Тіл және ойлау арасындағы байланыс


ТІЛІ ЖӘНЕ ОЙЛАУ
- Тіл - әлеуметтік кұбылыс.
- Ойлау және оның органы.
- Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстар.
Тіл - әлеуметтік кұбылыс. Тіл - жанды табиғаттың өмірлік қызметі үдерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жйесі. Тіл - тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліл түратын ерекше қасиет. Адамзат дамуының алғашқы кезенінде, еңбек жөңе қорғаныс құралдары өлі жетілмей түрғанда, өмір үшін күрес ширығып, адамның өзін-өзі сақтап қалуы тек үжымдық әрекеттке тәуелді болған жағдайда тілдің қажеттігі туды. Еңбеқ үдерісін жақсарту үшін адамдар өзара байланыста болуы, ақпарат алмасуы қажет болды. Тіл адам ойынын Дамуына шешуші рөл атқарып, олардың өміріне маңызды өзгерістер алып келді.
Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен кауышып пікір алмасуы күрделіленді және түрленді. Қару дайндау және оны пайдалану, аңдарды айдап кіргізетін тосқауыл жасау, аңды көру, бағыттау, ақыры оны ұстау, өлтіру жұмыстарын аткару барысында ұжымның барлық мүщелеріне түсінікті сигналдар жүйесі пайда болды және жетілді.
Белгілі бір объектілердің тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне қатысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс болды. Бұл талаптарды, тек көруге негіздегендіктен, ишаралар атқара алмады. Ұжымдық еңбекте адамдар бірін-бірі үнемі көріп жүрмейді. Сондықтан оқиғалардың, заттардың белглі бір топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатыңдай тілдік белгілердің дыбыстық жүиесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына төн жалпы белгілердің (жүгіру, тас, өзен, үру) көрініс беруі мен шағылуы сол тасғы құбылыстар арасындағы айырмашылыктарды бөліп алу олардың тәуедділіктері мен байланыстарын қарастыру үшін ойлау қажеттігі туды.
Тіл табиғи да, жасанды да болуы мүмкін. Күнделікті өмірде ойды бейнелеу формасы және адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тіл- табиғи тіл делінеді. Жасанды тілді адамдар аясы шағын белгілі бір қажеттер үшін жасайды (математикада символика тілі, фи-зикада теориялар тілі, әртүрлі дабыл жүйелері және т. б. ) .
Тіл - әлеуметтік қүбылыс. Ол қоғамдық өндіріс дамуының барысында пайда болды. Оның маңызды қыры-адамдар мен жеке адамның іс-әрекетін үйлестіру кұралы болып табылады. Физиологиялық негізі жағынан тіл екінші дабыл жүйесінің қызметінде көрінеді. Тіршілікті және ойды біддірудің формасы бола отырып, тіл сонымен бірге сананы қальштастыруда маңызды рөл атқарады. Тіл белгісі өзінің физикалық табиғаты жағынан өзі білдіретін нәрсе жөнінде шартты бола отырып нақты өмір шьшдығын тану үдерісімен байланысты.
Тіл - жинақталған білімді тіркеу мен сақтау жөне оны ұрпақтан-ұрпакка жеткізу қүралы. Абстрактілі ойлау жүйесі тілдің арқасында өмір сүріп, дамиды. Тіл - ой қорытудың қажетті қүралы, өйткені кез келген сөздің өзі-ақ қорытынды болып шығады. Алайда тіл мен ойлау бірдей емес. Тіл салыстырмалы түрде дербес табылады, оның ойлау заңдарынан өзгеше өзіне төн зандары бар. Сондықтан ұғым мен сөздің, пікір мен сөйлемнің жөне т. б. арасында тепе-тендік болмайды. Оның үстіне тіл өзінің ішкі үйымы бар белгілі бір жүйе, қүрылым болып табылады. Онсыз тіл белгісінің табиғаты мен маңызын түсіну қиын. Соңғы ондаған жылдарда теориялық зерттеулердің өсуіне байланысты жасанды, формалды түрде енгізілген тілдердің заңдылық-тарын, олардың логикалық синтаксисі мен семантикасын оқып-үйренуге ынта арта түсті. Осыған байланысты тіл лингвистиканың ғана емес, логика мен семантиканың да зерттеу объектісі ретінде қарастырылады.
Ойлау және оның органы. Ойлау адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ешқандай ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама қасиеттері жалпылама атқа ие болады. Жалпылама тілдік қолданыстар көрнекі түсініктерден бөліп алынған ұғымдарға өтуге, яғни адам санасының ерекше қасиеті - ойлауға себеп болды. Одан өрі қарай біздің тектеріміз қарапайым, өр адам аттаған сайын кездесетін, қайталанып отыратьш байланыстарды аңғарды: «Егер осы зат екінші заттан екінші зат үшінші заттан қатты болса, онда бірінші зат үшінші заттан катты болады». «Егер бедгілі бір нәрсе екінші бір нөрсенің ішінде болса, ол үшінші бір нөрсенің ішінде болса, онда бірінші үшіншінің ішінде болады» . . .
Осылай бұрыннан белгілі түрдегі қорытындылардан олардың арасындағы байланыс негізінде белгілі бір жаңа білім шығатын логикалық ой қорыту пайда болады. Уақыт өткен сайын логикалық түрде ойлай білу дамыды. Адамдардың бірқатар ұрпақтарының көздері жеткен логикалық байланыстар окиғалардың, әрекеттердің жөне сол заттардың өз арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарға сөйкес келетіндігі белгілі болды. Адамша ойлауға тән логика шықты.
Ойлаудың шын табиғатын түсіну үшін оның ойлау үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық органға қатынасын да қарап өткен жөн. Ол жалпы адам табиғатының, оның дене кұрылымына қатынасына байланысты белгілі бір қыры. Ғылым мен философияның тарихында адамды және оның ойлауын физиологиялық органның, әсіресе, мидың табиғатымен түсіндіруге үлкен мән берген. Ғылымнан алыс адамдардың қарапайым ұғымдарында да осылай түсіну берік орныққан. Кей кездері оны басқа физиологиялық органдармен байланыстыру да болды. Мұндай көзқарастың негізгі мазмұны: әр түрлі адамдардың ойлауындағы негізгі айырмашылықтары, яғни олардың әр түрлі ойлайтындықтары, мысалы, қарама-қарсы көзқарастарды, моральдық адамгершілік кағидаларды, эстетикалық талғамдарды, т. б. ұстанымды, әр түрлі өмірлік жолды таңдауы, еркіндікке немесе тәуелділікке, жақсылыққа немесе жамандыққа бейімділігі әркімнің биологиялық, организмдік жаратылысына тәуелді деп түсіну. Әр түрлі кәсіптермен қызметтерге беймділіктің де табиғаты сондай.
Адамның ойлауы әркімнің биологиялық, физиологиялық органының ерекшелігімен ғана байланысты болса, онда адам алдын ала анықталған нәрсе. Онда еркіндіктің болуы мүмкін емес. Ол өзінің қандай болуын өзі таңдай алмайды. Оның хайуанаттардан айырмашылығы шамалы. Еркіндік жоқ болса, жауапкершілік те жоқ, қоғамдық қатынастармен, адамгершілік қағидалар адамдардың еркінсізақ автоматты түрде жүзеге асуы тиіс.
Мәселенің бір жағы: ойлаудың мазмұны өзінің органы - мидың бейнелемейтіндігінде. Ми - жалпы, әр адамның организмдік тәні ретінде ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау - мидың қызметі. Осы тұрғыдан немесе осы мағынада ғана ойлаумен оның физиологиялық органы байланыста. Адамның жалпы тәннің бітімі, құрылымы, соның ішінде адам миының бітімдік ерекшелігі дүниеге адамдың катынастың калыптасу тарихы мен эво-люциясында өзгеріп, тұрақтанған. өзінде де темпераменттік өзгешеліктер болады. Бірақ олар адамдардың ойлауы негізінде тек сыртқы ерекшеліктер беретін өзгешеліктер. Олар әртүрлі темпераментті адамдар ойлауының жалпы нәтижелерін мазмұн жағынан әр түрлі ете алмайды. Адам ойлауында өзінен тыс дүниені бейнелемейді. Жануарлар да, негізінен, солай. Жануарлар организмінен тыс дүниенің мазмұнын меңгеріп, олардың ішкі өзіндік мөніне бойламайды. Сонымен бірге әр адамның ойлау ерекшелігі оның миының ерекшелігіне ғана тәуелді болса, мидың күрылысын адам өзгерте алмайды. Онда бір адамның өмір жолында кейде болып жататын күрт өзгерістердің дүниеге бір қатынастан қарама-қарсы екінші бір қатынастарға ауысуын түсіндіру киындық тудырады. Ондай кезде ол адамның бүтін жан дүниесі қайта түзіліп, тіпті баска мақсаттарға бет бүрыай ма? Ойлау, бұрын да айтқандай, организмнің ішкі күйін білдіретін үдеріс қана болса, адам сыртқы дүниені де, өзін де өзгерте алмас еді. Ойлау әр адамнан тыс дуниенің сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс объектідей катынас жасап бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеалдық дуниесін жасайтын адамдардың қызметі. Оған субъективтік психикалық қызмет те, әрі сыртқы дүниені іс-ерекет түрінде жалғастыратын түрі де жатады. Ойлау - барлық психикалық қасиеттерді қамтиды. Олай болатын себебі, белгілі дережеде қалыптасқан, ербір адамның сыртқы нерселерді түйсінуінің езі де оның бұрын бойына сіңірген барлық емірлік тәжірибесі, дүниені түсінуі, болмыстың менділігі хақындағы оның талғамдарына қатысады, сол түйсінуге мағына береді. Ұстап көріп, түрін, түсін, қатты, жұмсақтығын, формасын, т. б. түйсініп қабылдау қарапайым физиологиялық нәрсе емес, оның не нәрсе екенін анықтау, сүйсіну немесе жирену, яғни белгілі бір бағалаушылық сезімін туғызады.
Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстар. Тілдің ойлаудың сапасын айқындайды. Қазак тілінің, жалпы тілдің ойлауға, әлеуметтік психологияға әсеріне казақ ойшылдары да үнемі кеңіл беліп отырған. «Қазақ тіліңде қазақтың сары сайын даласы, тарихы, түрмысы, асықпайтын-саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп түр» дегең екен М. Жүмабаев. О. Сүлейменов тіл мен санаға былай дейді: «Адам сәби күнінен Сөз атмосферасына түссе» Сөз оны өсіреді, өшіреді, қуат береді. Сөз адамның көркемдік талғамын калыптастырады, кезқарасын, сана-сезімін оятады. Ағылшынның ұлы ғүламасы Ф. Бэкон да: «Тілдің езіңің материалын қарап отырып сол тілде сейлейтін халықтардың психикалық кұрылымы мен тілі туралы өте маңызды, сонымен қоса, аса көңіл аударып бақылауға тұратын қорытпалар жасауға болады» деп баға берген.
Вэкон Френсис (1561-1626 жж. ) ағылшын философы, жаңа дәуірдің эксперименттік ғылымының жөне жаңа материализімнің негізін салушы. Ғылымның міндеттерін жаңаша түсіндірді, ғылыми ақиқатқа жету әдістерін одан әрі дамытты сөйлеу жүйесінің қатысуымен керініс беретін қоғамдық тәрибенің шағылуы. Демек, сауат пен тілдің меңгерілуіне сай, ойлаудың функционалдық-бейнелік операциялары семантикалық жене логикалық операциялармен салыстырылады және мұнда сөз абстракциялау мен жалпылаулың негізгі кұралына айналады. «Сезден шатасу, жаңылыс жазу немесе кате оқу, қол сілтеу мен түрлі қылықтар, - осылардың бәрінде мән бар, - дейді психолог З. Фрейд - солардың кемегімен адам, едетте, ең тереңде жатқан сырларын ашады». Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж. ) аустриялык дәрігер, невропатолог, психиатр. Психиканы материалдық үдерістермен катар жүретін жөне санадан тыс жаткан ерекше мөңгілік психикалық күштермен баскарылатын, өздігінен өмір сүретін нәрсе ретінде қарастырды. Шығармасы «Психология бессознательного» шығарған емес. Бүған катысты психолингвист ғалымдардың бірі Н. Д. Левитов былай дейді: «Ой сөз бен тіркестерге енгізіледі. Тіл де, сонымен бірге тілдің дара және тәжірибелік колданыстағы, әдетте, сол тілдің шындығы немесе нағыз күйі көрініс береді. Сөзсіз ой болмайды, сондықтан да адамның ойларының мазмұны мен бейнесінде көрініс беретін бағыттары тілден бөлектеніп қалуы мүмкін емес. Адамның мінезін айкындау үшін оның қалай сөйлейтінін: аз ба, көп пе, шын көңілден бе, өлде жалған ба, бір тұрпатта ма, өлде әр адамда әр түрлі ме, қаддай тіркестерді көп қолданады, сөйлеу стилі қандай, т. б. екенін білудің үлкен маңызы бар. Адамның сөз саптау стилі оның мінездемесін берері анык. Адамның сөйлеу стилі оның жалпы эмоционалдығын, сонымен коса бөлек алған эмоциясының сипатын да айқындайды». Әрі қарай оны: «Мінездегі ерекшеліктер адамның ауызша сөйлегенінен де, жазбаша сөзінен де, сөздік қорынан да, морфологиясынан да, сөз кұрауынан да, сөйлеу стилінен де көрініс табуы мүмкін» деп тұжырымдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz