Араб халқының киімі



1 Сұлулыққа құштарлығы
2 Мата түсі мен өрнектері
3 Ерлер киімі
4 Әйелдер киімі
5 ҮНДІ ХАЛҚЫНЫҢ КИІМІ
6 ҚЫТАЙ КОСТЮМІ
VI ғасыр соңында Араб түбегінде көшпелі және тұрақты халықтар арасында рулық қауым ыдырап, феодалдық қатынас орналаса бастады. VII ғасырдың басыңда қауымдастықтар бірігіп мемлекет құрды. Орталығы Мекке қаласы болды. Бірнеше он-жылдықтар ағымында арабтар өздерінің үлкен аймағын: Индия жазығымен Атлант мұхитына дейін, Сырдариядан Ніл жағалауына дейінгі жерлерді жаулап алған. Арабтардың қол астында: Сирия, Палестина, Египет, Судан, Тунис, Марокко, Испания, Рис, Турция қалды. Міне, осылай IX—X ғасырға дейін өмір сүрген араб халифаты құрылған. Мемлекеттің астанасы Сириядағы Дамаск қаласы болды.
Араб халифаты өмір сүрген кезде оның мәдениетінің өсіп дамығанымен, мемлекет құрамына енген елдердің ежелгі мәдениетімен қатар дамыды. Ал өнердің ішінен ерекше дамығандары архитектура мен көркемөнер: шұқымалау, филигрань, көзешілік, әрлеу, мата тоқу, кілем тоқу т.б.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Араб халқының киімі
VI ғасыр соңында Араб түбегінде көшпелі және тұрақты халықтар арасында
рулық қауым ыдырап, феодалдық қатынас орналаса бастады. VII ғасырдың
басыңда қауымдастықтар бірігіп мемлекет құрды. Орталығы Мекке қаласы болды.
Бірнеше он-жылдықтар ағымында арабтар өздерінің үлкен аймағын: Индия
жазығымен Атлант мұхитына дейін, Сырдариядан Ніл жағалауына дейінгі
жерлерді жаулап алған. Арабтардың қол астында: Сирия, Палестина, Египет,
Судан, Тунис, Марокко, Испания, Рис, Турция қалды. Міне, осылай IX—X
ғасырға дейін өмір сүрген араб халифаты құрылған. Мемлекеттің астанасы
Сириядағы Дамаск қаласы болды.
Араб халифаты өмір сүрген кезде оның мәдениетінің өсіп дамығанымен,
мемлекет құрамына енген елдердің ежелгі мәдениетімен қатар дамыды. Ал
өнердің ішінен ерекше дамығандары архитектура мен көркемөнер: шұқымалау,
филигрань, көзешілік, әрлеу, мата тоқу, кілем тоқу т.б.
Өте ертеде арабтарды бейнелеу ассириялық және египеттік рельеф
суреттерінен көруге болады. Мұсылман дінін қабылдауға байланысты ислам адам
суретін бейнелеуге, өнерде қолдануға тыйым салынады. Сондықтан да
адамдардың шын бейнесін емес өздері идеал тұтқан бейнесін суреттерде, кітап
жазу, мұра қалдыру кезінде бейнелеп отырған. Арабтар мұсылман дінін өте
қадірлеп, қастерлеп, дінді өте қатты сақтаған. Тек ейелдері ғана емес, ер
кісілері де содан аса инабатты, сыпайы көрінеді.
Сұлулыққа құштарлығы
Ортағасырлық арабтардың өмірі өте бір тамаша ескерткіш-ертегілер
жинағы Мың бір түн кітабы адамзатқа қалдырылған тамаша мәдени мұра. Бұл
кітап арабтардың нағыз эстетикалық сұлулық идеалының жинағы немесе басқаша
айтқанда, өмірінің энциклопедиясы деп атаса да болады. Икемді, әсем бұрым,
аппақ тегіс бет он төртінші түндегі ай секілді; ұзын қара және қалың
қастың астында қарақат көз, бетінде қалы бар өте бір әдемі образды, ертегі
бейнесін Шаһаризада біздің көзімізге елестетіп көрсетеді.
К.Маркс маврлар туралы өте бір қызық суреттемені (яғни Испанияда
тұрақталып қалған арабтар) Алжирден қызы Женниге жазған хатында береді:
Олар орташа француздан бойлары ұзын, беттері сопақтау келген, мұрыны
құстұмсықты, көздері үлкен жене жайнап тұрады, шашы мен сақалдары қара, ал
өндері әр түрлі. Ақшылтым түстен қап-қара түске дейін табылады. Ал олардың
киімі, тігггі ең кедей дегеніңнің өзі әдемі және сұлу көрінеді. Қысқа
шалбар, жамылғы (мантия немесе тога секілді - өте жұқа ақ жүн матадан
тігілген) немесе сулық (капюшонымен), басты бүркеу үшін (қолайсыз ауа
райында, өте қатты ыстықта т.б.) тюрбан қолданады немесе ақ муслиннің
кішкене бөлігін беліне буып белдік етіп байлайды. Әдетте, олар жалаң аяқ
жүреді. Тек суық кездері сары немесе қызыл сафьяннан тігілген туфлилер
киеді. Ең кедей мавр киімді шаршаулау өнерінде кез келген еуропалық
актерден басып озады. Сонымен қатар ол өзін өзі өте әдемі, сыпайы, жомарт,
жаратылысынан хақ екенін көрсетуімен ерекшеленеді. Мұнан біз арабтардың
ислам дінін мақұлдап осы дінге сай киім кию, өзін өзі ортада ұстап, құдайға
құлшылық жасауда да олардың сұлулыққа, әсемдікке деген эстетикалық
талпынысын байқаймыз.
Мата түсі мен өрнектері
Ертеде араб елді мекенінің өсімдікке тапшы болуынан киім тігіп,
қолдануына мал шикізатын - тері, жүн, түйе және қойдың үлпек немесе түбітін
пайдалануына тура келді. Тек кейбір оңтүстік өңірлерінде ғана мақта өсетін
жерлерде өсімдік талшығынан мата дайындады. Ортағасырлық дәуір өзінің өте
жоғары мәдениетінің дамуымен ерекшеленеді. Оған мата тоқып өндіру,
талшықтардың түрлілігін, түс үйлесімділігін және өрнектелуін айтуға болады.
Кең көлемде жібек, жоғары сапалы жүн, кенеп, мақта маталарын пайдаланды.
Салт-дәстүрі негізінде ежелгі көркемөнер мәдениетін сақтай отырып, әлемдік
деңгейге көтерілді. Өте ерте кезде маталарды қиялдан шыққан өрнектермен
безеңціріп, құс, аңдардың бейнелерімен әшекейлеп бояған. Бірақ діннің сол
кездегі тыйымына байланысты, атап айтқанда, тірі жан-жануар, адамдарды
бейнелеуге болмайтындықтан, ою-өрнектер түріне өзгерді. Жаңадан жұқа
геометриялық немесе өсімдік тектес өте жіңішке сымға тартылғандай жолақ
тектес, араб жазулары жазылған халифатты насихаттап мадақтайтын сөйлемдерді
мата бетіне түсіретін өрнектер шықты. Оны матаға түсіру өте күрделі
гобельеңдік техниканы немесе тігіс жапсыруды керек етті. Ал тегістеліп
боялған маталар өздерінің түс үйлесімділігімен көздің жауын адды. Олар
түстерді тартымды көрсету үшін әр түрлі реңкте қолданып, жарқырата бояды.
Мысалы: қызыл, алтынды-жасыл мен ауа көк жасылмен, сарымен, көкпен,
қарамен, ақпен немесе шымқай ақтың таза өзін де қолданды.
Ерлер киімі
Ертедегі құм тұрғындар-бедуиндер жеңсіз көйлек немесе жеңі бар, ұзын,
кең, тобыққа жететін 2 бөліктен тұратын және де тек иық түсы тігілетін,
бүйір жағы ашық болып келетін көйлек киді. Көйлекті бел түсынан белдікпен
немесе баумен байлап жүрді. Сыртқы киім ретінде аббас-сулығы қолданылды. Ол
дөрекі қой немесе түйе жүнінен, әдетте сары қара немесе сары ала көк
жолақтар ретінде болды. Жамылғы Аббас алдынан тілінген және ашық беті
төмен қараған, бас шығу үшін ойындысы бар мойын және қол шығу үшін жең
ойындысы бар өте кең қап сияқты киім. Қысып байлан-ған бас орамал және ағаш
не тері қалыпты сандал киім үлгісін толықтырады. Құрғақ және қапырық климат
арабиялық шөлдің өте ертеде-ақ ер кісілердің және әйелдердің осылай
киінуіне мәжбүр етілген. Сыртқы түріне қарай ол төртбұрышты мата (ақ немесе
көгілдір түстес), жан-жағынан бахрамамен тігілген. Таспа бауы бар жамылғыны
маңдайға жабыстырып, қалған бөлігін иықтан асырып, артқа тастап, арқаны
жауып түрды, ал кей жағдайда бүкіл денені жабатындай етіп тігілді. Жаулап
алу кезеңівде (VХI-IX ғ.) арабтар өздеріне тәуелді халықтан өз киім
үлгілеріне қажетті үлгілерді алып отырған және осылардың ассортименті
арабтардың киімінің пішімін байыта түсті. Шалбар киімнің негізгі бөлігі
(Азия елінен алған) болып саналды. Азия мен Египетте арабтар шалбармен
қатар ақ кенеп, мақта, жібектен тігілген ұзын және кең жеңді көйлек, ою-
өрнекті кафтан және жүқа шәліден белбау тағы-ньш, сыртына алды ашық халат,
қажет кезде айқастыра жабуға болатын және құшақпен белі буылған киім киді.
Көбінесе киім үлгісін конус пішіндегі бас киім — чалма толықтырып отырды.
Ал аяққа бірден 2-3 пар (қызыл, сары т.б. түсті) тұмсығы үшкірленіп
тігілген, бас жағы бүралған сафьяннан аяқ киім киді. Ал зергерлік
тағыншақтардан өте бай сәнделген, қыны бар пышақ, тағыншақ ретінде жүзік,
сырға, аяқ немесе қол білезіктер пайдаланды.
Әйелдер киімі
Әйел киімінің ассортиментіне кең, ұзын, көйлек, шалбар, бас
жамылғылары, орамал, халат, белдік-шарфтар жөне әр түрлі зергерлік сәндік
бұйымдар кірді. Араб әйелдерінің киім үлгісі өте едемі болып ақ, түрлі
түсті матадан тігідді, шалбар өте кең әрі жұқа жібек немесе мақта матадан
тігіліп балақ тізеге байланып тобыққа дейін түсетіндей етіп тігілген.
Көйлек ұзындығы тізеге дейін жететін. Сыртынан адды ашылатын кафтан,
көкірек және бүйір тігістері әсемделіп, екі жанынан тілік түскен. Ал бел
түсында шәлі белдікпен буылған. Ерлердің киіміндегідей сыртқы киім ретінде
халат киінген. Әйел жамылғылары өте әдемі: ақ, қызғылт, қара, жалтырақпен
сәнделген, кестеленген, алтынданған. Қазіргі кездегі араб киімі тарихи
үлгілерін сақтап қалған. Мысал ретінде, Сирия әйел костюмін алуға бо-лады.
Әйел (15 г-сурет) киімі кең және үзын қатпарлы юбка-дан және көкірекке
қымтылып жабысқан кеуде бөлігінен тұрады. Юбканың етек жағына ақ немесе
түрлі түсті алжапқыш тігілген. Ал басына чепчик тәрізді бас киімді жібек,
алтын жөне күміс жіптермен кестелеп тіккен, кейде алтын тиындармен сәндеп,
әшекейлеген. Чепчик үстінен түрлі түсті не ақ орамал беттің төменгі жағын
жауып тұратын.
Хама әйелдері нығыздап торланған қызыл, сары, қоңыр түсті матадан
көйлектер киді. Юбкасы кең, атқа мініп жүруге ыңғайлы. Бел түсы қатты
жалпақ полотналық бслдікпен буылады. Ол әрі дорба, қалта рөлін атқарып
отырды. Ал басына ұлттық салт-дәстүрге сай орамалдарды бастарына тартты.
Салт-дәстүрін көрсететін ұлттық киімінің негізі түрі болып көрінетін
әйел киімі — хауран әйелдерінің киімдерін айтуға болады. Ол табиғаттың
қатаң жағдайларына бейімделу барысына байланысты қолданады. Кең ұзын көйлек-
жейде, қара немесе көк түсті, тюрбан секілді бас киім астынан арқаға және
көкірекке төмен жамылғы жамылды. Ол егістік алқаптарда жұмыс істегенде
шаңнан қорғайды. Мойындағы ұзын алқа өте ертедегі тиындардан тұратын.
Білектеріне күміс және алтын білезіктер киді, сол аяғында екі қоңыраулы
білезік, басына күміс тиындармен, маңдайға түсіп тұратын әшекейлер тақты.

ҮНДІ ХАЛҚЫНЫҢ КИІМІ
Үнді елі — Гималай тауының солтүстігінде орналасқан ежелгі
мемлекеттердің бірі. Индия табиғаты өте әсем тропикалық аймақтардың бірі
болып табылады. Бұл мемлекетге ешқашан қар жаумайды. Халықтар табиғаттың
осындай қолайлығының нөтижесінде, ол басқа мемлекеттерден алдыңғы қатарда.
Мұнда джуд өсімдігінің талшықтарынан қатты маталар, арқан жасалады. Сондай-
ақ мақта өсіруден де жақсы нәтижеге жетті. Дүние жүзіндегі елдердің ішінде
Үнді мемлекеті мақта өсіруден үшінші орында.
Табиғи және географиялық жағдайға байланысты мұнда түрлі мәдени
дәстүрлер қалыптасқан. Солтүстік Индия халықтары қысқы салқын ауа райына
байланысты жүн және тері аяқ киімдерді пайдаланады. Ал тропикалық аймақ
тұрғындары көбіне жібек және мақта маталарын қолданды. Қазіргі уақытта
Индияда бірнеше ондаған миллион халық (маратха, бенгальдықтар, тамил,
меннага гуджараттықтар, нага, бхиддар және т.б.) тұрады.
Әрбір халықтың дүниеге өзіндік көзқарасы мен өмір сұру ерекшеліктері
байқалады. Мысалы: тамил халқының әйелдері сари, меннага халқының әйелдері
бастарына тағатын қауырсынды диадемасы, үнді аралының тұрғындарының
белшалғылары, Раджастхан штатындағы сәнді киім үлгілерінің барлығында да
халықтың қанық, ашық, контрасты және сәндік әшекейлерге деген құштарлығын
байқаймыз.
Үнді халқының киім пішіміне қарай екі түрге бөлуге болады.
Қолжазбаларға қарағанда жаңа дәуірде үнді әйелдері мен ерлері денесіне
тұтас маталарды шаршаулау арқылы аяқтарын бүркеп, костюм формасын шығарған.
Біздің дәуіріміздің IV ғасырынан бастап әйелдер мен ерлер киімінде
айырмашылықтар байқалады.
Үнді мемлекетівде ежелден бастап-ақ қолөнер жақсы дамыды, атап айтсақ:
сурет, көзешілік, зергерлік өнерлері. Аталған барлық өнер түрлері дәуір
өткен сайын өзінің бастапқы қалпынан әлдеқайда өзгеріп, айтарлықтай
жетістіктерге жетіп отырды. Әсіресе көзешілік бейнелеу өнері жақсы дамыды.
Бұл өнер түрлері бүгінгі күнде де дүние жүзі сауда аренасында жоғары бағаға
ие. Киім үлгілеріне де бұл өнердің көп көмегі тиді.
Бейнелеу өнерінің киім үлгісіндегі орны ерекше байқалды. Ашық түсті
маталарға гүл түсірді немесе жануарлардың суреттерін өте әсем бейнеледі,
сонымен бірге бұл өрнектер өзіндік мағынаға да ие болды.
Біздің д.д. I ғасырда Орта Азияны шақ және кушан тайпаларының басып
алуына байланысты Үнді халықтарында тігілген киім үлгісі пайда болады. Олар
жамылғы мен енсіз штан, ұзын жеңді кейлек және қамзолдар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім кию мәдениеті жайында
Ортағасырлық арабтардың өмірі
Қазақстандық күрд ұлтының өкілдері
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Шешен тілі
Cөз әдебі
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Татардың дәстүрлі киімдері
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
Пәндер