Компанияны басқарудағы қаржылық есептілік


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Компанияны басқарудағы қаржылық есептілік

«Учет и Финансы» журналы, 6 маусым 2008 жыл.

Компанияның тұрақтылығына компанияның бәсекелестік нарығындағы жағдайы, сұранысқа ие өнім шығару, оның іскерлік ынтымақтастықтағы әлеуеті, сыртқы кредиттер мен инвесторлардан байланыстылық деңгейі, төлеуге қабілетті дебиторлардың бары сияқты факторлар әсер етеді. Компания тұрақтылығының жоғарғы формасы болып оның тұрақсыз ішкі және сыртқы ортаның жағдайында даму қабілеттігі табылады. Ол үшін компания қаржылық ресурстардың икемді құрылымына және қажет болған жағдайда зайымдық қаражаттарды тарту мүмкіндігіне ие болу керек, яғни кредитке қабілетті болу қажет. Қаржылық тұрақтылыққа, сондай-ақ ссуда капиталы нарығында қосымша жұмылдырылған қаржаттар да көп әсерін тигізеді. Компания ақша қаражатын көп тартса, оның қаржылық мімкіндігі жоғары, алайда қаржылық қауіп те өседі - компания өзінің кредиторларына уақтылы төлеп құтыла алуға мүмкіндігі бола ма. Компанияның қаржылық қызметінің басты мақсаты шаруашылық қызметінің тиімділігі мен барынша пайда алу тиімділігі үшін қаржы ресурстарын қайда, қашан және қалай пайдалануды шешу болып табылады. Компанияның қаржылық тұрақсыздығына жол бермеу үшін қаржыны қалай басқару керек, капиталдың құрамы мен көздері бойынша құрылымы қандай болу керек, өзіндік және зайым қаражаттары қандай үлесті, сондай-ақ активтердің құрамы мен құрылымы оңтайлы болып табыла ма және оларды басқару стратегиясын таңдауы дұрыс екендігін білу қажет. Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметті тиімді басқару үшін стратегиялық және ағымдағы шешімдерді жан-жақты негіздеуге, компанияны даму стратегиясын әзірлеу барысында қауіпті төмендетуге, сенімді серіктерін таңдауға және өз қызметінің қаржылық нәтижелерін болжауға мүмкіндік беретін қаржылық ақпарат алу қажеттілігі пайда болып отыр.

Компанияның қаржылық ресурстарын басқару табыстар мен шығыстарды жобалауды есепке алу, бақылау міндеттерін кешенді шешуге бағытталған басымдық міндеттердің бірі болып табылады, компанияға өз қаражаты мен тартылған инвестицияларды тиімді пайдалануға, жалпы бизнес басқарушылығын, оның рентабельділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Соған байланысты тек шынайы және объективті деректерден тұратын қаржылық ақпараттың маңызы нақты өседі. Ол шаруашылық айналымның барлық қатысушыларына бір жағынан ұсынға, екінші жағынан - нақты компания қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін түсінуге, дұрыс, тиімді басқарушылық және оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауға, тиісті басымдықтар мен қауіптерді бағалауға мүмкіндік береді. Компанияның қаржылық есептілігі қаржылық ақпаратты алуға негіз болып табылады.

Компанияны басқару жүйесіндегі қаржылық есептілік шешімдер қабылдау жүйесі мен компанияны басқарудың негізін қалыптастыратын компанияның ықпалдастырылған қаржылық ортаның бөлігі болып табылады, ол компанияны басқару және шешімдер қабылдау жүесінің негізін қалыптастырады, қаржылық жағдай, қаржылық нәтижелер мен компанияның ақша қаражаты құралдарының қозғалысы туралы ақпаратты ұсынады және оның ресурстарын басқару нәтижесін жалпы көрсетеді. Қаржылық жоспарлау және мониторингтің ақпараттық-басқару жүйесіндегі қаржылық есептілікті пайдалану және оны компанияның ақпараттық ортасына ықпалдастыру үрдістердің тиімділігі мен сапасын, қабылданатын шешімдердің негізділігі мен шұғылдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты тиімді менеджмент үшін негізді болып қаржылық ақпараттың жүйесін ұйымдастыру болып табылады, ол бір қатар өзара байланысты міндеттерді шешуді болжайды:

  • қаржылық жоспарлау және қаржылық мониторингтің ақпараттық-басқару жүйесінің құрылымын әзірлеу. Бұндай ақпараттық-басқару жүйесі барлық құрылымдық бөлімшелер мен орталықтардың өзара іс-қимылын және өзара байланысын, бюджетті қалыптастыру процессінде ұйымның жауапкершілігін қамтамасыз ету керек, олардың көрсеткіштері әр түрлі рангтағы басшылар үшін бақылау параметрлері болады;
  • қаржылық жоспарлау және қаржылық мониторинг жүйесінің бөлінген ақпараттық-басқару жүйесін іске асыруды және қалыптастыруды қамтамасыз ететін қаржылық ақпараттың алмасуының көп деңгейлі модельін әзірлеу;
  • компанияны қалыптастырудың әр түрлі жағдайында қаржылық және экономикалық сипаттардың мағынасы туралы сандық қорытындының негізінде басқару процесстерінің жағдайы туралы қорытындыны қалыптастыратын қаржылық жоспарлау және қаржылық мониторингтің ақпараттық-басқару жүйесіне ықпалдастырылған қаржылық ақпаратты талдау моделін әзірлеу;
  • басқарушылық шешімдерді негіздеудің математикалық модельдері мен болжамдық талдаудың, және қаржылық жоспарлау мен мониторингтің ақпараттық-басқарушылық жүйесіне ықпалдастырылған екі модельдер тобының өзара байланысын әзірлеу. Болжамдық талдаудың модельдерін белгілеу - оқиғаларды дамытудың мүмкін болатын бағыттарын анықтау, оның қаржылық-экономикалық жағдайына және келешекте компанияның қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды өзгерту. Екінші топтағы модельдерінің бағыты - өндіріс пен сату көлемдерін және кәсіпорын қаупсіздігінің аймағын белгілеу саласындағы басқарушылық шешімдердің сандық негіздеу, қосымша тапсырыстар қабылдау, тауарлық өнімдердің құрылымын, құралдар мен технологиялар вариантын таңдауды оңтайландыру, инвестициялық жобалардың тиімділігін негіздеу.

Бухгалтерлік есептіліктің деректерін жалпылауға негізделген және компанияның қызметі туралы ақпараттың сыртқы және ішкі пайдаланушыларымен байланыстыратын ақпараттық звено болып табылатын

компания қызметінің тиімділігін бағалау және оның дамуының стратегиялық жоспарларын әзірлеу үшін негізгі көзі болып табылады.

Бухгалтерлік есеп компанияның қаржылық және статистикалық есептілігін жедел басқару және қамтамасыз етуге арналған компанияның ағымдағы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есептің жүйесі келесі қызметті атқарады:

  • барлық шаруашылық операциялардың есебін жүргізу: конрагенттермен бірге ақша қаражаттары мен есептері; өндірістік қорлар; дайын өнім мен оны іске асыру; негізгі және материалдық емес активтер; қаржылық салымдар; резервтер мен займдар;
  • нәтижелерге есеп жүргізу және талдау және пайданы (шығысты) қалыптастыру;
  • принциптерді әзірлеу және компанияны фирмаішілік басқару мақсатында пайдаланатын басқарушылық есепті жүргізу; қаржылық есеп пен есептілік үшін деректерді ұсыну;
  • статистикалық деректерді жинақтау және статистикалық есепті жүргізу.

Сөйтіп, бухгалтерлік есеп оның шаруашылқ қызметі барысында компанияның қаражаттары мен ресурстарының айналымы туралы ақпаратын өндейді, сондай-ақ шығыстар түрлері бойынша өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өз құнын қалыптастыру туралы, өндірістің тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ барлық коммерциялық операциялардың нәтижелері бойынша кірістерді, табыстарды, шығыстарды, шығындарды анықтауды болжайды. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп бүгінде бухгалтерлік жазба жүргізу ғана емес, оларды талдау мен түсіндіру сияқты қарастырылады, ол қаржылық нәтижелер мен осы нәтижелерге әкеліп соққан оқиғалар арасындағы байланысты болжайды. Кейбір көрсеткіштердің капиталы мен болжауын инвестициялау бағыттарын таңдау үшін қаржылық есептілікті талдау компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін басқару проблемаларын анықтау үшін инструмент болып табылады.

Пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін компанияның ақша қаражатының активтері, міндеттемелері, капиталдары, табыстары мен шығыстары, қозғалысы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланстар, табыстар мен шығыстар туралы, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазбалар түрінде берілуі мүмкін.

Қаржылық есептілікті зерттей отырып, нарықтық қатынастардың субъектілері әртүрлі мақсаттарды көздейді: іскери әріптестерді қарыздарды уақтылы өтеу мүмкіндігін көздейді; инвесторларды - компанияның даму басмыдықтары, оның қаржылық тұрақтылығы; акционерлерді - акцияның бағасы, дивидендтерді төлеу мөлшері және тәртібі. Қаржылық есептілік қаржылық шешімдерді қабылдау барысында ұйымның әріптестіктері алатын ақпараттың негізгі көзі болып табылады, оның шынайылығына және ақпараттылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Ақпараттылығын арттыру есептіліктің формаларына берілетін толық түсініктемелерге байланысты. Осыған байланысты қаржылық есептілік сапалық сипаттарға ие болу керек. Қаржылық есептің сапалы сипаты деп ақпарат пайдаланушылар үшін ақпараттың пайдалы ететін атрибуттарды айтады. Оларға:

  • түсініктілік (қаржылық есепегі ақпарат экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар пайдаланушыларға түсінікті болатындай ұсынылуы керек) ;
  • орнықтылық (қаржылық есептегі ақпарат шешімдерді қабылдау барысында пайдаланушылардың сұраныстарын есепке алумен орнықтылы болуы керек) . Келесі факторлар есептіліктің орнықтылығына әсер етеді: уақтылығы, маңыздылығы, шешімдердің орындалуын бақылаға мүмкіндік беретін, пайдаланушымен осыдан бұрын қабылданған шешімді дәлелдеуге немесе түзетуге көмектесетін болжау үшін құндылығы мен кері байланысы;
  • сенімділік (қаржылық есептердегі ақпаратта қателіктер болмау керек, өзінің мақсатын шынайы ұсыну) ;
  • салыстырылмалық (қаржылық есептерде ұсынылған ақпарат есептік кезеңнің бірінен екіншісіне салыстырмалы болуы керек) . Пайдаланушылар есептік саясаттағы өзгерістер мен осындай өзгерістердің нәтижелері туралы ақпараттандырылуы керек.

Қаржылық есептілік ақпарат пайдаланушылар үшін ашық және қолжетімді болып табылатындықтан негізгі сапалы сипаттар мен есептің тиісті стандарттарын қолдану шынайы және объективті ақпарат алуды қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың жағдайында бәсекеге қабілетті болуы үшін және компанияның дағдарыстық (дағдарыс алдындағы) жағдайды болдырмау үшін капиталдың құрамы бойынша құрылымы қандай болу керек туралы, қалыптасу көздері туралы, өзіндік қаражаттар қандай үлестің орнын алатыны туралы, ал қайсысы-зайемдық екені туралы ақпарат болу керек. Қаржылық қызметте кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою үшін және компанияның қаржылық жағдайын жақсарту резервін табу үшін іскери белсенділік, жоюшылық, төлеу қабілеттілігі, кредит беру қабілеттілігі, рентабельділік шегі, қаржылық тұрақтылықтың қоры, қауіп деңгейі, қаржылық рычагтың тиімділігі және басқалар сияқты көрсеткіштерді қаржылық талдау жүргізу әдісі пайдаланады. Компанияның қаржылық жағдайы, оның орнақтылы мен тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің нәтижелеріне байланысты. Егер де өндірістік және қаржылық жоспарлар табысты орындалып жатса, онда ол компанияның қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Керісінше, өндіріс пен сату көлемінің төмендеуінен өнімнің өзіндік құны арттырылады, пайда мен табыстың сомасы төмендеп, компанияның және оның төлеу қабілеттілігінің қаржылық жағдайы төмендейді. Сондықтан, компанияның орнықты қаржылық жағдайы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін белгілейтін факторлардың барлық кешенін білікті басқаруына байланысты.

Қаржылық қызмет, шаруашылық қызметтің құрамдық бөлігі ретінде ақша ресурстарының жоспарлы келіп түсуін және шығындалуын қамтамасыз етуге, есептік тәртіпті орындауға, өзіндік және зайымдық капиталды тиімді пайдалануға қол жеткізуге, баланс құрылымындағы олардың оңтайлы қарым-қатынасын белгілеуге бағытталуы керек.

Компанияның төлеуге қабілеттілігін және рентабельділігін тұрақты қолдау, сондай-ақ оларды қалыптастыру активтері мен көздерінің оңтайлы құрылымын сақтау үшін қаржылық есептілікке ұсынылған мәліметтер негізінде қаржылық жағдайға талдау жасау қажет.

Компанияның қаржылық жағдайын талдау келесі бағыттардан тұрады:

  • мүліктік жағдайды және капиталдың құрылымын бағалау (капиталды және көздерді орналастыруды талдау және оның қалыптасуы) ;
  • капиталдың тиімді пайдалануын бағалау (капиталдың рентабельділігін(табыстылығын) және оның айналымдылығын талдау) ;
  • компанияның қаржылық орнықтылығының деңгейін бағалау;
  • балансты жоюды (пайдалану мерзімдері бойынша активтер мен пассивтердің тепе-теңдігі), қаражат ағымын баланстауды және компанияның төлеу қабілеттілігін талдау;
  • кредит беру қабілеттілігін және банкрот қауіпін бағалау (компанияның қаржылық тұрақтылығы мен төлеу қабілеттілігіне жалпы баға беріледі және болжамдалады, оның банкрот болу ықтималдылық деңгейінің диагностикасы) ;
  • компанияның қаржылық жағдайын тұрақтандыру және нығайту бойынша шараларды өндеу.

Қаржылық талдау жүргізудің нәтижелігі компанияның ақпараттық базасына байланысты, ол қаржылық есептілікке, сондай-ақ бастапқы және аналитикалық бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сүйенеді, олар баланстың кейбір баптарын ұғындырады және нақтыланады.

Қаржылық есептіліктің мәліметтерінің негізінде компанияның қаржылық жағдайына мониторингі бойынша жасалған талдау айналым қаражатын, кредиторлық және дебиторлық қарыздарды, шығындарды басқару сапасын арттыруға, тиімді қаржылық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Компанияның қаржылық жағдайын бағалау жүйесінде бухгалтерлік есеп белгілі бір күнге оның мүліктік және қаржылық жағдайын қамтитын маңызды есептік құжаттардың бірі болып табылады. Баланс құрылымы мен баптардың мазмұны есеп пен есептіліктің ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыру қажет. Көрсеткіштердің құрамы бойынша баланс екіге бөлінеді: актив пен міндеттемелер және капитал. Баланстың активінде қаржылық қаражаттың құрамы мен орналасуы, оларды пайдалану бағыттары көрсетіледі, пассивте-олардың пайда болу, немесе қаржыландыру көздері. Сөйтіп, баланс ақша қаражаттарын тарту көздерін және оларды пайдалануын көрсетеді және капиталды салу қауіпінің деңгейін және компанияның табыс табу мүмкіндігін көрсетеді.

Компанияның қаржылық тұрақтылығы баланстың активі мен пассивінің баптары арасындағы тепе-теңдікті зерттеу негізінде толығымен ашылуы мүмкін. Пайдалану мерзімі мен циклы бойынша активтер мен пассивтер салмақтылығы барысында ақша қаражатының келіп түсуі мен кетуінің тепе-теңділігі қамтамасыз етіледі, сөйтіп, компанияның төлеу қабілеттілігі мен оның қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Сондықтан қаржылық активтер мен пассивтер салмағын талдау компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың, оның жоюлылығы мен төлеу қабілеттілігінің негізі болып табылады.

Компанияның қаржылық жағдайын алдын-ала бағалау үшін бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің құрылымын бағалау және есептік кезеңдегі баланс баптарының құрылымындағы өзгерістерді анықтау қажет. Есептік жылдың басы мен аяғына байланысты талдаудың тік және көлденең әдістерін пайдалана отырып, компания қызметінің соңғы нәтижелеріне оң әсерін тигізетін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді және қаржылық көздердің қандай құрамдық элементтері екенін анықтайды. Мысалы, егер баланста үлкен үлес салмағын негізгі қаражаттар құраса, ал олардың көлемі өзгерсе, онда есептік жылдың басы мен соңына негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерге талдау жүргізу қажет. Ол үшін негізгі құралдардың істен шығу жағдайы мен дәрежесін талдау үшін келесі коэффициенттер пайдаланылады:

Негізгі құралдардың істен шығу үлесін сипаттайтын істен шығу коэффициенті және негізгі құралдарды олардың бастапқы құнынан қалдық құнының қарым қатынасымен бағаланады; пайдалы коэффициенті негізгі құралдардың істен шыққан бөлігінің құндылық үлесін сипаттайды; жаңарту коффициенті, ол есептік кезеңнің соңындағы негізгі құралдар құнының қай бөлігін енгізілген негізгі құралдар құны құрайтының көрсетеді; шығу коэффициенті есептік кезеңнің басына негізгі құралдардың баланстық құнына негізгі құралдар құнының үлесін көрсетеді.

Егер қысқа мерзімді активтердің құрылымында үлкен үлес салмағын қорлар, дебиторлық қарыз құраса, онда олардың айналым коэффициентін есептеу қажет (материалдық айналым құралдарының айналым коэффициенті, дебиторлық қарыздың айналым коэффициенті және басқасы) .

Есептердің нәтижелері бойынша қорытындылар жасау және алдағы есептік кезеңге бизнес жоспарлар әзірлеу барысында есепке алынатын баланстық құрылымды жетілдіру бойынша алдын-ала болжамдар жасау ұсынылады. Кейінгі уақытта негізделген бизнес-жоспар, атап айтқанда қаржылық сауықтыру жоспарын жасауға мүмкіндік беретін (мысалы, болашақ ақша мен қаржылық ағымның болжамы) болжамдық талдаудың рөлі күшеюде.

Компанияның қаржылық жағдайын бағалаудың бірден бір маңызды критерий болып оның төлеу қабілеттілігі болып табылады. Төлеу қабілеттілігі бухгалтерлік баланстың көрсеткішінің негізінде бағаланады, оларды ақша қаражатына айналдыруға қажетті уақытпен анықталатын айналым активтерін жою сипаттамасының негізінде жүзеге асырылады. Осы активті индексациялауға уақыт аз жұмсалса, оның жойылулығы артады. Баланстың жойылуы міндеттемелерді тиісті мерзімде төлеу үшін активтерді жылдам жұмылдыру мүмкіндігінде.

Жойылулық компанияның төлеу қабілеттілігін көрсетеді және жалпы сомада да келіп түсу мерзімі бойынша да активтер мен міндеттемелер арасындағы тұрақты теңдікті қарастырады.

Баланстың жойылулығы активтерді қолма-қол ақшаға айналдыру және өзінің төлемдік мүмкіндіктерін өтеу мүмкіндігі.

Компанияның жойылулығы - баланстың жойылуынан гөрі жалпы ұғым. Баланстың жойылулығы төлеу қаражаттарын тек ішкі көздерден активтерді іске асыру табуды қарастырады. Алайда компания заемдық қаражатты егер оның рынокта тиісті имиджі бар болса және инвестициялық тартымдылық деңгейі едәуір жоғары болса жан-жақтан тарта алады.

«Төлеу қабілеттілігі» және «жойылулық» ұғымдары өте ұқсас, бірақ екіншісі өте кең. Төлеу қабілеттілігі баланс пен компанияның жойылулығы деңгейіне байланысты.

Сонымен бірге жойылулық есептердің ағымдағы жағдайын, келешегін сипаттайды. Есептік күнге компания төлеуге қабілетті болады, алайда келешекте қолайсыз мүмкіндіктер болуы мүмкін, және керісінше.

Өсу тәртібінде оларды өтеу мерзімдері бойынша топтасқан пассив бойынша міндеттемелермен бірге азаю тәртібінде олардың жойылу дәрежесі бойынша топтасқан актив бойынша қаражатты салыстырудан баланстың жойылу талданады.

Бірінші топ (А1) қолма-қол ақша мен қысқа мерзімді қаражаттың салымдар сияқты жойылу активтерден тұрады.

Екінші топқа (А2) тез іске асырылатын активтер жатады: НДС сатып алынған құндылықтар бойынша, тиелген тауарлар мен дебиторлық қарыз. Айналым активтерінің осы топтарының жойылулығы өнімді уақтылы тиеу, банк құжаттарын ресімдеу, банктерде төлеу құжатайналымының жылдамдығы, өнімге деген сұраныс, оның бәсекеге қабілеттілігі, сатып алушылардың төлеу қабілеттіліктері, есептер түрлері және басқаларға байланысты.

Үшінші топқа (А3) жай іске асырылатын активтер жатады, оған шикізат пен материалдар қорлары, аяқталмаған өндірістер, тауарлар, дайын өнімдер жатады. Мұнда қолма-қол ақшаға трансформациялау үшін едәуір үлкен мерзім қажет.

Төртінші топ (А4) - ол қиын іске асырылатын активтер, оған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, аяқталмаған құрылыс, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар жатады.

Бесінші топ (А5) жойылмайтын активтер (сенімсіз дебиторлық қарыз, жалпы қалған материалдық құндылықтар, алдағы кезеңдердегі шығындар) .

Тиісінше, компанияның міндеттемелері де бес топқа бөлінеді:

П1- бір айдың ішінде өтеуге жататын мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыз бен банк зайымдары, қайтару мерзімдерінің уақыты келген) .

П2- өтеу мерзімі бір жылға дейінгі орта мерзімді міндеттемелер (қысқа мерзімді банктік зайымдар) .

П3 - ұзақ мерзімді банктік зайымдар мен кредиттер.

П4- үнемі компанияның билігіндегі өзіндік капиталы.

П5- болашақта алу қарастырылған келешек кезеңдердегі табыстар.

Баланс жойылуға жатады деп саналады, егер келесі қатынастар орындалса: А1≥П1, А2≥П2, А3≥П3, А4≤П4, А5≤П5.

Бірнеше есептік кезеңдердегі активтер мен пассивтер топтарының қатынастарын оқу баланс құрылымындағы өзгерістер үрдістері мен оның жойылулығын бекітуге мүмкіндік береді. Компанияның жойылулығы мен төлеу қабілеттілігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар келесі көрсеткіштер есепке алынады: абсолютті жойылу коэффициенті; жылдам жойылу коэффициенті, ағымдағы жойылу коэффициенті.

Абсолютті жойылу коэффициенті («ақша резервтерінің нормасы» деп жиі айтады) компанияның қысқа мерзімді міндеттемелерінің барлық сомасына қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша қаражаттарының қатынастарымен анықталады. Аталған коэффициенттің маңыздылығы 0, 2-0, 5. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі қолма-қол ақша есебінен өтелетінін көрсетеді. Оның көлемі жоғары болған сайын, қарызды өтеу кепілдігі арта түседі. Алайда, оның азғантай мағынасы бойынша компания төлеуге қабілетті бола алады, егеркөлемі мен мерзімі бойынша ақша қаражатының келіп түсуін және кетуін бір жүйеге келтіріп, жандандырса.

Жедел(шұғыл) жойылу коэффициенті - ақша қаражатының, қысқа мерзімді қаржы салымдары мен қысқа мерзімді дебиторлық қарыздарының қатынастары, олар қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер сомасына есеп беру күннен кейінгі 12 айдың ішінде төленеді. Аталған коэффициенттің маңыздылығы 07-1.

Ағымдағы жойылу коэффициенті (қарыздарды жабудың жалпы коэффициенті) - қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы сомасына алдағы кезеңдер мен ұзақ мерзімді дебиторлық қарызды санамағанда жалпы айналым активтері сомаларының қатынасы. Аталған коэффициент айналым активтері қысқа мерзімді міндеттемелерді жабатын дәрежені көрсетеді. Аталған коэффициенттің маңыздылығы ≥2. Айналым активтерінің қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерден асып түсуі компания барлық айналым активтерін орналастыру және жою барысында кездесетін шығындардың өтемақысы үшін резервтік қорды қамтамасыз етеді. Осы қордың көлемі көп болған сайын кредиторлардың қарыздар төленеді деген сенімділігі де арта түседі.

Жойылу көрсеткіштерінің есебі шартқа байланысты, өйткені бухгалтерлік баланс бойынша активтердің жойылулығы мен міндеттемелердің шұғылдығын шамалап анықтауға болады. Мысалы, қорлардың жойылулығы жатып қалған материалдар мен дайын өнімнің айналымына, үлесіне байланысты. Дебиторлық қарыздың жойылуы оның айналымының жылдамдығына, мерзімі өткен және күдікті төлемдерді өндіруге байланысты. Жойылудың нақты бағалануына аналитикалық бухгалтерлік есептерінің деректерінің негізіндегі ішкі талдауды есепке алумен қол жеткізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік басқару жайлы
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқару жүйесін талдау
Корпоративтік басқару туралы
Исландия елінде бухгалтерлік есептің қалыптасу
Бухгалтерлік баланс түрлері
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Каспий - Балық өндірістік кооперативі
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сатып алушыны айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz