ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары



І. Неопозитивизм
ІІ. Прагматизм
ІІІ. Экзистенциализм.
IV. ХХ ғасырдағы постмодерн фиолософиясы
Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның өз ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі XX ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелендіруде.
Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар. т.б. зор әсерін тигізуде.
1. Ә.Х. Тұрғынбаев «Философия» Алматы. 2005ж.
2. Қ.Ш.Бейсенов. «Философия тарихы» Шымкент 2005ж.
3. Д.Кішібеков, Ұ. Сыздықов. «Философия» Алматы 1996ж.
4. «Философиялық сөздік» Алматы 1996ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
XX ғ. БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АҒЫМДАРЫ

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне
қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы
бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік
философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның өз ішінде де
материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі XX
ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың
негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен
идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелендіруде.
Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына
капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер
арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық
революциядан туған дүниежүзілік проблемалар. т.б. зор әсерін тигізуде.
Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясында толып жатқан ағымдар мен
бағыттар бар.
Қазіргі батыстың философиясында мынадай ағымдарды және олардың
тармақтарын атауғы болады: позитивизмнің қазіргі түрі – неопозитивизмнің
тармақтары; экзистенциализм және иррационализмнің басқа түрлері; діни
философияның түрлері - неотомизм, персонализм т.б. Бұлардан басқа тағы да
прагматизм, философиялық антропология, феноменология, философиялық
герменевтика структурализм, постмодернизм т.б. деген түрлері бар. Бұлардың
барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің
бағытын немесе олардың қойыртпақ қоспа түрін ұстайды.
Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік тұрғыдан осы
күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни
философиялар т:б. өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның
ең соңғы жаңалықтарына бейімделуді түрліше философиялық әдістермен жүзеге
асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты,
бірақ оның дүниеге көзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер
әдетте дүниеге кезқарастық мәселелерді жалған проблемалар деп жариялап,
ғылымды көзқарастық проблемалардан "тазартуға" тырысады, философияның
міңцеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс
дейді. Дүниегекөзқарастық мәселелерді жоққа шығару - қазіргі батыстық
философияларға тән бірінші ерекшелік.
Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік - өткендегі
прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егер ХVIII-ХІХ ғасырлардағы буржуазиялық
философиялар феодализмнен капиатализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді
көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай
өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік
тәртіптерді (капита-листік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай
қалды. Осыған сәйкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды
бейнелендіруші буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін
дәлелдеуге тырысады.
Өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді
диалектикадан бас тартуға алып келді. Бұл, атап айтқанда, буржуазиялық
философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін
релятивистік және иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан
көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи
прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер
"прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылдар прогресс
ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен
соң бірі келіп отыратын цивилизация деген ұғыммен ауыстырды. Неопозитивизм
прогресті "метафизикалық функция" деп атады.
Енді осы бағыттардан ең негізгілерінің мазмұнын қысқаша ғана
қарастырайық.

Неопозитивизм

Бұл философиялық бағыт ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Оның
өкілдері Р.Карнап (1891-1970, Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-
1970), А.Айер (1910) және т.б. Неопозитивизм - XIX ғасырдың 30-жылдарында
пайда болған субъективтік-идеалистік бағыт -позитивизм идеяларын жаңа
тарихи жағдайларға және ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес әрі қарай
дамытушы философиялық ағым. Сондықтан да ол үшінші позитивизм
(неопозитивизм) деп аталады.
Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің
(1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз
нәрсе деген көзқарасы алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын
заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат
қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың
пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сипаттап,
классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре
болмауы керек.
Конттың бұл идеяларын әрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың
басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі - екінші позитивизмнің
пайда болуына әкелді. Бұның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-
1896) және басқалар заттар мен құбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние
танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қытынастарды зерттеу деп
түсіндірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың
қатынасы жайындағы мәселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап,
субъективтік идеализмді жақтады.
Үшінші позитивизм - XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириокритицизмнің
орнына келген неопозитивизм - математикалық логиканы философиялық
зертгеулерге қолданудың нәтижесінде туды. Ең кең тараған бұл философиялық
ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғылымдардың ішіңде көптеп саналады. Бұл
ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл "метафизикаға", яғни жалпы
философиялық пробле-маларға қарсы шығып, бұл проблемалар ойдан шығарылған
жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс,
ғылымдардың ғылыми қағидаларды тұжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі
қажет, сондықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін
жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді.
Неопозитивизм философияның барлық кемшіліктерін жойды, - дейді Фейгль деген
неопозитивист. - Оның негізгі проблемасы - "логикалық анализ". Сондықтан,
деп қорытындылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге тиісті
кесел деп анықтауға болады.
Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тектілдік формаларды
талдаумен және тілдік пайымдауларды құру ережелерін жасаумен айналысуы
тиіс. "Философ, - дейді А.Айер, - заттардың физикалық қасиеттерімен
айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады".
Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің
шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз құратын тілдік құрылыстың,
сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мәселеге
келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми құндылығы жоқ.
Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының,
олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сөйтіп, олар философияның негізгі
мәселесін тіл мәселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін
жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен "жоғары" тұруға әрекет жасайды.
Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі толығымен адамға
байланысты, адамның субъективтік көңіл күйіне тәуелді. Егер адамзаттың
тілдік құрылысын қаласа, онда дүние өмір сүргені, оны қаламаса, онда
дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сөйтіп, адам өз қалауынша дүниені бар-
жоқ қылатын ғаламат күшке айналады.
Карнаптың белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл
атқаратыны, олай болса, объективтік материалдық дүниенің бар екенін
қостайтын не терістейтін де тіл екені жайындағы ойы американдық философ
С.Чейздің және басқалардың ілімінде әрі қарай дамытыдды. Олар адамдардың
мінез-құлқын анықтайтын да тіл, тілдік құрылым деп дәлелдейді. Тілдік
формаларды дұрыс қолданса, іс-әрекетте, мінез-құлық та дұрыс болады,
қайсыбір сөздерді дұрыс қолданбау адамның көңіл-күйін бұзып, түрліше дау-
жанжалдар мен қайшылықтардың тууына, тап күресіне т.б. себепші болады.
Бұдан шығатын қорытынды - адамдарды шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын
жалпы ұғымдарды жойып, тілді қайта қүру қажетті-міс. С.Чейз, мәселен,
адамдар жиі-жиі жалпы ұғымдарды, абстракцияларды шындықтағы заттармен
шатастырып, соның салдарынан бір-бірімен айтысады, кейде өлтіруге дейін
барады. "Фашизм" деген сөз нені білдіреді? - деген сұрақ қояды да, оған өзі
"Бұл термин өздігінше ешнәрсені білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады.
Чейздің пікірінше, объективтік шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал
жалпы ұғымдар - құры бос сөздер. Оларға сәйкес нәрселерді (ағашты, үйді,
т.б.) таба алсақ қана жалпы ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын
заттар мен құбылыстар болмаса, онда мұндай жалпы ұғымдар мен сөздерді
қолдану міндетті түрде дау-жанжал тудырады. Ондай кикілжіңдер болмау үшін
Чейз жалпы ұғымдарды білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды
ұсынады. Олар "капитал", "құн", "жұмыссыздық", "революция", "демократия"
деген сияқты толып жатқан жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни
шындықта бар нәрселерге сәйкес келетін, жалпы ұғымдар мен сөйлемдерді ондай
сәйкес нәрселері жоқтардан айырудың критерийі ретінде неопозитивистер
верификация принципін, яғни сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік
беретін принципті ұсынады. Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің
тікелей керсетуімен салыстыруға бола бермейтіні белгілі. Мысалы, "адамзат"
деген сөздің мазмұнын тікелей тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер
верификация принципін басшылыққа алатын болсақ онда, заттар мен
құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері мен зандылықтарын
бейнелендіретін барлық жалпы ұғымдар мен пікірлерді лақтырып тастауға тура
келер еді. Ғылым тілін таза формальды тұрғыдан талдаудың нәтижесіз құры бос
әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы - логикалық позитивизмді
тілдің семиотикалық проблемаларына баса назар аударуға мәжбүр етті: бұл
проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп алады. Олар: 1) тілдің
сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика); 2) тілдің не нәрсені білдіретіні
(семантика) және 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы (синтаксис). Мұның бәрі
семиотика деген атаумен аталады.
Неопозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға
қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік
белгілер, логикалық, лингвистикалық және психологиялық проблемалар болатын
болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді
қолданудың алуан түрлі тәсілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар"
жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп
соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік
құрылымдар ғана деп қаралатын болды.
Жалпы ұғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын жоққа шығару
социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа шығаруға алып
келді.

Прагматизм
Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі.
Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-
1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX-XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемелары
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
ХХ ғасырдың философиясы
Ренессанс философиясының ерекшелігі
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Өмір философиясының негізін салушы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Әлем философиясы
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Пәндер