ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы


Жоспар
Кіріспе
І-Тарау. ХХ ғасыр басындағы Моңголия
1. 1. Моңголияның тәуелсіздік үшін күресі.
1. 2. Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Моңғол Халық Республикасының саяси дамуы.
ІІ-Тарау. Қазіргі таңдағы Моңғолия
- 1970-2007 жылдар аралығындағы Монголияның саяси-экономикалық дамуы.
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы қатынастар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ХІХ ғасырдың аяғы - 20-ғасырдың басында Моңғолия империалистік мемлекеттердің Қиыр Шығыстағы талас объектісіне айралды. Басты бәсеке Жапония мен патшалы Ресей арасында болды. Ұлыбритания, АҚШ, Германия да Моңғолия қызықты. 1905-1907 жылдардағы Орыс революциясы және Қытайдағы революция қозғалысының өсуі Моңғолияда төнкерістік ситуацияның (өсуіне) өрістеуіне себепші болды. Сыртқы Моңғолиядағы Қобда өлкесінің өңтүстік-батыс бөлігіндегі Маньчжурларға қарсы арат Аюша басқарған қозғалыс өріс алды. Елдегі саяси режимге наразылық әр жерде бұрқ-бұрқ етіп, белең ала бастады. Кеңестік үкіметке қарсылық Моңғолияның ішкі жағдайын шиеленістіріп жіберді. Сухэ-Батар және Х. Чой болсан басқарған ораттардың алдынғы қатарлы өкілдері мен халықтың басқада топтары күресе білді. 1930-40 жылға дейін елдің әлеуметтік жағдайы құрт өсті.
Мал шаруашылығының 36 % дәрежесі көбейді. Елдегі сауда, тауар айналымы 1934-39 жылдар мен салыстырғанда 2, 5 есе, экспорт 2, 3 есе, импорт 2 есе артты. 40-жылға қарай МХР-дің әлеуметтік құрылымы өзгерді. Феодал тобы жойылып, ораптар ерікті ұсақ тауар өндірушілер болып алды, ұлттық жұмысшы тобы қалыптасты.
1940 ж. 8-ші маусымда 8-Ұлы халық туралында МХР-дің жаңа конституциясы қабылданды.
Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өндеумен айналысады. Халық шаруашылығын басқару өндірістік коллективтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілділе түседі. 70 жылдары МХР-сы елмен дипломатиялық қатынас, 20-дан астам елден сауда қатынасы орнатқан. 62 халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасады.
ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы тарихи туралы жарық көрген ғалымдардың көптеген зерттеу жұмыстары бар. Соның ішінде нақтылы осы тақырыпта байланысты зерттеулер ішінен ерекше атап ететін еңбек көп. Л. С. Васильевтің “История востока” атты зерттеуі 2001 жылы жарық көрген еңбегі мемлекеттің қалыптасуы, дамуы туралы, халықаралық қатынастар, экономикалық мәселелерін қарастыруда. “Всемирная история. Даты и события” В. Г. Васиненко жұмысында қолданысқа еңгізілген, көптеген нақтылы деректер орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кездеседі. Сонымен қатар ішкі және сыртқы жағдайларының өзекті мәселелерін “Новейшая история стран Азии и Африки” под редакций А. Родригестың еңбегінде толықтырылған.
І. ХХ ғасыр басындағы Моңғолия
1. 1. Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі
Моңғолияның тарихи өміріне тоқтамас бұрын Моңғолия территориясында мекен еткен моңғол ұлттының шыққан тегін анықтап алуымыз қажет секілді.
Моңғол (өздерінше монгол) -кең мағынасында -моңғол тілдерінде сөйлейтін барлық халықтарды атауға болады. Моңғолдар негізінен монғол тектес нәсілдің орта азиялық типінің өкілдері. Монғол этнонимі (мән-гу, мән-гу-ли, мән-ва) алғаш рет Тон дәуірінің шежірелерінде кездеседі. Моңғолия мен Шығыс Қытай жерлеріндегі ежелгі жергілікті тұрғындар негізінде қалыптасты. Осы жерлерді мекендеген ғұндар мен дун-хулардың ұрпақтары көптеген ғасырлар бойы бірін-бірі ығыстырып, ауыстырып, ішінара ассимиляцияланып отырды. 10 ғасырда бұл жерлердің едәуір бөлігі моңғол тілдес қидандардың үстемдігінде болды. ХІІІ ғасырдың басында бірнеше тайпалар мен хандықтар (тайджиуттер, наймандар, меркіттер т. б. ) бірікті немесе Шыңғысханның өкімет билігіне күшпен біріктірілді де, бір тұтас моңғол мемлекетін құрды. Моңғолдар ХVІ ғасырда “халха” деген атқа ие болды. Оңтүстік Моңғолдардың дені Қытай Моңғолиясының құрамына кірді. Кейіннен моңғол жерлері Қытайдың құрамында Үшкі Моңғолия деп аталды. ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың басында Моңғолия ламаизмді қабылдады.
Моңғолдар Сөлтүстік Азия нәсілдерінің Орта Азиялық типіне жатады. Оның негізгі Онтропологиялық ерекшеліктері: көздері мен шашы қара, тік шашты, сүйектері жалпақтау, көздері қысыңқы, орта бойы болып келеді.
ХХ ғ. басында Моңғолия біртұтас мемлекет болған жоқ. Гоби шөлінің оңтүстігіндегі бөлігі ішкі Моңғолия деп аталды, ал екінші бөлігі сыртқы Моңғолия деп аталды. (Холха)
Ішкі Моңғолия Қытай құрамында болды, Қытай құрамына ХVІ ғасырда кірді. Синьхай революциясы кезінде қосылған Моңғолия ХХ ғасырдың басына дейін құрсауында болды. Моңғолия территориясы яғни айтқанда Ішкі Моңғолия, Жапония мен Ресей арасындағы дау-дамайдың негізгі басты мәселесінде болып отырды. Моңғолия территориясы жағынан Ресей мен Жапонияны қатты қызықтырды. Себебі өзінің тиімді географиялық орналасуымен қызықтырса, онымен қоса өз елдерінің тауарларын өткізуде өте арзан бағамен бағаланатын рыногы және арзан шикізат кең орындарының негізгі объектісі ретінде пайдаланып отырды.
Моңғолия өте артта, мешеу қалған мемлекет ретінде саналды. Өйткені қазақтар секілді де моңғол бұқарасының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.
Еуропа мемлекеттері секілді феодализм, капитализм секілді негізгі типтердің бірде біреуі бұл елде көрініс тапқан жоқ. Тіпті айтар болсақ зауыт, фабрика өнеркәсіп орындарының мүлде болмағаны монғоп ұлттының қытайлықтардың мүддесінен шыға алмағандығын көрсетеді. Бір қызықты жайт Моңғолияда мемлекеттік билік негізінен діни сипатқа ие бола бастады. Елдегі буддизм хубиғоп (түрлену) үрдісі кеңінен таралды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ламаистік шіркеудің экономикалық тұрғыдан күшеюі және будда дінінің беделінің өсуі еді. Моңғолияның басшылары Қытайдан бөліну туралы шешім қабылдайды және Николай ІІ -ден қолдау сұрайды. Мемлекет басында Шыңғысханның ұрпағы болмағанына элита өз наразылығын білдіреді.
Елде “Моңғолияда тыныштық орнату басқармасы” құрылды. Оның құзырына барлық мемлекеттік істер өтті. Қытай генералы Сюй Шучэнэнның басқаруымен әскери диктатура орнатылды.
1924 жылы қарашада бірінші-Ұлы халық құралы болып өтті, онда Моңғол Халық Республикасы болып жарияланды және елдің тұнғыш конституциясы бекітілді.
Халық үкіметі Кеңес мемлекетінің көмегіне сүйене отырып, өндіргіш күштердің өсүіне үздіксіз қамқорлық жасады. 1924 жылы шілдеде Моңғол сауда өнеркәсіп банкісі ашылды, 1925 жылы декабрьде ақша реформасы жасалып, ұлттық ақша- тугрік шығарылды.
1. 2. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Моңғол Халық Республикасының саяси дамуы
Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Моңғолия Кеңес Одағына зор моральдық, материалдық көмек көрсетті. 1940 жылы Моңғолия Халық республикасында халық революциясының негізгі міндеттері орындалды. Феодалдар тобы толық жойылды, ораттардың көпшілігі орташалар болды. Жұмысшы тобының саны 15 мыңға жетті. Елдің экономикасының негізін құрған ауыл шаруашылығында ұсақ тауарлы сектор үстем болды, бірақ осы туста алғашқы мемлекеттік шаруашылықтар және кіші-гірім өндірістік бірлестіктер қатарға қосылды. Кеңестік уклад мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар, мемлекеттік және кооперативтік сауда арқылы бейнеленді. Шалдама еңбекті пайдаланатын ірі ораттар шаруашылықтары, сондай-ақ жеке саудагерлер әлі де болса сақталды, капиталистік элементтерді ығыстыру саясаты нәтижесінде олардың рөлі шамалы болды. Сөйтіп, капиталистік емес даму жолын қалап алған МХР жалпы демократиялық қайта құруларды жүзеге асырды және социализмге өтуді бастады.
1941 жылы 10-тамызда Жапония арасында бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімнен кейін сыртқы Моңғолияның мәртебесі қайта қаралды. Оның ішінде, қосымша ретінде "Моңғолияның территориясының біртұтастылығы“ туралы декларацияға көп қойылды. Қытай оны мойындаудан бас тартты. Себебі Гоминьдан үкіметінің сыртқы істер министрінің пікірі бойынша, Қытай “территориясының бір тұтастығына” қауіп тонуде. Жаңа даму кезеңі миллитаристік Жапония тарапынан елдің, тәуелсіздігіне қауіп төнген екінші дүниежүзілік соғыстың қиын жағдайында өтті.
Ұлы отан соғысы басталған кезде, Моңғолия Қызыл әскердің тылына айналды. Кеңес Одағына мал шаруашылығының өнімдері жеткізілді. Моңғолияның қаражатына танкілер коллонасымен авияциялық эскадрия құрылды. Алайда Чан Кай Ши Қытай суверенитетін орнату идеясынан қайтпады.
1944 жылы Моңғолия КСРО-ға одақтас республика ретінде кіру өтінішін қабылдамайды және статус-ква сақталуын қолдайды. Кеңес-Қытай келіссөздердің нәтижесінде, 14 тамыз 1945 жылы Қытай үкіметі Сыртқы Моңғолияны тәуелсіздігін мойындады.
Соғыс аяқталған соң МХР-дің халықаралық жағдайы нығайды. Қытайдың гоминьдандық үкіметі МХР-дің мемлекеттік тәуелсіздігін тануға мәжбур болды. 1946 ж. ақпанда көп қойылған КСРО мен достық және өзара көмек туралы шарт МХР-на сырттан шабуыл жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етті. КСРО-ның көмегіне сүйене отырып, МХР индустрияландыруды жүргізеді. Бірінші кезекте мал шаруашылығы өнімдерін өндеуге байланысты өнеркәсіп салалары дамытылды. Өзіндік өнеркәсіп базасынаң қалануы және Кеңес Одағының материалдық көмегі ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруға жағдай жасады. Моңғол халық-революциялық партиясы (МХРП) социализмге өтуді европалық елдердегі сияқты егіншілік шаруашылықтары емес, мал шаруашылықтары іске асырылып отырғанын және бұл өтеудің бұрын капиталистік емес, феодалдық құрылыс үстемдік еткен елде жүзеге асырылып жатқанын ескерді. Осының бәрі қойылған мәселелерді шешуге мұқияттылықпен қарауды және ұзақ мерзімді қажет етті. Араттардын ерікті түрде ауылшаруашылық бірлестіктеріне қіруі бірте-бірте жүргізілді. Кооперативтерге әуелі тек семья басы, содан соң бұлардың нығаюына қарай семьяның 16 жасқа толған барлық мүшелері кірді. Араттардың өмір сүруінің негізгі көзі малдың едәуір бөлігі олардың өз меншігінде қалдырылды.
ІІ. Қазіргі таңдағы Моңғолия
2. 1. 1970-2007 жылдар аралығындағы Моңғолияның
саяси-экономикалық дамуы
Социалистік өндірістік қатынастар халық шаруашылығының барлық салаларында үстемдік алған соң елді индустрияландыруды жалғастыру, ауыл шаруашылығын техникаландыру қажет болды. Кеңес-моңғол ынтымақтастығы арқасында қуатты кең-байыту комбинаты “Эрдэнэт” салынды, оның өнімі моңғол экспортының едәуір бөлігін құрайды. МХР-де елді энергиямен, халық тұтынатын заттармен, экспорттық тауарлармен қамтамасыз ете алатын түрлі өнеркәсіп салаларын қалыптастыру аяқталды. Өнеркәсіп ұлттық табыстың үнемін бір бөлігін берді, бірақ әзірге жабдық пен станоктар негізінен басқа елдерден сатып алынды. Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өңдеумен айналысты. Халық шаруашылығын басқару өндірістік кооперативтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілдірді.
Экономиканы дамыту ісінде енеулі табыстарға жеткеніне қарамастан, МХР даму дәрежесіне қарай европалық елдерден әлі де болса артта қалды.
Жан басына шаққанда от көп тұтынылған мен қант, көкөніс, азық түлік, жеміс-жидек жетіспеді.
МХРП-нің 16 съезі (1971ж. маусым) МХР еңбекшілерінің материалдық, мәдени дәрежесін көтеру, елді социалистік жолмен дамытуда, жеңіске жету жолындағы жарты ғасырлық күресінің қорытындыларына жан-жақты баға берді. Съезд халықшаруашылығымен мәдениетті өркендетудің 1971-75 жылдарға арналған 5-жылдық жоспары жасауды бекітті. 70-жылдардың ортасында 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас (1973), 20 дан астам елмен халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасайды. 1909 жылдан бері Қорусыздандыру жөніндегі комитеттің мүшесі.
Моңғолия Республикасының 1990-2007 жылдар аралығындағы жалпы саяси, экономикалық жағдайына тоқталар болсақ қазіргі таңда Моңғол Республикасы Ресей, Оңтүстік және Солтүстік Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр. Халқының саны 2, 832 мың адамды (2006 жылдың шілдесі) құрайды. Елде 85 % монғоп ұлтты өмір сүретін болса, 7% -ы қазақтар мен қырғыздар, 4, 6 % -ы дүрбеттер және 3, 4% -ы басқада этникалық топтар (хомнигандар, цаатандар, ұйғырлар мен уренкойлар, тивалар, орыстар мен қытайлықтар) 5 млн. жуық моңғолдар өз отандарында өмір сүрмейді (соның ішінде 4, 8 млн. Қытайда) Мемлекеттің тілі Монғол тілі көптеген ірі қалаларында орыс тілінде сөйлесуге, түсінісуге болады. 85% -дан астамы өздерінің ана тілі монғол тілінде сөйлеседі.
1921-1990 жылға дейін Моңғолия социалистік мемлекеттердің бірі саналып келді. 1952-1984 ж. аралығында елді Чайболсан басқарды, одан кейін Ж. Батмунх 1990 жылы Кеңес Одағының әлсіреуінін кейін елде бірнеше реформалар жүргізіле бастады. Моңғолия парламенттік республика. 1992 ж. 13 қантар күні Моңғолияның Ата заңы қонституция қабылданды. 1991 жылы Ұлы Халық құрамы мемлекеттік атын өзгертіп, Моңғол Халық Республикасы деп аталуын өзгертіп, Моңғолия деп аталды. (1992 ж. 12 ақпан) Елді президент билейді. Оны халық 4 жылға сайлайды. Елде тек Ұлы Халық құрамы заң шығарушы парламентке негізделген. Оның құрамында 76 депутат жұмыс атқарады.
Моңғолия Ұлан Батордан бастап және 26 аймаққа бөлінеді: Ара-Хантай, Баян-Улэгэй, Баян-Хангар, Булган, Батыс Гоби, Батыс Гоби-Алтай, Гоби-Сумбэр, Дархан, Озабхан, Кобдос, Орхан, Селенга, Солтүстік Гоби, Сухэ-Батор, Убсунур, Увэр-Хангай, Хубсугуль, Хэнтэй, Орталық, Оңтүстік Гоби.
Экспортқа: мыс, мал шаруашылық өнімдерін, жүн шығарады. Импорт: жағармай, көлік құралдары, машиналар, әсіресе сауда саттықтағы партнерлары Ресей, Қытай, АҚШ болып табылады. Жалпы сауаттылығы 90% -ды құрайды.
96 пайызы буддизм дінін ұстанады. 6% жергілікті қазақтары, ислам дінінің суниттік бағытын ұстанады. Одан басқа шаманизм, христиандар кездеседі.
- Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қатынастар
1992 жылдың 22 қантарынан бастап Монғолия Халық Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1997 жылдың мамыр айынан бастап Монғолияның астанасы Ұлан-Батор қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы өзінің қызметін атқарып келеді. Монғолия мен Қазақстан арасында саяси қатынастарға тоқталар болсақ. Қазақстан мен Монғолияның саяси қатынастары 1993 жылдың қазандағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлан-Баторға ресми сапарынан басталды. Бұл сапар барысында екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастағы шарт-құқықтық негіз қаланған болатын.
Монғолияның Президенті Н. Багабандидің 1998 жылы Қазақстанға сапары және ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1999 жылы Монғолияға сапары екі-жақты қарым-қатынасқа тың серпіліс берді.
1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР мен Монғолия арасында 40-тан астам келісім шарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастар халықаралық алаңда да белсенді дамып жатыр. Ұлан-Батор Астананың аймақтық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қару-жабдықты таратпау сияқты жұмыстарға қолдау көрсетіп жатыр.
Үстіміздегі жылдғы 13-14 сәуірде Ұлан-батор қаласында комиссия өзінің кезекті 4-ші отырысын өткізді. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша тараптар Хаттамаға көп қойды. Екі мемлекет арасында 2005 жыл ішінде тауар айналымы 47, 4 млн. доллар құрды, ал 2006 жылдық бірінші жартысында тауар айналымы 15, 09 млн. доллар құраған болатын. Қазақстан экспортқа негізінен бидай, мұнай, өнімдерін және темекі мен құбырлар шығарады. Импортты ет, жүн және плавикалық шпот құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz