Аналық бездің қатерлі ісіктері


Аналық бездің қатерлі ісіктері.
Аналық бездің ісіктері әр түрлі, өйткені аналық без өзінің құрылысына сәйкес барлық үш ұрық қабатының элементтерінен тұрады.
Аналық без ісіктерінің гистологиялық топтастырылуы.
1. Эпителиальді ісіктер.
а/ цистаденома және папиллярлы цистаденома
б/ бет жағындағы аденома.
в/ аденофиброма және цистаденофиброма.
2. Шекаралық.
а/ цистаденома және папиллярлы цистаденома.
б/ бет жағындағы папиллома.
в/ аденофиброма және цистоаденофиброма.
3. Қатерлі.
а/ аденокарцинома, папиллярлы аденокарцинома.
б/ бет жағындағы папиллярлы карцинома.
в/ қатерлі аденофиброма және цистоаденофиброма.
Б. Муцинозды ісіктер.
1. Қатерсіз. а/ цистаденома.
б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.
2. Шекаралық. а/ цистоаденома.
б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.
3. Қатерлі ісік. а/аденокарцинома, цистоаденокарцинома.
б/ қатерлі аденофиброма, цистоаденофиброма
В. Эндометриоидты ісіктер.
1. Қатерсіз. а/ аденома, цистоаденома.
б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.
2. Шекаралық. а/аденома, цистоаденома.
б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.
3. Қатерлі. а/ карцинома, аденокарцинома, қатерлі аденофиброма.
б/ эндометроидты стромалы саркома.
в/ мезодермальді аралас ісіктер.
Г. Ашық клеткалы.
1. Қатерсіз. аденофиброма.
2. Шекаралық.
3. Қатерлі; карцинома, аденокарцинома.
Д. Бреннер ісігі.
1. Қатерсіз.
2. Шекаралық.
3. Қатерлі.
Е. Аралас зпителиальді ісік.
Ж. Дифференцияланбаған карцинома.
З. Топтастыруға келмейтін эпителиальді ісіктер.
Аналық бездің қатерсіз ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні эпителиальді ісіктер. Серозды цистоаденома. Мезадермальді эпителийден дамиды, жиі 40-50жастағы әйелдерде кездеседі. Диаметрі 12-см дейін болады, іші мөлдір сұйықтан тұрады, капсуласы қатты, тамыр суреттері жақсы жетілгін. Ісікті сипап қарағанда қаттылау. 5-10% жағдайда малигнизацияға ұшырайды.
Серозды-папиллярлы цистоаденома. Қатерлену дәрежесіне байланысты 1-ші орында. Аналық без қатерлі ісігінің 70% малигнизацияға ұшыраған каптллярлы цистоаденома. Ісік 50-60 жас шамасында кездеседі, жиі екі жақты, орташа көлемді, домалақ, қатты, тегіс не кедір-бұдыр, ішінде капиллярлы өсіндісі бар.
Муцинозды цистоаденома аналық бездің ең ірісі, кейде іш қуысын толық алып жатады, салмағы 50-кг дейін жетеді. Беті кедір-бұдырлы, көп камералы, қоймалжың шарана тәрізді, жиі бір жақты, 5% жағдайда қатерлі ісікке айналады.
Гранулезді-клеткалы ісіктердің көбі бір жақты, көлемі әр түрлі, көбіне менапаузадан кейін кездеседі, феминизация белгілерін туғызатын эстроген гормондарын бөліп шығарады.
Текатома. Гранулезді-клеткалы ісікке қарағанда жиі кездседі, сонымен қатар феминизм туғызатын гормонды активтілік тән. кіші өлшемді, тығыз, кесіндіде солидті құрылысты, сарғыштау түсті, ісікте микроскопиялық текаклеткалар анықталады. Жиі менапаузадан кейін кездеседі. 1-5% жағдайда малигнизацияға айналады.
Аналық бездің фибромасы- текатома құрылысты, бірақ оған гормонді активтілік тән емес. Сирек жағдайда малигнизация береді. Аналық бездің пішінін қайталайды, өте қатты, кесіндіде талшық құрылысты ақ түсті болады.
Андробластома. Аналқ бездің маскунилизимді ісігіне жатады, андрогенді активтілік тән, тегіс, қоңыр ақшыл түйінді, диаметрі 10-12см, жиі бір жақты. Жиі жас кезде кездеседі. Коп жағдайда қатерсіз.
Жетілген тератома - әр түрлі консистенсиялы, дөңгелек не оваль пішінді, жатырдың алдыңғы жағында орналасатын, бір жақты, орташа өлшемді ісік. Кесіндіде түкке, майға, сүйекке, шеміршкке толы қуыс болып келеді. 20-40 жаста жиі кездеседі. Аналық бездің барлық ісіктерінің 15% құрайды, 1-1. 5% жағдайда малигнизация береді.
Дисгерминома барлық жағдайда қатерлі, жиі балалық жаста кездеседі, өлшемі әр түрлі, дөңгелек, кедір-бұдырлы пішінді, бір жақты ісік, консистенсияся қатты не қатты-эластикалық болады.
Клиникалық суреттемесі. Аналық бездің ісіктері клиникалық белгісіз өтуі мүмкін. Кейде үлкен көлемді ісіктерде, көрші мүшелердің қызметінің бұзылуы /қуық пен көтен ішек/, ісіктің аяғына оралуында және оның қоректенуі бұзылғанда, оған сәйкес келетін белгілер / іштің төменгі жағы ауырады, кіші дәретпен үлкен дәретке шығу бұзылады / пайда болуы мүмкін. Көпшілік ісіктердің әртүрлі деңгейде гормонды активтілігі болады. Ол етеккір қызметінің бұзылуымен сипатталады. Өте жоғары гормон активтілігі жыныс тәжді стромасының ісігі тән. Гранулезді және текаклеткалы ісіктер өте жоғары деңгейде эстроген бөледі, ол жатырдың пролиферативті процесін туғызады, ациклды жатырдан қан кету, ал менапаузадан кейінгі кезеңдерде қанды бөліндінің келуіне ықпал етеді. Науқас көңіл-күйінің көтерілгендігін сезеді. Маскулинді қасиеті бар арренобластомаға аменорея, емшек безінің кішіреюі, бетіне түктің өсіп кетуі, дауысының өзгеруі тән. Аналық безінің фибромасы жиі асцит және гидроторакс дамуымен өтеді. Қыз балаларда аналық без ісігінің ішінде жиі кездесетіні жетілген тератома. Қатерлі ісіктердің кездесуіде мүмкін. Бұл ісіктер қыз баланың жыныстық жетілуіне әсер етеді. Феминизмді ісік кезінде мезгілінен бұрын жыныстық даму болады. Дисгерминомада жыныс мүшесінің гипоплазиясы, екіншілік жыныс белгілерінің дамымауы болады.
Диягностикасы. Диягноз қою анамнез, жалпы обьективтік және гинекологиялық тексерулер негізінде қойылады. Екі қолмен не ректовагинальды-көтенішек-қынап тексерудің маңызы зор. Кіші жамбастағы жатырдың бүйірінде табылған ісіктің өлщеміне, орналасуына, консистенсиясына, қозғалысына сәйкес диягноз қойылады. Ісіктің түрі ішті жару, ісікті алу операциясынан кейін, жиі гистологиялық тексеруден кейін анықталады. Аналық без ісіктерін жатыр, ішек ісіктерінен, ретенционды кистадан, жатыр қосалқысының қабыну процестерінен, бүйрек дистопиясынан ажырату керек. Жатыр қуысын зонд арқылы тексеру, ультрадыбысты сконирование, лапорскопия, рентгеноконтрасты әдіс, қарын-ішек жолдарын, зәр шығару жолдарын тексеру әдістері диягнозды толықтырады.
Емі. Тек қана оперативті. Аналық бездің шын мәніндегі ісігін анықтау міндетті түрдегі хирургиялық емді талап етеді. Операцияның көлемі ісіктің түріне байланысты. Зақымдалған аналық без алынып тасталынады. Малигнизацияға күмән туса жедел түрде ісікті гистологияға тексеріп, оперативті шараның көлемін щешеді.
Алдын алу. Алдын алудың негізгі жағдайына жүйелі түрде дәрігерлік тексеру керек / жылына 2 рет /. Қазіргі кезде аналық бездің қатерлі ісігі даму қаупі бар топтар бекітілді, бұл топтарға; әйелдер консультациясына жатыр миомасымен, кіші жамбастың белгісіз ісіктерімен, жатыр қосалқысының қабынбалы ауруларымен, етеккір қызметінің әртүрлі бұзылыстарымен тіркеуде тұрған, репродуктивті қызметі төмендеген, бұрын басқа ісік ауруларымен ауырған науқастар жатады. Шын мәніндегі ісіктерді мезгілінде анықтау және емдеу аналық без рагінің алдын-алудың сенімді шаралардың бірі.
Әйел жыныс мүшесінің қатерсіз ісігі мен эндометриоз кезінде еңбекке бейімділік экспертизацисы. Қатерсіз ісік пен эндометриоз кезіндегі еңбекке жарамсыздықтың себептеріне; қан кету, қан аздық, ісіктің некрозы жатады, оның ұзақтығы емнің түріне, тиімділігіне байланысты. Операция жасалған күннен бастап операция көлеміне, кейінгі асқынулардың бар не жоғына байланысты, 1, 5-2 айға созылады. Еңбекке орналастырудың үлкен маңызы бар, қолайсыз еңбектің түрлері / ауыр физикалық жұмыс, вибрация, улы заттармен жұмыс / еске алынып, 3 ай мерзімге жеңіл жұмысқа ауыстырылады.
Аналық без рагі. Аналық без рагі біріншілік, екіншілік және метастатикалық болуы мүмкін. Біріншілік рак 4-5%, метастатикалық ісіктер аналық бездің барлық қатерлі ісіктері ішінде 20% жағдайда кездеседі. Крукенберг типті метастатикалық рак және емшек бездері рагінің аналық безге метастаз жиі кездеседі. Клиникалық белгілері мен емдеу әдістерін таңдау негізгі ауруға байланысты. Шын мәніндегі қатерсіз ісіктен аналық бездің екіншілік рагінің клиникалық маңызы зор.
Аналық без рагінің 4 сатысы бар; 1-ші сатысы - ісік аналық безбен шектелген, 1а- сатысы ісік бір аналық безбен шектелген. 1б - сатысы ісік екі безбен шектелген.
2сатысы - ісік бір неекі безді зақымдап, жамбас маңайына өсіп кетеді. 2а - сатысы - біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алынады. 2б- сатысы - біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алуға келмейді. 3 сатысы - ісік бір не екі безді зақымдайды, таралған метастаздар тән, жарым-жартылай алуға келеді. 3а - сатысы метастаздың абдоминальды тарауы. 3б - сатысы - іш қуысының тыс алыстағы метастаздар. 4 сатысы - ісік бір неекі безді зақымдайды, түгелдей операцияға алынбайды .
Клиникасы. Аналық без рагінің алғашқы сатысында клиникалық белгілері білінбейді, ісіктің капсуласы жарылғанда, не аяғына оралғанда іштің төменгі бөлігінде шаншу пайда болады. Процесстің таралуында науқастың жалпы жағдайының бұзылуы және кіші жамбас мүшелері қызметтері бұзылуы байқалады. әлсіздік, терлегіштік, жүдеулік, тез шаршағыштық пайда болады, үнемі іштің төменгі жағы ауырады, іші кернейді, іште сұйықтықтың жиналуына байланысты, кеуде қуысына сарысудың жиналуына сәйкес ентікпе пайда болады, іштің көлемі үлкейеді, іші қатады. Жатырдан ациклды қан кету байқалады.
Анықтау жолдары. Алғашқы сатысында анықтау қиындау, өйткені клиникалық белгілері толық білінбейді. Ісік көп жағдайларда алдын-алу қарау жұмыстарында анықталынады. Гинекологиялық зерттеу кезінде аналық безде консистенциясы қатты, үсті кедір бұдырлы қимылы шектелген ісік анықталады. Қынаптың артқы күмбезі арқылы ісік сезіледі. Аурудың 3-ші және 4-ші сатыларында асцит және гидроторакс болады. Іштің жоғарғы бөлігінде қатты, кедір-бұдырлы үлкен шарбы сезіледі, көп жағдайларда ісік шарбыға метастаз береді, метастаз іш қуысының барлық бөлігін, тіпті бауыр маңында зақымдайды. Аналық бездің рагы пайда болуының жоғарғы қауіпті тобына: жатыр қосалқысының қайталанатын ұзаққа созылатын қабыну процесстері, жатырдын көп миоматозды түйіні, ретенционды кистасы, ішкі жамбастағы түсініксіз ісіктері бар науқастар жатады. Дифференциялық анықтау кезінде қосымша әдістер ( рентгенопельвиография, лапороскопия, УДЗ) қолданылады. Ісіктің таралу сатысын толық анықтау үшін міндетті түрде қарын-ішек және несеп жолдарын тексеру керек.
Емі. Үйлесімді әдіс қолданылады( оперативті шара және химиялық ем) . Жатыр қосалқысымен қосажатырға экстрипация және үлкен шарбыға резекциясы жасалынады. Процестің кең таралған түрінде мұндай көлемдегі хирургиялық шара жасау техникалыұқ жағынан мүмкін емес. Мұндай жағдайларда негізгі ісікті алып тастайды. Химиялық ем (Тиотэф, циклофосфан, сарколизин, фтороразил және т. б. ) операцияға дейін және операциядан кейін қолданады. Көп қолданылатын химиялық ем кең көлемде қолданылады. Аналық бездің рагын жүйелі түрде емдеуде андроген препараттары қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz