Жерге жекеменшіктің орнауы


Жоспар
І. Кіріспе
1. Жерге жекеменшіктің орнауы
2. Тап құрылу процесінің ерекшеліктері.
3. Алғашқы феодалдық мемлекеттердің қалыптасуы
ІІ. Қорытынды
Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, ірі-ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологиясының шығуы - Батыс Европада феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болу процесі, міне, осындай еді. Бірақ әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды.
Батыс Европаның бірқатар аймақтарында феодалдық қатынастар жан-жақты өз ара әрекет етуінің және германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы мен кейінгі римдік құл иеленушілік қоғамның ыдырауының синтезінің нәтижесінде дамыды. К. Маркс пен Ф. Энгельс феодализмнің Германиядан Батыс Европаға дайын күйінде әкелінбегендігін атап көрсетті. Германияда рулық құрылыстың ыдырау кезеңінде көріне бастаған феодализмнің нышандары «тек жаулап алғаннан кейін ғана - жаулап алған елдерде табылған өндіргіш күштердің әсер етуінің арқасында» нағыз феодализмге өріс алды.
Сонымен, варварлық германдық корольдіктерде кейінгі римдік және германдық қоғамдық қатынастардың жәй механикалық түрде қосылуы жүрген жоқ, синтезденген жері де болып, түбірімен жаңа феодалдық қатынастар қалыптасты. Бұрында да айтылып өткендей, мұндай қатынастардың элементтері кейінгі римдік қоғамда да және ыдыраған рулық-тайпалық герман қоғамында да болған еді. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен дамуы герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыққа тірелген Рим қоғамы үшін мүмкіндік туды.
Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия, Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән қасиет болды. Соңғы екі корольдіктің өмір сүруінің қысқалығына байланысты, кейінгі римдік және германдық қатынастарда өз ара әрекеттестік нәтижелері онша елеулі емес еді.
Өз ара әрекеттестік толық және айта қаларлықтай болған Лангобард корольдігі еді, осы сияқты елдерде еткен феодалдану процесінің бірқатар айырмашылығы болды, бұл әрекеттестік тіпті болмаған - англосаксон корольдігі, ішкі Германияның барлық аймақтары еді. Бұл бұрынғы Рим провинцияларын мекен еткен (мысалы, баварлар, алемандар) герман тайпаларына да жатады, бірақ бұларда Рим тәртібінің әсері әлсіз және берік болмады. Скандинавия елдерінде кейінгі римдік қатынастармен ешқандай өз ара әрекеттестіксіз рулық құрылыстың ыдырауы жүріп жатты.
Жерге жеке меншіктің орнауы. Тацит заманында және «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» кезеңінде германдықтарда жерді жеке меншіктенудің бастамасы ғана болды. Көп кешікпей, V-VI ғасырларда, германдықтар Галлия, Испания, Италия, Солтүстік Африка территорияларына қоныс аударғаннан кейін, олардың жер үлестері жеке меншіктен еркін бөгделенетін аллодтар болды.
Германдықтардың Рим немесе жаулап алынған елдердің ро-мандандырылған халықтары арасына қоныстануы оларда қауымның ыдырауы этроцесін және рулық құрылыстың дамуын-да оның көне алғашқы түрінен соңғы сатысына сай келетін же-тілген түріне өтуін тездетті. Варвар корольдіктері шығарған заңдарда қауымдық қатынастар не тіпті көрсетілмеген (мысалы, остготтық Италиядағы эдикт Теодорихта), не тек егіншілік - қауымынан маркаға өтетін қатынастарды дәлелдейтін және мар-каның өзі туралы ғана мәліметтер сақталған. Марка немесе көр-щілік қауым - бұл қауымның ең кейінгі формасы, ол бәрінен бұрын, жер үлестері қауымдастардың меншігінде болатындығын және егістік жерлер мен шабындықтарды бөлісу атымен жоқ екендігін, бірақ әлі бөлінбеген пайдаланатын жерлерге (аль-мендамен) -ормандарға, жайылымдарға, тақыршақтарға - жалпы иелік ету сақталғандығын сипаттайды.
VI ғасырдың басындағы меншіктілік туралы римдік түсінік Вестгот, Остгот және Бургундия корольдіктерінің жазу ережелерінен алынған болатын. V ғасырдың екінші жартысы мен VI ғасырда осы корольдіктерде жазылып, шығарылып тұрған варварлар ақиқаты мен заңдарына қарағанда, германдықтар, жергілікті тұрғындар сықылды, сатумен, сатып алумен айналысқан қозғалмалы және қозғалмайтын дүние-мүліктерді сыйға тарт-
қан және өсиет етіп қалдырған. Келе-келе жерге жеке меншіктік принципі франктерде орнықты.
Тап құрылу процесінің ерекшеліктері . Қауымдық ұйымның ыдырауы және жерге жеке меншіктіктің дамуы германдықтарда әлеуметтік жіктелудің өсуіне алып келді. Қауымдастардың арасынан, бір жағынан, неғұрлым ауқаттылар мен әскери қызметтегі шонжарлар және екінші жағынан, ірі жер иелеріне жеке басы мен жер пайдалану жөнінен тәуелділікке ұшыраған еркін адамдар бөлініп шықты.
Ертедегі феодалдық мемлекеттерде қалыптасқан ірі жер иелері мен тәуелді шаруалар, кейінгі Рим империясындағы шонжарлар мен ұсақ жер иеленушілер сияқты, қоғамдық тап болған жоқ. Бұл таптардың қалыптасуында варвар-германдықтардың әлеуметтік құрылымы өз таңбасын қалдырды.
Еркін германдықтарға рулық құрылыс тәртіптерімен байланысты жергілікті ұйымшылдық тән еді; олардың қауым формасындағы өз ұйымдары болды. Қарапайым еркін германдықтар варварлар корольдігіндегі қоғамдық өмірде маңызды роль атқарды (сот ісіне қатысты, әскерде қызмет етті), олардың еңбегі еркін адамның өте құрметті және лайықты ісі болып саналды., Жаңа, әлі тек қалыптасып келе жатқан варварлар мемлекетінде, кейінгі Рим мемлекетіндегі сияқты, еріксіз көндіру күші болмады. Герман қауымдастарының жағдайы ірі жер иелеріне тәуелді бола тұра, антик заман құлдарының немесе колондары-ның жағдайына дейін төмен түсе қойған жоқ. Олардың тәуелділігі тәуелділіктің жаңа формасындағы, қаналушы тікелей өндірушілердің өз еңбегіне мүдделі болуы үшін қоғамдық даму қажеттігіне сай біршама икемдірек болды.
Варварлар корольдігіндегі тап құрылуы герман халқы арасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесімен ғана шектелмейді. Жаңа қоғамдық таптардың қалыптасуында, бір жағынан, Рим қоғамының антагонистік таптардың қалдықтары - ірі жер иелері, екінші жағынан, құлдар мен колондар едәуір роль атқарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі, құл иеленушілік қоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайындағы бүкіл өзгерістерге қарамастан, жүздеген құл мен колондар өңдеп отырған кең байтақ имениелерді әлі де иелене берді. Шіркеудің жер иелігі сақталып қана қалған жоқ, сонымен бірге өсе де берді.
Дегенмен, ірі поместьелердің сипаты біртіндеп өзгере берді. Герман жаулаушылығы құл иеленушілік шаруашылықтың феодалдық шаруашылыққа айналу процесін тездетті, оның бастамасын тіпті Рим империясында да байқауға болатын еді. Енді ірі имениелер антик заман құлдарын қанауға негізделмеді, еркін емес және тәуелді ұсақ жер иеленушілердің әр түрлі категорияларының еңбегін қанауға негізделді. Римнің көптеген ірі жер иеленушілері германдық әскери қызметтегі ақсүйектермен бірге қалыптасып келе жатқан феодалдар табы құрамына енді. Дәл сол сияқты тәуелді шаруалар табы қалыптасуына Римнің де, герман тектес тікелей өндірушілердің де әр түрлі жіктері қатысты.
Мүліктік және әлеуметтік жіктелу бәрінен бұрын правода өз көрінісін тапты. V-VI ғасырларда құрастырылған Вестготтағы, Остготтағы, Бургунд және Франк корольдіктеріндегі варварлар шындығы еркін адамдарды мүліктік жағдайларына және ақсүйектігіне (әскери қызметтегі ақсүйектерге, король жасағына жататындығына) қарай жоғарғы және төменгі топ деп бөлді. Осы варварлар корольдіктері ақсүйектерінің - король жасақшыларымен және лауазымды адамдармен, яғни бұл бұрынғы ру ақсүйектерінің қызмет етуші жаңа ақсүйектермен әдеттегі бірлескені. Оның құрамына Рим шонжарларының қалғандарынан . бірен-сарандап енгендері де болды. Жоғарғы топқа жататындар, «нобилдер», «үлкендер» және «құрметті адамдар» деп аталатындар өзге еркін адамдарға қарағанда (сот ісі, вергельд мөлшері жөнінде т. б. ) бірсыпыра артықшылықтармен пайдаланды. Төменгі әлеуметтік топқа жататындар, әдетте «кіші» немесе «төменгі» адамдар деп аталатындар ерікті адамның кейбір артықшылық-тарын жоғалтып алды (әр түрлі тәртіп бұзғандықтары үшін, мысалы, құлдар сияқты оларды да ұрып-соғатын болды) ; жоғары қоғамдық топ өкілдерінің өміріне қарағанда, олардың өмірі анағұрлым төмен вергельдпен қорғалды. Әдетте, қарапайым қауымдастардың болмашы бөлігі ғана жоғары разрядқа көтерілді, ал көпшілігі біртіндеп ерікті адамдардың төменгі тобының құрамына еніп жатты. Даму типі қарастырылып отырған басқа варвар корольдіктеріне қарағанда, Франк корольдігінде еріктілердің негізгі бұқарасы өз еріктілігін ұзағырақ сақтап қалды.
Сондай-ақ, еріксіз және жартылай ерікті адамдардың жағдайында да өзгерістер болды. Ертедегі варварлар шындықтарында және басқа заң ескерткіштерінде құлдар, Рим право нормаларына сай, мал және жансыз құрал-сайман сияқты қожасына тиесілі зат ретінде қарастырылды. Алайда VI-VII ғасырларда құлдардың әлеуметтік статусының жаңа белгілері көріне бастады. Құлдар кейбір жағдайда өзінің теріс қылығы үшін өздігінен штраф төледі, бұл - олардың өз мүлкі болғандығын және құл-дардың праволық жауапкершілігінің бастамасы пайда болғандығын көрсетеді. Кейінгі вестгот заңы бойынша, құлдар өздеріне тиесілі қозғалмалы мүлкін, мысалы малын, сатуға правосы болды. Азат етілгендер, көп жағдайда енді тәуелді адамдар, бұрынғы өз қожасының жерлерін иемденушілер болып алды.
Герман варвар корольдіктерінде Римнің бұрынғы колондары да аздап қалып қойды. Олар шіркеудің, жергілікті және герман ақсүйектерінің имениелеріндегі ұсақ жер учаскелерін иемденушілер болып қала берді. Алайда колондар жағдайында елеулі өзгерістер болды. Олар енді мемлекеттік салыққа тіркелмеді, олардың міндеткерлігін Рим кезіндегідей мемлекетпен реттемеді. Колондардың кейбір категориялары өздері өңдейтін жерді иемденуге әжептәуір право алды. Мысалы, 1928 ж. Тунисте табылған «Альбертини табличкалары» V ғасырдың аяғында Вандал королдігіндегі колондардың бір бөлігі өз жер учаскесін мұра етіп қалдырып, иелігінен шығара алатындығын дәлелдейді.
Құлдар сияқты колондар және азат етілгендер тәуелді шаруалар табының қалыптасуында басты роль атқарды.
Ерте феодалдық мемлекеттерде бұл таптың құрамына, ақыр аяғында ұсақ прекаристер де және шонжарлар имениелеріндегі басқа еркін ұсақ жер иленушілер де енді.
Бұрынғы рим құлдары, азат етілгендер, колондар және прекаристермен қатар тәуелді шаруалар табының қалыптасуына, сондай-ақ герман құлдары мен азат етілгендері және жартылай еріктілері (литалар, альдирлер) қатысты. Қалыптасып келе жатқан тікелей өндірушілердің жаңа табының бұрынғы Рим немесе герман құлдарынан шыққан топтары бұдан былай да, тәуелділіктің әсіресе ауыр формасында қалып қойды.
Варвар корольдігінде бұрынғы қала халқының кейбір топтары да қалып қойды. Бірақ қалалардың құлдырауы Рим империясы кезінде-ақ басталған еді, ол Батыс Рим империясы күйреуінен кейін де тез қарқынмен құлдырай түсті. Қалалардың бірқатары варварлар баса-көктеп кірген кезде қиратылды және қаңырап. бос қалды; қала қолөнерінің құлдырауы мен төмендеуі, сауда қатынасының күрт қысқаруы және шаруашылықтың натуралдық формасына көшуі қала халқын әлеуметтік-экономикалық базасынан айырды. Бұрынғы қала халқынан қалғандары енді деревня халқынан айырмасы аз болды; көпшілік қалалардың, әсіресе ұсақ қалалардың, халқы қала маңындағы село тұрғындары сияқты егіншілікпен айналысты.
Көбінесе халық бұқарасының көтерілісіне айналып кетіп отырған шиеленіскен әлеуметтік күрес жағдайында өткен тап құрылу процесі
мемлекет құруды қажет етті.
Алғашқы феодалдық мемлекеттің қалыптасуы. Герман ру-тайпа
... жалғасықатынастарының Рим қоғамы қатынастарымен өз ара байланысы ерте феодалдық мемлекет қалыптасуында өз таңбасын қалдырды. Халықтардың қоныстануы кезінде германдықтарда мемлекеттік өкіметтің бастамасы ғана болған еді. Жаулап алу мемлекеттің қажеттілігін тездетті, оған тап құрылу процесі де жағдай жасады, өйткені ру-тайпалық құрылыс органдары бағындырылған халықтарға үстемдік жүргізу үшін жарамай қалды.
Мемлекеттің қалыптасуында Батыс Рим империясы күйреуінен кейін қандай да бір шамада сақталып қалған Рим саяси және заң мекемелерінің қалдықтары едәуір роль атқарды. Германдықтар негіздеген корольдіктерде халықтарды тайпалық бөлу жүйесінен территориялық бөлу жүйесіне көшу тез өтті, бұның өзі мемлекеттің пайда болу процесіндегі бастапқы кезең еді. Сонымен бірге варварлар Рим территориялық жүйесін де кеңінен пайдаланды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz