«Рахат» телеарнасының кәсіби деңгейі
1 Телевизияның тарихы
2 Бүгінгі күндегі Қазақстан теледидары
3 «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ақпарат.сараптама бағдарламалары дирекциясы
4 Қазақ тележурналистикасын түрлендіріп, дамыту
5 Виртуальды студиялардың ерекшеліктері

Журналистика жоқтан пайда бола салған жоқ . Тіршілік болғалы бері қаншама өзгерістерге ұшырап, дамуда да, құлдырауда да түрлі өзгерістерді басынан өткеріп,түрлі қиындықтарға тойтарыс бере отырып, бүгінгі таңдағы биігіне көтерілді. Бірақ, журналистика тек даму үстінде болды. Нәтижесінде сонау 16-17 ғасырларда алғашқы газет журналдар дүниеге келе бастады.Ата-бабаларымыз түркілердің тас жазуынан, ежелгі Римдіктердің өздері «куранты» деп атаған қыш тақталарға жазылған мемлекеттік жаңалықтарынан, Мысыр перғауындарының папирус жапырақтарына салынған ироглифтерінен бастау алған газет-журналдар өздері пайда болған күннен бастап халықтың рухани байлығын еселей түсер құнды қазынаға айналды. Сол аталған баспасөз құралдарының талай халықтың көзін ашқанын, талай жұртқа рухани азық болғанын, бір мемлекетті татуластырып, тіпті кейбір қанды соғысқа себепкер болғанын ескерсек, олардың қуатты, қасиетті, әрі қауіпті құрал екеніне көз жеткіземіз.Дей тұрғанмен, газет-журнал, кітаптан кейін қоғамның дамуы тоқтап қалған жоқ, дөңгеленген дүние бізді ғылыми техникалық прогресске алып келді.
Рахат телеарнасының кәсіби деңгейі
Журналистика жоқтан пайда бола салған жоқ .Тіршілік болғалы бері
қаншама өзгерістерге ұшырап, дамуда да, құлдырауда да түрлі өзгерістерді
басынан өткеріп,түрлі қиындықтарға тойтарыс бере отырып, бүгінгі таңдағы
биігіне көтерілді. Бірақ, журналистика тек даму үстінде болды. Нәтижесінде
сонау 16-17 ғасырларда алғашқы газет журналдар дүниеге келе бастады.Ата-
бабаларымыз түркілердің тас жазуынан, ежелгі Римдіктердің өздері куранты
деп атаған қыш тақталарға жазылған мемлекеттік жаңалықтарынан, Мысыр
перғауындарының папирус жапырақтарына салынған ироглифтерінен бастау алған
газет-журналдар өздері пайда болған күннен бастап халықтың рухани байлығын
еселей түсер құнды қазынаға айналды.Сол аталған баспасөз құралдарының талай
халықтың көзін ашқанын, талай жұртқа рухани азық болғанын, бір мемлекетті
татуластырып, тіпті кейбір қанды соғысқа себепкер болғанын ескерсек,
олардың қуатты, қасиетті, әрі қауіпті құрал екеніне көз жеткіземіз.Дей
тұрғанмен, газет-журнал, кітаптан кейін қоғамның дамуы тоқтап қалған жоқ,
дөңгеленген дүние бізді ғылыми техникалық прогресске алып келді. Халықтың
көзі, құлағы һәм тілі болған (Ахмет Байтұрсынов) газет-журналымен қатар
халық енді журналистің дауысын ести алатын дәрежеге жетті.
Радиожурналистиканың қоғамдағы орны қалыптасты.
Ал, телевизияның тарихы 1895 жылдан басталады.Осы жылдың 28
желтоқсанында Парижде, фотоәуесқойлық ізденістің нәтижесінде алғаш рет
Жанды сурет ұғымы пайда болды.Оның Луи мен Огюст Люмьерлердің атымен
байланысты екенін білеміз.
Тел-грек сөзі алыс деген , визио-латыншы көру деген сөз.
1939 жылы телевизияның әлемдік масштабта дүниеге келген уақыты деп
есептеуге болады.Осы жылы Нью-Иоркте болған дүниежүзілік ашылуы рәсімі
бірінші рет кішкене телеэкраннан көрсетілді.
Қазақстанда 1958 жылдың наурызында қазақ телевизиясы ашылды. Қазіргі
кезде теледидар нағыз ақпарат көзіне айналған басты құрал болып отыр.Осыған
орай, еліміздің көгілдір экран арқылы ақпарат тарататын түрлі
телеарналарымыз көпшілік көңілінен шығып жүр ме деген сұрақ туындайды.
Бұған бірден жауап бере қою қиын.
Телевизия қазір бірінші орынды мығым иеленіп отыр. Журналистиканың
барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды.
Олардың әйтеуір бар-ау деп есте жүргендердің жаңа қырларын ашты.Жаңа
әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша жанрлар мен формалар
сыйлады,-деп, профессор М.К.Барманқұлов айтқандай, өзіндік тарихы, 40
жылдан астам жүріп өткен жолы бар Қазақстан телевизиясы бұрынғы кездерге
қарағанда жаңаша бақытқа бет бұрғанын байқау қиын емес.Еліміз егемендік
алғанан бері елдің, жердің, мемлекеттің тыныс-тіршілігін білдіретін, ішкі-
сыртқы хабарларды жеткізіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының өрісі
кеңейіп, қатары толығып келеді.Әйтсе де, Қазақстан бойынша халыққа қызмет
көрсетіп отырған 78 телеарнаның атына заты сай ма? Соңғы 4-5 жылдың ішінде
–ақ хабар тарататын телеарналар санының күрт өскендігі әрине, құптарлық-ақ.
Бірақ, осы телеарналардың сапасына келгенде мүдіріп қаламыз. Неге?
Өйткені, заман талабына сай ақпарат таратудың түрлі әдіс-тәсілдерін жетік
меңгермегенбіз.
Бұл күндері барлық телеарналар жаңа технологиямен жарақтандырылған.
Осындай техниканың көмегімен телехабарлардың мазмұнын да, пішінін де, түрін
де жоғары деңгейге жеткізуге болады. Алайда, тележурналистеріміздің
қиялынын ұшқырлығы мен ізденісінің жетіңкіремейтіндігі байқалмай жүрген жоқ
.Қазірдің өзінде шетелдік телеарналарды былай қойғанда, көршілес Ресей
телеарналарының деңгейіне жетудің өзі мүмкіндік танытып отырған жоқ .Мұның
өзі біздің телеарналарымыздың әлі де болса әлжуаз екендігін көрсетеді.
Көрермендердің басым көпшілігі жаңалықтарға алдымен құлақ
түреді.Әсіресе, газет-журналды қарауға уақыты немесе қаражаты
жетіспейтіндіктен теледидарға үңілетіні сөзсіз. Сондықтан, берілген
ақпараттық сапалы, шыншыл әрі нақты болуын және адам психологиясына кері
әсерін тигізбеуін қарастырған жөн.Өйткені, әркім теледидарға қарап ой
түзейді, дүниетаным қалыптастырады. Теледидар-адам баласын бір сәтте –ақ
оқиғаның куәгері тіпті сол оқиғаға қатысушы ете алады,-дейді
Н.П.Карцов.Олай болса, ақпарат таратушы телеарналарымыз үшін қоғамның
көлеңкелі кемшіліктері бар тұстары жөнінде шектен тыс үрей туғызып,
үстемелеп айтудың қажеті шамалы.Мұндай ақпараттың алдымен санаға,
мемлекеттік мүдделердің болашағына көрермен сенімсіздігін туғызар әсері
болуы әбден мүмкін.
Бүгінгі күндегі Қазақстан теледидары белгілі бір мөлшердегі дамуды
да, құлдырауды да бастан кешіп жатқан сыңайлы.Осы орайда кең ауқымда хабар
таратуға мүмкіндігі бар 11 арнаны тізе кетейін.Олар: Қазақстан, Хабар,
31 арна, Рахат, Астана, Ел арна, КТК, НТК ХитТВ, Таң.
Шыны керек, Қазақстан мен Хабарды айтпағанда, қалғандары саны бар
сапасы жоқ арналар. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, Қазақстанның
телеарнасы деп айтуға мүлде келмейді. Қазақша бағдарламалар жоқтың
қасы.Теледидар алдында тапжылмай бір күн отырсаңыз, бұл ойыңыздан да айнып
қалуыңыз ғажап емес.Себебі, орыс тілді бағдарламалардың дені шетелден
ретрасляцияланған дүниелер.Түрлі кинолар, сериалдар, деректі фильмдер
т.б.Осы тұста жоғарыда өзін бөліп-жарып қойған арнаға тоқтала кетейін.
Мемлекеттік арналардың бірі- Қазақстан ұлттық арнасы.Өте қатты
құлдырауды бастан кешіріп, жабылып қалуға шақ қалған Қазақстан қазір,
ұлттық арна деген атына сай болып,өз биігінен көріне бастады. Үстіміздегі
жылдың қаңтар айында Жас алаш газеті сауалнама жүргізген 50 көрерменнің
36-сы осы арнаны жиі қарайтын болып шыққан.
Қазақ халқының ұлттық идеологиясының дәл қазіргі қалыптасу кезеңінде
теледидардың атқаратын қызметі өте зор.Оның еліміздің қоғамдық өмірінде
берік орнығып, руханиятымыздың белгілі бір саласына айналғанына қырық
жылдан асыпты.Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан-1 деп аталатын ұлттық
телеарнаның дәл қазір өркендеп, өрлеп тұрар дер шағы, алайда, оның соңғы
жылдары берекеті кетіп, қайта-қайта сын найзасына ілініп жүр.
Қазақстан-1 ұлттық телеарна деп аталғанымен, оның қазақтың ұлттық
табиғатын,болмысын көрсетіп-жеткізудегі қам-қарекеті қайрансыз. Неліктен?
-Бұған басты себептің бірі-телеарна басшылығының қолдан-қолға көшуі,-
дейді теледидарда бірнеше жыл қызмет еткен, қазіргі Алматы облысы әкімінің
баспасөз хатшысы бірі болған Фатима Бегембаева.-Жаңадан келген теледидардан
хабарсыз басшы жұмыстың мән-жайна қанығып, іске енді кірісе бергенде
орнынан босатылды.Расымен, осыдан келіп сан өзгеріс басталады. Қазақстан-
1-дің ақпараттық хабарының атының өзі соңғы жылдары Қазақстан-1,
Шарайна, Хабар, Ақшам болып бірнеше рет өзгерді.Бөркі өзгергенімен,
болмысы, мән-мағынасы сол күйінде қалған бұл бағдарламалардың көрермен
көңілін көншітпей отырғанын неге түсінбейміз? Қайта-қайта қысқартудың
нәтижесінде теледидар өзінің тәжірибелі мамандарынан айырылды.Сұрыпталанып,
електен өткізіп, сапта қалған жас сарбаздар көрерменнің рухани қажеттілігін
қанағаттандыра алар емес.Әлде, Қазақстан-1-дің журналистеріне жағдай
жасалмай, еңбекері еленбей ,қабілеттері ескерілмей қала бере ме екен?Олай
дейтініміз, бұл жерден кетіп қалған көптеген әріптестеріміздің басқа
телеарнаға орнығып, қаймағына айналып шыға келетіндігін көріп жүрміз.Басқа-
басқа, Ғ.Шалахметов, С.Оразалин, Ф.Бегембаева, Ж.Ерманов, С.Байхонов сияқты
елге таныс тұлғалардың қолтаңбаларын қалдырып кеткен шаңырағы бұл. Барлық
тәуелсіз телеарналардың өздеріне қажетті қызметкерлерді жұмысқа арнайы
сынақтан өткізіп барып қабылдайтынын ескерсек, Қазақстан-нан әртүрлі
себеп-сылтаулармен қысқартылып кеткен сол журналистерді тәжірибелі
мамандардың жоқтығынан да құлдырап бара жатқан шығар? Бір кездегі Қарыз
бен парыз, Алтыбақан, Қымызхана, Кеш жарық, Шабыт секілді көрермен
көңілінен шығатын,олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға тікелей әсер
ететін хабарлар қайда? Елбасы жарлығын, қоғамдық саяси ахуалды көрсететін
хабарлар, оларды талдап, түсіндіретін комментаторлар неге жоқ?
Телеспектакльдер неге көрсетілмейді? Қазіргі телехабарлардың көрерменді
тұшындырмайтыны, ойландырмайтыны неліктен? Хабарды не үшін нашар
түсірілгеніне айтатын жауап та ,сылтау да көп-ақ.Жағдай жасалмайды, техника
жетіспейді, т.б.Техника қызметкерлері көбінесе басқа ұлт өкілдері
болатындықтан да қиындықтар туып жатады.Бұл бүкіл телеарналардың басындағы
жағдай.Біздің әңгіме етіп отырғанымыз-жоғарыдағыдай техникалық мамандардың
өздері жасап жатқан сюжетінің мазмұнын мүлде түсінбейтіні және оған
тырыспайтыны.Осы уақыттар ішінде жеткілікті ұлттық техникалық кадрлар
дайындауға көңіл бөлінбеуі қалай?
Жарнамаларды түгелімен қазақыландыру жайын осы арада тағы да еске
салғымыз келеді.Сол жарнамадан түскен қаржының не телеарна қызметкерлерінің
әл-ауқатын көтеруге, не теледидардың материалдық-техникалық жағдайын
түзетуге септігі тигенін біз әлі естіп білген жоқпыз.
Сөйтіп, қазір Қазақстан-нан көретінің қат-қабат беріліп жатқан
телесериалдар,аударма мультфильмдер,одан қалса,орыс тіліндегі
жарнамалар.Орысша демекші,шүлдірлеуді басқа телеарна еншісіне қалдырып,
ұлттық арнаны түгелімен қазақ тілінде жүргізсе дұрыс болар еді.Осы ретте ҚР
Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің төрағасы сұлтан Оразалинов та:
Ұлттық арна атына заты сай болса ғана өрісті болмақ .Онда ұлттық
идеологияның барлық нышандары көрініп тұрса құба-құп.Ұлттың басты бейнесі-
оның тілі десек,бұл телеарнаның тұтастай қазақ тілінде жүруі арнайы заңға
қарамастан Қазақстанның барлық телеэкранынан қуылып шыққан мемлекеттік
тілді дамытуға аз да болса сеп болар еді деп пікірімізді қолдайды.
Бәрін айт та,бірін айт, Қазақстан- ды біздің ұлттың телеарнамыз деп
мақтана көрсететіндей күн алыс емес шығар деп сеңгің келеді.Олай болмаған
жағдайда,қырық жылдық тарихы бар теледидар ордасының бүгінгі қатал БАҚ
бәсекесіне шыдас бермеуі мүмкін.Сіз қалай ойлайсыз оқырман?,-деп
аяқталатын Қойшығұл Жылқышиев пен Құралай Үргенішбайқызының Ана тілі ұлт
газетінде 1999 жылдың 29 сәуірінде жарық көрген мақаласынан Қазақстан-1
телеарнасының берекеті кетіп, қайта-қайта сын найзасына ілініп жүргеніне
көзіміз жетті.Бұл әрине, 1999 жылғы көзқарас.Ал қазіргі жаңалықтар мен
өзгерістерге көз салайық .
Қазақстан телеарнасында негізінен оң өзгерістер болып жатқанын
айтпауға тағы болмайды.Жаңа басшылық келгелі Қазақстан-1 деген атау да
Қазақстан деп өзгертілді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz