Сабақ оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы


Мазмұны
І. Кіріспе: Сабақ оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы
І. Тарау. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы.
1. 1 Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
1. 2 Сабақ, оған қойылатын талаптар.
1. 3 Сабақтың типтері мен құрылымы
ІІ. Тарау. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары
2. 1 Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы
2. 2 Сабақтың типтері, түрлері олардың құрлымы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Үсыныстар
Кіріспе
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талатарды қарастырайық.
1. Сабақтың дидактикалық мақсатынын, айқындығы. Әрбір сабақта оқьпу және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты - жеке адамгершілік қасиеттері қалыптастыру (белсенділік, ұқыптылық, жинақы-лық, орындағыштық, өзін-өзі билеушілік т. б. ) . Бұл мақсаттар оқьггу және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні - тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты.
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
Жана білімді
игеру сабағы
І-кезең баяңдау
ІІ-кезең алғашқы бекіту
Ш-кезең үйге тапсырма беру консультациясы
Лекция, әңгіме, әнгімелеу, кітаппен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс.
Әңгіме, жазба жұмыс, есеп шығару, оқыту машинасымен жұмыс.
Оқулықты, қосымша әдебиеттерді пайдалану, тапсырманы орыңдау әдістері.
1. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақыпты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
1. Оқушылардьщ білімді терең уғуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.
2. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен, негізгі талаптарды кешеңді түрде жүзеге асыру - оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі.
Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. САБАҚ - бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т. б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі - жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
ә) даму - оқушылардың өз бегімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбие - ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сонымен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерін де атқарады.
1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
- Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
- Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
- Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері:
- Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексеруменшектеледі.
- Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастала азая бастады
Балаларды жекелеп - топтап оқыту түрі қалыптасты. Мүғалім түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мүғалім әр оқушымен жеке жүмыс жүргізді. Мүғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтың оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
Х-ХІ ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы үсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украинаның туысқандың мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып - сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я. А. Коменский.
Оқытудың бүл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мүғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден түратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мүғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны XX ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мүғалімі Елена Паркхерет үсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мүғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мүғалімге есеп беріп отырды.
Бірақ көптеген оқушылар мүғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады
Оқушының әртүрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды.
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
• Жастары жэне дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру.
Сыныптың қүрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
• Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ
түрінде жүреді.
- Сынып жылдың жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
- Жұмыстың негізгі түрі - сабақ.
• Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
• Оқушылардың жұмысына мүғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
- Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жүмыстар жүргізіледі.
Сынып - сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жүмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбие-ленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оку-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ ақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең себебі сабақтың сапасы
оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде, оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған саяхатты, спорт жарыстарын, т. б. жатқызады.
3. Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж. Аймауытовтың мүғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлүматтарымен ұштастыру;
- тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипатаудару;
- сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасынарттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты
нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлүматтардан сақтану; лайықты
салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға
тырысу;
- алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
- өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пэніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалынанықтау,
- оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардыңбілім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылымибілімдерді, іскерлік дағдыларды анықтап отыру;
• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін жэне құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық
белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін үштастыру,
өздік жұмыстарды ұйымдастыру;
- оқыту принциптерін қолдану;
- оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• оқу пәні жэне нақты сабақ арқылы әр оқушынын, дамуын жобалау;
- оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;
- оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарыныңкөлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
- жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
- оларға жеке тапсырмалар беру;
- әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
- қалыпты температураның болуы;
- ауаны тазартып түру; жарықтың болуы;
- балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, іс және
практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
- сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
- оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес 1 және оның
өсуіне ықпалы.IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың эсерлілігі, оқуға қызығушылыцты және білімге деген сұранысты
арттыруы;
- сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушыжүмыстарының нәтижелілігі;
- мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығызбайланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мүғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін анықтау
орындалатын тәрбиелік мақсат қою;• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер
қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ:
табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті,
орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білуші, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу;
Аралас сабақ
- психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейіндішоғырландыру;
- жылы жүзділік және кең жүректілік;
- талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:
- мұғалім мен оқушының жайдарылығы;
- ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы;
- сыныптың, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы;
- сыныпты тез жұмысқа кірістіру;
- барлық оқушылардың назарын сабаққа аударуКезеңніңмазмұны:
1. Амандасу - әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мүғалімнің қарым-қатынасының басы: Оған қарап мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп түру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сүрап, сырқат оқушыға "тез жазылып кетсін", - деп тілек айтып жіберген дұрыс.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бұл сәтте мұғалім
оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына,
жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын,
сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мүғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір-қасиетін тәрбиелейді 5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бүзады.
II. беріледі.
Кеңес кезінде оқу шығармасын тексеру кезеңі
Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру. Кезең мазмұны:
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.
2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.
3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу
- Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
- Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.
- Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.
- Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы мүғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткен нөтижелерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді. Кезеңнің мазмұны:
- жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінінтүрлі әдістермен тексеру;
- жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру;
• оқу және әлеуметтік дағдылары мен іскерліктері қаншалықты деңгейде
екендіктерін анықтау;
- оқушылардың жауаптарына баға беру;
- тақтаға шақырылған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық сыныптыңоқу жұмысын ұйымдастыру.
Ауызша сұрау - сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен түрады.
Бірінші - мұғалімнің сүрағы жэне қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сүраққа алуға болады. Мұғалімнің беретін сұрағы мазмүнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.
Екінші - оқушынының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші - оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың тәртібі. Ең бастысы - бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні - сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқушылардын, білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады. Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
- білімді тексерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;
- білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру;
- білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту;
• жолдастарының жауабын тыңдап, делірек жауап беруге әзірлену үшін
сыныптың оқушыларына тапсырмалар беру;• жұмыстың маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу.
Кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысының алдында түрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер:
- білім көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибедежұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі;
- оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері менкемшіліктерін көрсететін, өздік жұмыс тэсілдерін жетілдіру үшін берілгеннұсқаулар;
• жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді
түрде жұмыс істеуі.
Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:
Кезеңнің алдында түратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оң бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету. Кезеңнің мазмұны:
• жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып-
үйренудің мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге тұжырымдау;
• жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны
меңгеруге оқушыларды ынталандыру;
• оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу
процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің
маңызын түсініп, оқуға қызығуы.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін жағдайлар:
• жаңа оқу материалының мақсатын, міндеттерін, оқушыларға тұжырымдап,
оларды сабақ жоспарына жазу;• оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып,
іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігі туралы айту;
- нәтижені алдын ала көру жақсы жұмыс істеуге тікелей ықпал ететіндігін, сондықтан кез келген іс-әрекеттің мақсаты болу керектігін оқушыларғатүсіндіру;
- сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау немесе тұжырымдау, әйтпесе, оқушы не мақсатпен оқып жатқанын түсінбейді.
V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, қү-ралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.
Кезеңнің мазмұны:
- зейінді ұйымдастыру;
- мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы;
• жаңа материалды оқушының өзі оқып-үйреніп, меңгеретін іс-әрекетке
баулу. Жақсы оқуға көмектесетін іскерлік пен дағдыларға машықтандыру• оқыту процесінің негізгі қызметкері, өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден-
бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау.
Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:
- оқушылардың сезім арқылы қалыптасқаи тәжірибесін және білімдерінсабақтың мақсатына сай естеріне түсіру.
- оқушылардың ой жүмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрдеқолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуғаүйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды тәсілдермен меңгеруі;
• оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-біріне қарым-қатынасты диалог әдісімен жасайтын жұп құру;
• осы кезеңде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімі, ой-өрісі
көрінетінін есте сақтаңыз;Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы хабар беретін көрсеткіштер
• егер мүғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы
әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі
сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың жауаптарының сапасы;• эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін
қолданғанда, компьютерлермен және оқулықтармен жұмыс істегенде,
оқушылардың жаңа білім, Іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары
мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға
белсене қатысуларынан көреміз.VI. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері.
Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді
оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды
оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға
машықтандыру.
Кезеңнің мазмұны:
- жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;
- кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесінжәне жауап беру тәсілдерін жетілдіру;
• оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;
- жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен, қолдану арқылыбекіту;
- білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
• білімді есте сақтап және қолданып, шығармашылық және тәжірибелік
міндеттерді орындау;
- бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ойжұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар арқылы жүргізу;
- бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетугеоқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірінбілу;
- жаңа материалды түсінудегі кемділіктерді оқушылардың қосымшажауаптарының сапасына қарап анықтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz