Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы.
1.1. Қазақ ақын жырауларының қазақ философиясында алатын орны.
1.2. XV.XVIII.ғасырлардағы қазақ жырауларының философиялық
ойларының негізделуі.
XV.XVIII . ғ. қазақ ақын жырауларының тағылымдық идеялары.
2.1. Қазақ жырауларының өмірі мен шығармалары.
2.2. Қазақ ақын жырауларының философияға қосқан үлесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы. Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға, шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді.

1. І.Есенберлин «Көшпенділер» Алматы, «Есенберлин атындағы қор», 2002 ж
2. М.Мағауин «Ғасырлар бедері» Алматы, «Жазушы» 1991 ж
3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» Хрестоматия. Құрастырған: М.Мағауин Алматы, «Ана тілі» 1993 ж
4. «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» Редакциялық коллегия Алматы, «Ғылым» 1982 ж
5. Ш.Ш. Уалиханов «Таңдамалы» Алматы «Жазушы» 1985 ж
6. Х.Сүйіншәлиев «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, «Мектеп» 1989ж
7. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы, «Санат», 1994 ж
8. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» І том. Құрастырған: Т.Кәкішұлы. «Қазақ университеті», Алматы, 2001
9. «Тарихи жырлар» І том Алматы «Білім» 1995 ж
10. «Бес ғасыр жырлайды» І том. Алматы «Жазушы» 1989 ж.
11. Қалиев С, Аюбай Қ Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық
т.4 - Алматы: Сөздік - Словарь, 2007 - 464 б.
12. Әлжан Қ, Молдабсков Ж Қазақ ақын-жырауларының философиясы.
Жиырма томдық - т.8 - Астана: Аударма, 2008 - 448 б.
13. Магауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы: Жазушы, 1991 432 б.
14. Садиқов Қ. Көрксмдік орнектер (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.ақын, жыраулар
мұрасының көркемдік ерекшеліктері) - Алматы: Рауан, 1992 - 80 б.
15. Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХҮІП ғғ. Қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1967.

Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы.
1. Қазақ ақын жырауларының қазақ философиясында алатын орны.
2. XV-XVIII-ғасырлардағы қазақ жырауларының философиялық
ойларының негізделуі.
XV-XVIII – ғ. қазақ ақын жырауларының тағылымдық идеялары.
2.1. Қазақ жырауларының өмірі мен шығармалары.
2.2. Қазақ ақын жырауларының философияға қосқан үлесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
1.1. Қазақ ақын жырауларының қазақ философиясында
алатын орны
Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық
кезеңдердің сарапшысы. Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы
мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға, шешендер мен ел тағдырын
шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап
жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең
XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан
бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі
басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп
шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да
заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті, қазақ ұлтының
біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға,
өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың
тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні
хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай
хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі
жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел
қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері
жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық
әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет,
музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да,
әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.
XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ
хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы
кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ
фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық
жырлар сияқты халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке
авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың
жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие
болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.
Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан
айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, Жыр-(көне түркі тілінде иыр)-
1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында
қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры
деген анықтама Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында берілген екен. Ал,
зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде атты
еңбегінде Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту
деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар
қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады,-деп көрсеткен екен.
Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады деп сөз өнерін, тіл
тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды қадірлеген
болуы керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр
әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай
хандарға, сұлтандарға, әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне
айналғаны анық. Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар
өздері өлең және жыр деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға
болады.
1.Өлең.
2.Жыр. Өлшем жағынан минусин татарларының батырлық жырларына ұқсас,
өлеңге қарағанда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып
келіп отыратын үш бунақтан (көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас соңына
келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде деп белгілі зерттеуші
В. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақ поэзиясының арғы атасы
іспеттес.(Радлов В. В. Алтын сандық Алматы 1993 жыл 10- бет) жалпы жыр
өлшемі поэзияда ерте туған өлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың ұйқас
түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен дара ұйқасты және аралас ұйқасты болып
екіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің салалары көп.
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да
маңызды орын алар тұлға. Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық
дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-
жыр сөзінен туындайды деген түсінік жырауға Қазақ әдебиетінің
энциклопедиясында берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар
XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде.
Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б.
жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір
жырауларына тән қасиет - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық
мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап,
данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы
болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы
қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен
жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.
Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар
жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік
заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған
батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат
ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді
насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып,
қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал
келтіретін болсақ, Доспамбеттің
Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма
Деген жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып, әрқашан алғы шепте
жүріп, жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын байқаймыз.
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының терең философиялық
толғаулары да осы жыраулардың еншесінде.
Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып, аңызға айналып жүрген
жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар
шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы
жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз
жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.
Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің Диуани-лугат-ат түрк
еңбгінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады.
Онда Шөже жырау – жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады.
Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр), Сыпыра жырау (XIV ғасыр) есімдері арқылы
біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын білеміз. Дегенмен XV-XVII
ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген шағы болып
табылады.
XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға
қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық
сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап
көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа
тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды.
XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін
қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі
дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру
нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен
ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы
философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты
болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау
Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау,
Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби
салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып
табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір
жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал
тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған
батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін
мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе
қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз
бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар
болатын.
Солардың бірі Сыпыра жыраудың келер ұрпаққа арнаған жыры бата іспеттес
және онда болашаққа деген сенім мазмұны да ұялаған.
Көп ішінде сөйлесем,
Жас жігіт саған қарасам –
Қара лашын тұйығынсын
Асылыңа қарасам –
Құс алатын қырғисың
Қызыл тілге келгенде
Сар садақтың оғындай
Көлденеңдеп сырғисың
Көрмегеннен сұраймын,
Асылыңды білдірші
Қай ұлыс елдің, жарқыным?!
Сөзді жұптап, түйдектеп
Бәйге атындай шұлғисың! – деп келетін жыраулар поэзиясының ауқымы
шектеулі емес. Қоғамдық-әлеуметтік, тарихи жағдайлардың кейбір мәселелеріне
байланысты, халықтың көңіліндегі мұң-мұқтажын болжау, танып тоқтам айту,
сол жыраулық мақаммен сөйлеу, жыраулық сарынмен жеткізу де кездеседі қазақ
әдебиетінде. Мысалы, Махамбет поэзиясының Қазтуған, Шалкиіз, Марғасқа
жырларымен астарласып жатуы.
Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған қызметіне келетін болсақ – сөз
өнерін сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып жүрген жыраулардың аса бір
ел тарихындағы халық қамы үшін маңызды рөл атқарған тұсы қазақ хандығы
дәуірі болды. Бұл кезеңде әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан тұсында
саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қандай заманда болмасын кез-келген хан,
сұлтан тұсынан бірлі-жарым жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды, хан
өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз келген хандар жұрт арасына іріткі салушы
ретінде түсініп жағымсыз көретіндері де болды. Бірақ жыраулардың қай-
қайсысы да халық жанының жанашыры болып, барлығының поэзиясы бірге ең әуелі
қазақ халқының құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді. Жыраулардың
арасында кейбірі хандарды мадақтап жыр арнаған болса да, халықты үгіттеп
ханға жығып беру мақсатында жыр айтқандар болған жоқ.
Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес,
сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп
кездестіреміз.
Жыршы кім? деген сұрауға Қазақ әдебиеті энциклопедиясында: Жыршы –
жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен
мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды деген
жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған.
Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы
болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы
жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи
оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ
халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген.
Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен
сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды
жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.
Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және бірегей
тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен
елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа көркемсөз
шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы ертеде.
Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең адам
жандүниесінің өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны да басқа бағытта қанат
жая бастады.
XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында жырау деген атақ өте сирек
қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл
аралас жеңіл терме, шырқап салар әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер
лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың қыздырмасы болар небір
шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды. Ақындар
поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен де
өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында тақырып етіп, өлең өнері жаңа
сатыдан көрінді.
Қазақ халқының XV-XVIII ғасырлары қалыптастырған жыраулар поэзиясы
кейіннен дарынды ақындар өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да фольклорлық
сипатта болғанмен авторы халық қана деп түсінетін ұғымнан алысырақ,
анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға болатын, қоғамдық-әлеуметтік
маңызы зор көркем сөз туындылары дүниеге келді. Ол туындылар әдеби өмірдің
қалыптасу жолдарынан мәлімет беретін, тарихтың сырларын айқындайтын құнды
дүниелер болды.
Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырлар сол кездері биік
сатыға көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары Ер Сайын, Ер Көкше, Қыз Жібек,
Күлше қыз сынды жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл
кезең жырдың, жыршының және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ
әдебиетінің өзіндік әдеби стилі қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті
жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің ауыр даму кезеңдерін
өткергенмен, әдеби ілгерілеп, дами берді.
1.2. XV-XVIII-ғасырлардағы қазақ жырауларының философиялық ойларының
негізделуі
1. Асанқайғы Сәбитұлы, Шалкиiз Тiленшiұлының этнопедагогикалық ой-
пікірлері.
2. Ақтамбердi Сарыұлы Бұхар Жыраудың тәлімдік ойлары.
3. Билердiң шешендiк сөз өнерiнiң үлгi-өнегесi.
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың
өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар
ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың
мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың
ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың
билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала
философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ,
ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып
өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi
мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-
әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл
көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-
құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба
атанған.
Ол ХV ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi
болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын
Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын
болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының
Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық
пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз
халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей
араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел
iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық
ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе
берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам.
Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады.
Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен
деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын
қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты
көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген
қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Күнiнде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама – деп,
Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл
бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi.
Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу,
бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi,
өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз
асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”.
Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен
болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта
келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың
қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн,
олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып
өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп,
артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе
“Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-
тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк,
қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып
жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл
қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.
“Мiнезi жаман адамға, ендi қайтiп жуыспа. Тәуiр көрер кiсiңмен, жалған
айтып суыспа”- деген өсиеттi ұстайды. Жырау бiрде: “Ғылымым жұрттан асты
деп, кеңессiз сөз бастама” дейдi. Сөз астарында өзiм болдымдыққа салынып
тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме деген уағыз сарыны аңғарылады.
“Есенiңде, тiрiңде, бiр болыңыз бәрiңiз” деп халықты бiрлiкке
шақырады. Онсыз “Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар” деп
ертеңгi күнге бұлыңғырлық төнiп қалар деген болжамын еске салады. Адамдық
ұстаным — борышты мiндеттердiң жауапты саласы. Оны бұзушылық — ойшыл үшiн
жат құбылыс. Абыз әдептiлiк сұранысын былай түйiндейдi:
“Естi көрсең кем деме, бәрi тұйғын табылмас”;
“Нәпсi алдаушы дұспанның, насихатын алмағұл,
Бақыты оянған ерлердiң, әрбiр iсi оң болар”;
“Сөз сөйлесе жөн бiлiп, не десе де жарасар”;
“Ауылдағы жамандар, ел қадiрiн не бiлсiн!”.
Болатын адам, өсетiн ел тәуiр көретiнмен жалған айтып суыспайды,
болмайтын нәрсеге кiжiнесiп, желке құрыстырып ұрыспайды.
Әдептiлiктiң әр қыры мен сыры — бақыт көрiнiсiне лайық. Дегенмен бақыт
— адамға деген ерекше сыйласу мен махаббат сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi.
Бақытты жандар ғана өзара түсiнiсе де, жақындаса да, бiрiге де алады.
Бақытқа кедергi - ағайын мен ел арасындары бiтiмсiздiк, ондағы мүдде
алшақтығы, қасиет кенжелiгi, сөйлесу қағидасының бұзылуы. Сөйлесуде
өзара түсiнiк жетiспесе, онда үйлесiмдiлiктiң, ынтымақтың болуы мүмкiн
еместiгiн, зияндық — күйзелiс көрiнiсi, адамгершiлiктегi ғарiптiк белгiсi.
Бұл заманда не ғарiп?
Ақ қалалы боз ғарiп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл, шығын сөз ғарiп;
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғарiп;
Қадiрiн жеңге бiлмесе
Бойға жеткен қыз ғарiп;
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелi бел ғарiп,
Қаз-үйрегi болмаса,
Айдын-шалқар көл ғарiп;
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп.
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi де,
зардабы да көбеймек. Ғарiптiк — заман ағысы адамзат тiршiлiгiне ыңғайсыз
жағдайда дерт болып асқындамақ. Бiрақ ақын заманды құрастырушы мен
билеушiлердiң мiнез-құлқын, iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану арқылы
ақын заманды тануға, заманның ағымын пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам
мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай дұрыстауға ықылас-ынта
бiлдiредi..
Асанқайғы — экологиялық тәрбие төңiрегiнде сөз қозғаған қазақтың
тұңғыш ойшылдарының бiрегейi. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы,
жер байлығы, аң-құстар тыныс-тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жай күйi
тiлге тиек болады. “Аққу құстың төресi, ен жайлап көлде жүредi” деген
шумақтан, сұлулық сүйкiмдiлiктi ұштайтынын пайымдаймыз. Көркемдiктiң жан
семiртетiнiн, сүйкiмдiлiктiң тән тазалығына еритiнiн “Бұл заманда не ғарiп”
деген өлеңiнен аңғарамыз. Жыраудың “Иiс майын жамандап, жұпар қайдан
табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?” дегенi, атамекендi
ардақтай бiлуге шақырғанындай.
ІІ. XV-XVIII – ғ. қазақ ақын жырауларының
тағылымдық идеялары.
2.1. Қазақ жырауларының өмірі мен шығармалары
Жорықта айдынды аламан, ақындықта арқалы жырау атанған Шалкиiз
Тiленшiұлы (1465-1560) Дештi Қыпшақ өңiрiне ғана емес, Қырым, Терiстiк
Кавказ, Дон бойына да әйгiлi тұлға болған. Өз заманындағы Ноғайлы әмiршiсi
Темiр, Қазақ Ордасы, Кавказдықтар арасындағы саяси күрестердiң ешқайсысынан
сыртқары қалмаған. Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында,
елдiң бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық,
шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл аударған, кiсiлiк қасиеттерге
әр сақтан қайта-қайта оралған. Шамасы, Шалкиiздiң өзi “жаурынына қанды көбе
сыймаған, жағасына адам қолы тимеген” ержүрек, кеуделi батыр болғандай. Көп
оқығаны көзiмен көрген, көп нәрсенi тоқыған сынды да, сындарлы қайраткерлiк
деңгейге жеткен.
Жорықта, соғыста, айтыс жанжалда ел мен ердiң құны қатар сынға түстi.
Ел ерлерсiз, ер өз елiнсiз бабына келмедi. Қысылтаяң кезде тума туыстан
сүйенiш iздедi, жұрттан суырылып шығар дарадан тiрегiн көздедi.
Ерлер кiмдер едi, нендей қасиетiмен үлгi едi? Ерлердiң “алдаспаннан
игi қолы”, “жеңсiзден игi тоны”, “арғымақтан игi малы болар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz