Орыс айналымына ірі монетаны енгізу


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

XIY ғасырдың аяғында орыс княздіктерінде күміс ақшаларды дербес құйып шығару басталды. Алғашқы мәнеттер князь Дмитрий Ивановичтің тұсында Москва ұлы княздігінде жасалып шығарылды. Бір мезетте дерлік немесе біраз кейінректе Рязаньда, Суздальда, Тверьде, Псковта, Новгородта, көптеген басқа да қалаларда мәнет жасау басталды. Бұл кездің кейбір мәнеттерінде орыс жазуларымен қатар татар жазулары да (легендалары) болды. Күміс мәнеттермен қатар ұсатқыш мыс мәнеттері пуло да шығарылды.

Москва ұлы княздігінде ақша шығарудың негізіне кесектің белгілі бір салмағы - гривень алынды, ол сом деп аталды. Оған алғашында 200 ақша сәйкес келді. Алайда елде өте көп кешікпей күміс ақша салмағы төмендей бастады. Номинальды сақтай отырып, салмақтың мұндай төмендеуі мәнет шығаратын князьдіктерге көп пайда келтірілді. Сонымен бірге бұл процесс ішкі рынокта товар айналымын қиындатты және мемлектеттің феодалдық бытыраңқылығын күшейтуге көмектесті.

Ақшалармен бірге Москвада жартылай күміс ақша, ал Новгородта- ақшаның ширегі (четверица) жасалып шығарылды. Ш Иван тұсында удельдік княздіктерде мәнет шығаруға тиым салынды. XY ғасырдың аяғында әуел бастағымен салыстырғанда Москва ақшасының салмағы екі есеге жуық кеміп кетті. Осының нәтижесінде бір Новгород ақшасы екі Москва ақшасына сай келді.

Салмақтың одан әрі төмендеуі елеулі қиыншықтарға ұшыратты. Мәнеттерді бүлдіру көптеп өріс алды, ақша дағдарысы пісіп жетілді. София жылнамаларында мынадай жазу сақталынған: « При державе в кн. Василия Ивановича начаша безумнии, научением вражием . . . деньги резати и злый примес в серед класти; того много лет творяху».

Осындай жағдайларда 1534-1535 жылдары ақша реформасы жүргізілді. Бұл москвалық және новгородтық элементтерден құралып, жалпы орыстық ақша есебінің негізінде елде біріңғай мәнет системасы орнықтырылды. Жаңа мәнет - тиындар (копейка ) шығару басталды. Ол Москва ақшасынан екі еседен деауыр болды. « Копейка» деген сөз, оның бетінде найза (копье) ұстаған салт аттының суреті бейнелеуінен шығарып айтылды. Қолданып жүрген есеп бірліктерінен тек тиын, ақша, полушка жасалып шығарылды. Мәнеттер жасалып шығарылған жерлерінің тиісті әріп таңбаларымен «М», «Н», «П» яғни Москвада, Новгородта, Псковта жасалды. Мәнеттердің, түрлі бейнелерден басқа жазулары да болды. Тиын үстіндегі жазуда былай делінген: «Князь велики гдрь всея Руси», кейінректе жазуға өзгерістер енгізілген: «Царь и великий князь Иван всея Руси». Жаңа мәнеттің салмағы поляк- швед интервенциясына дейін өзгермей сақталып келді.

Русьтегі алғашқы манеталар

XIY-XVII ғасырлар кезіндегі орыс мәнеттерінің жасалып шығарылу техникасы өзгеше еді. Күмісті сым түрінде дайындады, оны осыдан кейін қажетті салмақта теі кесінділерге бөлді. Сопақша қиындылар шеттері кедір бұдыр пластинкаға айналдырылды, ақша басып шығару үшін осы пайдаланылады; ақша қыздырылған темір штемпельді басу арқылы жасалды. Жұмсарту үшін қыздырылған күміс табағы жоғарғы және төменгі штемпельдердің арасына салынды, содан кейін жоғары штемпельге балғамен соғылып, екі жақты оттискі алынды. Осындай техникада жазу немесе бейне мәнет бетіне түгелдей түспей қалушылығы жиі болып тұрды.

Ежелгі Русьте ақша терминологиясы мен ақша есебі.

XVII ғасырдың басында тиын мен ақшаның салмағы төмендей бастады. I Петр патшалық етуінің басталуына қарай 1 тиын екі еседен аса азайды да, 0, 28 г тартты. Мұндай мәнеттер айналымда қолайсыз еді. Сонымен бірге Россияның дамып келе жатқан ішкі және сыртқы саудасы ірі мәнеттер жасауды талап етті. Құны жағынан 10 күміс тиынға сай келетін алтын тиындар шығарумен алмастыруға 1610 жылы Василий Шуйский әрекеттеніп көрді.

Орыс айналымына ірі мәнеттің енгізудің келесі әрекетін 1654 жылы патша Алексей Михаилович жасады. Ірі күміс номинальдарды - сом мен жартылай полтинаны шығаруды көздеді, мұнда сом салмағы жағынан батыс европалық мәнеты - талерге (28 г) теңестірілді. Бұның үстіне әр түрлі номинальдарды полтинадан ақшаға дейінгі мыс мәнеттерді шығару қолға алынды. Реформаларды жүргізу процесіндегі қателіктер мен зиянкестіктер, жаңа мәнеттер шығарудағы техникалық қиындықтар және кейбір басқа да себептер 1662 жылғы терең дағдарысқа және реформаны сәтсіз аяқтатқан, «мыс бүлігі» деген атпен белгілі болған Москва кедейлерінің көтерілісіне әкеліп соқты. Бұл оқиға туралы найзалы салт аттының бейнесі бар дөңгелек таңба түріндегі және «1655» деген дата қойылған «таңбалы ефимка» деп аталатын орыс құймасы, Батыс Европа талерлері біздің есімізге салады. Қазір мұндай мәнеттер өте сирек ұшырайды.

Елдің одан әрі эканомикалық дамуы үшін қажетті Россиядағы ақша ісін түбірінен қайта құру I Петрдің тұсында, XVIII ғасырдың басында жүзеге асырылды.

Орыс нумизматикасының бұл бөлімін зерттегенде СССР тарихының жалпы курсынан XVIIIғасырдың бірінші ширегіндегі өрлеудің маңызын еске алу және I Петрдің басқа реформаларымен тығыз байланыста мәнет ісіндегі өзгерістерді қарастыру қажет.

I Петр тұсында жаңа ақша системасы орнығады. Айналымға төмендегідей күміс ақшалар шығарылды: сом =2 полтина =4 жарым полтина =10 гривенник; полтина =2 жарым полтина =5 гривенник; гривенник=10 тиын ; пятак =5 тиын; алтын =3 тиын. I Петр тұсында айырма үшін мыс мәнетін айналымға енгізе алды. 1704 жылдан салмағы 8г мыс тиынды шығару басталды. Оның құрандылары : ақша, полушка, жарым полушка. 1718 жылға қарай мыс тиын күміс тиынды түгелдей ығыстырады. Кейінректе мыстан 5 тиындық мәнетті шығара бастайды. Реформа алтынды да айналымға енгізді. Алтын мәнеттер : червонец (дукат) пен қос червонец шығарылатын болды.

I Петр тұсында мәнеттің сыртқы түр түсі өзгерді, мәнет ісінің техникасы жақсартыла түсті. Жаңа мәнет сарайлары ашылды. Олардың әрқайсысына мәнеттердің тиістілігі мәнет алаңындағы таңбасына қарай анықталды. Мәселен, «НД» (Набережный двор), «МД» (Монетный двор), «МДЗ» ( Московский денежный завод) және «БК» (Большая казна) - Москва мәнет сарайлары : набережный, ескі және жаңа сарайларға тиісті болды. «СПБ» әріптері Санкт -Петербургтегі жаңа мәнет сарайы шығарған мәнеттерге, ал «ЕМ» белгісі Екатеринбург мәнет сарайларының бұйымдарының үстіне салынды.

XIV-XVIII орыс монеталары мен ақша айналымы.

Мәнеттердегі жазу ұлғайтылды, номинальдың нақты таңбасы, мемлекеттік герб бейнесі мен патша суреті пайда болды. Орыс мәнеттерінде тұңғыш рет үстінде жазуы бар гурт қолданылды. Жаңа жыл санауға сәйкес мәнеттерде 1722 жылға дейін славян немесе арабша, ал 1722 жылдан кейін тек араб цифрларымен таңбалаған даталар берілді.

Реформадан кейінгі жылдарда әр уақытта мыс мәнеттің төмендегідей номинальдары басылып шықты: 10 тиын, 5 тиын, 4 тиын, 2 тиын, 1 тиын, ақша, полушка. Бұдан басқа 1725-1727 жылдарда таңбалары бар, квадрат мыс плиталар түрінде байқау сомдық, полтиндік, жарым потиндік және гривендік «платалар» шығарылды. Осындай типті, бірақ бір таңбалы 1 және 5 тиын номинальдар шығарылды. Алайда квадрат мәнеттердің шығарылуы кешікпей тоқтатылды.

1763-1780 жылдары Колыван мәнет сарайында мыс мәнеттердің Сибирь сериясы дейтінінің 6 номиналы шығарылды. (полушка, ақша, 1 тиын, 2 тиын, 5 тиын, 10 тиын) .

XVIII ғасырларда шығарылған күміс мәнеттер мынадай құндарда ұшырайды: 2 сом, 1 сом, 50 тиын, 25 тиын, 15 тиын, 10 тиын, 5 тиын, 3 тиын, грош, 1 тиын.

  1. рет шығарылды. Номинал мен мәнеттердегі металл құнының

жылы Россияда ақша айналымында үлкен орын алға ассигнациялар

арасындағы алшақтық ақша таңбаларын құн символына айналдырды. XIX ғасырдың бойында толып жатқан реформалардың нәтижесінде орыс мәнеттері талай рет өзгерді. XIX ғасырдың басынан ірі номиналдардың гуртінде сығылып басылған әріптермен металл пробасын, лигатуралық салмақты, ал XIX ғасырдың аяғына таза күміс мөлшерін және шаруаға жауапты адамның инициалын таңбалай бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша ұғымы, ақшаның шығу және даму тарихы
Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы
Түргеш монеталарын зерттеу мәселесі
Ақша түрлері және оның қызметтері
Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы
Интернет арқылы ақша табудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Салық менеджменті
Ақша жүйесі және оның тарихи типтік дамуы
Ақша. Ақша түрлері және олардың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz