1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы

Мазмұны

Кіріспе 3

1. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ 8

  1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуының концептуальды негіздері 8
  2. 1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасу жайы және оның дамуына қойылатын педагогикалық талаптар 27

2. 1991-2005 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 41

2. 1 1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие беру мәселесінің шешілу дәрежесі 41 2. 2 1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасы бойынша орындалған зерттеу жұмыстарының білімдік мазмұнының

ерекшелігі 52

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

Кіріспе

Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға да міне 15 жылға аяқ басты. Енді жас мемлекетіміздің әлем кеңестігінде өркениетті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білім мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін әл мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы.

Осының бәрі өмірдің жалғастырушы ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беруге келіп тіреледі.

Ертеңгі қоғам құрылысшылары, ұстаз, ғылым, өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет басшылары, бәрі - бүгінгі бала-бақша бүлдіршіндері, мектеп, гимназия, лицей, колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының білімгерлері. Демек, саналы да салауатты азамат тәрбиелеп өсіру - қай қоғамның болса да бүкіл азамат дүниесіндегі абыройлы борышы болып қала береді.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бұл үрдіс педагогика теориясын мен оқу тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.

Қазақстанның білім беру жүйесінің реформалаудың жаңа кезеңі елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Сонымен қоса, бағдарлама жалпы орта білім берудің басты аспектілерін танытып осы саланың нақты жағдайына баға берді, оны ретке келтіру мен одан әрі дамытуға қажетті шаралар мен басым бағыттарды нұсқайды (2, 3, 4) .

Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі берік негізді болу үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет.

Біз белгілі бір біліімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес, қазақстандылық дін мен дүниетану негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет.

Ол үшін:

  • біріншіден, еліміз мектептерінде әрбір шәкірт ұлтына, дініне, жынысына, қарамай барлық қазақстандылықтардың ортақ Отаны - Қазақстан екенін түсінетіндіктен ахуал қалыптастыра алудың мәні зор. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайтындығы, ол әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген түсінік жас ұрпақ санасында берік орнығуы шарт.
  • екіншіден, жас ұрпаққа өзі туған аймақтың ғана емес, кең байтақ Отанымыздың барлық қайырымдығы таудың да, өзеннің де, көллдің де, жан-жануардың да, қазба байлықтардың да өз елінің байлығы болып табылатынын сездірудің де тәрбиелік әсері зор. Бәлкім каникул күндері еліміздің қастерлі орындарына, табиғаты сұлу аймақтарға экспедициялық жорықтар ұйымдастыру шараларын қолға алу қажет болады.
  • үшіншіден, өскелең ұрпақ өз елінің ғылымы мен ғұлама ғалымдары, өнері мен талантты өнерпаздары, спорты мен спортшылары, т. б. туралы хабарлар болып, оларды мақтаныш тұтып өскені жөн. «Қазақстан ғылымы», «Қазақ киносы», «Қазақ музыкасы», «Қазақстан спорты», т. б. тақырыптарға арналған викториналық ойындары, сауық кештерін ұйымдастырып отырудың қиындығы жоқ.
  • төртіншіден, әрбір қазақстандық жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, өмір баяндары мен өнегелі істерін бөліп өсуі тиіс. Шәкірттер санасында «Менің елімнің тарихы - менің тарихым» деген түсінік орнығатындай материалдарды еліміздің өткен тарихынан да дербес мемлекет ретінде өмір сүре бастаған бүгінгі тарихынан да көптен табуға болады.
  • Ең соңында жас ұрпаққа біздің ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың жалпы азаматтық құндылықтарымен ұштасып жатқанын аңғарудың мәні зор, өз мәдениетін түсінетін адамның ғана өзге мәдениеттерді терең қабылдай алатынын әрбір адам жас кезінен ұғынып өсе құба-құп деп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ш. Беркімбаева айтқанындай қазіргі заманғы мектептердің өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты. (19, 20)

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясының «Білім туралы» заңына және ҚР білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған мемлекеттік тұжырымдамасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда(1, 3) .

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуді одан әрі жалғастырып және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың озық, технологияларын белсенділікпен енгізу керек.

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау мен олардың теориясы мен практикасының арасындағы байланысты шешу мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр. Аталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты: 1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуын зерттеу

Зерттеудің объектісі: 1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнындағы жаңа концепцияларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қызметі.

Зерттеу пәні: жаңа педагогикалық концепцияларды пайдаланудың теориялық ұстанымдарын практикада пайдалану тәжірибесі

Зерттеу болжамы: оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа концепцияларын тероиялық тұрғыдан негіздеу тиімді болады, егер де: жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану тәжірибесі жинақталып, таңдалып алынса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін деңгейлік оқыту жүзеге асырылса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болу үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асырылса:

Зерттеу міндеттері:

Жаңа педагогикалық тәрбие концепцияларын теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы оларды пайдалану шарттарын айқындау.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық тәрбие концепцияларының негізгі ұстанымдарын пайдалану тәжірибелерінің тиімділігін көрсету.

3. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық тәрбие концепцияларын интеграциялау арқылы оқыту сапасын арттыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысың әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасалынды;

2-ші кезеңде жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі зерттелінді, талдап қорытылды; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеп, пайдаланудың тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді, нәтижесінде қорытынды тұжырымдама дайындалды.

Қорғауға ұсынылады:

Жаңа педагогикалық тәрбие концепциялары және оларға ғылыми -педагогикалық негіздеме;

2. Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық тәрбие концепцияларын интеграциялау арқылы білім беру сапасын арттыру.

1. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу және даму тарихы

1. 1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасында қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуының концептуальды негіздері

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге айналдырып отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындатып, оқушылардың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік проблема болып отыр. Бұл проблемаларды ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп, оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуіне байланысты болмақ.

«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қыбысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тыйынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп Ұлы педагог М. Жұбанов айтқан. Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің дене және жан сұлулығының, интеллектуалды потенциалының қалын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселесінің бірі.

«Білім туралы» Заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы, психологиялық- физикалық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді; … білім берудің зайырлы сипаты, … білім ізгілікті және дамытушы сипаты.

ХІХ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында (2004 ж. ) қазіргі мектептер:

  1. практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  2. қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
  3. еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
  4. орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулер қажет.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды ұмтылғаны көзімізге түсті. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық айқын біле алмайды. Сондықтан, бұл мәселені шешу қажеттілігін көре отырып, біз ең алдымен педагогикалық инновация қалай дүниеге келіп, қалай дамыды? Оның қолдану ерекшеліктері қандай? деген сұрақтарға жауап іздегенді жөн көрдік. Жұмысымыздың жүру барысында тарихи негізге сала отырып, біз ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттедік. «Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі екен. Кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазір де білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияның «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі іn - в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Оженов сөздігі бойынша; инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрынна таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зертей келе Ресейде, шет елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

«Ғылыми қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХғ. басындағы бірден-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғылымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея»

Майлс пікірі бойынша инновация арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз деген.

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс», - деп түсінеді екен.

Найхоз инновацияның үрдіс деп есептейді де, «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», - дейді. Марклунды өзінің соңғы еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды айқандаған. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік қатынаста қарастырады, егер бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйесінде жайылса, оны инновация деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті инновация деп тағы айта алмаймыз. Инновация болу үшін алдын-ала қойылған мақсаттардың оңды нәтижесін жемісін көру қажет. Инновация ұғымының негізін салуға көп үлес қосқан неміс ғалымдары В. Замбард, Мечемек және автралиялық экономист И. Шумбеертді жатқызуға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саями экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданған.

Кейіннен «инновация» ұғымы «білім беру жүйесінен жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.

1957-1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі енеді.

  1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т. с. с.
  2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс» - дейді.
  3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

90-шы жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В. И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болады. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М. М. Потошеник, А. С. Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі»

Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - «инновация» «нововедение», «новшество», «новое» т. б. қазақша акудармаларын жасаған, Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новошество» - жаңалық, «инновационный прогресс» - жаңарту үрдісі(4) .

Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген - новый, яғни аударғанда «обнавление - жаңарту», «новинка - жаңалық», «изменение - өзгеріс» деген мағынаны береді.

«Инновация» дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықтаған(5) .

Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді екен.

  1. жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
  2. өзгеріс;
  3. құрал, әдіс;

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ал, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті(5) .

Соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үрдіс - педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет элементтерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz