Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев



1 Абай Құнанбаев
2 Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті
3 Абай және орыс, Батыс әдебиеті
4 «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста".
5 "Ғашықтық құмарлықпен . ол екі жол..."
6 Абайдың қара сөздері
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында (қазіргі Шығыс Ңазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын ез бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен "приходская школаға" түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, елең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)

Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда
қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ...
Абай не нәрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай
жазды. Әр нәрсенің сырын, қасиетін терең сезініп жазған соқ сөздің бәрі де
халыққа тіреліп, оқушылардын біліміне сын болып, емтихан болып табылады.
(А. Байтұрсынов. "Қазақтың бас ақыны".)

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында (қазіргі
Шығыс Ңазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат
таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне
оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа
Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын ез бетімен оқып, ертегі,
дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен
"приходская школаға" түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа
бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта
өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек
болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол
көптеген ескі әңгімелерді, елең-жырларды халық ішінен үйренеді.
Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу
арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының
шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын,
ертегі, кисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бөйбішеден, халық ақындары Шәже,
Бөйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сактады. Абай парсы, төжік
әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің, әзербайжан ақындары Низами мен
Физулидің, парсы ақындары Сағди мен Шәмсидің, түрік ақыны Сейхалидің, өзбек
классигі Навоидың көптеген шығармаларын, оның ішінде "Шаһнама", "Ескендір-
нама", "Ләйлі - Мәжнүн", "Фархат - Шырын" және арабтың "Мың бір түн" сияқты
тамаша туындыларын сүйіп оқып, сол арқылы Шығыс елдерінің тұрмыс-
тіршілігімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысты. Олардың кейбіреулерін
өз шығармасының сюжетіне арқау етті. Мысалы, Абай Шығыс халқының "Масғұт"
атты ертегісін өз поэмасының мазмұнына желі етеді.
Поэмасының түйініңде: "Байлық та, хандық та ақылға табынған. Ақылды
алған адам азып-тозбайды", "тіршіліктің тұтқасы ақыл мен білімде" деген
қорытындыға келіп, жастарға соны ұлы етіп ұсынады.
Ал "Ескендір" поэмасында көрші елдерге шабуыл жасап, ханын өлтіріп,
халқын талап, жазықсыз жандардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз
Ескендірдің (Александр Македонскийдің) шапқыншылық әрекетін суреттейді.
Ақыры темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмай дағдарысқа
ұшыраған патшаға біреу орамалға түйген адамның бас сүйегін сыйға тартады.
Онын мөнісін түсшбей ашуланған Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден жұмбақтың
мәнін сұрайды. Аристотель адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайтынын, тек
өлгенде топыраққа көміліп тынатынын айтады. Ақын жауыздықты ізгілік жеңеді
деп қорытынды жасайды.
Абай арабтың классикалық шығармасы "Мың бір түн" ертегісінен "Өзім
әңгімесін" поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Өзім атты
жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 жылдардың аяғында Абай өзінің
білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп
орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды.
Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург
университета студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген
жаратылыстанушы ғалым Е. П. Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар
айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың ұлы классиктері
Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен
қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов,
Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гёте, А. Дюмалардың,
философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т. б.
еңбектерін оқуға кеңес береді. Бұрын қолына түскен кітапты оқитын Абай
енді орыс, Батыс ғалымдары мен ақын-жазушылардың еңбектерін белгілі
мақсатпен жүйелеп оқуға көшеді. Абайдың: "Дүниеге көзімді ашқан
- Михаэлис" деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис арқылы
ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сияқты Ресейден
жер ауын келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың
аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкишгің
"Евгений Онегин" романынан үзінділерді, Лермонтовтың "Бородино",
"Теректің сыйы", "Демон", "Жалау", "Жартас", т. б. ондаған
өлеңдерін, Крыловтың "Қазаға ұшыраған қара шекпен", "Шегіртке мен
құмырсқа", "Бака мен өгіз", "Шал мен қанден", "Есек пен бұлбұл", т. б.
мысалдарын аударады. Гетенің "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңін
орысшасынан (Лермонтов) аударып, ән де шығарады.
Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударуда олардың әршіл
бостандықты аңсаған "Бородино", "Қанжар", "Жалау" сияқты өлеңдері мен
әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап аударған.
Ақын орыс және батыс мәдениетін толғап, таңдап үйрену керектігіне көңіл
бөледі. "Интернатта оқып жүр" деген өлеңінде сол кездегі қазақтың оқыған
жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі, пара алып баюды, шен алын, шекпен
киіп патша өкімдеріне жағуды мақсат тұтатынына ызаланып:
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой, -
деп мінеп-сынайды. Абай орыс классиктерімен сыншылдық ой бөлісе отырып:
Военный қызмет іздеме
Оқалы киім киюге,
Бос мақтанға салынып
Бекер көкірек керуге,
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатын сөнуге, -
деп жастарға ой тастайды. "Мансап үшін оқыма, біліміңді, пайдаңды халқыңа
жұмса, ел қамқоры - азамат бол" деп жастарға халық атынан үлкен бағдарлама
ұсынады. "Тіпті ол қолыннан келмесе егін ек, сауданың тегін үйрен... адал
еңбек етсең, қара жер де құр қалдырмайды" - дегенді айтады.
"Ғылым таппай мақтанба". Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы
сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған "Жасымда ғылым бар деп
ескермедім" өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар жана
үлгідегі жаңа ізденісін танытады. Ол өз екінішін білдіре отырып, жастарды
ғылым-білім үйренуге үндейді.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба" деген өлеңін жазды. Бұл өлеңднде
білім, ғылымның адамға пайдасы туралы айта келіп, әрбір жігерлі жастын
талпынатын арманы ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланын шаттанба,
Ойнап босқа күлуге... -
деп мәз болма, өмірдің мақсаты білімді болғанда ғана орындалады дейді Оған
жетудің жолдарын көрсете келіп:
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, -
деп, ерінбей, жалықпай ізденудің, көп оқудың, табандылықтың қажет екенін
жастардың санасына сіңіреді.
Ақын адам болам деген жастардың бойында қандай жақсы қасиет болу керек,
неден қашу керек дегенді де сөз етеді.
Адам болам десеңіз,
Тілеуін, өмірін алдында,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз... -
деп бес жақсы қасиетке үйір бол, бес жаман әдеттерден аулақ бол, сонда
абыройлы, адамгерішлігің зор азамат боласың дегенді өсиет етеді. Абай
айтқан жақсы, жаман қасиеттердің бәрінің де күні бүгінге дейін төлімдік
мәні зор екені даусыз. Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде де өтірік,
өсек айтпау, еріншек болмау, тапқан табысты орынсыз шашпай, үнемдеп ұстау,
талаптанып, талізшну, еңбекті сүю, тапкдн табысқа масаттанбау, байлығың
асса жетім-жесір, жоқ-жітік, кемтарларға көмектесу өмір заңы болып отыр.
Абай айтқан уәдеге берік болу, наданның сөзіне құлақ аспау, бүгінгі күнде
де көнеріп ескірмейтін аталы өсиет екені даусыз.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ұлы ақын өзінің
"Түбінде баянды еңбек егін салған" деген өлеңінде:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, -
деп көрсетеді.
Ел-жұрт болу үшін қала салын, отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп
етіп, мектеп салып, бала оқытып, білім алу керек... Мансап мәңгі емес...
Тек оқумен, біліммен ғана артқа із қалдырасың дегенді айтады.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста". Абай "Ақыл - ардың сақтаушысы" деп
қарап, адамгершілік мәселелерін аса жоғары бағалап, ар тазалығын сақтауды
берік ұстаным еткен.
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, -
деп, кейбір жастардың келеңсіз іс-әрекеттеріне кеңістік білдіреді.
Ұлы ақын ар-намысты жоғары бағалап, асыл азамат болу үшін адам бойында
қандай қасиет болуы керек дегенді айта келеді де:
Ақыл, кайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден бөлек, -
деп, жан-жақты тәрбиесі жетілген "толық адам" болудың алғы шартын белгілеп
береді. "Ақылына қайратың сай болсын, адамның іс-әрекетін билеуші әділ
қазысы жүрек... жүректі таза ұста" дегенді айтады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым. Жастайынан ел билеуші болыс,
билердің, орыс шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-
зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын
мінеп-сынап бірнеше өлеңдер шығарды. Мысалы, "Қараша, желтоқсан мен сол
бір, екі ай" деген өлеңінде бай мен кедейдің қарама-қарсы өмірін салыстыра
суреттеп:
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тоңын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсен қағып...
Көрі қой ептеп сойған байдың үйі
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да - қылған кедейге үлкен сыйы, -
деп, кедейдің аянышты өмірін оқушының көз алдына елестетеді.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман! деген өлеңінде бірін-бірі
алдаған қазақ аулындағы қу мен сұмды, сұрқия алдамшы алаяқтарды шетінен
өлтіре сынайды.
Ал "Болыс болдым, мінеки" деген өлеңінде пара беріп, билікке қолы
жеткен екіжүзді жемқор болыстың бейнесін "улы сия, ащы тілмен" өлтіре сықақ
етеді. Ол ел ішіндегі сыбайластарына қыр көрсетіп, "оязға сөзім сенімді"
деп мақтанса, ал "оңашада оязға мақтамаймын елімді" деп, екіжүзділік
көрсетеді. Осындай жексұрын болыстың ішкі психологиялық портретін өз
аузымен баяндатып:
Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін...
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсын,
Шала ұғамын қырындап, -
деп құбылмалы мінез-құлқын, қимыл-әрекетін, сұрқия саясатын әшкере етеді.
Бұл қазақ ел билеушілерінің бойында орыс әкімшілігіне бағынумен байланысты
туған жағымпаздық, екіжүзділік психология еді.
Абай билікке таласып, партия қуып, дау-дамайды көбейткен атқамінер
пысықтардың іс-әрекетіне ыза болып:
"Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?" -
деп, адамгершіліктен жұрдай, татымсыз топты өлтіре әшкере етеді.
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңінде бас пайдасы үшін қандай да болмасын
жексұрындық іс-әрекетке жақын тұратындардың мінез-құлқын, іс-әрекетін ақын
ащы уытпен сипаттайды.
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады,
Ұрлықпен мал табам дел,
Егессе, ауыл шабам деп,
Сөйтіп, құдай атады, -
дей келе, нағыз елдің береке-бірлігін бұзатын, бас пайдасы үшін арсыздықтың
алуан түрлі айла-шарғысына баратын алаяқтардың типін жасайды:
Пысық деген ат шықты,
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
Пысық кім?" деп сұрасаң,
Қалаға шапса демалмай,
Өтірік арыз көп берсе.
Олар үшін өтірік айту, өсек айту, бос мақтан - ата кәсібі сияқты "өнері".
Аярлық, екіжүзділік, опасыздық - олардың қанына сіңген қасиет.
Абай шаруаға қыры жоқ, жалғыз атын мініп, ел қыдырын ас ішу мен
бос мақтаннан басқа қолынан келері жоқ арамтамақтардың күлкілі портретін
жасай келіп:
Осындай сидан жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ...
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ, -
деп қорытынды жасайды.
Абай елдің шырқын бұзар өтірік пен өсек, партияласу мен бақ таластыру,
ұрлық пен барымта екенін айта келіп:
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде... –
(Сегізаяқ)
деп, жаны түршіге налиды. Осы жаман әдет, жат мінездің халық арасында етек
алуы "жұмысы жоқтың пен тамағы тоқтықтан... ішкен жегенге мәз болып,
талапсыз, еңбексіз, оқусыз, білімсіз, "хайуанша күн кешуден" деп ой
топшылайды. Ұрлық-зорлық, барымтамен күн кешкен надан елдің күйіне жаны
күйзелген патриот ақын "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңінде:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп екі ұртың,..
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, -
деп, "калың елі қазағының" ауыр халіне қабырғасы қайыса қайғырады.
Адасып алаңдама жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай,
Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал таба алмай, -
деп назаланады.
Жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа
пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған ақын Абай:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан, -
(Әсемпаз болма әрнеге")
деп, өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады. Өнерді көрші өзбек,
татар, орыс жұртынан үйрен деп жар салады. Бұл өмір шындығын деп басын көре
білген реалист ақынның елін сүйген шынайы патриоттық сезімінен туған
шығармалары еді.
"Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол..." Абай шығармаларында отбасын
құру, жар таңдау, әйел теңдігі адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған.
Ол өзінің "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" атты өлеңінде "Қыз сыны
мен жігіт сұлтаны қандай болу керек?" деген мәселенің айналасында ой
қозғайды. Абай ару қыздың сыртқы портретін:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды,
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қыр мұрынды,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды,
Аузын ашса көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды, -
деп, дүниедегі нелер тамаша, асыл, нәзік көрністерге балай отырып бейнелеп
береді. Қазақ қызының үлбіреген ак тамағын, кіршіксіз маржандай тізілген
отыз тісін, тал шыбықтай бұралған белін, сүліктей ақ саусағын, шоқпардай
қос бұрымын, сылдырлаған шолпысын Абай көркем сөз асылдарымен кестелеп
келтіреді. Осындай тамаша көркіне ақылы сай арудың келісімді мінезін:
Сөйлесе сөзі әдепті, әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды, -
деп екі-ақ өлең жолымен елжіретіп бейнелеп береді.
Ал бұған қарама-қарсы ашық боламын деп "орынсыз жыртақтаған", күлкішіл,
оспадарсыз, келер-кетерді білмейтін дөрекі, даңғаза, парықсыз, инабат, әдеп
атаулыдан жұрдай кейбір қыздарды жеріне жеткізе сынай келе, өмірлік жар
таңдауды мақсат еткен жігіттерге осындай оспадарсыз жандардан сақ болыңдар
деп ой салады.
Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-
күлкіні қуып, ауырдын үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешетін еңбек
сүймес, көрсеқызар, әулекі жандарды өлтіре сынайды.
Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,
Қол жетпес әр нәрсеге тыртақтаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған, -
("Жігіттер, ойын арзан, күлкі, қымбат")
деп, сынапша жүз құбылған баянсыз жігіт мінезін келеке, мазақ етеді.
Жастардың ондай мінезден аулақ болуын қалайды.
"Арыңды жасыңнан сақта, ар - ақылдың сауыты" дегенді айтады.
Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық, -
деп, жігітке қойылар талапты да саралап көрсетіп береді. Абай айтқан
талаптылық, өнерлілік, мінезділік, адамгершілік қасиеттің биік өлшемі.
Абайдың ар-ождан, мінезділік жөніндегі ой-пікірі бұл жерде "жігіттің
құны жүз жылқы, ары мың жылқы", "жаным арымның садағасы" деген халық
қағидасымен қабысып жатыр. Ақын жастарға соны мұрат, мақсат етіп қоя білдң.
Абай өз дәуіріндегі жастарға достықты адамгершіліктің ақ туы етіп ұсынды.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікің бірің жеткіз...
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып, -
деп сыйласымды, достыңпен өмір өткізуді уаіыздайды.
Біреудің көркі бар деп жақсы көрме
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба,
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, -
деп, жастарға өзіңе өмірлік жарды дұрыс тандай біл деген ақылды айтады.
Абай махаббат бостандығының, әйел теңдігінің жаршысы бола білді.
Мәселен "Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында" деген өлеңінде алтын, күміс,
қамқа, торғынға орып қойып, жас қызды зорлап әйел етпек болған есерсоқ
ханның әрекетін айыптай отырып:
Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға, -
деп қорлық өмірден ерлік өлімді артық көрген қызды дәріптейді.
Әсіресе, әйелді малға сатып алуға, қалың малға қарсы шығады.
Kәpi жас дәурені өткен тату емес,
Епке көнер ет жүрек сату емес.
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,
Мал беріп алғанымен қатыны емес, -
деп, әйелдің басын еріксіз саудаға салуға мүлде қарсы болады. Көрі мен
жастың жүрегін қалың мал жалғастыра алмайды, "Махаббатсыз дүние бос,
хайуанға оны қосыңдар..." деп, өзінің қалың малға деген айыптау үкімін
айтады.
Абай "Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол" өлеңінде жастарды нәпсі
құмарлықтан сақтандырады.
Ғашықтық іздеп тантыма
Аз күн әуре несі іс? -
деп, жастардың өткінші, алдамшы сезімге елікпеуін қалайды.

"Ата-анадай елжірер күннің көзі". Абай жылдың төрт мезгілін арнайы
тақырып етіп, тамаша өлеңдер жазды.
Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886 - 1890 жылдар арасында
орыс, батыс классиктерін еркін оқып меңгергеннен кейін туған.
Абай "Қыс" деген өлеңіңде:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жынды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды, -
деп, қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттейді. Қазақ әдебиетінде Абайға
дейін табиғатқа бұлай жан бітіре, тірі бейне ретінде суреттеу болмаған.
Ал 1890 жылы Абай шығарған "Жазғытұры" деген өлеңінде табиғаттың осы
мерзімге сай бейнелі суретін жасайды, қыстан қысылып шыққан ел қуанышына
ортақтас болады. Ақын көктемгі күншуақты күн нұрын "ата-анадай елжіреген"
деп суреттеу арқылы оқушының жүрегінде махаббат сезімін оятуға тырысады.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жада тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абайтануға кіріспе
Абайтану ғылымы туралы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
Абайдың әдеби мұрасы
Пәндер