Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу



1.1 Мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық.педагогикалық негізі
1.2 ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру педагогикалық мәселе.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау ерекше әдістемелік жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың білім сапасын сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап көрсетілген болатын[1]. Онда дене тәрбиесі жас ұрпақтың салуатты өмір салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап көрсеткен жөн деп санаймыз.
Біріншіден — тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды дамытуға бағыттайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу

1.1 Мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық
негізі

Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау ерекше әдістемелік
жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт
болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың
нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010
жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
оқушылардың білім сапасын сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа
әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап
көрсетілген болатын[1]. Онда дене тәрбиесі жас ұрпақтың салуатты өмір
салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс
бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру
қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-
тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап
көрсеткен жөн деп санаймыз.
Біріншіден — тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика
жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды
дамытуға бағыттайды.
Екіншіден — оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын
дамыту, адамның өз құндылыгының абсолютті сипаттамасын потенциалдан
шындыққа айналдыру дене тәрбиесі — спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға
тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдары.
Жас ұрпақ жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет. Дене
тәрбиесі процесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні мынада
жатыр: Ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін тигізетін
шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне бағыттайды. Бұл
уақыт қамтамасыз етудің морфофункционалды жүйелері мен қозғалыс дамуының
табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді[2].
Осылай адам дамуының тарихи процесінде табиғи дамудың бөлек кезеңдері
арасындағы ұтымды жалғастырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және
жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен біпге табиғи түрде
оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип тәрбие формаларының
көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол адамдар
таңдаған кәсіп түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және
талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және
қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар
жасауды қажет деп санайды.
Бүл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, Л.В.Волков, А.А.
Гужаловский, М.И.Семенов зерттеулерінде қарасытырылған. Бұл зерттеу-лерде
адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен
әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз
етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып
өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын
формалар мен әдістер табылады.
Оқу бағдарламаның бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені
мұндай бірлікте басынан қалай тәрбиенің шектеулі құндылығы, сондай-ақ
адамның өз-өзін бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен табиғат
жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан
шығуға және тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас
тартуды, жеке адам түлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп
түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Адам тәрбиесінің әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас
кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін
мойындау болып табылады, яғни өсіп келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе
арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану
деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты
әрекетке бейімделу деңгейі, қоғамға қатынасында оның мен деген орынға
шоғырлануы байқалады. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген орнына
жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-
өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші жағынан
оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі түлғаның өзін-өзі жүзеге
асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда ғана тәрбие процесінде
өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін пайдалана алатын ерекше күйді алуды
белгілейді[3,16 б].
Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін калыптастырудың
психологиялық заңдылықтарына барабар құруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың
маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға
шығады.
Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене
белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында
маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға,
қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі
белгіленеді. Ұрпақ тәрбиесін әлеуметке сәйкестендіру принципі
жаттығушылардың қызығушылықтары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған
бағыттарына сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттар арқылы ақылды
реттеу қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау
тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан бұл жерде жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша
күрделі және еңбекті көп керек ететін жұмыстың орнына таза техникалық
нәтижелеріне қарай оқытушы оқушылармен тек қана бір жақты, спорттық -
техникалық міндетін орындаумен байланысқан үйретуші орнын алатынын есепке
алу қажет.
Сонымен адам тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі жеке адам тұлғасының
қоғамда қызмет жасауға үмтылысы мен дайындығында, яғни өзін басқа
адамдармен байланыста қарау секілді қоғамдық мәнді басымдылығынан шығады.
Ол өзінің әлеуметтік қатысуын түсінуге қажетті тақырыпты - практикалык іс-
әрекеті дамуының іс жүзіндегі формалары мен жолдарын белсенді ізденуге
бағыттайды. Тәрбие процесінде қанағаттану принципі адамның Мені әр
алуандық бірлігі, яғни жекелігінің қалыптасуын бақылап отыру формасы мен
оның қажетті негізін құрайды. Бұл принциптің жалпы қисыны өте терең
екендігін көрсетеді.
Сонымен, тәрбиені саралап ұйымдастыру (дифференциация) бірге қоғамдық,
жеке адамға тән ерекшеліктері мен қажеттіліктері адам өмірінің жағдайларын
жақсарту үшін, олардың саналы, мақсатқа сай іс-әрекетінің өнімі болып
табылады. Қанағаттану адам мінез-қүлығындағы негізгі бағыт, яғни оның
қызығушылықтарының табиғи негізі болып табылады. Адам қандайда бір
қажеттілігіне бағынышты болганда онда ол таным мен ойланудан бастамайды, ал
керісінше танымның өзі басынан бастап, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін,
құралдарды іздеуге бағындырады.
Өзінің бағыттау қызметінде қажеттілік психологиялық танымның тақырыбы
болып табылады - деп А.Н.Леонтьев ерекше көрсеткен. Бұл принциптің жалпы
қисынының басқа жолы іс-әрекеттің өз-өзін бағалауды мойындауында. Егер іс-
әрекетті жүзеге асыру барысында қанағаттану сезімі пайда болса, онда мұндай
іс-әрекеттің өзі құнды деп айтуға болады, өйткені ол субъектіде бар
қандайда бір қажеттілік үшін жүзеге асырылмайды, ал қанағаттану ере жүреді,
субъект үшін құндылық бола бастайды. Ойынжар қанағаттанудың көтеріңкі
сезімімен байланысқан жаттығудың түрін құрайды - деп ерекше көңіл
аударған.
Қанағаттану принципі адамда қажеттілік емес, әрекеттің басқа көзін және
басқа мәнін, өз-өзін көрсету, түсініп және ұғынуға көмектеседі. Бүгінгі
күні мәлім болғандай, адам табиғатында оның дене шынықтырудың нақты бір
түріне, мамандануы көрінеді. Іс-әрекет процесінде бұл мамандану
қабілеттерінің толық көрінуі, оқытудағы жетістігі, оқытудың төмен
нәтижесіне байланысты азап шегуі, оның салдарынан қанағаттану немесе
наразылығы көрінеді. Осыдан өте маңызды нәтиже шығады. Адам тек қана өзінің
қажеттіліктері, қызығушылығы, ынтасы, яғни іс-әрекет нәтижелерінен
қанағаттана алады, сонымен бұл іс-әрекетте оның табиғаты жүзеге асыралады.
Бұл мәтінде қанағат іс-әрекетпен бірге жүреді және оны қанағаттандырады,
оған аяқталғандық пен толықтық береді. Ал әрекетті адам өзін көрсету үшін
қажетті шарт және де іс-әрекет түрлерін еркін таңдауын жүзеге асыру үшін
қажетті құрал леп санайтындықтан, оны қанағаттанудың басты құралы ретінде
қолданады.
Тәрбие жүйесінің білім кеңістігінің жоғарыда аталған принципі осы жүйенің
бастапқы, қазіргі және ақырғы жағдайын оқу орнының әрбір түрі үшін
анықтауында. Тәрбие процесінің оған қатысты сыртқы жағдайларымен, сонымен
бірге осы процестің ішкі бөлімдері арасындағы заңды, байланыстар орнату
қажеттілігінде болады. Ол үшін тәрбие мазмұнын дифференциалды ұйымдастыру
жүйесі ішкі бөлімдерінің дамуы және сыртқы ұдайы дамуына бағыттайтын бірден-
бір тиімді форма болмақ.
Жас ұрпақ тәрбиесі жүйесіндегі білім кеңестігінің әлеуметке сәйкестік
принципі жаттығушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін көптеген жеке
ерекшеліктеріне қарай типологиялық тиістілігі бойынша бөлінуін қамтамасыз
етеді. Олар Гегельдің сөзі бойынша түрсіз шексіздіктің түрі болып
табылады. Тәрбие мақсатының жекелену мақсаттарына сәйкес оқу
материалдардың мазмұнын таңдауын, оқыту формалары мен әдістерін, оқу
процессін әдістемелік және қаржы жағынан қамтамасыз етуін алға қарай
жылжыту. Ол мұғалімдер мен жаттығушылардың тығыз байланысқан іс-әрекетін
қалыптастыру және жүзеге асыру қажеттілігінен шығады. Мұндай іс-әрекет
алдын-ала қойылған жағдайда мүмкіндігінше тиімді оқыту, тәрбие және өсуіне
бағытталған. Сол уақытта білім кеңістігін қалыптастыру принципін жүзеге
асыру денеге түсетін күшті анықтау кезінде этикалық, адамгершілік
нормаларды сақтауын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес спорт немесе
сауықтыру әдістемелерді пайдалануын қарастырады[3, 37 б].
Осы зерттеу кезінде алынған тәжірибелік материалдармен қатар
қарастырылған қағидалар мен принциптердің дәйекті түрде жүзеге асырылуы
дене тәрбиесі саласында жекешелену идеясы негізінде жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретіне көз жеткізіп отырмыз.
Сонымен, бұл процесті ұйымдастыру амалдары мен олардың мәнділігі дене
тәрбиесі сабақтарының мазмұнына инновациялық түр береді деп, дене тәрбиесі
сабақтарын жүргізуде дифференциалды қатынас бала қабілеті мен физикалық
табиғатын есепке алыуы тиіс деп санаймыз. Олай болса, дифференциалды дене
тәрбиесінің мазмұнын анықтайтын мәнді кезеңі болып, дене тәрбиесі
саласындағы біз ұсынып отырған жеке адамды қалыптастыру концепциясы
шеңберінде мақсаттарды белгілеу мен міндеттерді қою болып табылатынын
алдыңғы міндеттерге жүктеу қажет болады.
Тәрбие үдерісін ұйымдастыруда адамның өз құндылығын басым деп қабылдау
әдістемесін есепке алып, Д.И.Фельдштейн берген анықтамаға адам тәрбиесінде
нағыз адамгершілік қатынастардың мәнін нақты көрсетеді деп саналады,
өйткені тәрбие деп біз өсіп келе жатқан адамның мақсатқа бағытталған дамуын
қайталанбайтын адамның жекелігі, қоғамдық практиканы құру арқылы осы
адамның рухани және шығармашылық күштерінің өсуін және жетілуін қамтамасыз
етуді түсінеміз[1.38]. Өйткені, қоғамдық практика жағдайында баланың өсе
бастаған кезінде бар нәрсе келесі мүмкіндікті құрайтын шындыққа айналады.
Бұл жерде тәрбиелеу дегеніміз, адамның субъективті дүниесін бір жағынан
қоғамның өсіп келе жатқан адамға қоятын талаптарды жүзеге асыратын, рухани
идеалға сәйкес әрекеттенуі ал екінші жағынан баланың жеке ерекшеліктерін
барынша дамытатын мақсаттарды көздер бағыттау ретінде түсіндіріледі.
Болашақ мұғалінің кәсіби қызметке бағдарлануын ЖОО қалыптастыру
тарихына жасалынған шолу мен талдау жеке адамның тұлғалық қалыптасуында
білім күшінің нақты бір физиологиялық және психо-педагогикалық
заңдылықтарға тәуелді екендігін растап отыр. Осы заңдылықтар жеке адамның
даму және қалыптасу теориясын (Ананьев Б.Г адам әрекетінің жалпы
психологиялық моделі теориясын (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), функциональды
жүйелер теориясын (Анохин П.К., Пурия А.П.), адамның дене белсенділігін
(Бальсевич В.Қ.), дене тәрбиесіндегі жекелеу және дифференциациялау
принциптерін (Ильин Е.П.), дене тәрбиесімен спорт және спорт педагогика-
сының отандық теориясының гуманистік идеяларын (Ашмарин БА., Булкин В.А.,
Выдрин В.Н., Лубышева Л.И. Лях В.И., Матвеев Л.П., Мейксон Г.В., Новиқов
А.Д., Пономаров Н.И., Решетень И.Н., Тер-Ованесян А.А., Филипов С.С, Хан
А.,Т.Қ.Бөлеев, т.б.) негізге алғанымен, XXI ғасырдағы жеке адамның тәрбиеге
тәуелділігін толық есепке алмай отыр.
Осыған сәйкес адам белсенділігі тәрбие объектісі емес, ол толық құқықты
субъекті ретінде жобаланады. Бұл жерде өзіндік белсенділік, оның көріну
формалары және негізінен оның нәтижелілігін анықтайтын деңгейі, адамды
тарихи түрде қалыптасқан үлгі негізінде жасалуы керек. Бірақ оларды мәнсіз
қайталау ретінде емес, шығармашылықпен пайдалана алатындай дәрежеде
қалыптастыру қажет. Осы түсіндірме бойынша тәрбие балаларды,
жасөспірімдерді, бозбалаларды әлеуметтік, тұрмыстық бар формаларына бейім
делу және белгілі бір шамаға келтіру болып табылмайды, коғамдағы іс-
әрекеттің формалары мен амалдарын иелену нәтижесінде адамның әрі қарай
дамуы болады - белгілі бір құндылықтарға, оның бағытын және күрделі өмірлік
мәселелерді шешуде дербестігін қалыптастыру деп қарастырылады.
Негізгі педагогикалық категориялардың біз қарастырған ұғымдарының
сипаттамасын аяқтай келіп, оқыту мен тәрбие адам жекелігінің (адамның жеке
басының) қалыптасуы және дамуы өтетін арнайы үйымдастырылған және саналы
түрде басқарылатын процестер деп ерекше тоқталып айтуымыз қажет. Жоғарыда
айтылған процестердің ерекшеліктері мен қатынастарының генетикалық негізі
мен көзі - адамның қоғамдық қатынастардың субъектісі болуы, яғни қоғамға
қажетті іс-әрекетке дайындық қабілеті болып табылады. Бұл қабілеттілік
адамның шығармашылық күштеріне өзінше ойлауға, өз білімдерін жаңартып,
кеңейтуге ептіліктеріне, қоғам өмірінің барлык саласына қатысуға
дайындығына, қоғамдық түлға ретінде калыптасуына, көпжақты
қабілеттіліктерінің дамуына негізделеді. Қоғамдық қатынастардың субъектісі
және нәтижесі ретінде жеке адам саналы түрде қоршаған орта мен өзін, өз
өмірлік потенциалын мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің процесіне өзгертіп,
белсенді қоғамдық әрекеттер арқылы қалыптасады[1.61]. Жалпы ерекше және
жеке қатыстың осы диалектикасының есебінсіз жоғарыда қарастырылған
процестердің өзгеше ерекшеліктерін құрайтын нақты міндеттерін және
ерекшелігін жан-жақты дене даму мәселесіне көшу үшін оны сипаттайтын
негізгі ұғымдарын, олардың ерекше бағытын және дене тәрбиесінің қазіргі
заманғы теориясының нақтылығын қарастыру дүрыс болады. Жалпы мағынасында
адамның дене дамуы деп оның жеке өміріндегі ағзасының табиғи
морфофункционалды қасиеттерінің өзгеру процесі айтылады. Бұл табиғи
процесс, өйткені табиғи мұра бойынша берілетін, табиғи негізінде өседі және
табиғи заңдарға бағынады. Оларға келесі заңдар жатады:
Дамудың мұрагерлік тенденциялары мен өмір жағдайымен анықталатын
тенденцияларының әрекеттестігінің; функционалды және құрылма өзгерістерінің
өзара келісімділігінің, даму кезеңдерінің біртіндеп және жас бойынша
ауыспалылығының т.б. заңдары. Бірақ бұл заңдардың әсері адам өмірі мен іс-
әрекетінің әлеуметтік жағдайларына байланысы байқалады. Осыған байланысты
шешулі мөлшерде оның дене дамуының әлеуметтік мүмкіндігі ескеріледі. Дене
дамуын төмендететін жағдайлар мен факторлар жиынтығына байланысты. Ол әр
түрлі сипаттамаға ие болады, эр түрлі форма мен мазмұн қабылдай алады.
Л.П.Матвеевтің пікірі бойынша тәрбие жүйесі деп: Әрбір қоғам
формациясы үшін сай дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасын ұйымдастыру
амалы, оны бастапқы негіздері және азды-көпті біртұтас құрылымына біріккен
анықтайтын жақтары. Тәрбие жүйесі - анықтайтын қағидаларының жиынтығымен
қоғам дамуының ой және мақсатты негіздерімен, принцип-терімен сипатталады.
Осыларды жүзеге асыру үшін нақты жүйе құрылады. Қоғамға маңызды ойлардың
жиынтығы дене тәрбиесінің заңдылықтары, ережелері, құралдары мен әдістері
туралы ғылыми практикалық білімдерін қүруды, оның бағдарламалық нормативті
мазмұны мен сабақтарды ұйымдастыру формаларын құрастыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінің жүйе құрайтын факторы ретінде қоғамға сай белсенді түлғаны
сипаттайтын рухани және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеумен бірге адамның
дене қасиеттерімен онымен байланысты қабілеттерін жеткілікті деңгейде
қалыптасу және қолдану түрінде ашылатын мақсат алға шығады. Дене тәрбиесі
жүйесінің мазмұны мен құрылымын анықтауына мұндай тәсіл жеткіліксіз,
өйткені ол біріншіден, негізінен адамның дене қозғалыс қабілеттерін
жетілдірумен мәдени құндылығы белгіленетін дене тәрбиесінің спорттық іс-
әрекеті болып табылады.
Бірақ нақты тәрбие жүйесі тұлғаның іс-әрекетінің кең түрі басқа
қасиеттерден көрінеді; эстетикалық, ой қабілеттері, мінез-құлқының
адамгершілік нормалары, сөйлесу дағдылары. Л.И.Лубышева ойы бойынша мұның
бәрі, тәрбиенің іс-әрекеттік қозғаушы бөлігін, басқа оның негізгі жалпы
мәдени құндылықтарымен, біліммен, әдістемелік тәсілдермен, дағдылармен,
құнды бағыттармен, мақсаттармен осы іс-әрекеттің маңызды себептердің
қалыптасуымен нығайтылады.
Екіншіден, жас ұрпақ тәрбиесі осы жүйесінің жөнге салынуы, ұйымдас-
тырылуы және мақсатқа бағытталуы көбіне адамға дайындықтың мазмүны,
қүралдары мен әдістердің берілгендігі ретінде емес, ол тәрбие берілгеннің
объектісі ретінде адамға дәстүрлі бағытты белгілейді. Өйткені жанды дене
үнемі қозғалыста болмаса өледі. Нақты мысал ретінде өзіне-өзі тәжірибе
жүргізген Аристотельдің ой қорытындысын келтіруге болады. Ол бір жыл бойы
күніне белгілі бір уақыт аралығында бір қолына батпам (гир) іліп ұстап
тұрған. Содан, жылдың соңында жанағы батпан көтерген қолы жуандап, бұлшық
еттері өсіп, қол қары күшейген де, жұмыс істемеген қолы солып кеткен.
Міне, адам баласы, сонау ықылым заманнан бері ұзақ өмір сүрудің. жолын
карастыруда. Ақ терек пен көк терек 300—400 жыл өмір сүрсе, әр нәрсені бір
шоқып жүріп күнелткен қара қарға да 300 жыл тіршілік етеді екен. Одан қала
берді, сағатына бір адым жерге қозғалатын тасбақа 200 жыл жасайтьн
көрінеді. Сонда, жаратқанның әмірімен табиғат занын бақылайтын адамзатқа
сол жаратқан, егер діни ұғымға, болмаса аңызға сенсек, қанша өмір сүруді өз
еркіне беріпті. Енді, дүиие жүзі көлемінде осы адамзаттың орта есеппен,
өмір сүру уақыты. 50 жасқа жетпейді екен. Демек, мұның себебі неде, кімнің
кінәсінен? Әрине, қанша өмір сүрсе де әркім өзіне жауапты. Себебі барлық
адам бірдей бір уакытга өліп жатқан жоқ қой. Демек, әр адамның өмір сүру
ұзақтығы өзіне байланысты болғандығы ғой.
Осылайша, адамзат күні бүгінге дейін ұзақ өмір сүрудің жолын
қаншалықты іздегенімен, жетістіктің шыңы көрінбейді. Ұзақ өмір сүрудің
негізі денсаулықты сақтау. Денсаулықты сақтау — ұзақ өмір сүру үшін күрес.
Кезінде, XVIII ғасырда дүние жүзіне әйгілі француз дәрігері Тиссо –қандай
да болмасын ауруға қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал
дүниедегі емдеудің барлық кұралы адамның саналы қозғалысын алмастыра
алмайды— депі. Демек, осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, яғни ұзақ өмір
сүру үшін бізге қозғалыс керек екен. Ол үшін әр адам өзінің шама-шарқына
карай дене шынықтыру жаттығуларымен айналасуға тиісті көрінеді.
Адамзаттың таңертең орнынан тұрғаннан, кешке қайтадан орнына жатқанға
дейін қозғалыста болатындығы баршамызға аян. Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір
сүру үшін бұл қозғалыс тіршілік талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан
да дене шынықтыратын косымша козғалыс керек. Саналы түрде дене шынықтыру
жаттығуларының бір түрімене, яғни спортпен айналысу, яғни шұғылдану ар
азаматын жеке басының міндеті деи есептейміз. Егер бұлай болмаған жағдайда
дәл бүгінгі тіршілікпен болашақ ұрпақ өмірінің ұзақтығы орта есешіен 40
жасқа жетпейтін болар деп корыққан.
Спортпен шұғылдану деген сөз, міндетті түрде спорттық жеңіске жіту
дегені мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс калылгастыру,
демек, ұзақ өмір сүру денені шынықтыру мақсаты болу керек. Бірақ басқаны
айтпағанда кездің де көретін көкжиек деп аталатын шегі болады. Сондықтан
спорпен шұғылданған кезде организмді шегіне жеткізіп тоздырмай, анығын
айтқанда дәрігерлік, биологиялық бақылау жасай отырып, жүктемені уақытында
түсіріп, уақытында дем алып, уақытында тамақганып т.т. организмге,
денсаулыққа байланысты пайдалы іс істеу керек. Егер әр адам денсаулығын
нығайтып, мүсін сұлулығын сақтаса, онда біздің спорттағы жетістігіміз осы
болар еді.
Адам, өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек процесінде толып жатқан
әрекеттер мен әр түрлі козғалыс жасайды. Осының бәрі кейбір жекеленген
мүшелердің қалыптасып жетілуіне зор әсер етеді. Кейбір жағдайларда мұндай
ықпалдардың керісікше әсер етуі де мүмкін.
Екінші бір козғалыстын әсерінен дененің бір мүшесі шаршап, немесе
деформацияға, яғни организмиің қалыпты нормаларын өзгертуге әкеп соғады.
Сондықтан да күнделікті тіршілікте бір бағытта ғана жүргізілетін дене
қозғалысы мен әрекеттерінің бәрін дене шынықтырудың кұралы деуге болмайды.
Адамның жеке басының касиеттері дененің дамуымен байланысты. Демек,
денені жүйелен шынықтыру мен денсаулықты калыптастыру — адамиың ой-
санасының жетілуі мен творчестволық, күштерінің дамуының негізі.
Адамның барлық өмірі козғалыспен байланысты. Тіпті ұйықтап жатқанда да
оргапизмнің жұмыс істейтіндігі барімізге мәлім. Демек, тоқтаусыз жұмыс
істеп тұрған организмге ақау түсірмес үшін жаттығуларды орындау, яғни
организмнің шамасы келетін және дұрыс ұйымдастырылған жұмысы кезінде ғана
дамып, нығайып жетіледі
Әркімнің дене мүсінін сымбатты қалыптастыру үшін мамандық бойыиша
орындалатын жұмыстағы қозғалыстар жеткілікті ме? Әрине, жеткіліксіз.
Мысалы, студенттер, әсіресе қала жағдайында, тәуліктің көп бөлігін жабық
үйде, оқу орындарында стол басында өткізеді. Олармен өткізілетін жаттығулар
мен ойындар, спорттын өзі қалаған бір түрімен немесе күнде бір рет
серуендеп қайту ғана денсаулықтың негізін қалайды. Болмаса станоктың
жанында тұрған токарь, айтпесе тракторшы, машина жүргізуші, міне бұлардьң
қолдары мен аяқтарына күш түскенімен белдері жұмыс істемейді. Сондықтан
біраз уақыт өткеннен кейін олардың белдері және аяқ-қолдары ауыра бастайды.
Себебі аяқ-қолдары үнемі бірқалыпта болғандыктан, үнемі сол күш түсіп
тұрған бір-ақ тал бұлшық еттері жұмыс істейді де қалған бұлшық, еттері
жұмыс істемейді, сондықтан да. ауруға шалдығады.
Ал әсерлі жаттығулар денсаулыққа, мінез-кұлықтың, белгілі бір
әлпеттің, мүсіннің калыптасуына қандай ықпалын тигізеді дейтін болсақ, бұл
сұрақтарға жауап бермес бұрын ең алдымен аз да болса адам организмінің
жұмыс істеу процесі мен кұрылысы жайында бір-екі ауыз сөз айта кеткеніміз
жөн сияқты.
Орта мектепте оқыған жасөспірімдер адам анатомиясы мен
физиологиясының негізімен танысады. Демек, әрбір азамат өз дене кұрылы-
сының жұмыс істеу жүйесінен хабардар деген сөз. Сондадағы ескертеріміз —
адам организмінің барлық ағзасыньң әрекеті өзара байланысты болғандықтан
қандай да болмасын жеке мүшеге түскен жүктеме-салмақ. бүкіл денеге әсерін
тигізетіндігін ұмытпаған жөн. .
Адам тіршілігі таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктін
бастамасы — таңертеңгілік бой жазу жаттығуларьнан басталуы керек. Еңбектің
қай түрімен шұғылданса да адам өзінің жас ерекшелігі мен организмнің
анатомиялық және физиологиялық құрылысының жұмыс ісіеу процесін білуі
керек. Осындай негінде нақтылы спортпен шұғылдану үішн өз дене бітімінін
табиғатына сай, жоғарыдағы. айтылған жағдайлардың барлығын ескере отырып,
болашақта нәтиже көрсететімдей спорт түрін алған таңдап жөн.
Жалпы, спорттың көпшілік түрімен шамамен 10 жастан бастап
шұғылдануға болады. Алдына мақсат қойған бала спортта жоғарғы көрсеткішке
де жетеді. Ал 10 жастағы баланың мінез-кұлқы, сапа сезімінде әлі де болса
тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спорттағы әрекетін өз
санасымен қажетті деп, 6елгілі бір жұйеде бақылап отырмайды. Сондықтан
спортгың қандай түріне кабілеті бар екенін жаттықырушылар мен мұғалімдерден
сұрап, ақылдасып барып, жаттығуды бастаулары керек. Сондай-ақ 14—15 жасқа
дейінгі ұлдарға қарағанда қыз балалардың дене жағынан даму процесі де тез
жүреді де, ер балалар 18 жастан асқаннан кейін ғана қалыптаса бастайды. Ол
кезде олар арнайы орындардағы жаттығуларға, түрлі секцияларға катысып,
шеберліктерін шеберліктерін шыңдаса оңды болғаны.
Жаттығу — дене тәрбиесі саласыпда ең жоғарғы көрсеткішгерге жету
жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен
шұғылдануы. Соның нәтижесінде сопртшының қабілеттілігі артып, күннен күнге
дене мүсіні жетіліп, күш-куаты қалыптаса береді.
Бүгінде Казақстанда 50-ге жуық спорт түрі дамыған, солардың бір
түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Айталық, ауыр атлетикамен
айналысудағы негізгі мақсат — күш-кайратты жетілдіру, денені сомдау. Демек,
спорттың негізгі мазмұнын ұққаннан кейін ғана оныменен әркім өз бетінше әр
түрлі тәсілдермен жатгығады, болмаса жаттықтырушының нұсқауын орындайды.
Спортпен жаттыға бастаға кезде кай спорттың түрі болмасын, оның мән-
мағынасын білдірген жөн. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, волейбол,
футбол т. б. жаттығулардың кестесі дұрыс кұрылса ғана өз нәтижесін береді,
Сонда ғана шұғылданушыны қызықтырып, әр уақытта бір жаттығудан келесісіме
ынталандырып отырады. Егер керісінше болса, ол шұғылданушыны қызықтырмайды.
Содан барып ол бұл смортты тастап кетуге мәжбүр болады.
Жаттығумен ойдағыдай шұғылдаму,негізінен жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі бір ғылыми жүйеге негіздеп, жат-
тырушының шама-шарқына карай ынталандырып отырса ғана көзге түсетін
спортшы дайындауға болады. Біздер мұнымен адамның жас ерекшиеліктеріне
қарай жалпы спортпeн шұғылдануды қалай бастау, қандай кеңес керектігін сәз
еттік. Ендігі жерде жұмысшы-шаруалардың арнайы өз беттерімен спортпен
шұғылдануына мүмкіншілік жоқ болған жағдайда, ең негізгі денсаулық кепілі
болатын табиғи ортаны пайдалану мәселесін әңгімелемекпіз.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы
көрсеткіштерге жету үшін де табиғи ортаны пайдалану керек. Демек, казіргі
кезде күллі халықтың спортпен шүғылданатындай мүмкініпілігі жоқ. Сондықтан
да көпшілікке денсаулықты сақтау мақсатында табиғи ортаны пайдалану кеңес
беріледі.
Баршамызға белгілі, бізді коршаған табиғи ортаға жататындар жанды
дененің тіршілік көзі — ауа, су және күн сәулесі. Аталған ортаны
пайдаланудың денсаулық үшін бағa жетпейтін әсері бар. Мұны әркім біле де
бермейді. Көпшіліктің түсінігінде айтеуір суға түсіп, арқаны күнге кыздыру
бар. Бірақ калай қыздырынуға, қай уақытты пайдалануға болады. Бұны кез
келген адам біле бермейді.
Ең әуелі ауаның организмге тигізетін пайдасын (әсерін) білейік. Әдетте
адамның орындаған азды-көпті жаттығулары, соған орай бұлшық
еттердің қан жүйесі, яғни жұмыс істеу процесі ауасыз іске
аспайды. Мәселен, дем алу — ішке ауа қабылдау деген сөз.
Miнe, сондайда, жүгірген, секірген кезде, велосипедпен жүргенде,
жүзгенде (спорттың қай түрі болмасын) т. б. адамның бұшық еттері, ішкі
ағзаларының жұмыс істеу процесі алғашқы қальптағыдан әлде
қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де артады, ағза
ауаны бастапқы тыныштықта тұрған жағдайдан 15—20 есе артық
көлемде керек етеді. Ауаның көлемі тыныштықта 6-7 литр болса,
жаттығу кезінде 120—130 литрге дейін көбейеді. Осыдан барып ағза
үйрене келе дененің барлық органдары-ның оттегімен тыныс алуы
артады. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін жаттығулардың
нәтижесінде адамның дем алу процесі толық қалпына келеді. Жақсы
жаттыққан спортшы алқынуды сезбестен ұзақ уақыт жүгіре де, жүзе де,
күресе де алады. Ал жаттықпаған ағза иесі алғашқы кезде-ақ демігіп,
қарсыласынан жеңілуге мәжбүр болады. Мүның аты — тез
шаршау. Тыныс алу жүйесінде киындық болған адамның организм әлсірейді.
Асылы, таңертеңгілік бой жазу, немесе спорт жаттығуларымен
мүмкіндік болғанша далада, таза ауада айна-лысқан жөн. Бұдан
шығатын қорытынды — организмді жаттықтыру үшін (қандай спорт
түрі болмасын) жұмысты ең әуелі ауамен дем алудан бастау керек.
Суға шомылу міндетті түрде жүзу емес, денсаулық сақтау мен дене
шыныктыру үшін маңызды. Суға шомылу үшін міндетті түрде жүзе білу шарт
емес. Мұны айтып отырған себебіміз, қазекеңдердің көпшілігі жүзе
білмегендіктен суға маңайламайды. Сондықтан тек денсаулық үшін ғана
көпшілікке арналған, тереңдігі кісі бойындай су қоймаларында шомылуға
болады. Суға түсетін жағаның ең негізгі ерекшелігі — жел соқпайтын, күн
көзі жақсы түсетін болуға тиіс.
Күнге қыздырыну да, организм үшін баға жетпейтін өте қажетті табиғи
күш. Күн сәлесін кабылдаудың жөні осы екен деп, суға бір сүңгіп, содан сон
тырп етпей жағада жатып алуға болмайды. Ондай жағдайдың пайдасынан зияны
көп.
Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін дұрыс мезгілі — таңертеңгі
сағат тоғыздар шамасынан он екіге дейінгі уақыт. Содан кейін, түс ауа сағат
он алтыдан әрі карай қыздырынған жөн.
Күніне екі реттен (таңертең, түстен кейін) күнге қыздырынудың пайдасы
ғылыми негізде дәлелденген. Демек, күн сәулесінің әсер ететіндігі
анықталды.
Күн сәулесі адам оргапизміне бірден өте тез әсер ететін болғандықтан,
қыздырынуда мүмкіндік болғанша оның уакыты мен мөлшерін біртіндеп ұзартқан
жөн. Күніне екі реттен қыздырынуға жағдай болғанда алғашқы күні 20— 30
минутқа дейін қыздырыну жеткілікті. Егер талтүс болса, онда 15—20 минут та
жетіп жатыр. Суға түскенде тағы бір ескеретін жағдай, әсіресе ең алғашқы
күндері дене қызып, терлеп тұрса, бірден келіп суға түсуге болмайды.
Себебі, күн көзі ашық түсіп тұрған жердің температурасы ең. кем дегенде
40°С-тан жоғары. Ал судың температурасы болса орта есеппен 20°С-тан аспауы
мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы температураның айырмашылығы өте
жоғары өзі қызып тұрған организмге бірден әсер етеді. Асылы, суға денені
суытып, терді басып барып түскен дұрыс. Бірақ су ішінде жүріп алмай, әр
5—10 минуттан кейін демалған абзал.
Спортпен арнайы шұғылданбайтын еңбек адамдарының тағы бір ескеретіні —
таңертенгілік бой жазу жаттығулары. Себебі, мұны бүгінгі таңдағы қоғамның
сауатты да саналы мүшелері үшін жеке бөліп алып түсіндіруді жөн көрмедік.
Әркім күйбең тіршілігінде не істесе де: отырса да, тұрса да, т.б. біреу
үшін емес, өзінің жеке басының карекелі үшін істейді. Демек, таңертеңгілік
бой жазудың қаншалықты керек екендігн ғылыми тұрғыдан дәлелдемей-ақ діни
ұғымдағы бір мысалды келтіре кетуді жөн көрдік.
Жоғарыда келтірілген эмпирикалық білімдер, тәжірибелер, түсініктер мен
нақты мысалдар мәні бойынша біздің қоғамда шектелген дене тәрбие жүйесі
ұғымының қалыптасқандығын көрсетеді. Бұл жерде жеке адамның тек қана сыртқы
түрінде берілген іс-әрекетке қатысуын, сонымен адамның осы іс-әрекетінің
дербес және жауапты қатысушы ретінде ұстаған жолын қалыптастырады.
Сондықтан іс-әрекеттің тұлға мәнінің мәселесі ерекше маңызды бола бастайды.
Сондықтан іс-әрекеттің тұлға мәнінің мәселесі ерекше маңызды бола бастайды.
Адамның ішкі қозғаушы күштері қажеттіліктері мен оның жасампаз ұмтылыстарын
есепсіз адам жекелігін дүрыс бағалауға да оның дене тәрбиесінің тиімді
жүйесін құру да мүмкін емес. Адам жекелігінің қалыптасуы мен дамуының дәл
осы элеуметтік-психологиялық және педагогикалық аспектілері практикада дене
тәрбиесі процесінде де қажетті бейнеленуін таба алмайды. Зерттеушілердің
дәлелдері және осы жұмыста бізбен алынған материалдарға сәйкес сол уақытта,
дене тәрбие процесі адамның рухани, эмоциялық, психологиялық және денелік
ортасына қолайлы ықпалы үшін тәрбие мен өз-өзін тәрбиелеу құралдары
қамтамасыз етілетін органикалық бірлігі болған жағдайда адам мен қоғамның
прогрессивтік дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Ол үшін педагогикалық жалпы
әдістемелік принцип — адамды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің
бірлігі — дене тәрбиесінде де толығымен жүзеге асырылуы қажет..
Дене тәрбиесін насихаттаудың мемлекеттік жүйесінде жинақталған дене
тәрбиесі дәстүрлі тәсіл ретінде қарастырылады. Бұл дене шынықтыру пәнін
ресми түрде қабылдауды мәлімдейді. Өйткені, шынында адам жекелігі дамуының
негізгі мақсаты- барлығы үшін оқу бағдарламасы, оқыту және тәрбие әдістері
мен тәсілдерінің кейбір орташаланған жалпы нұсқасын жасауға бағыттама
шамасында жүзеге асырылмайды. Егер мақсатқа бағытталған дене тәрбиесі -
спорт іс-әрекетінде адам белсенділігі, өзін жүзеге асыруға ұмтылысы және
қоғамның мәдени идеяларын саналы түрде қабылдауы, оларды белгілі бір адам
үшін жеке құндылықтарына, сенімге айналдыруы басқа біреуге жақсылық жасау
қажеттілігі болмаса, адамгершілік ой қабілеттері мен қасиеттері
тәрбиеленбейді. Бүл жағдайда басты нәрсе бола қоймайды - ол адамның дене
тәрбиесі кұндылыктарын, тіршілік әрекеттерінің жеке стилін қалыптастыру
үшін пайдалану қажеттіліктердің өсуі, қажеттіліктердің көбею заңы,
қажеттілік себеп-саласының дамуы, эмоциялық уайымдар мен қатынастар мұра
етілмейді. Олар тек қана осы іс-әрекет процесінде адаммен тиімді иеленуі
мүмкін, біртұтас педагогикалық процесінде білім мен шығармашылық
тәжірибесін меңгеру барысында мақсатқа сәйкес қалыптасады.
Дене тәрбие жүйесі мазмұнының адамның өзін-өзін бағалау приоритетін
мойындауға, қазіргі заманғы мақсаттарына дене тәрбиесі саласында адам
жекелігінің қалыптасуына әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келмеуі, осы
процестің механистикалық манипулятивті түсінігінен оның адамгершілік мәнін
ұғынуын талап етеді. Пайда болған қайшылықтың жойылуын біз дене тәрбиесі
жүйесінің маңызды қайта қүруында адамның дене потенциалының қалыптасу және
даму мақсаттары мен міндеттері, формалары мен әдістері туралы түсініктер
жүйесінде жаңа педагогикалык үлгісінің құрылуында тіршілік әрекетінің дені
сау стилінің қалыптасуы мен жетілдіруін көреміз. Бұл тезис маңыздылығының
дәлелдеуін біздің еліміздегі қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық және
саяси қайта құру практикасында, сонымен бірге дене тәрбиесінің белгілі
теориялық еңбектерінен көреміз[]. Ол жерде былай делінген: Дене тәрбиесі
процесінің технологиясын барынша жекелеуге стратегиялық көңіл және осыған
сәйкес әрбір адамның психикалық және физиологиялық дамуы, біздің
балаларымыздың немере мен шөберелеріміздің дене-тәрбиесі - спорт бағытының
ролін елеулі көтереді[2.41].
Табиғи ерекшеліктердің толық ашылуы қозғалудың генетика жағынан
негізделген қасиеттері мен оның даму әсері адамның дене белсенділігінің
табиғи және психологиялық мәніне терең түсіну негізінде, оның қозғалыс
қызметтерінің даму барысы мен нәтижелерін анықтайтын негізгі факторын табу
негізінде шешіледі. Дене тәрбиесі мазмұнын жаңартуының негізгі орны болып
тарихи, әлеуметтік мәдени және ұлттық дәстүрлерге, адамның табиғи және
әлеуметтік дамуына негізделген демократизациялау және гуманизациялау болуы
керек. Адамгершілік - бұл адамды жоғарғы әлеуметтік құндылық деп есептеу
арқылы әлеуметтік ойлаудың адам жекелігі ретінде басқаша түсіндіріледі.
Ал оқыту мен тәрбие процесінде мақсаттар мен міндеттер адамның
қажеттіліктері мен тілектерін қандай мөлшерде есепке алынатын, қандай
шамада жұмыс істейтінін бағалайды. Демократизациялау дегеніміз - қоғам
жүйесінің орташаланған тұлға концепциясын жеңу, яғни адам жоғарғы құндылық
ретінде концепциясы үшін дене тәрбиесі жүйесін қайта құрудың потенциалын
өсіру болып табылады. Дифференциалды дене тәрбиесі процесінің мақсаттарының
міндеттері мен мәнін түсіну қажеттігі педагогикалық технологияның негізгі
концептуалды қағидалары, принциптері, шарттары мен ұсыныстарының мазмұнын
жаңартуды талап етеді.
Осы аталған мәселені шешу үшін жас ұрпақтың дене қасиеттерін
тәрбиелеуде қалыптасқан әлемдік және отандық әртүрлі жүйелерді салыстырмалы
түрде талдау қажеттігі туындады.
Дене тәрбиесі педагогикасы мен теориясы үшін әртүрлі елдердегі дене
тәрбиесі бағдарламаларын талдаудың маңызы өте зор, мұндай талдау дене
тәрбиесі сабақгарының көлемі мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы "дене тәрбиесі" пәні бойынша
қазіргі заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен
қолайлы ұсыныстар енгізуге пайдасы тиеді.
1985 жылы бұрынғы одақтағы Педагогикалық ғылымдар Академиясының
балалар мен жасөспірімдер физиологиясының ғылыми-зерттеу институты
әзірлеген дене тәрбиесі бағдарламасында бүкілодақтық ["Еңбекпен Отанды
қорғауға дайынмын"] дене тәрбиесі жиынтығына негізделген, тұтас жүйені
құрайтын мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрлері түгел қамтылған.
Қазіргі уақытта қоғамдағы үлкен өзгерістер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерінің
төуелсіздік алуына байланысты дене тәрбиесінің бағдарламаларына ұлттық
ерекшеліктерді, дәстүрді, қоршаған орта мен өмір жағдайын ескеретін жаңа
ғылыми қағида кажеттігі толық дәлелденіп бітті.
Дене тәрбиесі бағдарламаларында белгілі ғалымдар ұсынысы бойынша
[39, 41.24.125, 51.5.J мынадай жас топтары енгізілген болатын: мектепке
дейінгі [3-6 жас], кіші мектеп жасы [6-10], орта [11-16], жеткіншек [17-18
жас], кәсіптік техникалық колледждер [К.Т.К.] жоғары жастағы оқушылар [15-
17].
Оқушылардың дене төрбиесі қазіргі бағдарламаға сәйкес 6-18 жас
аралығына дейінгі мерзімді қамтиды. Мектеп жасы шартты түрде кіші, орта
және жоғары болып бөлінеді. Бұл бағдарламада әр жас мерзімінің
морфофункционалдық ерекшеліктері ескеріледі. Кіші мектеп жасында белгілі
қозғалыс дағдылары оңай бекітіледі. Тіпті оны балалар нұсқаушысыз-ақ өз
беттерімен жетілдіре алады. (Мысалы, шаңғымен және конькимен жүруді,
велосипедті айдау). Көпшіліктік дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар
ынталы түрде қатысады және жаңа қозғалыстың күрделі әрекеттерін игереді,
яғни қозғалыстарға құмарлықпен дайын болу дене тәрбиесі үшін қолайльг
жағдай туғызады. Сондықган да кіші мектеп жасындағы окушыларды окыту "ең
жақсы" кезең деп танылады.
Орта және жоғары мектеп жасындағы балалар да спортқа қызығады. Олар
күрделі дағдыларды өз бетінше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын
орындауға төзімділік, қайсарлық таныта біліп, кейде спорттық жарақат алып
та калады. Бұл жас кезеңінде дененің қимыл-қабілеттігін үйрену мен қызығуда
саналылық қалыптасады. Қимыл-әрекетті ұйымдастырып, басқаратын жинақылық
мүше ретінде қозғалу талдағышы осы кезде өзінің толық жұмыс қабілетіне
жетеді.
Жоғары мектеп жасын индивидумның барлық дене және қозғалыс
дағдыларының жекелей қалыптасуының аяқталу кезеңі деп санауға болады.
Бозбалалар мен бойжеткендер өсіп жетіле келе болашақта тұрақты
сақталатын негізгі қозғалыс дағдысына жаттығады. Бұл бағдарламада сыныптан
тыс спорттық жұмыс бойынша дене тәрбиесі сабақгары, сондай-ақ денсаулық
жағдайына байланысты арнаулы топтарға арналған бөлімде қамтылады.
Жинақы бағдарлама бес бөлімнен тұрады және дене тәрбиесі
кұралдарының негізін жасап,оқу күн тәртібі бойынша дене қимыл формаларын
дұрыс мөлшермен орналастырудың қатаң түрде сақталуын және қозғалыс
белсенділігінің жалпы көлемін анықтайды.
Бағдарламаның бірінші бөліміне оқу күн тәртібіндегі дене тәрбиесі
сауықтыру шаралары енгізілген: сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысында
дене шынықтыру минуттары және үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық
сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар. Бағдарламаның бұл
бөлімі бүкіл жұмыс күні бойында жоғары жұмыс қабілетін сактап, шаршауды
болдырмау үшін маңызы зор.
Бағдарламаның екінші бөлімінде мектептегі сабақ, кестесінде аптасына
2 рет 45-минут бөлінетін дене тәрбиесі сабақтарындағы оқу материалдары
қамтылған. Дене тәрбиесі сабағы - жалпы білім беретін мектептердегі дене
тәрбиесінің негізгі формасы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртүрлі әдіс-амалдармен қамтамасыз
ету; қимыл дайындықгары және дененің дамуы; оқу сабақтарының біліктілік пен
нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық, сезіну және моторлы тығыздықгың жоғары
деңгейіне жету; дене тәрбиесі сабағындағы дағдылар мен шеберлікті оқушылар
өз бетінше қалыптастырады. Өз бетінше орындауға арналған жаттығу тапсырма-
ларды оқушылар сабақта алады. Олардың мазмұны дене қасиеттерін дамытуға
бағытталған қарапайым қимыл-әрекеттерді сабақта қайталап қалыптастырудан
құралады. Сондай-ақ үй тапсырмасын орындауды тексеру де сабақтарда жүйелі
түрде іске асады.
Жоғары сынып оқушыларына арналған дене төрбиесі бағдар-ламасында
еңбек үстіндегі психофизикалық қызметтерді дамыту қарастырылады. Ол дене
тәрбиесі сабақгарында және оқу цехтарындағы, сабақгар арасындағы
үзілістерде, оқу-өндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс
лагерлерінде жүргізіледі.
Жоғары сыныптағы оқушылардың әскер қатарындағы қызметке дайындығын
күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық мәліметтері
кіргізіледі. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердің Жарғысына сәйкес кейбір
әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы уақыт бөлінеді.
Бағдарламаның үшінші бөлімінде дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыс
түрлері енгізіледі: спорт үйірмесі, оқушылардың дене тәрбиесі үйірмелері,
әскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б.
топтардағы жаттығулар кіреді. Спорттың таңдаулы түрлерімен айналысқысы
келетін оқушылар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнаулы спорт
мектебінің бастауыш топтары да ашылуы тиіс.
Спорт үйірмелері үшін жалпы дене дайындықтары бойынша материалдар
бірдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама
бойынша жалпы білім беретін мектептерде спорт түрі бойынша ең көп берілген.
Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалімдер спорттың басқа түрі бойынша
сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлі сабақган тыс спорт үйірмелеріне мектеп
окушыларын толық қатыстыру үшін оларды ұйымдастырып, өткізуге жоғарғы сынып
оқушыларын, қоғамдық-нұскаушыларды, педагогтарды, ата-аналарды және
басшыларды шақыру керек.
Бағдарламаның төртінші бөлімінде жалпы мектептің тәрбиесіндегі
бұқаралық және спорттық шаралардың мазмұны: ай сайын денсаулық және спорт
күндерін өткізу, мектеп ішіндегі жарыстар, туристік жорықтар, слеттер бас
қосу жоспары беріледі.
Бағдарламаның бесінші бөлімінде дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын
орындауға ұсыныстар берілген.
Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесінің
құрал-жабдықтары мен әдістерінің барлық түрі қатаң белгіленген уақыт
тәртібіне қамтылады.
Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұраққа жақсы, тіпті өте жақсы
деуге болады. Себебі, мұнда сабақтарды қайда, қашан еткізу керектігі нақгы
анық көрсетіледі. Бірақ, өкінішке орай, дене тәрбиесі процесін кейде тым
"берілген талаптан асыра" ұйымдастырады.
Ұсынылған бағдарлама көптеген мектептердегі, әсіресе, ауылдық
жерлердегі материалдық-техникалық базалардың және әдістемелік жабдыкқардың
әлсіздігін ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық жағдайлардың арасында
алшақтықтың көптігі соншалық, бұл бағдарлама, біздің көзқарасымыз бойынша,
нақты емес, жалған тәрізді болып көрінеді. Дене тәрбиесінің жалпы
әдістемесінің негізіндегі түпкі нәтижелеріне [окушылардың денсаулығы]
мұғалімнің жауапкершілігі мен өз бетінше жасаған шығармашылық жаңалықтарын,
бұрынғы бағдарламаны қайта кұруда негізге алуы керек. Сондай-ақ жинақылық
бағдарламасы оқу күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру тапсырмалары мен
сабақтың түрлеріне арналған. Біздің көзқарасымыз бойынша, бағдарламада
негізінен сыныптан тыс және мектептен тыс спорттық жаттығуларды дамытуға
көп көңіл бөлінуі тиіс. Орта және жоғары сынып окушылары үшін өздерінің
қызығушылығына қарай, денсаулық жағдайларына қарай, дене дайындығын және
ағзаның жеке психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып, спорттың белгілі
бір түрін таңдап алуы керек. Кәсіптік бағдарға сай мектептерде қандай да
бір спорттық бағыт ұстау керек. Оқушыларды мектептегі бар спорттық
үйірмелерге тандап алмастан, олардың жеке ерекшелігіне сай келетін қандай
да бір спорт тұрі бойынша ұсыныстар мен көмек берілуі керек. Кәсіптік-
техникалық колледждерге арналған дене төрбиесі бағдарламасында көптеген
ерекшеліктер бар. Бұнда жалпы білім беретін мектептегі бағдарламадағыдай
тәрбиелік және сауықтыру міндеттері қойылған. Дегенмен, бағдарламаның
жауапты бөлімі кәсіптік-колданбалы дене дайындығына арналған. Мұнда мынадай
косымша міндеттер қойылады: әсіресе берілген мамандыққа қажетті дене
қасиеттерін дамыту, көмекші-қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетілдіру,
калыптастыру ағзаның өртүрлі кәсіптік өндірістік факторлардың әсеріне
төзімділігін арттыру. Негізгі қойылған мақсат - ең үздік кәсіптік
дайындыққа кол жеткізу үшін сабақтарда арнайы дене жаттығуларына көңіл көп
бөлінеді.
Бағдарламадағы кәсіптік-техникалық колледждегі және ЖОО орындарының
оқушылары мен білімгерлеріне арналған дене дайындығына қоятын талаптары мен
материалдары жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі мазмұнымен бірдей
болып келеді, бұл авторлардың айтуынша, осы оқу мекемелеріндегі кәсіби
қызметтің өзара байланысын сақгауға мүмкіндік береді.
Біз қарастырып отырған дене тәрбиесі бағдарламасының мақсаты-
спорттық олимпиадалык түрлері бойынша маманданған спорт-шыларды даярлау
болып табылады. Ондағы жұмыстың негізгі түрі-оқу топтарындағы жаттықтыру
сабақтары, жарыстарға қатысу, спорттық сауықтыру лагерлеріне бару, өзін-өзі
бақылау, гигиеналық теориялық сабақтар өту болып саналады.
Жасөспірім спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерінің оқу
жоспарына баланың жас ерекшелігі мен спорттық мамандығына қарай бір жылда
сабақтарға 500 - 1000 оқу сағаты бөлінеді. Жаттығу уақытының басым бөлігі
70% мөлшеріндей] спорттық мамандық түріне - арнаулы дене жаттығуларға
арналады. Спорт мектебіндегі сабақгар мектептен тыс уақытта, әдетте
аптасына 3-4 рет өткізіледі: әр жаттығу сабағының ұзақтығы жас ерекшелігіне
қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебі оқушыларының дайындығының өлшемі
жарыстар кезіндегі спорттық нәтижелер болып табылады.
Спорттық бағыттағы жалпы білім беретін мектеп-интернаттардағы
оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламалары спорттың белгілі бір түрінен
жоғары шеберлікке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы
мықты, дене жағынан шыңдалған балаларды іріктеп алады, оларды 3-4
сыныптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-
интернаттарының оқу жоспарына бір жылға 700-1500 оқу сағаты бөлінетін
спорттық дайындық жоспарланады.
Жаттықтыру сабақтары демалыс күннен басқа барлық күндерде
жүргізіледі. Әр жаттығудың үзақтығы 3-6 сағат, олар әдетте: таңертеңгі және
кешкі жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелігіне, спорттың
түріне, жаттығу процесінің мерзіміне қарай берілетін жаттығу жүктемелері
көбейеді немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-интернаттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Колледж – жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары
Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Пәндер