Мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарты



1 Мектепке дейінгі ұйымдар жаңа стандарт бойынша жұмысқа көшуде
2 Жалпы ережелер
3 Топтар градациясы
4 Отбасы ролін анықтау
Мектепке дейінгі ұйымдар жаңа стандарт бойынша жұмысқа көшуде. Осы нормативті-құқықтық құжаттың тұсаукесері 2009 жылы маусым айында Алматы қаласындағы республикалық семинар-тренингте өтті. Семинарға қатысушылар жаңа ҚР МСТ 1.001-2009 негізгі ережелерінің мазмұнын, бес білім облысы шеңберінде педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік қаржы салу, балаларды ерте жастан бастап сапалы білім алуын қамтамасыз ету бойынша үкіметтің ойластырылған жоспарлары, білікті және уәжді мұғалімдер мен тәрбиешілердің болуы - Қазақстан Республикасының білім саясатының маңызды компоненттері болып табылады. Балаларды ерте жастан бастап оқыту және мектепке дейінгі тәрбие берудің стандарты - осы саясатты жүзеге асыру жолындағы қажетті қадамдардың бірі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарты
Д.К. Айджанова,
Step by Step Корпоративтік қорының директоры, Step by Step Халықаралық қауымдастығының аймактық үйлестірушісі, Мектепке дейінгі балалық шақ Республикалық орталығы Алматы филиалының директоры
Ш.С. Сұлтанғазиева,
ҚР БжҒМ ОБД мектепке дейінгі және орта білім беру мен аймактық ынтымактастықты дамыту мониторингі басқармасының сарапшысы.
Мектепке дейінгі ұйымдар жаңа стандарт бойынша жұмысқа көшуде. Осы нормативті-құқықтық құжаттың тұсаукесері 2009 жылы маусым айында Алматы қаласындағы республикалық семинар-тренингте өтті. Семинарға қатысушылар жаңа ҚР МСТ 1.001-2009 негізгі ережелерінің мазмұнын, бес білім облысы шеңберінде педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік қаржы салу, балаларды ерте жастан бастап сапалы білім алуын қамтамасыз ету бойынша үкіметтің ойластырылған жоспарлары, білікті және уәжді мұғалімдер мен тәрбиешілердің болуы - Қазақстан Республикасының білім саясатының маңызды компоненттері болып табылады. Балаларды ерте жастан бастап оқыту және мектепке дейінгі тәрбие берудің стандарты - осы саясатты жүзеге асыру жолындағы қажетті қадамдардың бірі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі болып табылады және баланың тұлғасын қалыптастыру және дамытуға жағдай жасайды. 2001 жылы 19 қыркүйекте ҚР БҒМ № 739 бұйрығымен мектеп¬ке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей Стандартының Негізгі ережелерін бекітті. Жаңа Стандарт-2009 құру үшін ғалымдар, әдіскерлер, тәрбиешілер, психологтар мен социологтар, Step by Step Халықаралық білім орталығының сарапшылары, САТР орталығының ғалымдары ҚР БҒМ мек¬тепке дейінгі және орта білім департаменті және Мектепке дейінгі балалық шақ Республикалық орталығы департаментінің басшылығымен үш жыл жұмыс жүргізілді.
I кезең (2006 ж.):
- Құндылықтарды айқындау - арналу салалары.
- Жас ерекшеліктері мен шекаралары.
- Глоссарий.
- Іске асыру жоспарлары.
II кезең (2007 ж.):
- Ел ғалымдары, тәжірибелі жүргізушілерімен, мамандарымен ынтымақтастықтағы пікірсайыстар, ұсыныстар, ойлар.
- Республиканың бүкіл білім беретін институттары педагогтары және Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Шарон Линн Каганның қатысуымен Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын әзірлеудің проблемала-ры Халықаралық конференциясы.
III кезең (2008 ж.):
- ҚР МСТ-ның жұмысын соңына дейін өңдеу және аяқтау.
- Стандартты бекіту -2008 жылғы 28 қараша.
Балаларды ерте жасынан тәрбиелеу мен оқытудың мектепке дейінгі стандартын жасау және енгізу қажеттілігі мыналармен байланысты:
- сапалы білім беруге қолжетімділікті кеңейтудің қажеттілігі;
- отбасы мен қауымдастықтардың білім беру үрдісіне тартылуы;
- тәрбие мен оқыту ісіне инновациялық тәсілдерді енгізу. Алғашқы рет ұлттық деңгейде:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мен құрылымы, норма-лары мен талаптары;
- оқу қызметі түрлерінің тізбесі мен көлемі;
- жас бойынша оқу жүктемесі;
- базистік оқу жоспары және ұлттық базалық оқу бағдарламаларының бекітілуі аса маңызды.
Жалпы ережелер
♦ Барлық оқушылардың мектепке дейін сапалы білім алуға қол жеткі-зуін қамтамасыз ету
Темен жаста баланың дамуы ары қарай оның өмірінің негізін құрайтындығы ғылыми дәлелденген. Темен жастағы балаларды тәрбиелеу және білім берудің маңызы зор, өйткені, біріншіден ол әлемнің 192 елімен бекітілген Бала құқықтары туралы Конвенциядағы балалар құқығының сақталуына кепілдік береді. Екіншіден, бала өміріндегі бұл кезең физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуының өзгеруімен сипатталады. Тамақтанудың және баланы күтудің жеткіліксіздігі, жетіліп келе жатқан балаға дұрыс қарамау сияқты факторлар баланың дамуына кері әсерін тигізеді.
Баланы қоршаған ортамен өзара іс-әрекет арқылы өзінің дүниетанымын және санасын кеңейтетін уникум ретінде қабылдау Step by Step Халықаралық білім бағдарламасы пайдаланатын жаңа инновациялық тәсілді енгізуді қажет етеді, бұл бағдарлама бойынша 650 мектепке дейінгі топтар, 348 бастауыш сыныптар жұмыс істейді, педагогикалық колледждер мен Қазақстан Республикасының ИПК курстары енгізілген. Рефлексивті орта ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.
♦ Бір жастан бастап алты жасқа дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің базалық мазмұны
Стандарт тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнына нормалар мен талаптардың жүйесін белгілейді, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты (1 жастан 6 жасқа дейін) жүктеме көлемін анықтайды. Жалпы білім беру бағдарламаларын, оқу-дидактикалық құралдар, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында баланың әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған осы құзыреттілікті ескеру қажет.
♦ Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар Педагогикалық процесс балалардың шығармашылық, зерттеу қызметтерін жүзеге асыру үшін орта құру арқылы олардың өзара іс-қимылдарын ынталан-дыратын жекелеген мұқтаждықтарын есепке ала отырып ұйымдастырылады.
Педагогикалық процесс баланың когнитивті қабілеттерін, қабылдау және жетістік уәждемелерін дамытуға, ал оның қағидалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету мемлекеттік қызмет стандарты
Пәндер