Абай (Ибраһим) Құнанбайев



1 Абай шығармалары өрбу жүйесі
2 Абай тәңріні тану жайындағы философиялық көзқарасы
3 Абай . дарын иесі
4 Абайша, ақындықтың құралы . тіл,"Өткірдің жүзі, Кестенің бізі"
5 Абайдың әлеуметтік . саяси көзқарастары да прогресшілдік бағытта
6 Абай тұсындағы қазақ елінің өндіргіш күштері
Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлімінде "мүтәкәлимин" аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семйеде Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады.
1. «Биография Абая алматы 1992 г.
2. ‘’Абай великий писатель”. Астана 1997.
3. «Абая – основоположник казахской литературы''.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Абай (Ибраһим) Құнанбайев

Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының
арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан;
намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған.
Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын
қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған.
Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде
Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл
оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей
қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам
әлімінде (мүтәкәлимин( аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына
тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра
оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған
Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен
танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семйеде
Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай
қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері,
тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі
кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де
билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері
тұжырымды болады. Ел ішіне осындай онерімен танылған Абай 70 жылдардың
бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып
тағайындалады. "Заманды қай жан билемек" дем өзі айтқандай, би және болыс
болған күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына
кейін өкінгені "Өлсем орным қара жер сыз болмай ма" деген өлеңінен
байқалды. Өмірінің ақырғы шағында, яғни 1903 жылда "Ойға тұстім, толғандым"
деген өлеңінде өкінішін тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған
тұста Абай ауыл арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді
кисық деп санап, бұларды тұзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс
шығара алмаған да, халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге
кіріскен. Содан кейін "Көңілдін күйі тағы да, Өмірдін улап алды ішін,
Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын" деп, біржола өлең жазу
ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы -
қырықты алқымдаған кез.
Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: өз жанынан шығарған төл өлеңдері,
ғақлия (немесе қара сөз) атаған прозасы, өзге тілдерден, әсіресе орысшадан
аударған өлендері. Барлығы 45 "сөзден", үш-төрт мақаладан құралатын
прозалық шығарамаларында Абай тарих, қоғам, дін, шаруа, мәдениет туралы
пікір айтып, өз ұғымын білдіреді. Бірталай "сөздердің" сарыны кейбір
өлеңдерімен қабысады. Бірақ прозалық шығармаларында ол өлеңдеріндегідей
көркемдік дәрежеге көтеріле алмайды, оның есесіне ғибрат айтушы, ақылғой
дана болып көрінеді. Жазу жұмысына 20 жылдай шұқшия отырған Абайдың
басына 1891 жылдан бастап біріне-бірі ұласқан бірнеше қайғы түседі. Сол
жылы Оспан өледі. Бұл қазаға қалай қайғырғаны Оспанға арнаған өлендерінен
байқалды. Осы қазаның күйігі басыла берген шақта, 1895 жылы орысша жоғары
әскери білімі бар, армияда офицерлік қызметте жүрген баласы Әбдірахман
(Әбіш) өледі. Бұл баласын "жаңаның алдына", өзін "ескінің артына" санаған
Абайдың оған тіпті күйзеле қайғырғаны осы тақырыптағы көптеген өлеңдерінен
көрінеді. "Замана, неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған" деген өлеңін
осы кезде жазады. Әбдірахманның өліміне көптеген басқа да өлендер
арнайды. Бұл қайғыны әрең көтеріп жүрген кезінде, 1904 жылы Абай тағы
бір ауыр қазаға ұшырайды. Сол жылдың көктемінде және бір баласы, талантты
ақын Мағауия (Мағаш) опат болды. Ол Африкадағы құлдар тұрмысынан "Медғат-
Қасым" деген көрнекті поэма жазған ақын еді. Осындай қабаттасқан қайғы-
қасыреттен күрт сынған Абай Мағауядан 40 күн кейін өзі дүние салады.
Абайдің сүйегі Шыңгыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның
қасына жерленеді.
Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-
ақ ақындық үшқыны шашырағанымен, біріңғай жазу жумысымен Абай жасы 40-қа
жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжиребесінің молаюы және
көркем әдебиетке деген қөзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару
ісіне жас өспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы
сәулелі және көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды.
Халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл
талабынан ол оншалықты нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы
деп ойлаған істерін көркем сөзбен, әсірісе өлеңмен насихаттамақ болады.
Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің ең күшті жанрлары шешендік сөз бен өлең-
жыр болатын. Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. "Ескі бише отырман
бос мақалдап, Ескі ақыншы мал үшін тұрман зарлап" дейді ол. "Ескі бише
бос мақалдап "дегенді Абай босқа айтпаған. Патриархты аулдың көне заманнан
Абайға дейінгі дау істерін билер шешіп келген. Билік үстінде олар өз ара
шешендік салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ,
қарасына қарамастан, сол жеңіп отырған. Қазақтың "Істің ағы білмейді,
жігіттің бағы біледі" деген мақалы содан шыққан. "Ескі ақынша мал үшін
тұрман зарлап "деуі қазақтың өлеңді ауызша шығаратын ақындардың көбі
кедей болып, өлендерін күн көрістің құралына айналдырған; тындаушыларынан,
әсіресе олардың байларынан ақы тілеген. Сондықтан да Абай оларды "Жат
елде қайыршылық қылып жүрып, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап" деп
сөккен. Абайға дейінгі қазақтың байлары немесе атақтылары "руымыздан
ақын мен бақсы шыққан жоқ" деп мақтанған. Өйткені ақындық кедейлердің күн
көріс кәсібіне айналып, тілемсектік пайда болған. Содықтан Абай оларды
менсінбей, "Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді қылған жоқтан қармап"
деген . Ел ішінде аты ауызға ілінген дара ақындар шыға бастаған кезде,
Абай олардан да мін тауып: "Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Олеңі бірі
- жамау, бірі -құрау" деген. Халық жырларының эпикалық түрлерін айтатын
жырауларды да жаңа заманға лайық көрмей, Абай "Батырды айтсам, елшауып
алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек
әңгемеге, Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап" деп, өз тұсының тыңдаушысына
тигізе сойлеген. Қасқасы Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын
жөнінде көп нәр алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба
әдебиетке шексіз үлгі етпеді.Оның көп қолданғаны - мақалдар мен мәтелдер.
Бұларды өлеңіне ретін тауып қосып отырған. Мысалы, "Аларманға алтау аз,
берерменге бесеу көп" деген мақалды өлеңінде "Берерменге бесеусің,
Аларманға және алтау" деген түрде алған.
Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы таныстығы
мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерін пір тұтып,
оларға сиынады да: "Иузи - раушан, көзі гауһар","Әлифби" тағы бірнеше қысқа
өлеңдерін солардың үлгісінде жазады. Кейін "Масғұт" және "Ескендір"
дейтін екі Шығыс хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген
Абай тәңріні тану жайындағы философиялық көзқарасын да өлең еткен.
Шығыстың классикалық поэзиясының үлгілеріне үйренген. Алайда ол ислам
ақындарының дінді уағыздайтын "мінажат" аталған щығармаларың үлгісінде аса
көп ештеңе жазбаған. Абайдың жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенері-алдымен
орыс әдебиеті, әсірісе оның 19 ғасыры болған. Ахмет Ризаның Семейдегі
медресесінен кетер алдында Абай үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап
жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де, Семеймен қатынасын
ұзбей, ондағы орыстардан достар тапқан, әсіресе саяси көзқарастары үшін
жер аударылған орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П. Михаэлиспен
танысып, орысша білімін тереңдете түсүге жәрдем алған. Семейде айлап жатып
және ауылға алып кетіп, Гоголь атындағы кітапхананың көп кітаптарын оқыған.
Абайға ерекше жәрдем берген - өзінің туған інісі Халилолла (Халел)
Өскенбаев. Ол орысша бастауыш білімді Семейде алған, одан кейін Омбыдағы
кадет корпусында, Москваның Павлов атты әскери училищесінде оқыған.
Замандастарының, әсіресе Г.Н. Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен
қатар көркем әдебиетті де жақсы білген.Ол әскери қызметте жүргенде, жасы
отызға жетпей қайтыс болған. Осы адамдардың ақылымен және өз ынтасымен
Абай орысша кітаптарды көп оқыды. Бұлар - тек орыс авторларының
шығармалары ғана емес, дүние жұзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының
орыс тіліне аударылған енбектері. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы
Аристотельдің философия және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Сол
кездін атақты данышпаны Сократты да білетіндігі шығармаларынан көрініп
отырады.
Орыстың ойшыл ғалымдарынан Абайдың ерекше ұнатып оқығаны-
В.Г.Белинскийдің енбектері. Оның эстетикалық қағидаларын өз шығармаларына
таяныш қылып қолданған. Сайып келгенде, бұл қағидалардың айтары: өнер -
өнер үшін емес, өмір үшін; көркем шығарманың міндеті - өмір шындығын қаз-
қалпында сипаттау ; ақынның міндеті - өз заманының жыршысы болу. Көркем
Әдебиетке осындай көзбен қараған Белинский орыс әдебиетінің 19 ғасырдағы
өкілдерінен А.С. Пушкинді үлгіге тартқан. Оның айтуынша, Пушкиннен бұрынғы
және онымен тұстас орыс жазушыларының бәрі Россия жерінде ағатын өзендер
болса, Пушкин - солардың бәрін бойына жинайтын Еділ. Белинскийдін ойынша,
өз ұлтын сүйген адам ғана бүкіл адамзатты сүйе алады. Белинскийдің
бағасынша, орыс әдибиетін шын мағынасындағы бірінші ұлттық ақын - Пушкин.
Белинскийдің бұл пікірін өз творчествосына нысана тұтқан Абай қазақтын
бірінші ұлттық ақыны болған. Ол жазушылыққа үлкен тәжірибемен және
теориялық даярлықпен кірісті. Көркем әдебиеттің теориясына жетік, оның
өркендеуіне жөн сілтейтін адамның бәрі бірдей ақын я жазушы бола алмайды.
Жазушылық, яғни көркем ойлап, сол ойын ауызша айта аларлық немесе қағазға
түсіре аларлық дарын - адамның бойына табиғат беретін сый. Абай - осындай
дарын иесі. Оның ойынша, ақындық - адамға "тәңірінің берген өнері", ол кез
келген жерде таси бермейді, шабыт келген сәттерде ғана, яғни ақынның не
қуаныш, не қайғыға батқан шақтарында ғана келеді. Абайдың өмір жолы
М.Әуезовтің романдары мен зерттеулерінде толық бейнесін тапқан.
Абайша, ақындықтың құралы - тіл,"Өткірдің жүзі, Кестенің бізі", яғни
көркем өнердін басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды.
Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде:"Мақсұтым - тіл
ұстартып, өнер шашпақ" дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін
оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады. "Бөтен сөз"
дейтіні: біріншеден, ауызша немесе жазба әдебитте белгілі бір пікірге
қатысы жоқ жолдардың, сөздердің бытысып жүруі; екіншіден, қазақ тіліне
ислам діні арқылы кірген, қазаққа ұғымсыз араб, парсы сөздерінің орынсыз
араласып кетуі. Белинскийдің қағидасын қолданатын Абайдың да ойынша :
"Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы . Тілге
жеңіл, жұрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы". Бұл тақырыпқа
ақын жұрттың ұғымына әрі жеңіл, әрі көркем түр тапқан.
Абай поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол поэма
жанрына беріле бой ұрмаған ақын.Бірақ Абай қысқа өлеңдеріңде табиғаттың
бейнесін адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын
суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа жазған өлеңінде болса да ;
қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады.
Мысалы, қысты ол "Ақ киімді, денелі, ақ сақлды, Соқыр , мылқау, танымас
трі жанды...Кәрі құдаң - қыс келіп , әлек салды* деп,қазақтың қатал
шалдарына ұқсатады. Сонмен қатар, қазақтың сол кездегі да киіз үйде
отыратын тұрмысын елестетіп, *Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты
қанат ақ орда үй шайқалды" дейді. Мезгіл тақырыбында жазған өлеңдерінен
табиғат көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен
жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп
отырады."Жазғытұры"," Жаз", "Күз", "Қан сонарда", "Желсіз түнде жарық ай",
"Шоқпардай кекілі бар..." сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан
шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл-тек
қазақ даласында кездесетін көріністер. Болыстарды, билерді, пысықтарды,
тағы сондай типтерді суреттегенде, көз алдыңа тірі адамның бейнесін
елестетеді. Өзінің және өзгелердің жан-жүйесін сипаттағанда да Абай өте
шебер. Жастардың махаббат сырын бейнелеуде де алдына жан салмас жүйрік.
Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында негізінен "қара өлең" және "жыр"
аталатын екі-ақ өлең түрі болған. Абай өз шығармаларында осы екі түрде де
байытып, кең пайдаланған. Бірақ ол қазақ поэзиясының өлшемімен ғана
қанағаттанып қойған жоқ. Орыс және дүние жүзі поэзиясының жетістіктеріне
сүйене отырып, қазақ өлеңіне тыңнан 17 түрлі өлең өлшемін қосты. Солардың
ішінде "Сегіз аяқ" және 16 тармақты "Сен мені не етесің" сияқты дүние
жұзіндегі поэзияға қосқан жаңа өлшемдері де бар. Абай тыңнан жасаған
өлшемдерінің сауатсыз аулдың тыңдаушылары, азғана оқырмандарына түсінікті
болу жайын да қарастырады.
Абайдің дүниеге көзқарасы 19 ғасырдың 2 - жартысында Қазақстанның
экономикасы мен қоғамдық өй пікірінің прогресшіл бағытта даму ықпалымен
қалыптасты. Ол дүние тану жолында орыстың прогресшіл ойшылдарының,
революцияшыл демократтарының шығармаларын оқып және өз дәүірінің алдыңғы
қатарлы ой-пікірін қорытып, бұларды қазақ өміріндегі аса маңызды
мәселелерді түсіндіруге қолданды.Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған
басты философиялық мәселелер: құдай мен табиғат, адам мен кұдірет, жан мен
тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай прогресшілдік
тұрғыдан жауап беруге тырысты. Бірақ сол кезде үстемдік еткен патриархты-
феодал коғамның діни-идеалистік козқарастарының ықпалынан толық шыға
алмады. Сондықтан да Абайдың философиялық пайымдауларында ғылыми-
ағартушылық, материалистік ой-пікілер діни - идеалистік көзқарастармен
ұштасып жатады. Абай бір жағынан құдай бар, ол жаратушы деп ұғындырса,
екінші жағынан дүниенің әлемнің объективтік зандылықтарын мойындайды.
Сөйтіп, дүниені тұсіндіруде деистік қозқарасты жақтайды. Адамды дүниенің ең
маңызды бөлегіне жатқызып, Абай басқа кұбылыстардан ерекшеліктерін, ішкі
мәнін ашуға тырысады. Оның түсінуінше, қайрат, жүрек (сезімталдық), ақыл -
тек адамға тән қасиеттер. Ақылдылық өтірікті ақиқаттан ажыраттырады,
қайрат адамды алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылдырады. Жүрек
әділеттілік пен әділетсіздікті білдереді. Адамның ақылдылығы,
саналалылығы, Абайдың ойынша, білімділікпен, ғылымды зерттеумен, дүние
құрылыстарының ішкі сырын білумен болмақ. "Оныншы" және "Қырық үшінші"
қара сөздерінде адамның ақыл-қабілеттілігін қудайдан боліп алып, оның еңбек
етуіне апарып тірейді. Сөйтіп, Абай деистік ұғымнан материалистік
көзқарастың бағатына түседі. "Біз жанымыздын ғалым шығара алмаймыз,-
дейді Абай ,- жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен
көріп, ақылмен біліп." Демек, Абай дүние тану процесінде екі элементтің-
сезім мен логиканың, түйсік пен ақылдың қатынасатын мойындайды. Танымда
ақылдың ролін көтермелеп, рационалистердің позициясына жуықтайды. Себебі
Абай үшін ақиқатты анықтаушы, айтылған пікірлердің шындығын яки
жалғандығын шешуші тек ақыл ғана. Сондықтанда Абай :"Ақыл сенбей
сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Ақылменен
жеңсеңіз" дейді. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, ағартушы
Абайдың түсінігі бойынша, адамға тән қасиет болуға тиісті. Дүниенің
көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай,
хайуан жаны болады" дейді. Абайдың дүние тануында стихиялы диалектикалық
көзқарастың орын алғандығын шығармаларынан аңғарамыз. Айналадағы дүние
құбылытсарын зерттеген от былайша тұжырымдайды : "Дүние бір қалыпта
тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай
тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ " Тек табиғат қана емес, адамзат
қоғамы да өзгереді, бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді. "Дүние -үлкен көл
болса, "Замана - соққан жел" дейді Абай "Алдыңғы толқын - ағалар, артқы
толқын - інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер".Демек Абай үшін дүние
ағып жатқан судай, коғам да өне бойы өзгеру процесінде болмақ. Дүниеде
мәңгі еш нәрсе жоқ. Абайдың философия ой-пікірлерінің әлеуметтік маңызы
мынада : ол діни мистикалық қара түнекте әшкерелеп, феодалдық идеологияға
соққы берді, ақыл-парасатты дәріптеді, қазақ елінде ғылым мен ағарту
идеяларын насихаттап, олардың кеңінен тарлуына жол ашты.
Абайдың әлеуметтік - саяси көзқарастары да прогресшілдік бағытта
болды. Ол патриархты-феодалдық коғамдағы надаңдықты, кертарпалақты,
әділетсіздікті ,заңсыздықты, зорлық-зомбылықты мықтап және жан-жақты
сынады. Қанаушы тап өкілдерінің кедей-жалшыларға жасаған қаталдығына,
жауыздығына қарсы шығып, замандастарын мейірімділікке, гуманизмге
шақырды. Абай объективтік тұрғында қазақ енбекші шаруаларының идеологы,
сәулетті болашақтың жаршысы болды. Ол қазақ халқын экономикалық және
мәдени мешеулікке қарсы күреске, прогреске, отырықшылыққа, шаруашылық пен
мәдениетті жан-жақты дамытуға, халықты ағартуға, білімге шақырды. Қазақ
елін алға бастыруда орыс халқынан үлгі алып, оның мәдениетін, білімін,
ғылымын үйренудің қажеттігін атап көрсетті. "Жиырма бесінші" қара сөзінде
:"Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда - бәрі орыста зор.
Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек
керек.Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін
білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі
онымен бірдейлік дағуасына кіреді... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің
кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі",-деп жазды. "Алланың өзі де
рас, сөзі де рас " деп, ислам дініне берік сенетін Абай адамды да
жаратушы алла деп түсінеді де,"Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де
сүй, ол алланы жаннан тәтті " деп, адамды әуелі алланы сүюге шақырады.
Бірақ ол исламның шариғатшыл оқымыстырарындай, тек алланы сүюмен ғана
қанағаттанбай,"Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар одан
басқа" деп, ең жоғары санайтын алламен қатар адамды да сүюге шақырады.
Ислам ғалымдары бұл дүниені уақытша, фани деп, сондықтан оны "жалғанға"
санап, одан бездіруге тырысса, рақатты адам өлгеннен кейін қайта тіріліп,
ақирет аталатын бақилық, яғни мәңгілік тұрмыста көреді десе, ол үшін бұл
жалғанды тек құдайға құлшылықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың педагогикалық көзқарасы
Абай үшкілі
Ибраһим Алтынсарин жайлы
Тұлғаның жанұямен қарым – қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық ерекшеліктері
Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық таланты
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Абай Құнанбайтың өмірі мен шығармашылығы
Тарихи тұлғалар туралы
ҚҰРАН ЖӘНЕ ШАЙЫРЛАР ПОЭЗИЯСЫ
Пәндер