттап,
белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді, - деп жазды Л.С.Выготский [35].
Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда
болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың келіп түсуіне
деген сұранымға адам сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді,
сондай-ақ ішкі дүниеден жаңаны шығаруы жатады.
Шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан
өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы - ішкі дүниесіндегі
бейнелер, ойлармен ерекшеленеді.
Оның үстіне оған осы ішкі дүниесіндегі тағы да қандай нәрсеге лайық
екендігін білу қызық болып көрінеді. Сондықтан да нағыз шығармашылық
адамның мүмкіндіктерін байқап көруі болып саналады.
Біз, М.Мұқановтың шығармашылықты интелектуалдық іс-әрекет, жоғары күй
талап етеді және қалайда сезімдік мотивациясы болады деген пікіріне
қосыламыз. Шынында да эмоция мен сезім жаңа идеялардың генераторы болып
саналады, жаңа білімге қаланған жолдағы кедергілерді жоюды солар атқарады,
өйткені адамзатқа тән эмоциясыз, адамзаттық ақиқатты іздестіру болған емес
және болмайды да. Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері - оның ұзақ уақыт
шоғырлануы, - деп жазды, себебі... - Егер эмоция болмаса онда мидың қабы
өзінің негізгі күш көзінен айрылады [36].
Шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың үш
типологиялық айырмашылықтарын білу қажет.
Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және
таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге
бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық.
Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу
және қалыптастыру үшін, қызғылықты жаңалықты сан қилылық мазмұндағы іс-
әрекеттің, мазмұны жас ерекшелігіне сәйкестілігімен сипатталатын іс-әрекет
ыңғайлы негіз болып табылады. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын
негіздің бірі - ол балалардың проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық
әрекеті, мұндай іс-әрекет тапсырманы жеке даралайтын шығармашылық
міндеттерді шешудің тиімді әдістерін, жаңа құралдарын қарастыруды
ұйымдастыру, табысқа жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды, қол
жеткен жетістіктердің барабарлық бағасын беру, іс-әрекеттің әр түрлі
формаларын қолдануды ойластырады. Шығармашылыққа деген қызығушылықты
қалыптастыруға қажетті жағдайларға балалардың өзара және тәрбиешілермен
арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеттегі (интеллектуалдық-
шығармашылық көңіл-күй, қарым-қатынастағы байсалды, тілектестік сарын,
қиыншылық пен табысқа ортақтастық, өзара көтермелеу, тәрбиешінің бала
шығармашылығына деген сенімі және оны ынталандыру) жоғары эмоциональды
толысуымен ерекшеленетін қатынас, педагогтың өзінің шығармашылық
көңіл-күйіне, сондай-ақ жарыстық тыныс пен мадақтаудың барабарлығымен
ерекшелінеді.
Шығармашылыққа қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты
өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады. Г.И.Шукинаның
жазғанындай мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының көрінуіне
жататын танымдық, қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ баланың шығармашылық
әркетіндегі қызығушылық сипатын, оның тәжірибелік эксперименттік
жұмыстардағы даму динамикасы барысын бақылау негізінде, балалардың
шығармашылыққа қызығушылығының негізгі нәтижелерін айқындауы мүмкін және
оның даму деңгейін бағалайды [37]. Олар: белсенділік, іс-әрекетті
бастамашылдық; дербестік; эмоционалдық түрде көріну, ерекшелікке ұмтылыс,
қызығушылықтың (сыртқы немесе іс-әрекет процесінде) көріну сипаты; жоғары
бағаланатын іс-әрекет деңгейінің (орындаушылық немесе шығармашылықтық)
типі, ынта-ықыластың бір жерге шоғырлануы жатады.
Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын
алады. Шығармашылық белсенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік
мүмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына байланысты. Л.С.Выготский өзінің
зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп жүретін және
дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі ролін көрсетті
[38].
Еліміздің болашақ елеулі азаматын, кәсіби шығармашылық тұрғыда
жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда – оқу үрдісін тиімді
ұйымдастырудың алатын орны ерекше екеніді даусыз. Сондықтан бала бойындағы
шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында
ғұлама психолог – педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып
жүр.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау қабілеттің
жалпы құрылымын практикалық түрде төмендегіше белгіленді.

д а
м у
д ы
ң
ж а
ғ д
а й
л а
р ы

Кеңдігі және
бағытталғандығы

Сурет 1- Қабілеттің жалпы құрылымы

Шығармашылық қабілеттік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана
қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады.
Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы
ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынға. білімге деген қызығушылығы мен
ынтасы негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады. Білім алу барысындағы
балалардың қабілетінде танымдық белсенділікті арттыру, олардың шығармашылық
әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу - бүгінгі оқу үрдісінің
негізгі мақсаттарының бірі. Оқыту барысында белгілі бір әрекеттер
нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар
үшін де маңызды. Бұл проблеманың кейбір тұстары тамыры тереңге бойлайтын
көне замандардан бастау алды. Ол шәкірттеріне білімді жай ғана бере
салмай, сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып,
өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті.
Қызығушылықты дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға
қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын
айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті
қанағаттандыру мен алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда
болады. Ол - адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю.К. Бабанский [39].
Тұлға үнемi даму үстiнде болу үшiн шығармашылықпен байланыста болуы
қажет. Шығармашылық мәселесiн қарастыруда шығармашылық, қабілеттілік,
шығармашылық іс-әрекет ұғымдарын айналып өтуге болмайды. Бұл ұғымдардың
ғалым-философтардың, психологтардың, педагогика ғылымының көрнекі
тұлғаларының көзқарастары арқылы сипатталып, анықталуын қарастырайық.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді. Қабілеттіліктің үш белгісін бар:
  (     қабілеттілік – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз
болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;
(       қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай,
тек бір немесе бірнеше iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа
жеткізетін ерекшеліктер жатады;
(      қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана
шектелмейді, керісінше, сол білім, іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті.
Хмель Н.Д. шығармашылық қабілет қызығушылықтан туындап, соның негiзiнде
белсендi iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады деп
түсiндiредi [44]. Бірқатар психолог(педагог ғалымдар қабілеттің мынадай
құрамдас бөліктерін атап көрсетеді.
1.     Мақсат – құрал – нәтиже
2.     Іс-әрекет – қимыл – нәтиже
3.     Түрткі – норма – білім – дағды – құрал
4.     Мақсат – себеп – дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже
арасындағы байланыс.
Қ.Жарықбаев қабілет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі
мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз десе, А.Леонтьев Бұл өзара
әсер, әрекет қажеттіліктен келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік
әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай
бағытталғанын, затын анықтайды дейді [45,46].
Шығармашылық танымдық әрекетке болашақ тәрбиешілердің өзіндік жұмысы,
бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Пәндер