Француз костюмінің пішімі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы француз костюмі
2. XVII ғасырдың екінші жартысындағы француз костюмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XVII ғасыр абсолютизмнің гүлденген ғасыры, бұл Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің дамып күшейе түскен кезі. Экономикада біршама дамып, мемлекетте түсініспеушілік пен қақтығыстардың туындаған кезеңі болатын. Дәл осы кезеңде тарих алаңына жаңа класс-буржуазия келеді. Буржуазия абсо¬лютизм мен қақтығысқа түсіп, кейбір елдерде (Англия, Гол¬ландия) алғашқы революциялық теке тірестің біразында жеңіп шықты. Бірақ кейбір елдерде буржуазия әлі әлсіз болғандықтан, абсолютизм жүздеген жылдар бойы өз қарқынымен дами түсті.
Классикалық абсолютизм елдеріне Франция сол жүз жылдықтың екінші жартысындағы соғыстарда жеңімпаз болып, көп пайда табуының арқасында күшейе түсті.
1.Егемен Қазақстан газеті 11 Қараша 2014
2. Тәжімұратова Ә. “Шебердің қолы ортақ”. Алматы 1976ж.
3. Ө. Жәнібеков «Уақыт керуені» Алматы 1992ж.
4.Корпушина Г.Л. «Модели одежды». Москва «Легкая индусрия» 1976 год.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы француз костюмі
2. XVII ғасырдың екінші жартысындағы француз костюмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

XVII ғасыр костюмі
XVII ғасыр абсолютизмнің гүлденген ғасыры, бұл Еуропадағы ұлттық
мемлекеттердің дамып күшейе түскен кезі. Экономикада біршама дамып,
мемлекетте түсініспеушілік пен қақтығыстардың туындаған кезеңі болатын. Дәл
осы кезеңде тарих алаңына жаңа класс-буржуазия келеді. Буржуазия абсолютизм
мен қақтығысқа түсіп, кейбір елдерде (Англия, Голландия) алғашқы
революциялық теке тірестің біразында жеңіп шықты. Бірақ кейбір елдерде
буржуазия әлі әлсіз болғандықтан, абсолютизм жүздеген жылдар бойы өз
қарқынымен дами түсті.
Классикалық абсолютизм елдеріне Франция сол жүз жылдықтың екінші
жартысындағы соғыстарда жеңімпаз болып, көп пайда табуының арқасында күшейе
түсті.
XVI ғасырдың соңында Нидерланды революциясы, XVII ғасырдың ортасында
ағылшын революциясы жеңді. Сауда капиталы дамыған кішігірім ел Нидерландыға
қарағанда, 1640— 1689 жылдардағы ағылшын революциясы мануфактуралық өндіріс
дамуының нәтижесі дейміз. Бұл капиталисте қатынастардың бекуіне негіз
болды.
XVII ғасыр өздігінен драматургия саласында Мольер, Корнель және Лопе
де Вега деген аттарды дүниеге келтіреді. Бейнелеу өнерінде дүние жүзіне
әйгілі Веласкесс, Рембранд, Рубенс, Пуссен секілді атақты есімдер осы XVII
ғасырда туында ды.
Еуропадағы ең бір ірі мемлекеттің бірі болған Франция ХѴІІ ғасырда
үлкен мода орталықтарының бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында 30
жылдық деп аталатын соғыстың ыңғайына байланысты Француз костюмінің пішімі
де өзінше өзгеріске үшырайды.

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы
француз костюмі
Ерлер костюмі XVII ғасырдың бірінші жартысында ѳте ыңғайлы әрі кең
формаға ие болды, олай деуіміздің себебі XVI ғасырмен салыстыра отырып айта
аламыз.
Тұлға сұлбасы, көтеріңкі бел сызығымен және ұзын әрі тар
панталондармен айқындала түсті. Иыққа дейін бос жіберілген шашпен және
үлкен шляпалармен сұлба толықтырылды. Ерлер костюмінің ең негізгі, ері
керекті бөлігі ақ манжетпен қосылып, сырылған үлкен жаға болды. Жаға мен
манжет кружевалармен әшекейленген. Қарапайым халық көйлегін кружевалармен
әшекейлемей - ақ киді.
Көйлек сыртынан камзол киілді, қамзол өзіндік формаға ие болды: бел
сызығы қысқартылды, оны түрлі банттармен сәндеді. Қамзол-куртканың етегі
артынан қысқа, ал алдынан ашық сүйір мүйіз тәріздес ұзын етіп келтірілген.
Жеңі кең әрі ұзына бойына қиықпен кесілді. Сол кескіннің арасында түсті
астары көрініп тұратын.
Қамзол көкірекке келіп түймеленетін болды. Панталон кысқа етіп
тігіліп, балтыр түсынан түймеленетін лентамен байланатын. Балағында ішкі
тігісінен қиылған, қиынды тізеге дейін келетін. Ол аяқ қимылып қысылудан
сақтаған, ал қиық аяқ еркін қимылдау үшін жасалған. Қарапайым жай адамдар
бұрынғысынша кең әрі тізе түсынан байланған шалбар киді. Байлар аяғына ашық
түсті шұлық кисе, ал жай халық ала түсті тоқылған шұлық киді.
Сыртқы киім ретінде тар, жеңі қысқа, қайырма жағалы кафтан киген. Бұл
кафтанды жеңін сүғына кимеген, оны тек иығына жамылғы сулық ретінде
пайдаланды. Жағасына бау тағылып, ол кафтанды ұстап тұру үшін көкірек
түсында келіп байланды. Әсіресе мерекелерде иыққа осындай қысқа кафтан
жамылған. Оның матасы қымбат матадан тігілген, жорыққа шыққанда оның
сыртынан ұзындығы жерге жететін жүн сулық киген.
XVII ғасырға дейін қатаң әскери форма болмаған. Әскери форма XVII
ғасырда ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде пайда болды. Аяқ киім
ретінде туфли мен етік пайдаланған. Етікпен балға келуге де болатын.
Етіктерді жұқа, ашық түсті теріден тіккен. Ол балтырға дейін ұзарып әрі
кеңейе түсті, кейде оны тоқыма баулармен әшекейлеген.
Этикетке байланысты ұзын бос жіберілген шаш модаға енді. Кімде-кімнің
шашы ұзын болмаса сол кезде модаға айналған париктер киген.
Тек буржуа мен қарапайым халықтар ғана ұзындығы құлаққа дейін
қырқылған шаш қойған. Дворяндар кішігірім сақал, мұрт қойды. Бастарына
түйеқұс қанаты қыстырылған ашық түсті фетрлі шляпа киді. XVII ғасырдың аяғы
XVIII ғасыр басына дейін костюм киюге шек қойылмаған. Мысалы, дворянин бір
киімде соғысқа барып, сол киімде қайта балға барып билеуіне, көшеде
қыдыруына болады. Бұл кезеңнің костюмдері ашық түстермен ерекшеленген:
қызыл, сары, ақ, көгілдір. Дегенмен гугенаттар қара түсті, қарапайым
пішімді киімдерді киді.

Әйел костюмі
Әйел костюмі пішіміне қарай ерлер костюміне ұқсас болтан. Білінер-
білінбес кѳтерілген бел сызығы, ұзын, тарлау кең емес майда қатпарларымен,
көтеріліл тұратын юбкасы, сәл қысқартылған, бірақ үлкен сәнді пішімді
жеңімен ерекшеленді. Әйелдер бірден екі көйлек киген: ішкі көйлек ақ, ашық
түсті болса, сыртқы көйлегі одан қоюлау түсті болды. Сыртқы көйлектің алды
белден етекке дейін ашық болып астынан ішкі көйлектің ашық түсті атлас
юбкасы кѳрінген. Көйлектің жоғарғы жағы түймемен түймеленген. Бай әйелдер
түйме орнына сәнді қайырма ілмектермен ілген. Костюмнің бөлігі ретінде
үлкен қайырма жаға болған. Жағаны кестемен сәндеген. Жең онша ұзын емес,
жең ұшына кестелі манжет тігілді. Манжет пішімі үлкен болды. Туфли
оншалықты биік емес, бірақ торлы банттармен әшекейленді. Аяқ киімдер
банттармен сәнделді. Ашық түсті, жібек матадан шұлық киді. Шаш үлгілері екі
түрде болды: артына қарай өріп, қайтарып, тәжі секілді етіп сәндеген,
екіншісі, кекіл қырқып, жанындағы шашын өріп, желке тұсына шпилькамен
түйді. Костюмге қосымша ретінде жинамалы желпуіш, қолғап, сағат т.б.
пайдаланған.

XVII ғасырдың екінші жартысындағы
француз костюмі
XVII ғасырда Еуропа елдері жоғары даму деңгейге жетіл жаңа сипатқа ие
болады. Франция еліңде барлық билік Людовик XIV король қолыңда болды,
Мемлекет ол - мен деген ойын еркін білдірді. XVII ғасыр Франция Еуропаньщ
мәдени орталығы бо-лып саналса, ал Францияның мәдени орталығы Париж болды.
Ал Париждің мәдени орталығы — Король сарайы еді. Сарай өміріңде бітпес
күңделікті мерекелер мен салтанатты жиындар, спектакльдер қойылып жатты.
Бұл көріністердегі басты кейіпкер король. Ca-райдағы бүкіл өмір белгілі бір
этикет қағидалары бойынша өтіп жатты. Мы-салы, король өмі-рінде:
таңертеңгілік туалет, таңертеңгілік ас, түскі ас, кешкі ас кезінде өр түрлі
сый-сыяпаттар өтіп жатты.
Колберн министрі енгізген - меркантилизм саясаты, яғни шет елдерден
бұйымдарды алып келуге тыйым салу нәтижесінде елде қолөнер мен түрлі
мануфактуралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім кию мәдениеті жайында
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Opтa ғасыр костюмі
XVII ғ. 1-ші жартысындағы франция костьюмі
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Костюмнің халықтық сәндік өнерде алатын орны
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
Пәндер