Адамгершілікке тәрбиелеуде діннің рөлі



1 Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі
2 Рухани адамгершілік тәрбиесі
3 Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе
4 Адамгершілікке тәрбиелеу нысандары
Педагогика ғылымында соңғы жылдары оқушыларды рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі кеңінен көтерілуде. Бұл мәселе қазіргі таңда мектептерден бастау алуда. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез-келген жасөспірімге білімді меңгеру ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиетін танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.
Болашақ ізбасарларға адамгершілік, имандылық, әдептілік сияқты қасиеттер арқылы жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелеудің саласы мол, мазмұны бай, атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттерден, ізгі қасиеттерден жалғасып отырғанына көзіміз жетті. Жалпы құндылықтар арқылы тәрбие беру - рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Адамгершілікке тәрбиелеуде діннің рөлі

Педагогика ғылымында соңғы жылдары оқушыларды рухани адамгершілік
қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі кеңінен көтерілуде. Бұл мәселе қазіргі таңда
мектептерден бастау алуда. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез-
келген жасөспірімге білімді меңгеру ғана емес, оның рухани-адамгершілік
қасиетін танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі
дамытуына жол көрсету.
Болашақ ізбасарларға адамгершілік, имандылық, әдептілік сияқты
қасиеттер арқылы жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы
бар құндылықтар негізінде тәрбиелеудің саласы мол, мазмұны бай, атадан
балаға ұласатын құндылық сезім ниеттерден, ізгі қасиеттерден жалғасып
отырғанына көзіміз жетті. Жалпы құндылықтар арқылы тәрбие беру - рухани
азғындықтан шығудың ең басты жолы. Сондықтан бүгінгі таңдағы мектептерде
жүргізілетін тәрбиенің өзіндік басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты
белгіленуі керек. Ауыл оқушыларының рухани адамгершілік тәрбиесінің
нәтижелі болуы үшін, оның нақты педагогикалық шарттары болу қажеттілігі
туындайды. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық,
географиялық жағдайлардың болуы жатқызылса, арнайы шарттар ретінде белгілі
бір мектептің ерекшеліктері, әлеуметтік құрамы, орны, материалдық жағдайы,
қоғамдық сұраныстарға қатысты мазмұны жатқызылады. Сондықтан тәрбиелеудің
құрылымы мен бөліктерін айқындауға нақты шарттардың орындалуы әсер етеді.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол
тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі
ұстаудың дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің
тұрақтылығын қалыптастырады.
Мектепті, ұжымдағы, отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие баланың
Отанға деген махаббатын, еңбекке тағы да басқа нәрселерге қатынасын
қалыптастырады. Оның нәтижесі, дұрыс жеке тұлғалылық, адамға деген көңіл
бөлушілік, өзіне деген талаптылықтан көрінеді.
Балалардың ұжымдық ортада өзін-өзі ұстауына қатысты педагогикалық
үрдістегі адамгершілік тәрбиесінің орны ерекше. Бұл баланы қоғамдық ортада
өзін-өзі қалай ұстау керектігіне үйретеді. Ұжымдық қарым-қатынас
дағдыларын: ұстамдылық, бақылау, талаптылық тағы сол сияқтылар осы шарттың
ішінде қарастырылады.
Баланың еңбекке, тағы басқа қызметтерге қызығушылығын арттыру
мақсатында, рухани адамгершілік тәрбиедегі маңызды педагогикалық шарттардың
бірі – танымды, қабілетті қалыптастыру болып табылады.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа -
қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса,
ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен
достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына
ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде
жетіле түседі.
Қоғамыздың ертеңгі болашағы — бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз
байланыста. Сондықтан оқушы жастарды тәрбиелеу ісінде оларды рухани
дамытуға баса назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты
мәселе — мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз — өзінің
өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму
жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның
көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі
дамыту, жетілдіру.
Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу ісінде адамның
ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруте байланысты
істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухани-мәдениет негізінде жас ұрпақтың
рухани-адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру басты
нысана болып тұр.
Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе — оқушылардың тұлғааралық қатынасын
дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелігін, сезімін, өзіндік баға
беруін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі
елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе — баланы құрметтеу.
Әрбір жасөспірім өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге,
өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігіне түсінуі тиіс.
Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі
түрде ықпал ету.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам
құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды.
Егеменді ел болғаннан бері жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа,
саналылықпен, жауапкершілік тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың
сипаттарына: жауапкершілік, көздеген мақсатқа жету, кісілігін қадір-
қасиетін сақтау, сенімділік жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін
жетілдіруі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне үлкен ықпалын
тигізеді.
Оқу мен тәрбие — егіз. Ұстаздың тәрбие үрдісінде шешуші рөл
атқаратындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ұлы педагог К.Д.Ушинский
"Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басылық өнегесіне негізделген" —
дегені белгілі. Ал ұлы ғұлама әл-Фарабидің жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін
адамды өте жоғары бағалап, оны "мәңгі нұрдың қызметшісі" деп атауы бекер
емес. Бүгінгі жасөспірімдердің адам болып қалыптасуында мұғалімдер
қауымының атқарар еңбегі орасан зор. Оларға болашақ ұрпақты тәрбиелеуде
үлкен жауапкершілік жүктелген.
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана
шектелмейтіндігі айқын. Бұл баланың сана-сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан-
дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыру — тәрбиенің
ең бірінші міндеті. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана
етіп ұстау қажет. Себебі баланың көзқарасы оның күнделікті ісімен сәйкес
келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іске жоқ адамдар болып қана шығады.
Тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз
идеяларына ұқсауға ұмтылады, таңдаган болашақ мамандығына лайықты мінез-
құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір жасөспірімдер алғашқы кездескен
қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған істі аяқсыз қалдырады.
Баласының жақсы қасиеттерге ұмтылған ниетін дер кезінде біліп, қиын
психологиялық сәттерін байқап, оған қолдау көрсетіп отырған отбасында
қайшылық жағдайлар кездеспейді. Баланы имандылыққа баулып, мейірімділік,
қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізгілік сияқты қасиеттерді
бойларына сіңіру — әрбір отбасы мен мектептердің басты парызы.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы, ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның
адамгершілік түсініктерінен туындайды.
Адам — бұл дүниегс қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен
жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып,
адалдықпен жүріп-тұруы тиіс деген ойлары бізге жақсы мәлім.
Ендеше жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды
жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие,
білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз етеді.
Рухани тәрбиенің адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой
мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ
Ислами тәрбие беру
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны
Дін және діни сана
Дін және мәдениет туралы
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бастауыш мектептің оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру
Пәндер