Этнопедагогика пәні, оның оқытудағы әдістері мен мәні


10. ЛЕКЦИЯ ЖИНАҚТАРЫ
Этнопедагогика пәні, оның оқытудағы әдістері мен мәні.
Жоспар
- Этнопедагогика мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этноспихологияның өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- Этнопедагогика мен халықтық педагогикасының зерттелу тарихына қысқаша шолу жасау.
- Этнопедагогика мен этнопсихологияның ғылыми педагогика, психологиямен өзара байланысы: халық педагогикасының мінез-құлықтық руханишылық, тәрбиелік, түсініктерінің ғылыми педагогиканың нормасымен ортақтастығы.
Этнопедагогикалық білім беру- этнопедагогиканың ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас процесі мен нәтижесі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық - әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол «этнос» туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Сондықтан этнопедагогика пәнін этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білдіруден бастауды жөн көрдік.
Этнопедагогика-этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық теорияларының өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұндау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді.
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.
“Этнос” гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, “халық” сөзінің “бір топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан “этнос” терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді. Оған әлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға болады. шындығында, әрбір адам, бір жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістерсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді.
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын акрттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Этнопедагогика мен халық педагогикасының зерттелу тарихы.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т. б. ) оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г. Н. Волков.
Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбие жөніндегі ұғым, түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретінде жаңадан пайда болған этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде.
Әсіресе, соңғы онжылдықтарда оның зерттеу пәні, әдістері, халықтың педагогикалық идеяларын бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асырудың жолдарын қарастырған бірқатар зерттеулер жүргізілген.
Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы, дамуы, қазіргі жайы мәселелерін жан-жақты сөз етіп, оның теориялық-методикалық мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы айтарлықтай.
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э. Д. Днепров, Г. К. Искаков, А. Ш. Гашимов: «Халықтық педагогикаң және «Этнопедагогикаң ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін анықтауға бағытталған Е. Л. Христова, Г. Н. Волков, Я. И. Калбиков, И. С. Кон, А. Э. Измаилов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көресткен М. Ф. Шабаева, г. С. Виноградов еңбектерін атауға болады.
Соңғы уақыттарда қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістікердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі-халықтық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де қатысы бар екені даусыз.
Осы орайда этнопедагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халықтық педагогика мен қазіргі тәрбие тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар жасалған. Бұл тұрғыда Н. Тұрсынов (Тәжікстан), В. И. Элашнили (Грузия), Н. В. Павлова, С. Темурова, А. Минаваров (Өзбекстан), З. Кусейнова, Ж. Бешимов, Б. Анышев, Т. Максутов (Қырғызстан), А. Ф. Ильшентаев (Башқұртстан) және т. б. зерттеулері аса көңіл аудартады.
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н. Б., Қыдырәлиев К. Н., Насруллаева Н. Н., Байман Ф. Е. т. б. ) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ал бірқатар ғалымдар (А. Көбесов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева және т. б. ) еңбектерінің нәтижелері тарихи-педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын басшылыққа алуды жүктейді.
Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар, ЫАлтынсарин, А. Құнанбев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев) шығармашылықтарының тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі. Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерінің есепке алыну қажеттігін ескертеді.
Алайда халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына арналған зерттеулер мен жарияланымдарда оның ежелгі заманнан келе жатқан тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның ролі жайлы ойлар айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің әлсіз тұсы халық педагогикасын оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын байқатады. Мәселен, осыған байланысты М. Ф. Шабаева кешенді көзқарастың жоқтығы, жеке топшылаулардың басымдылығы халық педагогикасының шын өміршең және рухани фактор ретіндегі орнын бұрмалап түсіндіру қаупіне алып келетіндігін орынды ескертеді.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымы мен сан-салалалы ғылымның басын қосатын аса күрделі білім саласы.
Әсіресе халық педагогикасын зерттеудің теориялық негізін анықтауда өз саласындағы жетістіктермен қатар онымен сабақтас тамырлас ғылым тарауларындағы жаңалықтардың орны өзгеше.
Соңғы жылдардағы философия, этнография тарауларындағы «халықтық мәдениет», «дәстүрлі мәдениет», «руханилықтың имманенттік өзіне тән формалары» жөніндегі көзқарастар тәрбие қызметін халықтық мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыруға ықпалдылығымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде тәлім-тәрбие халық өмірінің барлық саласынан көрініс табатын материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі тарихи қоғамдық құбылыс.
Ал халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандықтан, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Демек, қай халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің пайда болып, жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен кеңістіктен тыс құбылыс емес, қайта бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, тарихи өзгерістермен, ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен, өзге де қызмет түрлерінің дамуымен тығыз байланысты.
Осы орайда халқымыздың тарихи жолында жинақтаған тәрбие тәжірибесімен педагогикалық ойлары көрініс беретін салт-дәстүр, халық шығармашылығының түрлі жанрлары, шаруашылық кәсібі, қоғамдық өмірі, материалдық мәдениет ескерткіштері этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісінің нысанына айналуы аса қажет.
Тұрмыстық - мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе, дағды, өнеге ауызша сөз бен нақты іс-әрекет арқылы берілген тарихи кезеңдердің ерекшеліктері педагогикалық білімдердің ішінен нәтижеге жеткен сұрыпталған ойлардың қолданысқа түсуін қамтамасыз еткен. Сондықтан да педагогикалық мәні жағынан фольклор жанрларының ішінде әсіресе мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі ретінде ерекше көзге түседі.
Этнопедагогиканың проблемаларымен айналысушы ғалым А. Э. Измаилов «Халық педагогикасын ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде, сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады». - деп орынды атап көрсеткен еді.
Халықтық педагогикалық білімдері кешенді комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі, аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме-дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халықтық тәлім-тәрбиелік білімдерінің мазмұнын тәжірибе арқылы сан рет тексерілген қағидалар, көзқарастар, идеялар және түсініктер жиынтығы құрайды. Ұлы ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, түрколог А. Байтұрсынов «Ертегілер көбінде ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге беру мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі». -деп өте орынды түйін жасайды. Бұл түйіннің халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өзге жанраларына қатысы бар. Мәселен, Ә. Қоңыратбаевтың пікірінше «Термеде адам мінезі қандай болу керек дейтін этикалық-сатриалық элемент бар. Терме сазындағы айтушылар жастарды халықтық мінезге тәрбиелегісі келеді». Бұл ойларды фольклор материалдарының тәрбиелік функциясын ашып көрсетуге бағытталған арнайы зерттеулер нәтижелері қуаттай түседі.
Халықтың тәрбие дәстүрлері ғылыми аргументтері мен дәлелдеулері емес, іс-әрекеттерінің қиысынымен, тәрбиеленушінің жан дүниесіне ықпалының нәтижелігімен құнды. Балалар мен жас өспірімдердің әке-шеше, ру, тайпа, халық, ұлт қалаған қасиеттерді саналылықпен бойына сіңіру, ата-аналар мен үлкендердің (ауыл-аймақ, ел-жұрт) тәрбиеленушіде кемшіліктер болдырмауға бағытталған іс-әрекеттерінің олардың тарапынан әрдайым қолдау табуы тәрбиенің жемісі. Бұл халық көзқарасында адамның қоғамдағы орны оның қалай тәрбиеленгендігі мен өлшенетіндігінің белгісі.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгеріленуі педагогикалық ойлардың дамып-жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді. Осыған орай, халықтық тәрбиені -ру, тайпа, халық және ұлттың «психикалық тұрпатының ортақтығы» көрініс табатын «педагогикалық мәдениет ретінде анықтап, оны этникалық құбылыс ретінде құрастыруды ұсынған Г. Н. Волков түйіндері аса көңіл аударарлық және ол ойды әрі қарай дамыту қажеттігін алға тартады.
Этнопедагогиканың этнопсихология, психологиямен өзара байланысы.
Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық бірлікпен бірге тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады. Белгілі бір этнос адамдарының жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр (этнологиясы) ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тіл арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілінің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
“Психология” атты оқу құралын тұңғыш қазақ тілінде жазып шыққан әдебиетші-ғалым Ж. Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын «Тәрбиеге жетекші деген еңбегінде: Ана тілі- халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі…» Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы-сол халықтың тілі -деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да:”Сөзі (тілі) жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады”, -деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі “мәңгүрттер” делініп жүргендердің пайда болуы сол отарлық тіл саясатының жемісі екенін ұмытуға болмайды.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жәйлі сөз болған жекелеген авторлар (Н. Я. Ханбиков, Ш. А. Шоров, А. Мирзоев т. б. ) еңбектерінде әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт - дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы (М. И. Стельмахович, И. С. Кон) аса құптарлық жайлар .
Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты дамыған дәстүрлер тәрбиенің құрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принциптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану жолдарын қарастыру этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары.
Нақты өмір сүру жағдайындағы (әлеуметтік, экономикалық, мәдени, табиғи және т. б. ) белгілі бір этносқа рухани өлшемдердің (яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т. б. / жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ықпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процес ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі болмақ.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақыраптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қаматамсыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызмсеттері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz