Антикалық мәдениет. Ежелгі Рим, Грек, Египет, Үнді, Қытай мәдениеті



1. Ежелгі Рим мәдениетінің ертедегі тарихи формалары.
2 Грек мәдениеті
3 Египет мәдениеті
4 Үнді мәдениеті
5 Қытай мәдениетінің ертедегі тарихи формалары.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп- төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Антикалық мәдениет. Ежелгі Рим, Грек, Египет, Үнді, Қытай мәдениеті.
1. Ежелгі Рим, Грек, Египет, Үнді, Қытай мәдениетінің ертедегі тарихи
формалары.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің
әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик — (көне, ежелгі) деген ұғым.
Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-
гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-
төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген
латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның
барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының
және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі
ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық,
шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим
сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени
туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қөймай,
мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз
елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан
бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он
бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим
империясының құлауымен аяқталды.
Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер
кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты
деректердің негізгі көзі б.з.д. VIII ғ. туғап Илиада мен Одиссея
дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платежным, айтуынша, бүкіл грек елінің
тәрбиешісі болды, ойткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары
осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі
де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек.
Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде
жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтық қиялынан шыққан
бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны
кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен
пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің Илиаданы оқығанда,
адамдар маған екі есе үлкен көрінеді деген сөзінің астарында терең мағына
жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп
таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де
грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді.
Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек
мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған
табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады,
қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшіп болатын
табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса курсе бар жерде өлім бар,
күрес бар жерде жеңіс бар деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты.
Адам бар дүниенің өлшемі деп грек философы Протогор тегіннен-тегін
айтпаған болар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән
қасиеттің бірі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің
көптеп берілуі грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғ. аралығын қамтиды.
(Архайос грек сөзі, көне ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор
және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы
отаршылдық кезеңі, бұл құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек
мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу
кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі
терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады,
Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су кұбырлары салынды темір
қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен күйма тәсілі одан
өрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында
жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып сауда
айналымда кеңінен қолданыла бастады. Египет Месопотамия мәдениетінің
күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан
арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында
да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар
мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан алфавиттік жазуды
(кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан
байыған құлиеленушілерді жаңа байлар деп атады. Ру басшыларының зорлық
зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады, Шаруалар
сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан демос (халық) қалыптасты.
Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы
күресі бір толастамады. Осындай тактик, тартыстардың өрлеуі, жердің
жетіспеуі және жаңа түрлі соғыстардың шектен тыс көбеюі б.З.Д. VІII-VI
ғасырда етек алған ұлы отаршылдықтың белең алуына тікелей себепкер болды.
Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында,
Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда
болды. Осы бір жағдайды үлы Платон гректер Жерорта Теңізі төңірегін
батпаққа жиналған бақадай қоршап алды деп тамаша бейнелеп айтқан.
Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы
бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің
классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың
талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының
артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы
классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік
демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің
жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б.з,д. V ғ. Афины, әсіресе
Периклдің (б.з.д. 444—429 ж.) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа
айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек
театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік
әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен
Аристрофанның шығармашылығымен тұспа тұс келді.
Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі
жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында
трагедия деген сөз- ешкілер әні деген мағына береді, Ол ешкі терісін
жамылып әзіл оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. л)м ііі.і.'і;і
Дпопис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі
трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек
трагедияларының басты мазмұны халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет
жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған, Грек трагедиясының
Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге
трагедияның кейіпкерлері гректердің бойында адамгершілік, парасат
сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді нығайтты. Трагедиялық
грек мәдениетінің катароис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс
тапты. Трагедия жанрының гүлденуі . Эсхил,Софокл, Еврипид сияқты үні
драматургтердің есімімен тығыз
байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры,
әділеттілік пеп игілік және т.б, мәселелер осы бір даналар наза-
рында болды, біракқ олардың әрқайсысы өзіндік ой толғамдарының өзіндік
көрінісі бар екендігі аңғарылып тұрды.
Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Киім кию мәдениеті жайында
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
«Мәдениеттану» пәні бойынша оқулық
Пәндер