Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану әдісі


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І Бастауыш сыныпта білім беруді ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
1. 1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту теориясының тарихнамасы . . . 7
1. 2 Бастауыш сыныптағы білім беру жүйесінде оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері . . . 15
ІІ Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дамыта оқыту технологияларының әдістемелік мәселелері
2. 1 Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың ерекшеліктері . . . …… . . . 26
2. 2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелер . . . . . 34
2. 3 Жеке сабақ үлгілері . . . … . . . . . . 44
Қорытынды . . . . . . 51
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылғандай барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет-Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз үлестерін қосуы маңызды.
Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз болатын басты тұлға- мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет- білікті, кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 даму стратегиялық бағдарламасында « . . . 4-ші басымдылық : осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың білімділігі мен оларды қайта даярлауды одан әрі өркендеуің, дегені де болашақ мамандардың талапқа сай болуы керектігінің айғағы [2] .
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі мектеп мұғалімдерінің және оқытушыларға пайдасын тигізіп отыр. Сондықтан да олардың тәжірибесін зерттеуде зор маңыз бар. Өйткені әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және таразылауды қажет етеді. Озат тәжірибені зерттеу және оны оқу үдерісіне енгізу терең сауаттылықты, қажырлы еңбекті, сонымен қатар, үнемі өзгеріп отыратын ғылыми жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Жаңа заманға лайықты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барысында, оқушылардың даму мүмкіндігін зерттей отырып, сапалы білім, саналы тәрбиені жаңа педагогикалық технологиялар арқылы жұмыс жасап келе жатқан мектептерді атауға болады. Әрбір баланың жеке қасиеттерін аша отырып, шығармашылыққа баулуда бірнеше мектептер жұмыс істеуде.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат - міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми - педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту үдерісін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.
Дегенімен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру үлгіні, көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі қателіктер бастауыш сынып оқушыларының абстрактілі ойланудағы мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтежесінде мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр. Осы себептен оқушылар игерген білімдерін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болуда.
Педагогикалық үдеріс бастауыш мектеп оқушысының жеке басын демократиялық бағытта қалыптастыру және оны жан - жақты дамыту үшін неғұрлым қолайлы қандай талаптарға жауап беруі тиіс?
Біріншіден, қарым - қатынастық мазмұны, атмосферасы, өзара қатынастық түрі баланың оқуына, адамгершілікке жататындардың бәрін меңгеруіне, өзін адам ретінде тануын, ізгілік, өзін - өзі сыйлау сезімін, өзімен есептесетіндігін, өзін керек ететіндігін, өзін елеп, бағалап отыратындығын түсіне білуін тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Екіншіден, педагогикалық процесс оқытудың әлеуметтік мәні бар шарттарын қалыптастыруға, рухани өсуге, адамгершілік жағынан ширауына, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін оятуға, балалар ұжымын ортақ мақсат, өзара қарым - қатынастық бірыңғай принциптері негізінде біріктіруге ықпал етуі керек.
Үшіншіден, педагогикалық үдерісті балалардың творчествосына, алғырлығына, дербестігіне, танымдық және қоғамдық белсенділігіне кең өріс берілуі қажет; балар коллективінде өрілетін қарым - қатынас сипаты әр баланың өзіне тән адамдық болмысын дамуына көмектесуі тиіс.
Сонымен бірге педагогикалық процесті балалардың белгілі жас топтарының психалогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, бір ізге келтіру керек. Біз алты жасар балалардың әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесі жетіспейтіндігін, олар актуальді талабы, албырт белсенділігі, ойын қызметіне деген тенденциясы болатындығын, бұл функционалды күштер қимылы мен дамуының шағын екенін, ал балалық шақтағы жетекші белгілердің бірі - баланың есеюге талпынысы екенін жоғарыда айтқанбыз. Егер осынау психологикалық ерекшеліктерге ден қойылмай, өктемдік позициясындағы педагогикалық процесс құылатын болса, балалардың талаптары мен потенциалдық мүмкіндіктерінің толық түрде, жан - жақты ашылып дамуы үшін жағдайлар жасалмайды. Бала біртүрлі тұйықталып, өзіне - өзі қорғана бастайды: оның дамуға тырысқан функционалдық тенденциясы ықтиярсыз мәжбұр болу салдарынан өзінің қимыл қарқынын бәсеңдетеді, ал, оқуға деген енжарлық өзінің жеке басының кемсітуге қамыққан кездегі ыза ретінде туады. Және керісінше, оқушыларға өзіндік-ар-ождан тұрғысынан қарау әдісін дәйекті түрде жүзеге асыру, олардың жетекші психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, адамгершіліктік жағдай туғызып, әр баланың өзін адам ретінде сезінуіне мүмкіншілік беруі ықтимал [3] .
Осы тұрғыдан мәселелерді қарастыра келе, біз дипломдық жұмыстың тақырыбын “Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану” деп анықтап алдық. Осы тақырып төңірегінде дипломдық ғылыми зерттеу жұмыстарды орындау барысында алға қойған мақсатымыз:
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы жазылған теориялық әдебиеттерге талдау жасау.
2. Дамыта оқыту технологияларын қолдану барсындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, өміршедігін анықтау.
3. Бірінші сыныптың қазақ тілі сабағында дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы дамыта оқыту технологиясы.
Зерттеудің әдістері: Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру; жинақтау, талдау, байқау, бақылау, әңгіме, сұрақ-жауап және кеспелі әдістер.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні.
І Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері
1. 1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту теориясының тарихнамасы
Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.
Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан - жақты білім беруге шақырды.
Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе - Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі [4] .
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.
Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер - білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер - білімді толық меңгергенше жүргізу керек”, - деген өте орынды пікір айтылды.
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды”.
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына іріктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т. б. ) . Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан - жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды [5] .
Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.
Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.
Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.
Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата - анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.
Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.
Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді. Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.
Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци санымен буржуазиялық - демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.
Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұшырастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты.
А. Дистервергтің педагогикалық ой - пікірі. Педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп түсінді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Песталоцци сияқты Дистверг те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл - ойын, қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан - жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді [6] .
Дистерверг бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қостады. Орта мектептерде өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады. Дистерверг әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады. Дистерверг сезім мүшелерін әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды таныстыруға зор мән берумен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болу өте қажет деп түсінді.
Дистерверг оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші - негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол “Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға оқытпа” немесе “Уақтынан ерте ешнәрсеге оқытпа” деген ережені ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтерді бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы деді.
Матералды пысықтауға Дистерверг үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың мынадай: “Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек” деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыру қажет деді.
Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл - ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, мінез - құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. “Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді”, - деп тұжырымдады ол.
Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл - ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте жоғары бағалады. Әңгіме балардың ақыл - ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.
Савин бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты - ізгілік, жақсылық, ол оның маңызды құралы - оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды [7] .
Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болды. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл - айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығушылығы; этикалық қызығушылық - оқушыларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетті. Қызығушылықтардың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара - қатынасын анықтайды; дінге қызығу - діни ұғымды күшейтеді.
Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді. Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл - ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенменде оқушылардың әрсалалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.
Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. Оның ойынша оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық - айқындық, 2) ассоцация, 3) жүйе, 4) әдіс.
Бірінші - анықтық - айқындық сатысында оқытылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалдарды хабарлап, көрнекілікті қолданады.
Екінші саты - ассоцацияда жаңа материал оқутудың мұнан бұрынғы өткен сабағында алған мәліметтері өмірден алған елестетулерімен ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым сәтті болады.
Үшінші саты - жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерімен байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда әртүрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және творчестволық ойлауын бақылайды.
Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Н. И. Пироговтың түсінуінше, оқытудың желісті болуы үшін аса қажет.
Негізгі дидактикалық принциптерді Н. И Пирогов саналылық, көрнекілік, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.
Н. И. Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді орынды бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz