12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты
Шығармашылық мамандықтар факультеті
Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасы
Дипломдық жұмысқа түсініктеме хат
Тақырыбы: “12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы ”
Жұмыс мөлшері, өлшемі, құрылымы:
Графикалық бөлім:парақ
Түсініктеме хат:бет
Жұмыстың иесі:
Кеңесшілер:
Жетекшісі:
Рецензия беруші:
Жұмыс жетекшісі А. Е. Жаскиленова.
(қолы)
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді.
Протокол № «» 2011
Кафедра меңгерушісі: А. Е. Жаскиленова.
(қолы)
Т А Р А З - 2 0 1 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ФАКУЛЬТЕТ
МАМАНДЫҚ
КАФЕДРА
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАЛУ ТАПСЫРМАСЫ
Білімгер
Жұмыс /проект/ тақырыбы
ЖОО бұйрығымен бекітілген № ___ «» 20 __ж.
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «» 20 __ ж.
Жұмыс /проект/ қажетті белгілер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе олардың қысқаша мазмұны:
Графикалық материалдар тізімі:
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
Жұмыс консультанттары:
Тапсырма берілген мерзім «» 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі: А. Е. Жаскиленова.
Жұмыс жетекшісі: А. Е. Жаскиленова.
Тапсырма орындауға қабылданды
Білімгер М. Е. Көпжасарова
Күні «» 20__ ж.
Хаттама №
АННОТАЦИЯ
Жұмыс тақырыбы "12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы " Дипломдық жұмыс негізгі "Тау баурайында" атты шығармашылық туындыдан және теориялық түсініктемеден тұрады. Теориялық түсініктемеде Қазақстандағы 12 жылдық білім берудің маңыздылығы көрсетілген және табиғат жанры арқылы оқушыларды еңбекке, көркем эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу жолдары, қолданылған әдістемелер және өнер туындыларының орындалу ерекшеліктері тұжырымдалып қарастырылған.
Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
АННОТАЦИЯ
Пояснительная записка состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованной литературы.
ANNOTATION
The explanatory note consists of the introduction, three sections, the conclusion, the list of the used literature.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
1. 2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
1. 3 Кәсіптік оқыту әдістері
2 ЖОБАЛАУ ОБЬЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
2. 1 Шығармашылық негіздерін талдау
2. 2 Жобалау обьектісіне қойылатын талаптар
2. 3 Обьект моделі модивикацияларын құру
2. 4 Материалдарды негіздеу және таңдау
2. 4. 1 Материалдардың мінездемесі
2. 4. 2 Конфекциялық карта
3 ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ
3. 1 Өңдеу режимдері
3. 2 Қондырғы таңдау және сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.
Қазақстан Президенті республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр. [1]
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін əлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ.
Білім беруді əлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет. Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дəлелдер бар: макро жəне микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың жəне өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дəлелдеп отыр
Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды. Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да əлеуметтік пайдаларды келтіреді, əлеуметтік капиталдың - азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, əлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның
қалыптасуына ықпал етеді. [1]
Жастайынан білім алу əлеуметтік, эмоционалдық жəне басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан əрі дамытудың сенімді дəлелдері осында.
Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай жəне тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет. Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика жəне біліктілігі жоғары жұмыс күші. [2]
Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси жəне əлеуметтік-мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі - қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастыр-ылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болуы тиіс. [2]
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру-шылық негізі ретінде білім беру мен тəрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының жəне қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады. [60]
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. XXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесінде жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. 12 жылдық мектепте оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен», «Білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. [61]
Қазақстандағы 12 жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгілікті дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған әлеуметтік-
психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Отандық педагогикада адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатын сақтай отырып, негізгі бағдардың жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани - адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет.
Сондықтан, білім берудің жаңа ізгілік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс - тәсілдері іздестіріліп, оқушыны дүниені тұтастықта қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу - басты мәселелердің бірі. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі. 12 жылдық білім берудің өзіндік ерекшелігі бар, ол тұлғаның жан - жақты дамуына жағдай жасай отырып, оның денсаулығын нығайту мен өзінің қоғамдағы орны мен рөлін, кәсіби қызығушылығы мен бағыттылығын еркінше таңдау, әрі меңгеру болып табылады. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. [60]
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталды.
Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына”, Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз.
Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. [63]
Қазіргі білім беру жүйесінде маңызды қайта құрулар болып жатыр, оның тек қана жеке жақтары ғана өзгермей, сондай-ақ оқыту және тәрбиелеу жүйесінің өзі де өзгеруде. Тұлғалық және кәсіптік дамудың шыңдарына жетуде мектеп оқушысының өмірінде елеулі рөл атқаратын білім берудегі тұлғалық-бағдарлы ықпал етуді іске асыру - жоғарыда аталған өзекті мәселені шешудің және қарама-қайшылықтарды жеңудің тиімді бағыттарының бірі болып табылады. 12-жылдық оқыту және тәрбиеге көшу зерттеуінің жағдайында - оқушыны оқыту және тәрбиелеуді жекелеу талабы, басты орынға қойылады.
Оқушы тұлғасы, оның қызығушылығы, қабілеттері, икемділіктері және басқа да психикалық қасиеттері мұғалімнің назарына алынады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты - 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. [59]
Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қаллыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді. [61]
Яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Білім берудің басты мақсаты - білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу және дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру.
Дипломдық жұмыс өзектілігі Қазіргі еліміздегі қоғамдық өзгерістер жағдайында өндіріс пен шаруашылықтың жаңа технологиялар негізінде дамуы шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті маман адамдарды даярлауды талап етіп отыр. Бұл қоғам сұранысы, талабы.
Қазіргі кезеңде «базалық технологияны қамтитын және мектептің оқу-материалдық базасы негізінде оқушылардың дамуын көздейтін «Технология» пәнінің бағдарламасы (кең тараған және перспективалық) жалпы еңбекке қатысты және арнайы (ішінара) білім мен дағдыларды жинақтауды, интеллектуалдық, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуды, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуді қамтамасыз етеді.
Еңбектің политехникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне, ақпараттық және жоғары технологиялармен танысуға, жұмыстардың сапалы орындалуына, өзіндік білім алуға дайындауға жеткілікті көңіл аударылғанда ғана көзделген мақсаттарға жетуге болады»
Дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысанасы: - табиғат жанрында түп нұсқалық жұмыс орындау және сол арқылы оқушыларды көркем еңбекке, көркем - эстетикалық тәрбиеге баулу.
Зерттеу пәні: - «Тау баурайында» тақырыбында сыршырай тәсілінде шығармашылық жұмыс орындау.
Зерттеу мақсаты: - табиғат жанрын негізінде оқыту әдіс -тәсілдерін, мазмұнын талдау және оның орындалу жолдарын игеру арқылы оқушыларға көркем еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері: технология, еңбекке баулу пәнін және табиғат жанрын оқыту мазмұны мен мақсаттарын анықтау;
Зерттеу әдістемелері: - ғылыми педагогикалық, психологиялық, кәсіптік оқыту, технология, еңбекке баулу әдістемесі эстетикалық, өнер танымдық әдебиеттерге талдау;
- табиғат бейнесін сыршырай тәсілінде салу және оны талдау;
- жұмыс орындауға оқыту әдістемесін талдау;
- табиғат көрінісін бейнелеу тәсілдерін, әдістерін зерттеу;
Дипломдық жұмыстың ғылыми- шығармашылық жаңалығы:- еңбекке баулу, технология пәнін оқытуда, сыршырай тәсілінде табиғат жанры арқылы көркем еңбекпен эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу тәсілдері практикалық тұрғыда анықталды; «Тау баурайында» тақырыбында өзіндік көркем образдық тұрғыда табиғат көрінісі шығармашылық жұмысы сомдалып, оны орындау жолдары талданып көрсетілді.
Дипломдық жұмыс негізгі екі бөлімнен, түсініктеме хаттан және шығармашылық жұмыстан тұрады.
Шығармашылық жұмыс сыршырай техникасында матада, 100х80 см өлшемде орындалды.
1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға жəне жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нəтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
Дарынды жас қазақстандықтарға əлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды. [2]
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл - Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтарытуралы конвенция, Адамның экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы жəне т. б.
Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нəтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. [4]
Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сəйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық жəне кəсіптік білім қайта құрылымдалды.
12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. [2]
Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл - қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. [2]
Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайын-даудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады.
Білім берудің мақсатында - адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында, әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен - биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. [63]
Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте, ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек.
Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл - тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді. [63]
12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.
Қазіргі кезде білім берудің негізгі мақсаты бұл белгілі бір білім, іскерліктер және дағдылардың жиынтығы емес, осы жиынтық негізінде өз бетімен ақпаратты табу, оған талдау жасау, тиімді түрде пайдалану және білім алу болып табылады. [2]
Осы бағдарламаға сәйкес бастауыш кәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұранып отырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары салалы мамандар даярлай бастайды.
Техникалық және кәсіби білім берудің базалық деңгейі - техникалық
және қызмет көрсету саласы бойынша білікті жұмысшылар мен мамандар әзірлеуге бағыт алуы тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты жұмысшы кадрларды нарық жағдайында, жұмыс берушілер сұранысына сәйкес, шетелдік мамандармен бәсекеге түсе алатындай еңбек ресурстарын әзірлеу міндеті тұрды. Ол әсіресе, кәсіптік білім беру саласын әлемдік өркениет талаптарына сай құруды қажет етті. [18]
Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беру жүйесі қазіргі таңда мына бағытта дамып келеді.
1. Кәсіптік білім беру бағдарламаларын жеке тұлға мен еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыра отырып, экономика мен әлеуметтік салалардың даму бағытына қарай бейімдеп жасау.
2. Мамандар дайындауда білім мазмұны мен саласын жаңарту, жеке тұлғаның кәсіби қабілетін ашуда дамыта білім беру принциптеріне көшу.
Ең басты, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары кәсіптік оқытудың типтік бағдарламаларын, жұмыстың оқу бағдарламаларын, оқу орындарын аттестациялауды, дидактикалық және әдістемелік құралдарды талдап, бірыңғай жүйеге келтіруге жол ашып берді.
Қоғамдық даму заңдарының ішкі сырын түсінген ғалымдарымыз экономистер мемлекетті жақсы көтеру үшін бәрінен бұрын білім дәрежесін нығайтуға ұмтылады. Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес, мемлекет мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауға тиіс. [62] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz