Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелері



1 Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі
2 ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды
3 Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс
4 Шетел тілі . үлкен тәрбиелік диапазон
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына тиесілді.
1). И. П. Иванова «Теоретическая грамматика современного английского языка», Москва, 1988 г. стр. 232-337.
2). Л. С. Бархударов «Грамматика английского языка», Москва, 1986 г., стр. 310.
3). 1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж..
4). М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..
5). Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..
6). Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..
7). Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж..
8). Ж. А. Жақыпов «Аударматануды аңдату», Астана, Аударма баспасы - 2004, 234-236 беттер.
9) М. Новщкан, Н. Д. Кучин «Практическая грамматика английского языка», Москва, Изд. «Высшая школа», 1978 г. стр. 350-358.
10). Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.
11). К. Н. Качалова, Е. Е. Израилевич «Практическая грамматика английского языка» Москва, «Лист Нью» 2003 г. стр. 444, 485.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
 
Калдыбаева А.К.
ЮКО. Шымкент-2012
 
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық
феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің
экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де
тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен
оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін
оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру
жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына
ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама
берген. Ол: Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің
тәжірибелік айқындауышы, - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың
туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті
деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу
әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің
есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына тиесілді.
Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар,
материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан
әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым
ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика
үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың
мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған
педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика-өз
алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған
берілген нақты анықтама мынадай: Оқыту методикасы – оқыту жүйесін,
тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел
тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым.
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл
- заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа мектептер жаңа
әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс
насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура
принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін
(ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда
тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай
жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері
үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді
көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге
тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс
емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа,
еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада
туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл
әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы
аралас әдіс пайда болды.
Бара-бара шетел тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген талап
өзгерді. Сөйтіп шетел тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.
Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осындай, озық
идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті оқыту тәсілі
жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру жандандырылып,
шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами түсті. Олар:
коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген
коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек.
Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс деп,
Ел президентінің 2011 жылғы жолдауында көрсетілгендей қазіргі шәкірттеріміз
ертеңгі   күн әлем  кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі
халықаралық деңгейге  көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында
республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып және әлемдік білім
берудің кеңістігіне бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға
алынуда. Мектептерде 2 сыныптан ағылшын тілін үйрету эксперимент-
сынақтар өткізілуде. Сондықтан да ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын
талаптар ауқымы үлкен.Болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап
даярлығын қамтамасыз етудің негізі –болашақ маманның зиялы, интеллект
ретінде және сезімтал жан болуы үшін , оның  шығармашылық қабілеттерінің
дамуына көмектесу болып табылады.

Болашақ бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан
аяғына дейін  балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта
Ш.А.Амонашвили : Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан
оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімнен тілдесуі бала бойына
қуаныш пен өмірге деген құлшыныс беру керек деген екен. Сондықтан да әрбір
ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады. Яғни
мұғалім кішкене балаларға жымиып, оқушылармен жылы  амандасып,
халжағдайларын сұраумен басталып, өз иелігіндегі 45 минуттық құзіреттілігін
өзі сезініп, балаларды да өзіне тарта білуі керек.
Мемлекеттік білім стандартының басты мәселесінің бірі: тіл пәндерін
оқытудың регуметивтік , танымдық, этиктік, бағалау бағдары. Оқушылардың тіл
аралық түрлі елдің мәдениетін , әдебиетін , экономикасын,саясатын т.б
үйрене отырып, халқының , өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең
сезініп білуге, дамытуға дағдыланады, үйренеді.
Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін
байытады, ой - өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік
талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың
алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол
бара- бара материалдың  күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі
қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды.
Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді.
Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы шыгып кетуге
болады. Ол үшін мұғаліммен бірге, оқушыда ойынның шартын, ережесін меңгеруі
тиіс. Ойын үрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрлерін дұрыс
қолданып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы,
сол тілде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып тілді жақсы меңгеруге
қызығады.
Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі
бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет етеді. Сондықтан сабақ процесінде
белгілі бір дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық
пайда болады. Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық
басым келеді.
Ағылшын тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің
сапасын көтеру үдерісі - оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың әдістері
Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Эффектілі оқыту стратегиялары
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Пәндер