«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру



Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Танымдық қызығушылық — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Практика көрсетіп отырғанындай, оқушының өз іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өзбетімен танымдық іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Бұдан «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың толық теориялық тұрғыдан негізделмеуі, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялар негізінде «Технология» пәніне деген танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілмеуі мен оқушылардың «Технология» пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады.
1. Әлназарова Г.Ш., Жүнісова А.Т., «Оқушыларды кәсіпке баулуда ұйымдастырылған модельдер», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, п.ғ.д., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру - Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция, сәуір, 2011 жыл.
2. Кошкарова Ш.З., Жунисова А.Т., Наурызбаева А. Қ., «Совершенстование технологического образования студентов к эстетическому воспитанию школьников». Республиканская конференция «Повышение качества дополнительного образования в условиях модернизации педагогического процесса в современной школе», Семипалатинский государственный педагогический институт имени Шакарима, 26-27 апрель 2012 год.
3. Жүнісова Ә.Т., Шильдебаева Л.К., Сайлыбаева А.Н., «Технология сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру», «Дәулет» ғылыми-педагогикалық журналы, №3, 2012 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 372.862:37.026.6
Қолжазба құқығында

ЖУНИСОВА АСИЯ ТАЛГАТОВНА

Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру

6M012000 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

рефераты

Қызылорда, 2012 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты,
доцент Г.Ш. Әлназарова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты,
Болашақ
университетінің доценті
С.Б.Қуанова

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 20______жылы _____________________сағат_______ __ Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014,
Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі 75, 6 оқу ғимараты, физика-математика
факультеті, ауд __________ )

Мемлекеттік Аттестаттау
комиссиясының хатшысы:
Ш.З. Қошқарова

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең
көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту
мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке
тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Танымдық қызығушылық — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының,
рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық
қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту
арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық
қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының
көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету
қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең
жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде,
тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Практика көрсетіп отырғанындай, оқушының өз іс-әрекетін жеткілікті
деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, теориялық, практикалық
даярлығымен қоса, өзбетімен танымдық іс-әрекеттерді орындай алуы мен
олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты
қасиеттерінің болуын талап етеді. Бұдан Технология пәнін оқыту үдерісінде
оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың толық теориялық тұрғыдан
негізделмеуі, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялар негізінде
Технология пәніне деген танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы
ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдістемелік тұрғыда қамтамасыз
етілмеуі мен оқушылардың Технология пәніне деген танымдық қызығушылығын
қалыптастыру қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-
қайшылықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын ақпараттық
технология негізінде, электронды оқу әдістемелік құралдары негізінде
қалыптастыру мәселесі туындайды. Ал, ол болса өз кезегінде біздің зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру деп анықтады.
Зерттеудің нысаны: жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар
негізінде жүргізілетін жалпы білім беру мектептерінде Технология пәнін
оқыту үдерісі. Мектептегі технология пәнін оқыту үдерісіндегі педагогикалық
іс әрекетті жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар колдану арқылы
жетілдіру жолдары.
Зерттеу пәні: Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыруға даярлау жүйесі.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа
педагогикалық ақпараттық технологиялар арқылы танымдық қызығушылықтарын
қалыптастырудың педагогикалық жүйесін теориялық негіздеу, тәжірибелік
тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеу болжамы – егер, технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесінің теориялық-
әдіснамалық тұғырлары айқындалып, тұжырымдамасы жасалса; технология пәнін
оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға
құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленсе; мектептің технология пәні
бағдарламасы мен қазіргі өндірістік заманауи технологияның дамуына, сондай-
ақ оны оқытуға сәйкес жүзеге асырылса, ақпараттық-компьютерлік технологияны
пайдалануға байланысты әдістеме ұсынылса, онда технология пәнін оқыту
үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығы, пайдалануда белсенділігі
артады, ал бұл болса, білімі жоғары, өздігімен дербес шешім қабылдай алатын
тұлғаның қалыптасуын қамтамасыздандырады.
Зерттеу міндеттері: Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі
оқушылардың технология сабағындағы еңбекке дайындық жағдайымен танысып,
жетілдіру жолдарын анықтау;
- Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі
компоненттерінің мазмұнын жасау;
- Мектептегі технология пәнін оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық ақпараттық
технологиялар негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа педагогикалық
ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұсынылған жүйенің тиімділігін
тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: табиғат пен ғылымның, адамның ойлауының
өндірістің, қоғамның дамуымен байланыстылығы негізінде білім беру жүйесін
мемлекеттік тапсырысқа сәйкестікте жүйелілік тұғыр тұрғысынан зерттеу және
жетілдіру іс-әрекеттері, технология пәнін оқыту үдерісінде мектеп
оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технология
толық мәнді мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ұсынған тақырыптық жоспар мен бағдарлама оқушылардың кәсіби даярлығы туралы
философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі жеке тұлғалық
қасиеттерін дамыту және олардың қызығушылықтарын қалыптастыру туралы
қағидалар және ғылыми-технологиялық прогресс (оның әрекет етуінің мәні,
жіктеу әдістері), ғылымтану (ғылымды ұйымдастыру тәртібі, ғылыми-техникалық
теорияның жұмыс жасау деңгейлері), жеке тұлғаның психологиялық теориясы,
педагогикалық және этнопедагогикалық білім беру теориясы, политехникалық
білім беру теориясы, технологиялық білім беру және технологиялық мәдениетті
қалыптастыру тұжырымдамасының негіздері және психологиялық-педагогикалық
зерттеулер бойынша еңбектер құрайды және білімді ақпараттандыру туралы
барысында С.Г.Григорьев пен В.В.Гриншкунның ұсынған тәсілдері қолданылады.
Зерттеудің әдістері:
- теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-
дедуктивті талдау), т.б.
- эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-
тәжірбиелер);
- әлеуметтанулық (сауалнама);
- қосымша білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірбиесін талдау, салыстыру,
зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу,
математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы басқа да
білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, жалпыға міндетті білім
берудің стандарттары, зерттеліп отырылған мәселеге байланысты Отандық және
шет ел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, технология пәні мұғалімдерінің
жаңашылдық тәжірибелері, озат ғылыми зерттеулер, автордың өз тәжірибесі.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010 жылы қыркүйек-желтоқсан айлары) зерттеу процедурасы
жасалып, проблеманың теориясы, тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылды;
зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні,
болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.
Екінші кезеңде (2011 жылы, қаңтар-тамыз айлары) оқу-әдістемелік,
статистикалық материалдарды жинақтау, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және
қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды.
Үшінші кезеңде (2011-2012 жылдары, қыркүйек-ақпан айлары) материалдарды
теориялық өңдеу, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді;
қорытындыларды рәсімдеу аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды және технология
пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін
педагогикалық жүйе жасалынды..
- жасалынған педагогикалық жүйе мектепте Технология пәнін оқыту
үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды
қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері
анықталды.
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың
танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылып,
өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, деңгейлеріне сипаттама берілді.
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың
танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде олардың
танымдық-іс-әрекетін қалыптастыруға арналған Технология пәні. Өндірістік
технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып
қыздар) атты электронды оқу әдістемелік құралы жасалынды;
- зерттеу мәселесіне байланысты оқу әдістемелік кешендер жасалып практикаға
ендірілді.
- теориялық талдаулар негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды,
ұсынылған электронды оқулықты мектепте оқыту үдерісінде, өзіндік
дайындалуда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- оқушылардың танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен
қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі. Танымдық іс-
әрекеттің қалыптасуы негізінде оқушылардың ой-өрісі толысып, белсенді ойлау
әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, оқушылардың кәсіби
мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мәнін анықтау мен мазмұнын
сұрыптау, оның оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
мүмкіндіктерінің жоғары деңгейге көтеретіндігін дәлелдейді.
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мотивациялық-еріктік мазмұндық, әрекетті-
тәжірбиелік бақылау-бағалау компоненттері бірлігінде байқалады және нақты
өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады.
- мектепте Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі, оқушылардың меңгерген
білім, іскерлік, дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен
пайдалануға бағдарлайды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі оның мәселеге, зерттеудің объектісі,
пәні, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кешенді әдістерді қолданумен,
таңдалған әдіснамалық тұғырды негіздеумен жеткілікті деңгейде
байланыстылығымен қамтамасыз етілді және зерттеушінің осы бағыттағы
практикалық жұмыс тәжірбиесімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерін байқаудан өткізу
түрлі деңгейдегі ғылыми практикалық конференцияларда жүргізілді.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1. Әлназарова Г.Ш., Жүнісова А.Т., Оқушыларды кәсіпке баулуда
ұйымдастырылған модельдер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, п.ғ.д., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған
Сапалы білім беру - Қазақстанның индустриялануының және инновациялық
дамуының негізі атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция,
сәуір, 2011 жыл.
2. Кошкарова Ш.З., Жунисова А.Т., Наурызбаева А. Қ., Совершенстование
технологического образования студентов к эстетическому воспитанию
школьников. Республиканская конференция Повышение качества
дополнительного образования в условиях модернизации педагогического
процесса в современной школе, Семипалатинский государственный
педагогический институт имени Шакарима, 26-27 апрель 2012 год.
3. Жүнісова Ә.Т., Шильдебаева Л.К., Сайлыбаева А.Н., Технология
сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, Дәулет
ғылыми-педагогикалық журналы, №3, 2012 жыл.
Диссертациялық зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы. Диссертация
кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен
және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты, өзектілігі, мақсаты,
пәні, объектісі, міндеттері, болжамы, зерттеу кезеңдері мен әдістері,
ғылыми жаңалығы практикалық маңызы ашылып көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын
қағидалары баяндалады.
Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізі деп аталатын бірінші тарауда
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі
танымдық іс әрекет ұғымының мәні мен мазмұны ашылып көрсетілген. Мектеп
оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің теориялық
зерттелуі және мектеп оқушыларының танымдық іс әрекетін белсендіру жолдары,
Технология пәні арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
мәні, мағынасы қарастырылып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға
даярлау ұсынылып, танымдық іс-әрекеттің негізгі компоненттері анықталған,
оны қалыптастыру механизмі жасалып, құрамдас бөліктері айқындалды.
Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық
коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың танымдық іс-
әрекетін қалыптастыру әдістемесі деп аталатын екінші тарауда мектепте
Технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық
коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде сатылап қалыптастыру
әдістемесі келтірілген. Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері және
оларды жетілдіру жолдары қарастырылған. Технология пәнін оқыту үдерісінде
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияларды қолдану талданып, мектепте қолданылатын
электронды басылымдар, электронды оқулықтар құру әдістемесіне қойылатын
талаптар тұжырымдалған. Технология пәніне арналған электронды оқулық
атты электронды оқулық ұсынылған.
Қорытынды бөлімінде ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері
мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің
келешектегі зерделенетін бағыттары көрсетіледі.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері, анықтамалар
және электрондық оқулық туралы материалдар келтірілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Біз өз зерттеу жұмысымызда Технология пәні мұғалімдері Тігін
бұйымдарын дайындауда ақпараттық технологияларды қолдану атты әдістемелік
оқу құралын жасай отырып, Технология пәнінің 5-9 сыныптарда Сәндік
қолданбалы өнер элементтері негізінде қолөнер технологиясы, 10-11
сыныптардағы Өндірістік технологиялық элементтер бөлімі, бойынша міндетті
игерілетін білім, білік, дағдыларын ескере отырып, осы бөлімде орындалатын
оқушылардың өзіндік жұмысы болып саналынатын шығармашылық жоба жұмыстарына
әдістемелік нұсқау, олардың тақырыптарының түрлерін, оқушылардың өндірістік
технологиялар негізінде киім үлгісін құрастыру қабілеттіліктерін дамыту
мақсатында Технология пәні. Өндірістік технология негізінде конструкциялық
материалдарды өңдеу. (10-11 сынып қыздар) атты электронды оқу әдістемелік
құралы жасалды. Сонымен технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық жүйе жасалынды.
Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірістік технология негізінде конструкциялық
материалдарды өңдеу элементтерін қолдану арқылы оқыту үдерісінде
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын, өзін-өзі көрсетуіне көмек
жасайтын және соны өнім жасап шығаруы бойынша іс-әрекетке дайындығы мен
білімділігін қамтамассыз ететін мотивациялық, іс-әрекеттік және және
шығармашылық компоненттері бар жеке тұлғаның интегративтік қасиеті деп
түсіне отырып, біз еңбекке оқытуды танымдық қызығушылықты қалыптастыру
ұстанымы тұрғысынан қарастырамыз.
Технология сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыруды зерттеу осы дамуға әсер ететін факторлар жөніндегі идеяларды
негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар мыналар:
-оқушылардың сабаққа деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін,
шығармашылық қабілеттілікті бекіту мен дамыту үшін өте бай мүмкіндіктері
бар оқу материалының мазмұны;
-мектеп оқушыларының өзінше танымдық қызығушылығын арттыруға және
олардың берілген ақпараттарды игеруіне көмектесуге бағытталған
педагогикалық тұрғыда әдістер мен формалар.
1 –кесте. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық жүйесі

Ұсынылып отырған педагогикалық жүйе жұмысының кезеңдері:
Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі көрсетуіне көмек
жасайтын және соны өнім жасап шығаруы бойынша іс-әрекетке дайындығы мен
білімділігін қамтамасыз ететін мотивациялық, іс-әрекеттік және шығармашылық
компоненттері бар жеке тұлғаның интегративтік қасиеті деп түсіне отырып,
біз еңбекке оқытуды шығармашылық қабілеттіліктерді қалыптастыру ұстанымы
түрғысынан қарастырамыз.
Технология сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыруды зерттеу осы дамуға әсер ететін факторлар жөніндегі иделарды
негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар мыналар:
-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалыптастыру үшін,
шығармашылық қабілеттілікті бекіту мен дамыту үшін өте бай мүмкіндіктері
бар оқу материалының мазмұны;
-мектеп оқушыларының өзінше шығармашылық ізденісін арттыруға және
олардың берілген ақпараттарды игеруіне көмектесуге бағытталған
педагогикалық тұрғыда әдістер мен формалар
Білім беру ұйымының басшылығы білім беру стандарты негізіндегі оқыту
нәтижелерін болжайды және танымдық қызығушылықты қалыптастыруда оқушының
бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне стратегиялық болжау жасайды. Оқушының
өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының өзара
байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде орындалады.
Оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруды негізгі бес кезеңге
бөлеміз (сурет 1):

1. кезең Мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру: технология пәні
мұғалімдерінің уақыт талабындағы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған
даярлығын жетілдіру мақсатында технология пәні бойынша электрондық оқулықты
технология сабақтарында пайдалану.
2. кезең Оқушылардағы білім, білік, дағды қалыптастыру: Оқушылардың
жоғарыда аталған электронды оқулық негізінде киімді құрастыру және
моделдеудің әлемдік тәжірбиелерін әдіс тәсілдері арқылы теориялық білім,
білік, дағдыларын жетілдіру.
3. кезең Оқушылардың танымдық қызығушылық ізденісі: Оқушылардың танымдық
қызығушылығын электронды оқулықты қолдану арқылы киімдерді құрастырып,
модльдеу жолдарын іздеу, тақырып табу мақсатында кіріспе сайыс -сабақ
өткізу.
4. кезең Оқушылардың өз бетінше жұмысы. Оқушылардың таңдаған немесе
ұсынылған тақырып бойынша жұмыстары: ізденушілік-зерттеу, конструкторлық,
технологиялық, қорытынды кезеңдері бойынша орындалатын іс-әрекеттерінің
нәтижесі.
5 кезең Оқыту арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйесін
жүзеге асыру: оқыту арқылы танымдық іс-әрекетті қалыптастыру нәтижесін
бағалау, түзетулер енгізу, ұсыныстар әзірлеу
Танымдық қызығушылық – оқушылардың танымдық мотивтеріне мотивациялық
тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Оқушылардың мектепте білім
алуы, қалыптасуы, дағдыларының дамытылуы оларды шығармашылықпен еңбек етуге
үйретеді.
Оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың өзара
байланысқан төрт компоненттен тұратын: мотивациялық-еріктік, мазмұндылық,
әрекетті-тәжірибелік, бақылау-бағалау құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз
(кесте 2). Модельде педагогикалық үдерістің келесі әдістері ұсынылады:
проблемалық-ізденушілік, практикалық (тәжірибелер өткізу, шығармашылық
тапсырмаларды орындау), педагогикалық ынталандыру (қолдау көрсету,
жетістікке жетуге жағдай туғызу, ынталандыру), зерттеушілік (эксперименттер
жасау, болжамдар, модельдеу), өзіндік-саналық әдістер (өздігінен талдау,
рефлексия жүргізу т.б.).

2-кесте Оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
моделі
Компоненттері Өлшемдері Көрсеткіштері
- танымдық қызығушылықтың
тұлғалық-құндылық маңызын
түсінуі;
- өмірде өз орнын табуға деген
Тұлғаның танымдық құлшынысы;
Мотивациялық-еріктқызығушылықты - өз мүмкіндіктерін тануға,
ік компонент қажетсінуі мен жетілдіруге деген ұмтылысы;
танымдық қызығушылыққа- белгіленген кезеңде атқаратын
ынтасы қызығушылыққа ынтасы, өзгермелі
өмірге икемделуге деген
құлшынысы;
- жаңа ақпарат ағымын үздіксіз
меңгеруге деген талпынысы;
- ақпарат-білім-ақпарат
жүйесінде өзінің танымдық
қызығушылығын жетілдіруге
қабілеттілігі.
- пәндік білімді танымдық
Жүйелілік, қызығушылықты тұрақты және
Мазмұндылық біртұтастық, игерілгенжүйелі қолдануы;
компонент білімнің тереңдігі - танымдық қызығушылықты
шығармашылық тұрғыда меңгеруі;
- танымдық қызығушылықты
дамытудың тәсілдерін меңгеруі;
- танымдық қызығушылықты жүзеге
асырудың тәсілі мен мазмұнын
түсінуі.
Танымдық қызығушылық - өз бетінше танымдық
негіздерін игеруі жәнеқызығушылықты жүзеге асыруы;
Әрекетті-тәжірибелоны тәжірибеде қолдана
ік компонент білуі, құзыреттілік - танымдық жағдаяттарға талдау
деңгейінің қалыптасуы жасай білуі;
- танымдық қызығушылықты атқару
барысында дәстүрлі емес шешімдер
қабылдауы;
- танымдық қызығушылықты
қалыптастыру бағытында туындаған
жағдаяттарды өз бетінше шеше
білуі;
- танымдық қызығушылықты
жоспарлауы және оны тиімді
ұйымдастыру жолдарын таба білуі.
- танымдық қызығушылықты
Танымдық қызығушылықтыобьективті бағалай білуі;
Бақылау-бағалау рефлексиялау - танымдық қызығушылықтың
компоненті қабілетінің дамуы маңызды сипаттамасы ретінде өзін
өзі бақылау мен бағалау
дағдыларын меңгеруі;
- танымдық қызығушылыққа талдау
жасай білуі; рефлексия;
- танымдық қызығушылықты
қалыптастыруда жіберілген
кемшіліктерді анықтауы және
түзету енгізуі.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалімдердің теориялық білімін
жетілдіру. Бірінші компоненттің негізгі мақсаты мұғалімдердің теориялық
білімдерін жетілдіру болып табылады. Технология пәні мұғалімі сала бойынша
технологиялық білік, дағды, іскерліктерді игерген кәсіби маман. Ол оқулық
мазмұны бойынша оқушының білім, білік, дағдыларын теориялық және
практикалық іске асыруына педагогикалық іс- әрекет жасай отырып, әлеуметтік
қажеттілік пен қоғамдағы өзгерістерге байланысты теориялық және практикалық
білімін жаңа әдіс-тәсілдермен жетілдірудің қажеттілігі туындайды. Міне осы
орайда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін көтеру мақсатында біз технология
пәніне арналған электронды оқулықты жасадық.
Біз ұсынып отырған педагогикалық жүйе Технология пәні. Өндірістік
технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып
қыздар) атты электронды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Физика сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Пәндер