Аймақтық әлеуметтік экономикалық даму


Жоспар:
1. Аймақтық даму аясында мемлекеттік саясатты іске асыру әдістері және оны ұйымдастыру.
2. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен ұйымдық құрылымы.
3. Қазақстан Республикасындағы аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі тенденциялары.
Аймақтық даму аясында мемлекеттік саясатты іске асыру әдістері және оны ұйымдастыру
Аймақтық әлеуметтік экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу дегеніміз - бұл өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырыу үрдісіне, териториялық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің жоспарлы түрде спецификалық әсер етуі. Ол әртүрлі бағдарламалар, болжамдар, жоспарлар түрінде көріне алады және тікелей немесе жанама реттеу арқылы іске асырылады.
Қазіргі кезде экономиканы басқару күрделене түсті. Нарық экономикасына көшу барысында пайда болған ауытқуларды жою мақсатында әкімшілік басшылары институты негізінде қатаң басқарушылық орнатылды, және республиканың әр аймағында оларды президент тағайындайтын болды.
Мұндай жаңа басқару формасы әректінің тәжірибесі оның аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын толық шешпейтінін көрсетті, сонымен қатар біршама жаңа, экономикалық және саяси проблемаларды туындатты. Бұл проблемаларды келесідей жіктеуге болады: 1. биліктің екі ошағының (және де құқықтары тең емес) пайда болуы, бұл аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуын териториялық ұйымдастыру жүйесінің ішкі келіспеушілікті күшейтеді. 2. Әкімшілік басшыларының тікелей халық алдында және де жергілікті өкіметті органдар алдында жауапкершілігінің болмауы, яғни басқарушылар мен басқарылатындар арасында кері байланыстың жоқ болуы. 3. Қазіргі мәслихаттардың орындаушы орган ретінде құқығының яғни-билігінің жойылуы, мәслихаттардың өз шешімін орындауға мүмкіндігінің болмауы және мәслихаттардың оларды сайлаған халықтың алдында өзінің саяси статусын жоғалтуы. Құқығы мен өкілеттілігі кең әкімшілік басшылықтарының пайда болуы бар кемшіліктермен қаишылықтарды жоя алмауы.
Аймақтың дербестігінің оптималды иесі болуы керек, оның критеримі ретінде берілген територияның экономикалық мүдделерін мүмкіндігінше максималды жүзеге асыру болып таб. Ол 1-ден аймақтық органдардың реттеушілік әрекетін құрайтын аймақ шеңберіндегі шаруашылық процестердің масштабтарымен көлемдері
2-ден аймақтық деңгейде орындалуы тиімді болатын экономикалық қызметтер жиынтығы. Аймақтық органдар мемлекеттік және орындаушы билікті іске асыру барысында келесіге жауапты:
-територияның кешендік экономикалық және әлеуметтік дамуы;
-жергілікті шаруашылықты ұйымдастыру халыққа әлеуметтік -мәдени қызмет көрсету;
-халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;
-табиғи ресурстарды қорғау, еңбек және аймақтық ресурстарды тиімді пайдалану.
арқылы мнешіктің барлық формаларын тең шарттарды пайдалану;
-кооперативтер, шаруа қожалықтары, шағын және жеке кәсіпорындар арқылы кәсіптік іс-әрекеттеріді дамыту.
Мемлекет тарапынан тиімді реттеуші ықпалы бар формасы бағдарлама. Бағдарлама-бұл нақты шаруашылық мәселелерді шешу бойынша келесі кез келген әлеуметтік экономикалық шегіне жету бойынша әлеуметтік іс-шаралардың жиынтығы. Бағдарламаның ерекшеліктері оның мақсатты сипатта болуы, нақты мерзім мен шегіне бағытталуы, орындалуының адрестілігі.
Әлеуметтік экономикалық дамуды аймақтық жоспарлауды ұйымдастыру және дәістемесі:
- ӘЭД-ды жиынтық аймақтық жоспарлау обьектісі мәселелері.
- ӘЭД-ды аймақтық жоспарлаудың ұйымдастыру және әдістемелік негіздері:
- Аймақты әлеуметтік экономикалық жоспарлауды мемлекеттік реттеу.
Ішкі аудандық териториялық жоспарлау процесінің тізбегін 4 өзара байланысты кезеңдермен сипаттайық:
1. экономикалық түрлі териториялық құрылымдардың перспективаларын жоспар алды техникалық экономикалық негіздеу;
2. мемлекеттік үкметтік бағдарламалар негізінде маңызды экономикалық проблемалар бойынша экономикалы ұзақ мерзімді аймақтық жоспарлау:
3. түрлі териториялық құрылымдарды перспективалық жиынтық жоспарлау:
4. облыстардың, қалаларды, аудандарды және шаруашылық субектілерді ағымдық жиынтық жоспарлау.
Аймақтық экономикалық және әлеуметтік кешенді даму жоспарында барлық министрліктермен ведомствлардың ұйымдары мен мемлекеттік кәсіпорын жоспарлары жинақталады, материалдық өндіріс пен өндірістік емес факторлардың дамуының негізгі көрсеткіштері анықталады, териториялық, материалдық, еңбектік, жылдық, табиғи шаруашылық баланстар жасалады, аймақ шаруашылығының дамуы мен тиімділігінің деңгейі, қоршаған ортаның жағдайы және де сыртқы экономикалық байланыстың мүмкіндіктері мен перспективалары сипатталады. Жиынтық жоспарлар аймақ шаруашылығын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайды, түрлі дистрофцияларды айқындайды және олардың алдын алу және жою шараларын жасауды қарастырады. Осыған байланысты олар аймақ териториясында шаруашылық құрылысты басқарудың негізгі құралы болып таб. Кешенді әлеуметтік -экономикалық дамудың аймақтық жоспары келесіні қамтуы тиіс:
-кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа меншік формасындағы фималардың анкеталық есебімен бірге шаруашылықта өндірістік- аймақтық әкімшіліктің даму жоспарлары.
-жоғарғы бақылау ұйымы мен кәсіпорындарды дамытудың негізгі көрсеткіштері:
-аймақтық экономикалық-әлеуметтік дамудың бір тұтас экономикалық-әлеуметтік кешен ретіндегі негізгі көрсеткіштер:
Аймақтық әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлауды іске асыру барысындағы негізгі мәселелер:
*маманданған салалардың қызмет көрсетуші және қосалқы салалардың және өнеркәсіптердің өзара байланысқан дамуы негізінде жалпы мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді шешуде аймақтық тиімді қатысуын қамтамасыз ету. Өндірістік қорларды, еңбек, су, жер және жергілікті ресурстардың басқа да түрлерін ұтымды пайдалану. Мемлекеттік реттеу және әлеуметтік қатынастар негізінде бағыну және меншік формаларынан тәуелсіз барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және фирмалардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау. Аймақ тұрғындарының өмір сүру жағдайын әрдайым жақсарту және олардың әлеуметтік мәдени, тұрмыстық және қызмет көрсетуде әртүрлі қызметтіліктерін толығымен қамту. Қоршаған ортаны қорғау және сыртқы экономкалық іс-әрекеттер бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарын меншік формасына тәуелсіз біріктіру және координациялау. Аймақтық кешенді жоспарының негізгі мәселелеріне сәйкес аймақтық әлеуметтік шаруашылық әрекетін толық және обьективті бір қатар көрсеткіштерден құралатын өзара байланысты әлеуметтік экономикалық блоктар жүйесі болуы қажет. Келесідей блоктар болуы мүмкін:
*ұдайы өндіру блогы, аймақтық ұдайы өндіріс процесінің дамуын бейнелейді;
*қарастырылған перспективада шешуге қажетті аймақтық және аймақтар аралық проблемалар блогы;
*аймақтық әлеуметтік -экономикалық әлеуетінің элементтерінің дамуның бағыттарын сипаттайтын блок;
*әлеуметтік даму, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасының параметрлерін сипаттайтын блок;
*материалдық өндіріс салалары, сыртқы экономикалық ісәрекет, тұрғындар және т с с. жағынан болатын әлеуметтік, экономикалық, инвеститциялық, инфрақұрылымдық ауыртпалықтар блогы.
Әлеуметтік-экономикалық бағыттар жүйесінде екі шартты бөліп қарастыру қажет:
*аймақтық экономиканың және оның бөлек тізбектерінің сыртқы шарттарын сипаттайтын бағандар;
*экономикалық сфермнің дамуымен жұмыс істеуі мен байланысты мәселелерді есепке алып ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың мінез -құлығын анықтаитын ішкі аймақтық бағамдар.
Жоспарлау мен басқарудың аймақтық проблемалары республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Аймақтық жүйені басқару механизмі 3 өзара байланысты бағыттарда дамуда:
*аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының ұзақ мерзімді тенденцичсын жоспарлау және болжау әдістерінің;
*экономикалық және қаржылық ұзақ мерзімді баланстардың бірлігі және оны бағалау;
*экономкалық қарым-қатынасты белсенді реттеуін қамтамасыз ету үшін пармативтер жүйесін жасау;
Жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуіндегі күрделі өзгерістерге жету үшін кешенді әлеуметтік экономикалық дамуға жұмыс істейтін механизм қажет: әлеуметтік экономикалық дамудың кешенді жоспарында ұдайы өндірістің ұлғаюы процесі қажет.
Жинақталған аймақтық жоспардың көрсеткіштер жүйесі келесі талаптарға жауап беруі қажет:
*жалпы экономика масштабында көрсеткіштердің бірлігімен салыстырмалылығын қамту;
*икемді болу, республикалық.
Мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен ұйымдық құрылымы.
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :
- өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
- аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
- еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
- аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
- территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру ;
Екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтаор мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару, серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар . Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі - аралық территориялық құрылымдар және соған сәйкес билік ететін органдар мен басқару. Екіншісі - ең төмендегі (негізгі) әкімшілік- территориялық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі - дербестік өмір сүру мүмкіндігі . Оның шарты: өзіне қарасты ( автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз - аймақтарда, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.
Жергілікті билік жүргізетін- ол төменгі әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдары қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: Салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер; Салықтық емес табыстар, басқа да барлық табыстар (әртүрлі жәрдемдер, займдар, т. б. ) ; Субсидиялар - пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық дамуды аймақтық басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағына қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары қалыптастыру арқылы білінеді. Содан кейін аймақ щеңберінен тыс шарушылық субъектілердің жалпы ұлттық болмаса дүние жүзілік рынокпен ұштасуымен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі рыноктық факторлардың аймақтық саралануы (дифференциация) . Материалдық әлеуметтер, ұйымдық құрылымдар өндірістің әртүрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әртүрлі орналастыруы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті әрекеттестік тиімділігін қамтамассыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз ету, соның мүдделі пайдалануын бақылау тетіктерін әзірлеу ;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметік қорғауға мұдделі субвенциаларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшырағын шағын және орта қалалар, алыстағы селолық ауылдардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және т. б. режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқарудың объектісінің құрамына сейкес келуі мен сипатталады. Оған себеп: басқару объектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандарды, оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аймақтық құрылыс, өндіріс күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың тығыздығы, көлік байланыстары т. б. жатады. Соған аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі аймақтық басқару объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық мемлекттік деңгей т. б), екіншісі - оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін- өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі - аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқару мен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі - экономикалық әдістерге көшу өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттік беріп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік - экономикалық әрекетестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтуін қамтамассыз ету:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz