Алтыжасарлармен жұмыс істеуге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындаудың кейбір мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Алтыжасарлармен жұмыс істеуге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындаудың кейбір мәселелері

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, әлеуметтік мүмкіншілігін дамытатын, білімді, дербес сыншыл ойлайтын, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын білікті маман даярлау өзекті мәселе болып отыр.

Соңғы кезде білім беру саласында елеулі өзгерістер болып жатыр. Солардың бірі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Онда: « . . . әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын. (1) Осы аталған басымдықтардың алғашқыларының бірі ретінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді атап өткен жөн. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу білім беруді сапалы дамытудың жаңа сатысына көтерілу болып табылады.

ҚР-дағы білім беру жүйесінде болып жатқан реформалар мәселелерді жоғары деңгейде шеше алатын, тұлғааралық қарым-қатынас жасауға икемі бар, мәдени және тіл мәселелерін жеңе алуға қабілеті бар, жаңа болашаққа ұмтылатын маман даярлау мәселесін шешуді талап етеді. Бұл талапты шешу бағытына «Психология-педагогика» факультеті, «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы да өз үлесін қосуда. Олай дейтін себебіміз, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері-студенттерге «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы» курсы жүргізіледі. Бұл курстың мақсаты - «кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді шешу үшін қажет болатын білім және біліктермен қаруландыру» болып табылады. (2) Аталмыш пәнді оқытып үйрету барысында «12 жылдық жалпы білім беретін мектеп жағдайында математиканы оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» деп аталатын арнайы тақырыпты қарастыру көзделген. Онда болашақ маман-студенттер жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің бастауыш сатысында оқитын балалардың, әсіресе алтыжасарлардың, сондай-ақ оқу процесінде өзінің және оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысады. Дәріс сабақтарында алтыжасарлардың ерекшеліктеріне, олардың оқу әрекетін ұйымдастыру мәселесіне ерекше тоқталу себебіміз, 12 жылдықтың мемлекеттік стандартында: «Оқыту 6 жастан басталады. Бұл жас - баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік дайындығының ең қолайлы кезеңі» делінген. (3)

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері-студенттер математиканы оқыту барысында алтыжасарлардың төмендегідей ерекшеліктерін біліп, әр ерекшелікке сәйкес әдістемемелерді игеруі тиіс:

- алтыжасарлардың негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың сөздік қорларының артуы, яғни мектепке келген бала күнделікті тұрмысқа қатысты және қоршаған ортадағы өзін қызықтыратын нәрселер жайында мұғаліммен, сыныптастарымен оңай түсінісе алады, өз көргенін, естігенін әңгімелей алады. Демек, математика сабақтарында баланың сөздік қорын молайтуға, оның тіл мәдениетін дамытуға, тілін ұстартуға, әсіресе баланың математикалық тілін қалыптастыруға ерекше мән берілуі тиіс. (4) Осы орайда студент оқыту құралдарындағы мазмұндық суреттер, сондай-ақ өзі қолданған көрнекі құралдар бойынша үнемі баланы сөйлетуі қажет. Соның нәтижесінде баланың сөздік қоры да молаяды және математикалық терминдерді біртіндеп игере бастайды. Болашақ маман-студенттер бала мектепке алғаш келген күннен бастап, аталған ерекшеліктерді дамыту мақсатында сабақтарда математикалық терминдерді өзі дұрыс қолданып, яғни математикалық тілмен сөйлеп, оқушылардың да солай сөйлеуіне ерекше назар аударуы тиіс.

- алтыжасарлардың тағы бір ерекшеліктері - сенсорлық дамуы, яғни заттың түсі мен пішінін ажыратып, қабылданған сапа мен ара қатынасты дұрыс белгілеуге бейімделуі. Мектепке келген бала негізгі жеті (ақ, қара, сары, жасыл, көк, қызыл, қоңыр) түсті білуі тиіс. Егер осы түстерді бір-бірінен ажырата алмайтын болса, дайындық кезеңінің материалдарын қарастыру барысында, яғни 16 сағаттың ішінде әр түрлі практикалық жұмыстарды орындатудың нәтижесінде түстерді ажыратқызып, оларды заттардың түсіне сәйкес (мәселен, ақ аю, жасыл шар, қызыл қалам, т. с. с. ) ататуға мән беру қажет. Ал заттың пішінін ажыратумен байланысты жұмыстар математиканың екінші сабағынан басталады. 12 жылдық білім берумен байланысты бірінші сыныптың алғашқы сабақтарында геометриялық фигуралармен, яғни үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыштармен, олардың қарапайым қасиеттерімен (дөңгелек дөңгелейді, үшбұрыш дөңгелемейді, өйткені оның бұрыштары кедергі жасайды, т. с. с. ) таныстыру жүзеге асырылады. Мұнда оқушыларға әрбір затты қолдарымен ұстату, оларды бір-бірімен салыстырту, беттестіру, яғни мұқият қарау, сипалау, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшелеріне әсер ету арқылы студенттер балалардың бақылауын, байқауын және әр түрлі іс-әрекеттер жасауын қадағалауы тиіс. Сонымен бірге, оқыту құралдарындағы және көрнекіліктердегі белгілі бір объектілерді салыстыру барысында ұқсастық пен айырмашылықты, бірдей немесе бірдей есемтікті тағайындай білуге баса көңіл бөлулері тиіс.

- алтыжасарларға тән келесі бір нәрсе - оның білуге құштарлығы, яғни олар білуге талпынады, «не үшін?», «қалай?», «неліктен?» деген сұрақтарға қисынды жауып іздейді, тіпті кейбір мәселелерді ойша шешуі де мүмкін. (4) Алтыжасарларда, негізінен, көрнекі-образды ойлау басым болады, алайда кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін. Көрнекі құралдардың көмегімен алтыжасарлардың логикалық ойлауын дамытуға күш салуға болады. Көрнекі құралдарды пайдалану оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттырып, кейбір ұғымдарды тез әрі оңай игеруіне әсерін тигізеді. Көрнекті ғалым, педагог М. Жұмабаев «Педагогика» атты кітабында көрнекіліктің бала ойына әсері жөнінде былай дейді: «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштан іс істеу керек. Өркендетудің бірден-бір жолы - баланың жанында дұрыс әсерленулер және ашық суреттеулердің көп болуына жағдай жасау керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс әрі ашық болмаса, баланың ұғым, қорытынды жасау әрі ой шығаруы қате болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлеу мен суреттеулердің көп әрі ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікірді түсіндірмекші болсаң, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала пікірді көрнекілік көмегімен шығарып алғаны дұрыс. Көп мәселенің түйіні сол көрнекі құралдардың сипатына тәуелді болады». (5) Бұдан шығатын қорытынды: алтыжасарларға білімді көрнекі құралдардың көмегімен беру қажет екендігін әр студент есінде сақтауы тиіс. Осыған орай, дәріс беруде математика сабақтарында қолдануға болатын көрнекіліктерді іріктеп, олардың түрлерін орынды және қажетіне қарай әрі тиімді қолдану мәселелеріне ерекше мән беріледі.

- алтыжасарлардың мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті - ойын. Ойын оларды қызықтырады, шаршатпайды, қалжыратпайды және жалықтырмайды. Ал оқу әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Сондықтан ойын әрекетінен біртіндеп оқу әрекетіне ауысуға, соған қарай бейімдеуге тура келеді. Бұндағы негізгі мәселе - баланың зейіні. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні ұзақ бір сарынды іс-әрекетке тұрақтамайды, олар тез шаршағыш келеді және іле-шала алынған білімді ұмытып қалады. Алты жасар бала өз мінез-құлқын билей алғанымен, олардың бойында ықтиярсыз зейін басым болады. Осыған орай, сабақта ойын түрлерін, оның элементтерін қолданып, оларды қолдануда іс-қимыл түрлерінің алмасып тұруын, балаларды сергітетін және шаршауын бәсеңдететін, түрліше ұйымдастырылатын, балалардың ойындық қимылын, математикалық мазмұнды түрлерін қамтитындай жағдайда қамтамасыз ету жағын қарастыру қажет. Дәріс сабақтарында студенттерге ойынды қолдану барысында ойын мен оқу-танымдық іс-әрекет бір-бірінен ажыратылмауын ескеру қажеттігі айтылады. Балалар ойнау барысында қалай оқу-танымдық іс-әрекетке көшіп кеткенін және керісінше, оқу-танымдық іс-әрекеттің ойынға қалай ұласқанын сезінбеуі тиіс.

Ойын - бала табиғатымен егіз. Бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Шынында да, ойын - тарихи қалыптасқан тәрбие, әдіс-тәсілдердің бір түрі және адам өмірінің серігі.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеті - бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеруді жүзеге асырудың құралы әрі әдісі болып табылады. Бастауыш мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген дидактикалық ойын түрлері өте көп. Бірақ олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан да болашақ маман-студент ойын түрлерін мейлінше сабақ тақырыбы мен берілетін білім мазмұнына сәйкестендіре сұрыптап, іріктеп, ой елегінен өткізіп, ғылыми түрде дәлелденген, тиімді делінген дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмаларды саралап, сабақ барысында қолдануға тырысуы тиіс. Сонымен бірге, ойынды қолдану жиілігін анықтап, олардың әр түрлерін, сабақтың кез-келген мезетінде, яғни жаңа материалды өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау мен тексеру кезінде қолдану әдістемесін меңгеруі тиіс. Жалпы алғанда, студент ойынды математика сабақтарында әдістемелік тұрғыда дұрыс қолданып, оны оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеруге күш салуға ұмтылуы қажет.

- есте сақтау алтыжасарларға шынайы тән жетекші танымдық процесс және олар ықтиярлы түрде есте сақтайды. Есте сақтау көңілден шығатындай ойынның шартына айналса немесе баланың іс-әрекетін жүзеге асыратын мәнге ие болса ғана, бала қарастырылып отырған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Сабақты жоспарлау
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz