Қазақ ақыны Абайдың философиясы



1 Кемелдену, жетілу
2 Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеу
3 Абайдың философиялық көзқарастары
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬ Ұлы Абайды өмір,‭ ‬қоршаған дүние,‭ ‬табиғат,‭ ‬болмыс сыры,‭ ‬олардың заңдылықтары көп ойландырған,‭ ‬ол дүние сырына бойлап,‭ ‬өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.‭ ‬Мен осы кіммін‭? ‬Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде‭? ‬Барлық адам баласы,‭ ‬жан-жануарлар да тамақтанады,‭ ‬ұйықтайды,‭ ‬қорғанады,‭ ‬артына ұрпақ қалдырады.‭ ‬Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде‭? ‬Міне,‭ ‬Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.‭ ‬Ол өзінің ілімінде,‭ ‬пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын,‭ ‬сол мұратына жету жолын,‭ ‬әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты,‭ ‬жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.‭
‬Кемелдену,‭ ‬жетілу‭ –‬адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай.‭ ‬Жетілу дегеніміз не‭? ‬Түрлі жетілулер бар.‭ ‬Мысалы,‭ ‬спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді,‭ ‬күш-қуатымызды жетілдірсек,‭ ‬ал ғылым-білім,‭ ‬өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз.‭ ‬Абай осыларды айта отырып,‭ ‬бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын,‭ ‬ол‭ –‬рухани жетілу,‭ ‬яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.‭
‬Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен.‭ ‬Жан адамның тыныс-тіршілігін,‭ ‬іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады.‭ ‬Егер жан жетілмеген болса,‭ ‬онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады.‭ ‬Ішкі дүниесі тазарып,‭ ‬жетілген адам ғана қателікке ұрынбай,‭ ‬өмірде жаңсақ баспай,‭ ‬дұрыс өмір сүре алады.‭ ‬Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай.‭ ‬Сонымен,‭ ‬жетілудің негізі‭ –‬женді,‭ ‬жүректі жетілдіру екен.‭ ‬Бұл‭ –‬адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.‭
‬Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын,‭ ‬олардың түрлі белестерін көрсетеді.‭ ‬Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады.‭ ‬Мәні терең ашылып,‭ ‬келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ.‭ ‬Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып,‭ ‬оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.‭
‬Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ.‭ ‬Дегенмен,‭ ‬Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында‭ “... ‬адам мен адамгершілік,‭ ‬ар,‭ ‬ұждан,‭ ‬мораль философиясына төтелей қатынасы бар,‭ ‬толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді,‭ ‬әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.‭ ‬Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде,‭ ‬1920-30‭ ‬жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды,‭ ‬Абай философиясын‭ ‬діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды‭ (‬Қабдолов З.‭ ‬Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын.‭ ‬Советская степь‭‬,‭ ‬1928,‭ ‬2‭ ‬тамыз‭)‬.‭
‬Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар:‭ ‬М.О.Әуезов,‭ ‬С.Мұқанов,‭ ‬Қ.Жұбанов,‭ ‬С.Сәдуақасов,‭ ‬С.Қожанов,‭ ‬І.Жансүгіров т.б.‭ ‬Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап,‭ ‬мақалалар жазды.‭ ‬Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан,‭ ‬-‭ ‬деп жазды Мұқанов,‭ ‬-‭ ‬Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз,‭ ‬сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады,‭ ‬тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі‭ (‬Казахстанская правда‭‬,‭ ‬1934,‭ ‬30‭ ‬көкек‭)‬.‭

‬Ақын шығармалары‭ ‬19‭ ‬ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып,‭ ‬дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:‭
‬1‭) ‬қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр‭;
) ‬ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары‭;
) ‬орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті,‭ ‬сол арқылы дүниежүзілік‭ (‬ең алдымен Батыс Европаның‭) ‬философиялық ойдың жетістіктері.‭
‬Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып,‭ ‬жалғасып кететіндігін айта келіп,‭ ‬Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен,‭ ‬орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын,‭ ‬Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.‭
‬Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған‭ ‬жеңіл-желпі,‭ ‬қара дүрсін пікірлерге‭ ‬қарсы шықты.‭ ‬Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді‭; ‬Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес,‭ ‬сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде‭ ‬орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының‭ ‬методологиялық маңызы аса зор.‭ (‬Әуезов М.‭ ‬Әр жылдардағы ойлары.-Алматы,‭ ‬1961,‭ ‬148-149‭ ‬6.‭)‬
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының,‭ ‬әсіресе,‭ ‬А.С.Пушкиннің,‭ ‬М.Ю.Лермонтовтың,‭ ‬И.А.Крыловтың,‭ ‬В.Г.Белинскийдің,‭ ‬А.И.Герценнің,‭ ‬Н.Г.Чернышевскийдің,‭ ‬Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып,‭ ‬зерттеді,‭ ‬орыс революционер-демократтарының озық ойы,‭ ‬оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.‭
‬Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ,‭ ‬Платон,‭ ‬Аристотель,‭ ‬сондай-ақ,‭ ‬Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды‭; ‬Батыс Европа философиясын,‭ ‬дәлірек айтқанда Р.Декарт,‭ ‬Б.Спиноза,‭ ‬Г.Спенсер,‭ ‬Л.Фейербах еңбектерін оқыды:‭ ‬...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ,‭ ‬алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып,‭ ‬сөйтіп,‭ ‬бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды‭ (‬Әуезов М.‭ ‬Жиырма томдық шығармалар жинағы.‭ ‬А.‭ ‬,‭ ‬1969,‭ ‬т.15‭ ‬,‭ ‬141-б.‭)‬.‭
‬Ол Ч.‭ ‬Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді.‭ ‬Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы,‭ ‬нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды.‭ ‬Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған,‭ ‬саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді.‭ ‬Олардың арасында Е.П.Михаэлис,‭ ‬Н.И.Долгополов т.‭ ‬б.‭ ‬демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді.‭ ‬Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары,‭ ‬табиғатқа,‭ ‬таным,‭ ‬ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан:‭
‬Өлсе өлер табиғат,‭ ‬адам өлмес‭‬,‭
‬Көк тұман‭ ‬-‭ ‬алдыңдағы келер заман‭ ‬т.‭ ‬б.,‭ ‬45‭ ‬сөзден‭ ‬тұратын қара сөзбен жазылған‭ ‬Ғақлиялары‭ ‬-‭ ‬ақынның философиялық көзқарасының мәйегі,‭ ‬өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра.‭ ‬Бұл‭ ‬Сөздер‭ ‬қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен‭ (‬мәдениет,‭ ‬тарих,‭ ‬дәстүр,‭ ‬әдет-ғұрып,‭ ‬адамгершілік қасиеттер т.‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуының ерекшеліктері
Абай мұрасы – рухани ілім
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін сабақтан тыс қолдану
Абайдың қара сөздері мен нақылдары
Қазақ философиясы және Абай
Абай шығармашылығының рухани болмысы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Абайдың қоғамдық қызметі
Абайдың дүниетанымы
Абай философиясы
Пәндер