Агробизнес және аграрлық қатынастар



I.Кіріспе ... ... ... ...1.2бет.
II.Негізгі бөлім.
1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшілігі
2. Рента және оңың түрлері ... ... ... ...5.9 бет.
3. I . ші және II.ші дифференциальды рента .
4. Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция ... ... ... ... ... ...16.17бет.
5. Өнеркәсіптегі құрылыс учаскесінен алынатын рента.Монополиялық рента .
III.Қорытынды ... ... ...
IV.Пайдаланылған әдебиет
Ренталар теориясы және аграрлық қатынастар экономикалық теория мен практикада ең маңызды, әрі күрделі мәселе болып табылады.Аграрлы -деген ұғым ( латын ) тілінен аударғанда « жер» деген мағына береді.Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар деп атаймыз . Аграрлық қатынастар - жер ауыл шаруашылығында негізгі құрал- жабдығы болып саналады.Ауыл шаруашылығының экономикалық даму заңдарын ашып, тиімді жолдарын іздестіру – саяси экономияның күрделі де, аса маңызды міндеті. Ауыл шаруашылығының қоғамдық өндірістің басқа салаларымен, әсіресе, өнеркәсіппен тығыз жақындасуы (интеграция) негізінде ауыл шаруашылығында жаңа буын- агроөнеркәсіп пайда болып, қанат жаюда.Қазіргі заманғы ғылыми- техникалық прогрестің кең өріс жаюы негізінде ауыл шаруашылығының салалары мен байланысы күшеюде.
1«Қазіргі заман экономикасы» Молдахметова.А.Б.;Өтебаев М..Ө.; «Ғасыр- Ш«»баспасы.2006ж.305-319бет.
2.«Экономикалық теория» Б.С.Мырзалиев;С.А.Қалтаева;Ғ.З.Успанова; С.С.Ыдырыс; «Түркістан»баспасы2006ж.163-165 бет.
3. «Қазақстан республикасының нарығын мемлекеттік реттеу» Ө.Қ. Есқараев.«Алматы-экономика» баспасы.2007ж203-215 бет.
4. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Майдан –Әли Байгісиев. «Алматы-Санат» баспасы.1999ж148-149бет.
5.«Саяси экономика» Я.Ә.Әубәкіров; А.А.Абдуллаев; С.А.Аманжолов; М.А. Арыстанбеков;Ө.Қ.Шеденов;А.Р.Руль;З.А.Сүгіралина;Т.Қ.Қожамқұлов; Р.Иманбаева; М.Жемісов; М.Қ.Елеусізов; «Алматы- Ана тілі»баспасы.2000ж151-163бет.
6.«Экономияны мемлекеттік реттеудің өзекті мәселесі» Ж.ОИхданов; Ә.ООрманбеков;«Алматы- экономика» баспасы.2002ж.107-111 бет.
7. «Оңтүстік Қазақстан» (облыстық қоғамдық – саяси газет).Бейсенбай Тәжібаев; «Ernur-print.ЖШС-нің» баспаханасы;2009ж.2-ақпан.№19. (17839).
8.«Жаңа кезең-экономикалық теория». Сахариев Сембай Сахариевич; Сахариева Анель Сембаевна; «Алматы Дәнекер» баспасы; 2004ж.84-89 бет.
9.«Халықаралық экономикалық қатынастар» Н.Қ.Мамыров; Д.М.Мадиярова; А.Е.Қалдыбаева; «Алматы-экономика »баспасы;2000.ж.126-129 бет
10. «Макроэкономика» Рудигер Дорнбурш; Стенли Фишер; «Алматы- Білім» баспасы; 2000ж.ІХ.Тарау.200-207 бет.
11. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов.Ө.Қ;Байжомартов.Ү.С; Жүнісов. Б.А;Комягин Б.И; «Алматы Ақтөбе»баспасы.2002ж.341-345 бет.
12.« Саяси экономика» БайжомартовҮ.С; «Ғасыр-Ш»баспасы.2007ж356-366 бет.
13. «Экономика» Р.Р. Абдіжаппаров; С.Б.Бейсенбаев;«Алматы -экономика» баспасы;2001ж.Х-Тарау.Х.12§.15-19 бет.
14.«Әлем экономикасы»С.А.Бірімжанов; «Атамұра-Рауан» баспасы; 1999ж.33-34 бет.
15.« Ренталар теориясы» П.А Салғараева. « Кентау» баспасы; 2007 ж. 34-36бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I.Кіріспе.------------------------- ----------------------------------- -1-
2бет.

II.Негізгі бөлім.

1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшілігі ----------------------2-5
бет.

2. Рента және оңың түрлері ----------------------------------- --------------
-5-9 бет.

3. I - ші және II–ші дифференциальды рента --------------------------10-
15бет.

4. Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция-----------------------16 -
17бет.

5. Өнеркәсіптегі құрылыс учаскесінен алынатын рента.Монополиялық рента --
----------------------------------- -----------------------------------------
--18-19бет.

III.Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
------20-22бет.

IV.Пайдаланылған әдебиет ----------------------------------- ---------------
23-24 бет

Кіріспе

Ренталар теориясы және
аграрлық қатынастар экономикалық теория мен практикада ең маңызды, әрі
күрделі мәселе болып табылады.Аграрлы -деген ұғым ( латын ) тілінен
аударғанда жер деген мағына береді.Жерді иелену және қолданумен
байланысты әлеуметтік экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар
деп атаймыз . Аграрлық қатынастар - жер ауыл шаруашылығында негізгі
құрал- жабдығы болып саналады.Ауыл шаруашылығының экономикалық даму
заңдарын ашып, тиімді жолдарын іздестіру – саяси экономияның күрделі
де, аса маңызды міндеті. Ауыл шаруашылығының қоғамдық өндірістің
басқа салаларымен, әсіресе, өнеркәсіппен тығыз жақындасуы (интеграция)
негізінде ауыл шаруашылығында жаңа буын- агроөнеркәсіп пайда болып,
қанат жаюда.Қазіргі заманғы ғылыми- техникалық прогрестің кең өріс жаюы
негізінде ауыл шаруашылығының салалары мен байланысы күшеюде.Осының
нәтижесінде олардың қызметі өте қажет, өзара тығыз ұштас
ады.Қазақстанда миллиондаған гектар тың жерлерді қауырт игеру оның
аграрлық секторының қалыптасып дамуына бірқатар ерекшеліктер ендірді.Жер
рентасы, оның басты бөлігі ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған
қосымша құнның бір бөлігі ретінде қалыптасады.Сонымен қатар, ең
нашар құнарсыз жер мен орташа және жақсы құнарлы жерден өндірілген
өнімнің өндіріс бағасы арасындағы айырма көлмінде қалыптасады.Тағы
да бір ренталық қалыптасу- белгілі бір жер бөлімшесінде капиталды
дәйекті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болады. Осымен байланысты,
әрдайым меншік мәселесі қатар әлсіретіп отырады.Меншік субьектілері
біріншіден, ол жер оның қойнауындағы байлық, су, өсімдіктер, мәдени
бұйымдар, бағалы қағаздар , мүліктер.Сонымен қатар, оған жататын
мемлекет, ұжым, адам болып келеді.Ал, меншік обьектілеріне келсек,
бастылары: мемлекет,ұжым,адам, жер байлығы, су,өсімдік, аңдар,құрылыс және
басқа мүліктер.Осы қатарда меншік үлгілерін алсақ, ол алғашқы қауымдық,
жанұялық, мемлекеттік, ұжымдық болып келеді.Рентаның экономикалық
табиғатын Д.Рикардо көрсетіп берді. Ол нарықтағы бидайның бағасы
өндіріс шығындарына тәуелсіз бірдей болатынына көңіл аударады.Сондай –ақ
рентаның жердің санының шектеулілігі мен сапасының әртүрлілігіне
байланысты төленетіндігін көрсетеді. К.Маркс жерге жеке меншік пен
өнеркәсіпке қарағанда егін шаруашылығында капиталдың органикалық
құрлымының төмендігімен байланыстыра отырып, абсолютті жер рентасына
ерекше мән бенген. Бұл ренталар теориясының мәні капиталдың
органикалық құрлымының ауыл шаруашылығында өнеркәсіпке қарағанда
төмендігімен, демек егін шаруашылығындағы тауардың құны оның өндіріс
бағасынан жоғары болатындығы мен сипатталады.

Аграрлық қатынастар экономикалық теория мен практикада ең
маңызды, әрі күрделі мәселе болып табылады.Аграрлы деген ұғым латын
сөзі(aqraria -жер деген мағнаны білдіреді).Жерді иелену және
қолданумен байланысты әлеуметтік экономикалық қатынастарды- аграрлы
қатынастар дейміз.Бұл қатынастардың ерекшелігі сондай, көбінесе бұлар
экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс- әрекетімен, аграрлы
еңбек өнімділіггін арттырудағы өнеркәсіп рөлінің өсуімен анықталады.
Сондай –ақ жерді игеру және жерді қолдану мен де өте тығыз
байланысты. Бүкіл халықтық референдумда 1995- ші жылдың 30-шы тамызында
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген:
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
басқа да табиғи рерурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ
Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де
болуы мүмкін. (6 бап,3-ші пункт).Осындай заңға 1995- ші жылы 25-ші
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер туралы заңын
жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және жерді қолданудың детальдары
дәйектілікпен ашылған.Алдыменен кез –келген шаруашылық субьектілерін (
ұжымдық немесе жекелеген ) қызықтыратын нәрсе ауыл шаруашылығы
өндірісі жағдайының ерекшеліктері. Сондықтан осы ерекшеліктерді
барынша ашуымыз керек.

Ауыл шаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісінен біршама
ерекшеліктері бар.Олар төмендегідей топтасады.

Біріншіден: Мұнда басты өндіріс құрал- жабдығы жер болып
табылады.Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеу

Біріншіден: Мұнда басты өндіріс құрал- жабдығы жер болып
табылады.Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі.Одан
басқа жерлерді: тундра,орман,құм, су бассейндері, тау, қала және
ауылдық тұрғындар қонысы өнеркәсіппен транспорт обьектілері алады.

Екіншіден: Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер – табиғи және
экономикалық ( жасанды ) құнарлығы бойынша бөлінеді.

Үшіншіден: Кәдімгі өндіріс құралдарынан:мәшине,ірі құрылыстар
жабдықтардан жердің айырмашылығы сол,ол қайта өндіруге болмайтын
өндіріс құралдары болып табылады. Егер оған қамқорлықпен дұрыстап
қараса жақсаруы әбден мүмкін.

Төртіншіден: Ауыл шаруашылыығы өндірісі процесіне жердің
сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай—ақ табиғи факторлар – ауа-
райы, күннің ұзақтығы, жауын -- шашын мөлшері және температурадағы
құбылыстарда ықпал жасайды.

Бесіншіден: Ауыл шаруашылығы өндірісі циклында сезондық
айырмашылық болады.Ауыл шаруашылық өндірісіндегі: сезондылық мәшине мен
жабдықтарда қолдануға кері әсерін тигізеді.Ауыл шаруашылық
мәшинелері тек қана жерде жұмыс істеген кезеңде ғана
қолданылады:соқа жылына--20 күндей,сеялка -- 5-10 күндей, астық
жинайтын комбайндар-10—20 күндей,трактор паркі-50—60 күндей ғана
пайдаланылады.

Сондықтан өнеркәсіпеке қарағанда,негізгі өндірістік мерзім айналымы
әлде қайда жай жүреді.Мұнда ескіні жөндеуге және жаңа ауыл
шаруашылығы мәшинелерін алуға қажетті амортизациялық қор баяу
қалыптасады.Осының барлығы резервтік және сақтандыру қорының құрылуын
талап етеді.Егін болмаған жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері
банкке несие үшін, ал мемлекетке субсидия үшін қол жаюына тура
келеді.

Алтыншыдан: Аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді (мейлі ол
оброк, жерде жұмыс істеу немесе арендалық төлем) қолданған үшін ақы
төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығын барлығын куәләндырады.

Жерді қолданғаны үшін төлем арендалық төлемнің мазмұны болып
табылады, ал оның экономикалық қайнар көзі- дифференциялдық және
экономикалық өткерілуін көрсетеді.Жер туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес 34-ші баптын 3-ші пункті. Жеке меншік
құқығын өткізуде жер учаскеcінің иесі сол жерді уақытша
пайдалануға – жер учаскесін уақытша пайдалану шарты негізде беруге
құқылы.

Мемлекет меншігіндегі жерді уақытша пайдалануға беру 38-ші
баптың 4-ші пунктіне сай жүзеге асады. Жердің уақытша пайдалануға
берілу жер учаскесінің арендалық шарты негізінде жүргізіледі.
Мемлекет жүзеге асыратын жерге деген төлем ( 8 –ші бап,4-ші пункт),
жер салығы ретінде немесе арендалық төлем түрінде алынады, ол жер
учаскесінің сумен қамтамасыз етілуі және орналасуы сапасына
байланысты анықталады. Осыдан арендалық төлем (жер рентасы )
мәселесін қарастыру маңызды, себебі ол ауыл шаруашылығы өндірісі
тиімділігіне кәдімгідей әсер етеді.

Ренталық қатынастар және ауыл шаруашылығы өндірісінің
тиімділігі.Аграрлық кәсіпорын табыстары.Агроарлы қатынастар
құрылымындағы басты экономикалық қатынастарға ренталық қатынастарда
жатады.Ал енді жеке-жеке тоқталсақ,жер ауыл шаруашылығында негізгі
өндіріс құрал—жабдығы болып саналатын айрықша өндіріс құрал- жабдығы
ретінде оны пайдалану ауыл шаруашылығы жұмыстарына бірқатар
ерекшеліктер еңгізеді.Адамдар арасындағы қатынастар, өнеркәсіптегіден
өзгеше жаңа сапалық сипатқа ие болады.Бұл қатынастарды- аграрлық
қатынастар деп атаймыз.Сондай –ақ ренталық қатынастар- дегеніміз
құнарлылығы әр түрлі және өндіріс орталықтарына жақын орналасқан
жер учаскелерін пайдаланғанда , шамамен алғанда бірдей шығын жұмсаған
кәсіпорындары әр түрлі өнім алады. Осының нәтижесінде қолайлы
жағдайда орналасқан жеке шаруашылықтар қосымша табыс табады.Бұл
жердің табиғи құнарлылығының тікелей салдары.Ауыл шаруашылығы
өнімдеріне баға белгілеуде мемлекет жер иесі ретінде бұл нәтижені
игереді.

Рента-дегеніміз кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін жер
немесе мүлік,капиталдан тұрақты алынып отыратын табыс.Экономикалық рента
– жер немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін
баға.Ренталық төлем – бұл төлемдер экономиканы ресурспен қамтамасыз
ететін үй иелері алатын кіріс ретінде көрсетіледі.Тікелей
кәсіпкерлік қызмет нәтижесімен байланысты төлем.Рентаның
негізгітүрлері:

Арендалық төлем- рентаға қарағанда сандық жағынан көптеу.Арендалық
төлемдарге мыналар енеді:жер рентасының өзі, жерде салынған үй-
құрылыстары мен жабдықтарының амортизациясы, жерге жұмсалған капиталдың
пайызы(%), ауыл шаруашылығы жұмыскерлері жалақысының бір бөлігі.

Дивиденд (%) төлем пайызымен есептеледі.

Жер рентасы- жер учаскісін уақытша қолданғанға
(пайдаланғанға)төленетін төлем.Осы төлем қосымша құнның арендатор
капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады.Жер
рентасының теориясын К.Маркс бүге-шүгесіне дейін жасаған.Жер рентасы-
жерді иемденушінің табысы.Жер адам үшін оның өмір сүретін
ортасы,минералды және органикалық ресурстардың көзі.Минералды өндіріс
саласы ретінде ауыл шаруашылығы шаруашылық іс- әрекеттің басқада
барлық түрлерінен органикалық байланысқан.Аграрлық қатынастар
экономикалық қатынастар жүйесінің маңызды спецификалық бөлігі ретінде
жерді иелену және пайдалану сипатымен анықталатын материалдық
игіліктерді өндіру,айырбас, тұтыну қатынастарын сипаттайды.Жерді
иемдену жеке немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне
құқығын тану.Жерді иемдену көп жағдайда жерге меншік қатынасымен
түсіндіріледі.Жерді пайдалану заңымен белгіленген тәртіп бойынша
жерді пайдалану.Жер пайдаланушы міндетті түрде оның меншік иесі болып
табылмайды.Қарапайым түсінікпен оған жалгерді де жатқызығуға
болады.Экономикалық түрде жерге жеке меншік шаруашылық жүргізу
обьектісі ретінде жер учаскесін сатудың мүмкіндігінде емес,мақсатты
бағытына сәйкес оны пайдаланудан түсетін белгілі бір табысты жүзеге
асырады.Бұл табыс жерді ауыл шаруашылық бағытында өнімнің пайдалану
мен сатып алудың экономикалық мотивтерін анықтайды және жер
учаскісін сатып ала отырып, сатып алушы ең бірінші кезекте
болашақта аталмыш учаскені тікелей бағыт бойынша пайдаланудан түсетін
табысты көздейді.Жер және басқа да табиғи ресурстардың қоры
шектеулі болғандықтан осы жағдай ренталық төлемдерді жалақы, пайда
және проценттен ажыратады.Жер қай жерде,қандай мақсатпен
қолданылмасын оның ұсынысы өзгеріссіз қалады.Жер ұсынысының осы
сипаты сұраныстың жер рентасын анықтайтын жалғыз фактор екендігін
білдіреді.Егер жерге сұраныс мөлшері нолге жақындайтын болса, онда
жер рентасыда нолге тең болады.Рента шамасының өзгерісі жердің
санына ешқандай ықпал ете алмайды.Жерге меншіктің белгілі бір
формалары қалыптасқан.Көптеген мемлекеттерде жеке меншікті және
рентаның пайда болуының шарты-- аренда болып табылады.Жер арендасы--
жердің меншік иесі басқа тұлғаға шаруашылық жүргізу үшін белгілі
бір мерзімге өзінің учаскесін беретін жерді пайдалану түрі.Жер
рентасын тудыратын материалдық шарттар ауыл шаруашылығы өндірісінің
басты құралы ретіндегі жэердің ерекше сапасына негізделеді.Егін
шаруашылығының өндірістің барлық басқс салаларынан айырмашылығы
осыда,яғни жер кез-келген ауыл шаруашылық дақылдарының өсуімен
пісіп- жетілуі кезеңдерінде өндірістің белсенді құралы функциясын
атқарады.Шамасы мен сапасы бойынша бірдей жер көлемінің бірлігіне
шаққандағы жанды еңбек шығындары мен өндіріс құралдары әр түрлі өнім
береді,демек бір текті емес өнім бірлігінің құнын
қалыптастырады.Топырақ құнарлылығы басқады табиғи жағдайлармен өзара
қарым- қатынаста бола отырып, егін шаруашылығында еңбек өнімділігіне
және өндірілген өнімнің индивидуалды құнының шамасына әсер ететін
жердің ерекше өндіргіш күшін құрады.Бұл жердің өзі жаңа құнды
қалыптастырмайды,бірақ егін шаруашылығында еңбек өнімділігі арқылы оны
қалыптастыруға қатынасады.Басқаша айтқанда жақсы жері мен басқа да
табиғи жағдайлар өздігінен қосымша өніммен табыстың көзі
болмайды,бірақ олардың табиғи бизнессі – жоғары еңбек өнімділігі
факторын құрайды.Жер рентасы- ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілер
мен құралатын және жердің меншік иесі иеленетін қосымша өнімнің
бөлігі.К.Маркс рентаны жерге ме,ншікті жүзеге асыратын экономикалық
форма деп сынады.Буржуазиялық экономистердің бірі У.Петти жер
рентасын қосымша өнім формасы,ал жердің бағасын капиталданған рента
түрінде қарастырады.Физиократтар Ф.Кэне, Ж.Тюрго және басқалары егін
шаруашылығында құрылатын қосымша құнды топырақтың табиғи
құнарлылығымен байланыстырылып,оны табиғаттың сыйыдеп атады.А.Смит
еңбек құны теориясы негізінде рента пайда сияқты еңбектің
нәтижесі болтындығын дәлелдеді.Оның теориясынна сәйкес тауардың құны
үш құрамдас бөлікке:жер рентасына, пайдаға, жалқыға бөлінеді және
ждердің меншік иесі, капиталист - кәсіпкер, жұмысшылар арасында
табыстың бөлінуіне сәйкес келеді Ол жер рентасын адамның туындысы
ретінде санауға болатыннын барлығын өтегеннен немесе шығарып
тастағаннан кейін қалатын табиғаттың туындысы ретінде
анықтайды.Маркстік саяси экономия А.Смиттің бұл теориясын жоққа
шығарады,Яғни жер рентасымен пайда құнының көзі бола алмайды.Өйткені
тауардың құны оны өндіруге кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен
анықталады және жердің табиғи құнарлылығы басқа да табиғат күші
сияқты қосымша пайда көзі болмайды.Алайда, капиталдың органикалық
құрылымдағы айырмашылықтар абсолютті рентанының пайда болуының себебі
болмайды оның мәні жерге меншік монополиясы егін шаруашылығына
капиталдың еркін құйылуына кедергі келтіргендігінде және қосымша
құнның арттығы жердің меншік иесіне тисілі екендігімен
түсіндіріледі.К.Маркс абсолюттік рентаны жерге
меншік монополиясымен байланыстыра отырып жерге жеке меншік егін
шаруашылығының дамуын тежейді деген қорытындыға келеді.Экономикалық
әдебиеттерде жер рентасының абсолютті, дифференциялды және монопольді
және экологиялық түрлері ажыратылады.

Олардың қалыптасу себептері әр түрлі:

СЕБЕПТЕРІ

Жер рентасының маңызды жағы—ауыл шаруашылық өніміне баға
қалыптастырудың ерекшелігі.Табиғи құнарлылық пен белгілі бір
географиялық жағдай қандай да бір деңгейде капиталға бағынбайды.Ал
ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілік тұрақты өсіп
отырады.Осыған байланысты егер өндірілген өнім төлей аларлық
сұраныспен қамтамасыз етілетін болса, онда ауыл шаруашылық
тауарлары өндірісінің бағасын қалыптастырудың реттеуші факторлары
болып құнарлылығы мен орналасуы бойынша нашар жер жағдайы
болып табылады.Жақсы және орташа сападағы ауыл шаруашылық
жерлерінің шектеулілігі өндіргіш күші өте төмен нашар жерлерде
өнім өндіру есебінен нарықтық сұранысты қанағаттандыруды
мәжбүр етеді.

Құнарлылығы орташа және жоғары жерлерде ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру нарықтық бағада қосымша таза табыс—дифференциалды
жер рентасын құруға мүмкіндік береді. Ол өткізу нарығына қарай
тиімді орналасқан жер учаскелерінен ауыл шаруашылық өнімін сатқан
кезде де пайда болады.Демек өзінің экономикалық мәні бойынша рента
өндіріспен өткізудің жақсы жағдайында егін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Агробизнес мәселесі
Агробизнес туралы
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Рента қатынастары және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Пәндер