Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


І. Тарау Қазақ тілі оқыту әдістемесі ... ... ... ... 4
1.1 Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі ... ... ... .13

ІІ. Тарау Кәсіптік білім берудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Кәсіптік білім берудің пәндік зерттеулерінің салалары ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Қазақ тілін еуростандарт негізінде оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады.
1.А.Байтұрсынов А.Қай әдіс жақсы? Жаңа мектеп. 1928, №4
2.Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы, мектеп, 1989. З.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы, мектеп, 1975.
4.Қордабаев Т.Р. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қарағанды университеті, 1992. 5.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000. 6.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.
2 изд. М. Просвещение,1991.
7.Шығыс Қазақстан облысының 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Тарау Қазақ тілі оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 4

1.1 Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа

дейінгі
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..13

ІІ. Тарау Кәсіптік білім берудің
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Кәсіптік білім берудің пәндік зерттеулерінің
салалары ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Қазақ тілін еуростандарт негізінде оқытудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.27

Кіріспе
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың
ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп
қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан
жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту
проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей
зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған
қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып
жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр
түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып,
жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов,
Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков,
Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ
тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің
Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол
үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық
отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі
өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Бізідің облысымыздың 2005 – 2010 жылдырға арналған Білім беру
жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:
- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық
және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік
принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін
меңгеру.

І. Тарау Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі
осылар.
Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе,
өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И.
Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның
қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып,
аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске
тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін
құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ
тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер
арқылы ажыратады. Олар:
1. Тіке байланыс
2. Адамның жеке қабілетін ескеру
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4. Сатылап даму
5. Динамикалық өзгеру
6. Өзектілік
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа
негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді
жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-
бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас
болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай
бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен
тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен
қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін
емес. (ІІІ принцип)
Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың
көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын
білгізудің мәні зор. 3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді
Қазақстан, Менің қалам, Менің көшем, Менің отбасым, Дүкенде,
Стадионда, Дәрігерде, Жыл мезгілдері тағы сол сияқты тақырыптарды
оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда
қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге
болады.

Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?
- Диалог
- Викторина
- Карточкакмен жұмыс
- Сурет бойынша жұмыс
- Инсценировка
- Тест
- Экскурсия
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары шығарма, тақпақтар,
альбомдар)
- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар
- Интеграцияланған сабақтар

Отан деген сөзді оқушылар төмендегі сөздермен байланыстырып түсінеді;

-

Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:
1. Жұптық
2. Топтық
3. Ұжымдық
Жетінші сыныпта Жалпы есім және жалқы есім атты грамматикалық және
менің қалам атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара
сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр
жұпқа үлестірдім.
Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа
бөліп жаз: Шымкент қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде
тұрамын т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан
кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші
оқушы оқиды.
Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады
Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные?
Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім. Диалог мынадай
үлгіде болды: Бірінші жұп:
- Сен жексенбі күні Сібе өзеніне дем алуға барасың ба?
- Жоқ, мен жексенбі күні Юбилейный кинотетрына кино көруге
барамын. Өзің ше?
- Мен жексенбі күні Князь тауларына шаңғы тебуге барамын.
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды
қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық
қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден
қарым – қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың
мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс
сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.
4- сыныпта Қазақстан қалалары тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында
сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: Теледидар бойынша ауа-райын болжау,
екінші топқа Аялдамада ауа-райы туралы сөйлесу, үшінші топқа Кеше
экскурсияға бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу, төртінші топқа Телефонмен
сөйлесу.
Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының
жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі,
оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят
тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған
қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады – деп едім, Дикторлар сөйлеп
болысымен: Кешіріңіз, Таразда ауа-рай қандай болады, рахмет, Шымкентде
ауа-рай қандай болады? - деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп
кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді
деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп,
ұқтым.
Менің қалам, Туған жерім модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды
өтті. Әр топ оқушылары Шымкент туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы
сөйлей алатындарын көрсетті.
І- топ: Шымкент көшелері
ІІ топ: Шымкентдегі дүкендер
ІІІ топ: Шымкентдегі мұражайлар
IV топ: Шымкентдегі ескерткіштер
Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да
көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Миша Новосибирден келді. Біз Мишаға
Шымкентдегі мұражайлар туралы айтамыз – деп бастаған бір оқушыны. Топтағы
екі оқушының сұқбаты жалғастырды.
- Мынау этнографиялық мұражай. Ол Горький көшесінде орналасқан.
- Онда нелер бар?
- Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа
байланысты құрал – жабдықтар бар.
- Ол қандай ұлттардың киімдері?
- О, бізідің қалада көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар:
қазақтар, орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады. Сен
мұражайға барасың ба?
- Әрине, барамын. Қашан барамыз?
- Ертең.
- Жақсы, сау бол.
- Сау бол, Миша.
Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген
сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан – ақ байқалып, қуантады.
Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында
ған жетуге болады.
Бұл жұмыстың жалғасын наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік
шарадан көруге болады. Бір шаңырақ аясында атты пәндік шығармашылық
жұмыста оқушылар ұлттық Саумалдық атты салт- дәстүрді, қазақ
ертегілерінен көріністерді көрсетті, викториналық сұрақтар қойылып, достық,
ынтымақтастық туралы мақалдар айтылды. Әр ұлт өкілдерінің әні, биі, тақпағы
айтылды. Ал, ұлттық Қыз қуу, Теңге алу ойынын әр оқушы ойнағысы
келгенімен, уақыттың шектеулігін еріксіз мойындады.
Бізідің мектепте мұғалімдер интеграцияланған сабақтарды жиі өткізіп
тұрамыз. 3,4 сыныптарда орыс тілі, музыка, сурет пәндерімен бірігіп
өткізген сабақтардан оқушылар білім алып қана қоймай рухани байып,
намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдері де дамиды. Қазақтың ұлт
аспаптары туралы айта келе, бұл сабақта домбыраға тоқталып, домбыраның
түрлерін видеокассетадан көрсетіп, үнін таспадан тыңдатып, музыкалық
мектептерде домбыра класынан дәріс алып жүрген балалардың орындауларында
күйлерді тыңдаған орыс балалары үшін, этнопедогогика, елтану, өлкетану,
тілімізді құрметтеуді үйренуге құлшыныс мақсаттары көзделсе, қазақ баласы
үшін өз тілін, ділін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етті деп
ойлаймыз. Сабақ соңында Туған жер әні айтылып, сенің туған жерің қай жер?
деген сұраққа жауап берді. Жоғарыда оқушылардың сұқбатынан біздің мектеп
облыстық мұражайлармен тығыз байланыста екенін ұғуға болады. Мұражай
қызметерлері келіп, Наурыз мейрамы, Республика күні мерекелерінде көрме
ұйымдастырып, ұлттық ойын, салт-дәстүрлер туралы айтып, шағын көріністер
көрсетеді. Оқушылар да мұражайға экскурсияға барып, аймағымыз туралы
мұражай қызметкерлерінен естіп, сұрақтар қойып, экспонаттар көргкеннен
кейін, сабақта сол жайында сұқбаттар құрайды. Шағын шығармалар жазады. Осы
жұмыс түрлерімен қатар сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық
компоненттік пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп
беріледі. (көрсету)
Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар
беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған – тоқығанын
ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы
орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта
орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне,
практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы жазғы тапсырмалар: Менің ең
қызықты бір күнім, Жазғы демалысым, Менің қалам көктемде, Жаздағы
Шымкентнің көшелері атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады.
Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Шығыс Қазақстанның табиғаты,
демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.
Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін
дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш,
махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті
– қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы
қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден
басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр
турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып
соғып отыруы керек.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта
берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала
білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу
әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.
Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да
иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы
нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден,
оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары
жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап,
топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде
бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап
беру дағдылары даму үстінде.
Оны 7 сынып оқушыларының мамыр айында өтетін жоба жұмыстарын қорғауға
дайындалу барысынан көруге болады. Тақырыптарын жан – жақты талқылау,
толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде).
Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген
тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде
әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағым қызықты, тартымды өтуіне
мұғалім ретінде барлық күшімді аямаймын.
Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі
үшінші, төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық
олимпиядада бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да
нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі
жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып,
пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек
екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен жақсы мұғалім деген атқа
түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге
болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі
қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.

Қазақ тілін қатысым әдісі мен оқытудың нәтижесін салыстырмалы
тексерулік талдауы.

1.1 Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі
дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де
жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша
арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика
таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі
дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі
шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А.
Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И.
Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению
киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген
еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі
топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ),
дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨,
ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай
жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес
фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны
негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен Һ спиранты
кездеспейді. Шамасы, Н.И. Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл
материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың
артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.),
қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң
М.Терентьев жазған Гармматикада қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай
жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық
түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында
келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың
сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы
фонетикасын ]жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті.
Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол
кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы атты еңбегі күні
бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының
едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану
ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру
заңдылықтары, сингармонизм   құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті
мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме
болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса
назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü), 
консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды
қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι)
және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-
артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай
алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын  аралық  дыбыстар деп сонор
дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде
жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын
ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі  тәжірибе фонетикасының
берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w
(у), j (й) дыбыстары  акустика-артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе
үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың ыңғайына
қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін
алайық, мұнда л соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде
жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Стилистика және оның проблемасы туралы
Қазақ тілін оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Неміс тіліндегі мекен - бағыт предлогтарының мағынасы
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер