ҚҰЖАТТАРДЫ ПІШІМДЕУ (ФОРМАТТАУ)


WORD редакторына кіріспе

Microsoft Word мәтіндік редакторын (97/2000 версиясы) меңгеруге кірісе отырып, кейбір жайттарды атап өтейік.

WORD-ma жұмыс істеу принциптері WINDOWS жүйесіндегі жұмыс принциптерімен бірдей болып келеді. Атап айтқанда: бір мезгілде ашулы тұрған бірнеше терезелермен және файлдармен жұмыс атқару, жүйелік менюді белсенді қолдану және т. б.

WORD редакторы қазіргі заманғы мәтіндік процессорға қажетті барлық сапалық қасиеттерге ие. Яғни: құжатты жасау және оны пішімдеу, қаріптермен безендіру, кестелерді, мәтіндік эффектілерді, кескіндерді, математикалық формулаларды және т. б. пайдалану. Сонымен қатар, әрине, мәтінді басып шығаруға кажетті безендіру мүмкіндіктері де бар: колонтитулды енгізу, парақтарды нөмірлеу және т. б.

WORD-тың қосымша мүмкіндіктерінің бірі - Мастер және Шаблонды пайдалану. Олар, іскерлік хаттар, шарттар, есептемелік формалар сияқты кұжаттардың негізгі түрлерін безендіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Аталған оқулық мазмұны әрі қарай пайдаланушының WINDOWS -ma жұмыс істеу машықтарының бар екенін есепке ала отырып баяндалады. Яғни, пайдаланушының мауспен жұмыс істей алатындығы, бір терезеден екіншісіне ауыса алуы, жүйелік менюмен жұмыс істей алатындығы және т. б. ескерілген. Сонымен қатар WINDOWS құрамына кіретін WordPad және PAINT редакторларымен жұмыс істей алу машықтарының болуы шарт.

Осы оқулықта біз негізінен, аса кең тараған ретінде WORD 97 версиясын қарастырамыз. Дегенмен, кейінгі WORD 2000 версиясының алғашқысынан ешқандай айырмашылығыі жоқ деуге болады (қатардағы пайдаланушының пікірінше) . Жекелеген жағдайларда, айырмашылықтар болған тұста, оларды ерекше атап өтетін боламыз.

WORD редакторын іске қосу

WINDOWS-қа арналған WORD редакторын іске қосу үшін әдеттегідей Пуск/Программы/ Microsoft Word командасы жеткілікті.

Осыдан кейін терезеі пайда болады. Сол суретте, осы терезенің ұйымдастырылуы жайлы қысқаша түсініктемелер және әр түрлі қаріппен терілген мәтін үлгілері келтірілген.

WORD терезесінің элементтері

Әдеттегідей WINDOWS-тағы редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде мынадай жүйелік меню бар: Файл Правка Вид Вставка Формат Сервис Таблица Окно ?

Менюдің пункттерімен жұмыс істеу кезінде, әдетте қосымша меню және т. б. пайда болады. Бірден айта кетсек, бірқатар операцияларды шапшаң орындау үшін пернелер комбинациясын қолдануға болады. Аталған пернелер комбинацияларын тиісті пункттерді экрандағы шақыру арқылы көруге болады. Осы кезде пункттің тұсында оған сәйкес пернелер комбинациясы жазулы тұрады.

Мәтінді дайындау

Мәтінді дайындау үшін құжаттар терезесін тиісті түрде баптап алса жеткілікті (егер қажет болса, 100% немесе басқаша бейнелеу масштабын орнату, керекті қаріпті, туралау түрін таңдау және т. б. ) . Одан әрі әдеттегідей мәтінді тере береміз. Осы кезде, мысалы WordPad редакторындағыдай, жолдарды автоматты түрде қалыптау жүргізіледі. Яғни, жол соңына жетісімен, меңзер автоматты түрде келесі жолдың басына ауысып отырады. Және де Enter пернесін жол соңында басудың қажеті жоқ, өйткені бұлай етсе, мәтін жеке абзацтарға бөлініп, түбінде мәтінді пішімдеуде қиындықтар тудырады.

Еске салар тағы бір жайт, орыс әліппесінен қазақ, ағылшын әліппесіне немесе кері ауысу үшін WINDOWS-тың үйреншікті мүмкіндіктерін пайдалану қажет (әдетте, Alt-Shift пернелері немесе Тапсырмалар панеліндегі индикатор) .

Егер мәтін жеткілікті үлкен болған жағдайда, мәтіннің басына немесе соңына орын ауыстыру үшін әдегте айналдыру жолағын (линейка прокрутки) - терезенің оң жақ жоғарғы және оң жақ төменгі бұрыштарында орналасқан «жоғары» және «төмен» бағыттауыштары бар батырмалар - пайдалану мүмкін.

ҚҰЖАТТАРДЫ ПІШІМДЕУ

(ФОРМАТТАУ)

Мәтін үзіндісін ерекшелеу

Мәтін үзіндісін пішімдеу үшін керекті үзіндіні ерекшелеу қажет. WORD редакторында мәтін бөлігін ерекшелеу техникасы тым үйреншікті. Ерекшелеу әдістерін қысқаша тізіп шығайық:

сөзді ерекшелеу - осы сөздің үстінен мауспен екі рет шерту;

жолды ерекшелеу - маустың меңзерімен жолдың сол жағынан бір рет шерту (маус меңзерімен жолдың сол жақ тұсынан тұрғанда меңзер оңға және жоғарыға бағытталған бағыттауышқа айналуы тиіс, содан соң маус пернесін шерту қажет) ;

еркін үзіндіні ерекшелеу - меңзерді белгіленетін үзіндінің басына әкеліп, маус бастырмасын басу және оны жібермей ұстап тұрып, үзіндінің соңына дейін сүйреп алып бару. Егер меңзер ерекшеленген үзіндіден сыртқары орналасса, маус батырмасына басқан жағдайда бұл үзіндіден ерекшелеу алынып тасталады.

ҚҰЖАТТЫ ӨҢДЕУ.

Іздеу және алмастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Word мәтіндік редакторы
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
«Мәтіндік редакторды» оқыту әдістемесі
Word 2013 құжатты құру және сақтау
Файлдарды іздеу бағдарламалары
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Html тіліне кіріспе
Құжаттарды редакциялау және форматтауды орындау. Емле және грамматиканы тексеру
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
Текстік және кестелік процессорлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz