12 жылдық оқытуда қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттерін ашу
Кіріспе
І тарау 12 жылдық білім берудің негізгі бағыттары
1.1. 12 жылдық білім берудің негізі
1.2. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттілігі
ІІ тарау Жаңашыл педагогтың дамуы мен қалыптасуы
2.1. 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері
2.2. 12 жылдық білім берудің стандарты
Қорытынды

. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына”, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

1.Он екі жылдық білім беруге көшу- Бастауыш мектеп.- 2001 №1.
2.Ізмұқанов М. 12 жылдық мерзіміне көшу туралы. Бастауыш мектеп. -2004, №1.
3.Кенеш Ә.С., Есенова М.И., Жадраева Л.У. Кіші жастағы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесі және оны ұйымдастыру. Әдістемелік құрал.- Астана: РҒПО 12 жылдық білім проблемалары, 2004.- 62 бет
4.Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. 12 жылдық білім методологиясы. Оқу құралы - Алматы, 2004.- 138 бет
5.Кенеш А.С., Қалиев Ж.Н., Әбдірәсілова Л.Ә. Оқу тәрбие процесінде ұлттық - мәдени құндылықтарды пайдалану. Әдістемелік құрал.- Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 2004.- 45 бет
6.12 жылдық білім. Республикалық 12 жылдық білім беру проблемалары ғылыми - практикалық журнал. 2004 №1
7.Балғожина Н.Р., Сулейменова Ш.Ә. эксперименттік сынып оқушыларының оқу нәтижесін бақылау және бағалау.- Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми практикалық орталығы, 2004- 20 бет
8.Омарова Р.С., Кудайбердиев Т.К., Сариев А.А. Особенности процесса обучения в условиях 12-летней школы Методическое пособие.-Алматы: Гылым,2ООЗ.-4Ос
9.Мониторинг образовательного процесса начальной школы. Методическое пособие. Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования ,2004.-97с.
10. Дидактические игры на уроках технологии и изобра- зрительного искусства (для детей шестилетнего возраста). Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования.-2ОО4.-38с.
11. Пустовалова Н. Реализация преемственных связей в формировании элементарных математических представлений у старших дошкольников в условиях перехода на 12-летнее Обучение.-2ОО4№2
12. Жадрина М. Поиск условий развития школьного образования в контексте_ перехода на 12-летний цикл обучения+ Творческая педагогика.- 2ОО2 №2
13. Мажикеев Т. Некоторые аспекты перевода организаций образования на 12-летнее обучение или авторское видение основ 12-летнего образования. Творческая педагогика 2002 №2
14. Тургумбаева Ж.М.,Смагулова А.Т.,Тулебаева Х.Т.,Дюсенова У.А.,Оразбаева З.Е. «Особенности здоровье сберегающей технологии обучения младших школьников на уроках».- 2ОО2.-23с.
15. Методическое руководство диагностики состояния экспериментальной работы в классах с 12-летним обучением.-Астана: 2ОО4.52с.
16. Диагностика состояния Зкспериментальной работы в классах с 12-летним обучением.-Астана:РНПЦ проблем 12-летнего образования,2ООЗ.-23с.
17.Есенова М.И.,Жадраева Л.У.,СуворинА Г.Е. Структурирование учебно- -методического комплекса по математике для учащихся и учителей начальных классов.Методическме рекомендации.Астана:РНПЦ проблем 12-летнего образования,2ООЗ,17с.
18. Развитие познавательной активности младших школьников в условиях 12-летнего образования. 2ОО4.-56с.
19. Садыков Т.С.,Абылкасимова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. Алматы: НИЦ»Гылым»,2ООЗ.-164с.
20. Тургумбаева Ж.М.,Тулеубаева Х.Т.,Даниярова К.А., Адинаева К.К. «Организация и проведение поискового эксперимента на начальной ступени 12-летнего обучения» Методические рекомендации. Астана:РНПЦ,2ОО2.-32с.

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12
жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған
білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім
беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу
басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан
Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және
ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына;
“Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына”, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси
жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына
сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп
бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары
бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің
шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері
әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да
төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру
тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді,
сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр.
Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың
денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз
өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды.
Зерттеудің мақсаты. 12 жылдық оқытудағы мақсаттары:
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
- өзін-өзі дамытуға;
- жоғары білімді шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру;
- жеке тұлға интеллектісін байыту;
- бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкіндіктерін ашу.
Қоғам алдында, білім беру жүйесіне қойылған міндетке сәйкес, білім беру
жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін
мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр.
Зерттеудің міндеті. 12 жылдық білім берудің негізгі үрдісі анықтауда
мынандай міндеттер алға қойылады.
- 12 жылдық білім берудің негізгі бағыттарын анықтау;
- 12 жылдық білім берудің негізі сатыларын дамыту;
- 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттілігі ұйымдастыру;
- 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері айқындау.
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің
бірі - жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде,
тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды
көздейтін, білім берудегі қүзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.
Зерттеудің теориялық қолданымы. Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай
ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және
алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен
қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы
ұлттық құндылықтарды көздің қәрашығындай сақтауды талап ететін тұрақты
жүйелерден тұрады. Сондықтанда 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге
асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың
сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына
мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Жеке түлғаның білім алу және рухани
қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру,
қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу-тәрбие
процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түзеуі арқылы жүзеге
асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының
мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.
І тарау 12 жылдық білім берудің негізгі бағыттары
1.1. 12 жылдық білім берудің негізі
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған
халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ,
Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда –
13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру
барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып,
өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл,
бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында
12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2005-2008
жылдарға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын
құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды
жұмыс жүргізілуде. Егер 2003-2004 оқу жылдарында бұл экспериментке 52
мектеп қатысса, 2004-2005 оқу жылында олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық
жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-
жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар
туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар)
сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл
бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-
қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12
сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да
толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да
әдістерін табу мәселелері толып жатыр.
Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12-жылдық білім мәселелерінің
Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат, еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, оны әлемдік
білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Ал бұл мақсатты білім жүйесін
реформалаусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда, білімді реформалауда бүкіл
дүниежүзілік тәжірибені пайдалана отырып, ұлттық білім беру үрдісінің озық
үлгілерін соған сәйкестендіру, білім сапасын бәсекеге қабілетті етіп,
ұлттық білім мен тәрбиені жаңа арнаға салу үнемі естен шығарылмауы қажет.
Бұл тұрғыдан алғанда, білім беру саласын реформалау — бүкілхалықтық іс.
Еліміздің ертеңі рухы биік, танымы терең, білімді білікпен ұштастырған
ұрпақ қолында болғандықтан, бүгінгі білім жүйесінде жүріп жатқан
өзгерістерге бүкіл қоғам тарапынан қолдау, түсінік қажет. Себебі, ғасырлар
бойы арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген егемен еліміздің өркениетті
елдер қатарынан лайықты орын алуы білім беру жүйесінің даму деңгейіне
тікелей қатысты. Олай болса, білім реформасы – баршамызға ортақ, ұлт
мүддесінен, ұрпақ қамынан туындап отырған іс.
Қазіргі уақытта республика жұртшылығына белгілі болып отырғанындай,
2004 жылы Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз қалаларында жаңадан 5
педагогикалық институт қатарға қосылды. Бұл шараның негізгі мақсаты –
мұғалімдердің даярлық сапасын арттыру. Осыған байланысты педагог кадрлар
даярлауға жыл сайын мемлекеттік тапсырыс та, мамандардың сапасына
байланысты талап та өсе түсуде. Америка мен Еуропаның көптеген елдерінде
бұрыннан қолданылып келе жатқан, біздің республикамыздың оқу орындары үшін
жаңа қадам болып табылатын оқудың кредиттік жүйесіне көшудің де негізгі
мақсаты студент пен оқытушының жеке жауапкершіліктерін өсіру мен
студенттердің белсенділігін арттыру арқылы белгілі сапалық деңгейге көтеру.
Мектеп – білім беру жүйесінің ядросы. Біздің білім ордамызда “Балалар
әлемі” атты ғылыми-әдістемелік зертхана құрылды. Зертхананың басты бағыты
бір деңгейге арналған оқулықтар даярлау мен оқу процесінің ұйымдастыру
сапасын бақылау мониторингі (1-4-сыныптар) болып табылады. Аталмыш зертхана
орта және шағын комплектілі мектептермен, эксперименталдық базалармен
бірлесіп жұмыс атқарады. Зертхана қызметкерлері тарапынан қала және
облыстың орта мектеп мұғалімдеріне арналған “12 жылдық білім беру және
оқулық теориясы” атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырады. Әдістемелік
бағдарлама дайындауға атсалысады. Мұның бәрі мектеп пен жоғары оқу орнын
байланыстыратын іс-шаралар. Үздіксіз педагогикалық білім беру төңірегінде
жаңа ғылыми идеялар енгізу үшін лаборатория қызметін кеңейтіп, соның
негізінде “Мектеп институты” атты ғылыми-зерттеу орталығын ашуды жоспарлап
отырмыз.
Мемлекетіміз экономика, халықты әлеуметтік қоргау, денсаулық
салаларымен қатар, білімге ерекше көңіл бөліп отыр. Бәсекеге қабілетті елу
елдің қатарына ену үшін, ең алдымен, бәсекеге қабілетті білім, еңбек
ресурстары қажет екені сөзсіз. Білім берудің халықаралық стандартына кіру
үшін оқытудың 12 жылдық жуйесіне көңілде өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл
тақырып бойынша 1-сәуірде Елбасымыз білім сапасын анықтаудың жаңа жобасын
енгізуге багытталгап шаралардық барысымен такысты. БЫім және ғылым министрі
Жансейіт Туймебаев 100 мектпеп, 100 аурухана бағдарламасына орай дарынды
балаларга арналган 46 мектпептің салынғанын жеткізді. 12 жылдық білім
беруде арнайы мамандандырылған және техникалық салаларға, ғылымга баса
назар аударылып жатқанынан хабардар етті.
2О08-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама түзіліп, алты ауданнын
жеті мектебінде дай-ындык дәрістер өткізілуде. Алды-мен 12 жыллык білім
берудің — бастауыш, негізгі және бейімдік болып үлкен үш топттық кезеңмен
окытылуына токталайык. Алдынғы екеуі бурынғы жүйеге заманауи бағытга жана
елістеме-лерді коздану аркылы өтілсе, соңгысынла 10-сыныптын жеткіншектері
белгілі бір мамандыққа бейімделіп білім алатын болады. Алайда. психологтар
бастауыш сыныпта окитын окушылардың жүйкесіне шамадан тыс салмак түсіріп
алмау керектігін айтуда. Ол үшін ынтаны оятатын түрлі ойындар,
қызығушылыкты арттыратын зертханалык жұмыстардың өткізілуі мен
дәрісханалардың заман талабына сай жабдықталуына жете назар аудару керек.
Бұл жағынан ауыл мектептерінің біразы ақсап жатканы белгілі. Мәселен,
облысга казіргі танда 13032-ге жуық бастауыш сыныптарда 193490-нан астам
оқушы дәріс алуда. Олардын ішінде 1-сынып окушыларының 44 пайызы ғана жас
ерекшеліктеріне сәйкес парталармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, ыстық
тамак, тасымалдау сияқты түйткінді мәселелер шаш-етектен. Дегенмен.
облыстық білім басқармашылық бастығы Балкия Көмекбаена осы мәселелердің 12
жылдык білім беру жүйесіне аймактық бағдарламада кемімен сөз етілгенін
айтып. шешіу жолдарынын қарастырылып жатканын алға тартты.
Тағы бір айта кетерлігі, 12 жылдык білім беру жүйесінде мектепалды
дайындық топттарына көп көңіл бөлінген. Әсіресе, бұл процесті іске асыратын
мұғалімдерге де талаптар күшейе түскен. Бұл жөнінде басқарма бастығы: 2010-
2011 оку жылында 1-сыныпқа 83298 бүлдіршін келеді деп күтілуде. Оларды
алдын ала мектепалды дайындықпен қамту келер жылы - 75, ал 2011 жылы — 85,
2012 жылы — 80 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда облыстағы
мектепке дейінгі 100 ұйымдағы 258 мектепалды дайындык топта 7262 бала
окуда. Жалпы, білім беретін 904 мектепте 1923 мектепалды даярлык сыныптарда
қаркынды тірліктер аткарылуда, — деді.
Негізгі сатылы білім беру. Мұнда білімді, білікті жасөспірімдердің
шығармашылықпен айналысып, өмір сүруге бейімделуге мүмкіндігі көп. 12
жылдык бағдарламаға сәйкес, облыстағы 95 физика сыныптарыи 2011 жылы 165-
ке, химия сыныптарын 23-тен 92-ге, биология сыныптарын 22-ден 113-ке,
лингофонды -мултимедиялык сыныптарды 265-тен 531-ге жеткізу жоспарланған.
Іскерлікті арттыратын мұндай дәрістермен қатар, рухани-адамгершілік бағытта
білім беретін пәндер ле енгізілген. Облыстык балалар құқығын қорғау
департаментінде арнайы бір бөлім тікелей осы сабактан қалалық және аудандық
жасөспірімдердің бойына отан-сүйгіштік, сыйластық пен үлкенді құрметтеу,
кішіпейіллілік сияқты касиеттерді сіңіруде эксперименттік жұмыстар жүргізіп
келеді. Департамент қызметкерлерінің айтуына қарағанда, нәтижесі ойдағыдай
да жоғары. Бірақ, бір анығы. бүұл пән бойынша әдістемелік кұралдар мен
окулықтар жоктық қасы.
Акпаратты көруге арналған экран мен маркерлік тақтаны біріктіруге
мүмкіндік беретін құраллардың бірі — интерактивті тақтаның 428-і биыл 107
мектепте орнатылмақ. Онда окушылар турлі слайдтар мен бейне көріністер
көріп, жазып, сызбалар сызып, сурет сала отырып уақыттарын үнемдей алады.
Мұны сөз етіп, алаңдап отырған ешкім жоқ. Жастарды мектептің материалдық
жағдайын көтерумен емес, кітаптағы білімді жеткізу аркылы бәсекеге
кабілетті етпейміз бе? Бірақ облыстық білім баскармасының берген
мәліметтерінде облыс бойынша жалпы окушылардың кітапхана қорынан тегін
кітаппен қамтылғаны 82 пайыз болса, калғаны ата-ана есебінен дүкендерден
алып оқуда. Бұрынғдан белгілі жәйт, тегін кітаппен Үкімет қаулысы негізінде
жетім және ата-анасының қамкорлығынсыз қалған. не тұрмыс жағдайы төмен, көп
балалы отбасынан шыққандар қамтамасыз етіліп келеді. Десек те, жасыратыны
жок, жаңа оқу жылы басталған тұста кітап іздеп сандалған ата-аналарды
көресіз.
12 жылдық білім беру реформасында ең бір шешімін таба алмай келе жатқан
мәселе — оқушылардың оқулықпен толық қамтамасыз етілмеуін айтуға болады.
Уақыт жақындаған сайын, осы түста шикіліктердің бары аңғарылуда. Реформа
күшіне енгенде кітаптардың да мазмұны міндетті түрде өзгеріске ұшырайды.
Ал, Бірден айту керек, жүргізілген сауалнамаға қарағанда. аталмыш топтық
кезеңге жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары денгейде. Сөзіміздің дәлелі
ретінде төмендегідей сараптау жүргіздік.
Былтыр кәсіптік лицейлерді 4686 маман бітірді. 2007 жылмен
салыстырғанда, бұл көрсеткіш 6 пайызға артқан. Ал, 2008 жылы мемлекетгік
коллелждерді 2862 түлек тамамдаса, алдыңғы жылға қарағанда мұның 22
пайызға көбейненін көруге болады. Осыған орай, кәсіптік лииейлердің күрделі
жөндеу жұмыстарына да бөлінген қаржы көлемі 2007 жылғы көрсеткіштен - 24,
ал колледждерде — 18 пайызға артты. Жалпы, бейімді білім беру жүйесінде
жеке тұлғаны даралап дамыту арқылы мемлекеттің ең қымбат капиталын
қалыптастырып, жетілдірудің негізі жасшығатындығына толық сенуте болады.
Бірақ, бұл процеске дейінгі нысандарда бірқатар мәселелер туындап отыр.
Соның бірі — үш ауысымдағы мектептер. Соның деректер бойынша олардың саны —
29. Алайда, 2010 жылға дейін бұл көрсеткішті 7-ге тусіру қарастырылған.
Бірақ, бірі қынжылтатыны, кейінгі кезде облыстың кей аймақтарындағы су
тасқынының салдарынан күрделі жектеуді қажет ететін мектептердің саны
едәуір артып отыр. Ал, сабан сылақпен салынған білім ошақтары мен
ыңғайластырылған жайда орналасқан ғимараттарды жаңа құрылыстар есебінен
азайту да көзделген.
Қысқасы, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін алдымен материалдық-
техникалық базаны жалға қою керек. Ең олқы соғып тұрғаны осы. Сосын
оқулықардың сапасындағы мен аздығын бүгіп қалуға болмайды. Осы ретте, көш
жүре түзеледі - деуге сірә жол берілмесе керек. Өйткені, 12 жылдық
білім жүйесіндеміз деп ауыз толтырып айтқанмен, жасөспірімдерге бұл жүйелі
игеру қиын болары сөзез. Ұстаздар қауымының да өзгерісті дереу жанданырып
әкетуге толық дайын еместігін аңғару қиын емес. Кейінгі көрсеткішгерге
қарағанда, бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің жартысы ғана
арнайы курстан өтті Опық үстіне, әрбір үшінші мектепте биология, физика,
лингофонды сыныптардың жоқтығын да айтып өттік. Егер де, осының бәрі
орынсалса ғана, 2010 жылы 12 жылдық есігіңді аш! деуге болар еді. Бірақ,
маселе мүлдем олай болмай тұр. Себебі, қаржыға байланысты дәл қазір біраз
тірліктер тоқтап қалды. ал, жарты жылдан сәл астам уақыт аясында
көрсетілген мәсслелердің толық шешілуі неғайбіл. Және мына мәселені
ескерсек, күмәнімізге шек келтірмеуге болады. Мысалы, қазір облыста 173
балабақша болса, онда 24462 бала тәрбиелінуде. Ал, 22136 бала кезекте тұр.
Демографиялық есім кобейіп келе жатыр, Мәселен, 2008 жылы Оңтүстікте 75966
сәби дүние есігін ашты. Екі жылдан соң осыншама бүлдіршін бөбекжайдың
есігін қағады. Демек, 12 жылдық білім беру жүйссіне көшу үшін, ең алдымен
бөбекжайлардың жайын реттеу керек.
Былтырғы мәліметтерге қарағанда, мектептердегі тазалық нормаларының
талапқа сай болмауынан, жыл сайын балалар арасында мыңдаған ауру түрі
тіркеледі екен. Бұл дегеніміз, балалардың денсаулығы да толғандыратып
мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, 12 жылдық білім жуйесін жеделдетіп
көшеміз деуге дәл қазір асығыстық болатын тәрізді. Десек те, дайындық
жұмыстарында кідіріс болмауы тиіс.
1.2. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттілігі
Заман талабы 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап
отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу
арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа
ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір
бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді
қамтамасыз етуді мақсат етеді.

өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала
болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау
жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу
қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын
бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік,
әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл
оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға
тікелей мұрындық болады.
Ең басты мәселе, 12 жылдық мектепке өтудің ғылыми негізін дұрыс жасау.
Бұл бағытта атқарылған істерден, атқарылуы қажетті істер көбірек.
12 жылдық мектептің басты мақсаты, білім, білік, дағдымен бірге, барлық
дамыған елдер іске асырып отырған, құзырлылық пен әлеуметтендіруге
бағдарланған білім мазмұнын түзіп, білім сапасын анықтаудың жаңа жүйесін
енгізу. Ол үшін алдымен мынадай бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізу
қажет: құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру жағдайларында білім процесін
ұйымдастыруды теориялық-әдіснамалық негіздеу; оқу пәндерінің мазмұны арқылы
оқушыларды әлеуметтендірудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау;
оқушылардың жаңа материалды өздігінен игеруіне бағытталған оқу процесін
ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құру; нәтижеге бағдарланған
оқытуда мұғалімдерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
жалпы білім беретін мектептерде 12 балдық рейтингтік бағалауға өтудің
ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау; 12 жылдық оқытудың жалпы міндетті
білім стандарттары талаптарына сәйкес, пәндер бойынша оқулықтар жасаудың
ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау; 12 жылдық мектеп оқулығына мониторинг
жүргізудің ғылыми және практикалық негіздерін түзу және т.б.
Бізде дүние жүзіндегі дамыған елдердегі білім беру жүйесін зерттеу
жөнінде де бірде-бір ғылыми жұмыс жүргізілмей келеді. Ал 12 жылдық мектепке
өтуде дамыған елдердің тәрбие және білім беру жүйелерін зерттеп, оларды
тиімді пайдаланудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Демек, елімізде 12
жылдық білім беруге сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми
зерттеулер өте аз жүргізілген. Оларды жүргізбей, 12 жылдық оқуға көшуді
табысты жүзеге асыру мүмкін емес.
2007 жылы елімізде білім беру жүйесін дамыту проблемаларын зерттеу үшін
университеттерге, институттарға, академияларға және 12 жылдық орталыққа
барлығы 137 млн. теңге бөлінген. Ал Ресейде, тек Ресей Білім академиясы мен
Білім беруді дамыту федералдық институты орындайтын ғылыми зерттеу
жұмыстарын (ҒЗЖ) қаржыландыруға біздің ақшамен 2 800 млн. теңге, Украинада
Педагогика ғылымдар академиясы мен Инновациялық технологиялар және білім
беру мазмұны институты орындайтын ҒЗЖ-ын қаржыландыруға 5 900 млн. теңге
бөлінген десек, бұл, елімізде білім беру жүйесін дамыту бағытында атқарылып
жатқан барлық жұмыстарға Ресейдің тек екі ғылыми орталығына бөлінген
қаржыдан 20 есе, ал Украинаның екі орталығына бөлінген қаржыда 43 есе аз
қаржы бөлінеді деген сөз.
Қазір үш жылдық бюджет іске қосылды. Егер де, алдағы 2009-2011 жылдары
бұл жағдай өзгермейтін болса, яғни білім беру жүйесін дамыту мақсатында
атқарылуы қажетті ҒЗЖ-ны жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемі кем дегенде 10
есеге арттырылмаса, онда 12 жылдық мектепке сапалы өтуді іске асыру мүмкін
емес.
Екінші үлкен мәселе – тәрбие мен білім сапасы. Өткен жылдың маусым
айында мен Цукуба университеті ғалымдарының шақыруымен Жапонияда болдым.
Жапон ғалымдары мемлекеттік тапсырыс негізінде 23 жыл бойы Кеңес одағының,
Ресейдің білім беру жүйесін зерттеген. Енді Орта Азия елдерінің білім
жүйелерін зерттеуге тапсырыс алып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы
"Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы" атты Жолдауында қазақстандық білім беру жүйесін реформалаудың
негізгі мақсаты - білім сапасының жаңаруы мен үлттық білім беру жүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп нақты көрсетілген.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқубілімнің,
соның ішінде болашағымыз - бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі
маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес
қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті
тұлғаны дайындап, тәрбиелеу - аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел
тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп
тәрбиелеу - әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы
міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды
өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын
түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Қазақстан
Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін реформалаудың басым
бағыттары айқын көрсетілген. Білімді реформалаудың басты міндеті -
мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру.
Жеке түлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін
ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім
адам үшін деген оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта
түзеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға,
білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты
орнықтыруға болады.
Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл
білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету
енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі
салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің
қәрашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтанда
12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен
тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы
мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен
сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі:
* ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына;
* өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне;
* адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына;
* әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына
мүмкіндік беру.
Мұнда баланың қоршаған дүниемен қарым-қатынасында рухани адамгершілік
құндылықтарының интелектісінің, танымдық белсенділігін, іс-әрекетінің
негізін қалауға бағдарланған бастауыш мектепке ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі кезде бастауыш білім беру сапасында оқытудың жаңа технологияларын
тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.
12 жылдықбілім берудегі жаңа технологиялар:
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы
негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.
Зерттеуге оқытудың басты мақсаты - адамзат мәдениетінің кез келген
саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен,
шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының
білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген
қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың
жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық
қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін
жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс
балалардың өз қызығушылығынан басталады.
Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі - жобалар әдісі, өзінің дидактикалық
негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін
қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі қүзіреттілік тәсілді
қолдайтын технология.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық
қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық
сипатқа ие, оның басты бағдары - білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену
аркылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін
дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын
көрсетеді. Қазіргі оқулықтың құрылымында осы бағдарламаға сәйкес өте жан-
жақты, оқушылар өзбетімен, қызыға іздене отырып мағыналы сұрақтарға жауап
бере алады. Оны мынадай түрде көрсетуге болады.
Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға
бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге
болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың
жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық
компоненттері болып табылады. Баланың жеке тулғасының даму мәселесін шешу,
оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін
дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек. Интеллектуалдық дайындық - баланың
мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой-өрісін, нақты білім
қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды
дайындықтың дамуы былай болады:
* дифференциалдық қабылдау;
* аналитикалық ойлау;
* болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);
* есте сақтау;
* білімге қызығушылық;
* ести отырып сөйлеу және түсіну, әртүрлі символдарды қолдана білуі;
* қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларыныңдамуы.
Атақты психологтардың айтуы бойынша "Бала ойын үстінде қандай болса,
өскеңде еңбек үстінде сондай болады" дейді. Сондықтан ойын - адамның
өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын
қолдану - оқушының оқудағы танымдық іс -әрекетін және қалыпсыз жағдайларда
өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға,
қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологиияның
ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу; сабақ құрылымы карқындылығы:
сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогика-лык,
жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі "жақсы", "жаман" оқушылар деп
бөлмей, барлык, баланың ой -өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды
мақсат тұтуы. Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және
монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың
танымдық оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады.
Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым -қатынас дағдысы, тұлғаның
адамгершілік қасиеті, озінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін
қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана
білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатыны және жоғары дидактикалық
жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан-жақты
дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,
мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген қүрмет, ізгі
қатынас, оқушылардың түлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері
қалыптасатын, мүмкіндіктері жузеге асырылатын оқыту жағдаяты, "сахналык,
алаң". Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа,
бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,
оның тулғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір
мезгілде пән мұғалімі де, психологта болуы тиіс. 12 жылдық білім беру
жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны
өзіндік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және
педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге
тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге
асыруды ықпал етсе, оқушының мінез-құлқында - мінезі, темпераменті, талабы,
кезқарасы, талғамы байкалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, озін -өзі тәрбиелеуі,
өзін-өзі дамытуы, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі
жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
Технологиялық жүйелі құрылымдардың форма жасауы, жаңашылдық (новаторлық)
мұғалім тәжірибесінен туады, Технологиялық үрдіс негізінде педагогикалық
қабылдау формасына конспектілер, ойындар, оқу материалдары, оны өткізу,
беру жолдарын сахналық көріністендіру, драммаландыру, сонымен бірге
кестелер, диаграммалар, карталар, графиктер, сызбалар, ықшам сызықтар,
жазулардың қолданылу жағдайлары енеді.Технологиялық жүйелілікті сақтай
отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, сөз
жоқ, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-
бағдар бере алады.
ІІ тарау Жаңашыл педагогтың дамуы мен қалыптасуы
2.1. 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері
12 жылдық мектеп оқулығын жазу және оның сапасын анықтау үшін оқулық
мониторингі жүйесін жасау өзінше жеке, көлемді, әрі аса маңызды ғылыми
проблема болып табылады. Кезінде, “Мектеп” баспасы жанынан оқулық авторлары
мектебі ашылған болатын. Кейіннен оның жұмысы саябырсып қалды. Қазір,
қайтадан, министрліктің қолдауымен және қаржы бөлуімен, оқулық авторлары
мектебін ашу қажет және оқулық сапасы мониторингі жүйесін жасау керек.
12 жылдық мектеп ұстаздарын дайындау, ол да өз алдына аса күрделі
ғылыми проблема. Бірде бір оқу орны бұл жұмысқа әлі жүйелі кіріскен жоқ.
Концепция да жазылған жоқ. Шындығына келер болсақ, 12 жылдық мектеп
талабына сай мұғалім дайындау аса күрделі жұмыс. Себебі, оларға 11 жылдық
мектеп мұғалімдеріне қарағанда көптеген жаңа талаптар қойылады. Бұл
педагогикалық оқу орындарының білім мазмұны көптеген өзгерістерге ұшырайды
деген сөз.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі
мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені,
Ы.Алтынсариннің Мұғалім- мектептің жүрегі, - деп айтқанындай, барлық күш
мұғалімге түспек.Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік- шығармашылық
дамуы жөнінде В.А.Афанасьева, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, А.А.Бейсенбаева,
М.Ә.Құдайқұлов, А.К.Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби
шеберлікті шындау жөнінде көптеген еңбектер жазды.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік
позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана
айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік
іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез келген әдіс-
тәсілді оқу- тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір
оқушыны, оның құрдастарымен, ата- анасымен қарым- қатынасын анықтап отыру,
мұғалімнің педагогикалық- психологиялық тұрғыдан білімнің зеректігін
көрсетеді.
Тыңғылықты педагогикалық, пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу
процесінің барлық міндеттерін жан- жақтылықпен шеше отырып, өз тәжірибесін
әдістемелік тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік
білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта
өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық
шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге
көшу мәселесінің ерекшелігі сол- 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының
зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер
алдында тұрған негізгі мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек?
Ойлауға қалай үйрету керек? Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету
керек?деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып
отыр.Осы сұрақтарға жауап беру үшін әрбір мұғалім белгіленген талаптарға
сай болуы керек. Ол талаптарды үлгіден көруге болады. Сонымен қатар
мұғалімнің бойынан адамгершілік қасиеттермен қоса педагогика, психология,
логика, лингвистика ғылымдарын жетік меңгерген маман екені көрініп тұру
керек.Әрине әдістемені тәжірибеде қолдана білу қабілеті болуы керек.
Бізде орта мектептің жоғары сатысында, 12 жылдық мектептің 11-12
сыныптарында бағдарлы және кәсіптік білім беру қарастырылған. Бірақ әлі
мемлекеттік тұрғыдан бұл мәселе жан-жақты ойластырылып, тиесілі шешім
қабылданбай отыр. Бұл өте күрделі, әрі мол қаражат бөлуді қажет ететін және
аз уақытта шешіле қоятын проблема емес. Бұл үшін де көлемді зерттеу
жұмыстарын жүргізу керек.
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасына
сәйкес, Қазақстанда орта білімнің 4 жылдық бастауыш, 6 жылдық орта және 2
жылдық толық орта білім беру моделі бекітілген. Дамыған елдердің, АҚШ,
Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай елдерінің білім беру
жүйелері моделдерін алып қарайтын болсақ, бұл елдерде негізінен 6 немесе 5
жылдық бастауыш білім, 3 немесе 4 жылдық орта білім және 3 жылдық бағдарлы
немесе кәсіптік білім беру моделі қабылданған. Орта білім берудің осындай
моделдерінде 6 жастан мектепке баратын балалардың психологиялық-
физиологиялық өсу ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, 9 жылда жалпы орта
білім беруді аяқтауға болатындығы ойластырылып және соңғы 3 жылда заман
талабына сай жақсы кәсіптік-техникалық білім беріп, 18 жасқа толған
жастардың еңбекке еркін араласуларына, яғни олардың қалаған кәсіптерін
толық игеріп, өз беттерінше еңбек ету мүмкіндіктеріне ие болуларына жағдай
жасау қажеттілігі негізінде қабылданған. Сонымен бірге, жастардың
келешекте өз білімдерін жалғастыруларына мүмкіндіктерінің болуы да
ойластырылған. Ал тек терең университеттік білім алғысы келетін жастарға,
сол ғылым бағыты бойынша соңғы 3 жылда жақсы бағдарлы білім берілуі
керектігі ескеріліп, жүзеге асырылған.
Бізде қандай ғылыми-зерттеулер негізінде, барлық дамыған елдерден
өзгеше, 4+6+2 моделі қабылданған және оның тиімділігі қалай дәлелденген?
Егер мұндай зерттеулер жүргізілген болса, онда оны жүргізген зерттеу
орталығы, сол зерттеу нәтижелерін жариялағаны дұрыс болар еді. Өйткені,
бұл бүкіл халықты ойландырып жүрген проблема. Ал біздің, бұл зерттеулердің
нәтижелерінің дұрыстығына үлкен күмәніміз бар. Білім беру жүйесінің моделі
жалпы білім беру жүйесінің негізі екенін естен шығармағанымыз абзал.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде білім беру саласында реформа шамамен 10
жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Бұл салада реформа жүргізу үшін
мемлекеттік деңгейде тыңғылықты жұмыстар атқарылады, мол қаражат бөлінеді.
Мысалы, 1980 жылдары Германияда негізінен орта білім мазмұнына қатысты
жүргізілген реформа кезінде, 2000 эксперимент жүргізу үшін 1,4 млрд. марка
қаражат жұмсалған.
Елімізде жүргізіліп отырған 12 жылдық мектепке көшу аса күрделі
реформа. Себебі, 12 жылдық мектептің мазмұны жасалғанда, білім берудің
басқа барлық сатыларының, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz