12 жылдық оқытудың ерекшелігі



1 Жас ұрпақты эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнерінің рөлі
2. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ . ЕЛ ЕРТЕҢІ
3 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАЙЫҚ
4 БАСТЫ МАКСАТ . КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ БІЛІМ
5 12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ МЕРЗІМІНДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Жас ұрпақты көркемдікке, әдемілікке бір сөзбен айтқанда, эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері ерекше рөл атқарады. Сол себепті барлық уақытта бейнелеу өнері мектепте арнайы пән болып жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасы білім беру туралы заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептің құрылымы мен мазмунының тұжырымдамасында атап көрсетілген. Осы орайда осыдан 2-3 жыл бұрын айтыс туғызып әртүрлі пікірталаста талқыға түсіп жүрген 12 жылдық оқу үлкен мағынаға ие болып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің күн тәртібіне қойылуында Республика мектептерінде жүргізілетін эксперимент жұмыстарының нәтижесі жағымды болғандығын көрсетеді. 12 жылдық білім беруге көшудің көздейтін мақсаты - біздің еліміздегі білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне енгізу, яғни халықаралық білім беру талабына сәйкестікте болу.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
(бейнелу өнерінің негізінде)
Бастауыш мектеп № 4 , 2005 ж., 6б.

Жас ұрпақты көркемдікке, әдемілікке бір сөзбен айтқанда, эстетикалық
тәрбие беруде бейнелеу өнері ерекше рөл атқарады. Сол себепті барлық
уақытта бейнелеу өнері мектепте арнайы пән болып жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасы білім беру туралы заңына сәйкес жалпы білім беретін
мектептің құрылымы мен мазмунының тұжырымдамасында атап көрсетілген. Осы
орайда осыдан 2-3 жыл бұрын айтыс туғызып әртүрлі пікірталаста талқыға
түсіп жүрген 12 жылдық оқу үлкен мағынаға ие болып отыр. Қазіргі кезде бұл
мәселенің күн тәртібіне қойылуында Республика мектептерінде жүргізілетін
эксперимент жұмыстарының нәтижесі жағымды болғандығын көрсетеді. 12 жылдық
білім беруге көшудің көздейтін мақсаты - біздің еліміздегі білім беруді
халықаралық білім беру кеңістігіне енгізу, яғни халықаралық білім беру
талабына сәйкестікте болу. Соның нәтижесінде европалық мемлекеттер
қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім
сапасын көтеру. Бұл амтылып отырған мәселе, әрине аз уақытта орындала
қоймайды. Оның орындалуына көп уақыт керек болады.
Бұрынғы уақытта барлық оқулықтар Кеңестік дәуірде құрылған болатын,
ендігі жерде өз алдымызға егеменді мемлекет болуымыз біздің оқулығымызды
қуруды талап етеді. Оның бергі жағында ұкімет тарапынан қолдау тауып
отырған 12 жылдық білім беру жүйесінің өмірге енгізілуі оқулықтың жасалуы
мен құрылуында ерекше талаптың орындалуын қажет етеді. Осы орайда бейнелеу
өнері-пәнінің 12 жылдық білім беру бағытындағы жаңа оқулықтары шыға
бастады. Ол әрине, 12 жылдық білім берудің бағдарламаларымен сәйкес.
Тікелей бастауыш сыныпта жұргізілетін бейнелеу өнері пәнінің көздейтін
мақсатына тоқталсақ, ол мынадай:

- оқушыларға көру, сезіну, қабылдау, тұсіну қабілеттерін қалыптастыру
және әсемдікті өздері жасай алатындай болуға баулу.
Бұл мақсатты жүзеге асыру мынадай міндеттерді жұктейді:
- бейнелеу өнері негізінде ұлттық өнерге деген оқушылардың көркемдік
талғамын қалыптастыра отырыгі, эстетикалық тәрбие беру:
- әрбір оқушының көркем (эстетикалық) білім-тәрбие алуына жағдай
жасау;
- оқушының көркем-шығармашылық қабілетің ой-қиялын дамыту;
- оқушыны көркем іс-әрекеттің (бейнелеу, музыка, театр) түрлеріне
бейімдеу;
- оқушының қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі түстер мен формаларды
көріп, эстетикалық турғыдан қабылдауын қалыптастыру;
- оқушының жалпы өнерге деген қызығушылығын қалыптастырып, бейнелі
ойлау қабілетін арттыру;
- оқушыны ұлттық өнермен таныстырып, өнер иелеріне, шығармаларына
деген сұйіспеншілігі мен құштарлығын арттыру;
Бағдарлама оқушыларға көркем білім-тәрбие берудің қазіргі талаптары
турғысынаң оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп
жасалынды.

Сонымен қатар, блұ бағдарламаның қазіргі таңда оқытылып жатқан
бағдарламалардан ерекшеліктері бар:

- оқушылардың көркемдік жағынан жетілуіне халықтың сәндік-қолданбалы
кеңінен таныстыру арқылы дамыту көзделеді;
- бейнелеу өнеріндегі дәстұрлі емес тәсілдер тұрімен таныстыру;
- қоршаған орта шындығын әсерлі қабылдау, әсемдікке сұйсіну;
- ұсқынсыздықтан жиреиу қасиеттерін қалылтастыру:
- әрбір сынып бойынша оқушылардың мұмкіншіліктері мен жергілікті жер
ерекшеліктеріне сай, беріліп отырған тақырыптарды таңдап алуына мүмкіндік
жасау;

Қандай болмасын балаға берілетін тәрбие мен білімде басты мақсат - оны
өз елінің азаматы, еліне пайда келтіретін дұрыс тулға етіп қалыптастыру.
Бүгінгі таңда Қазақ елі, қазақ жеріндегі мектептерде жүргізілетін бейнелеу
өнері мен бала өмір сүрген нақты ортасын жеке тануға жол ашып мүмкіндік
тұғызып отыр. Бұл айтып отырғанымыз 12 жылдық білім жұйесіне көшудің
бағдарламалары мен жаңа құрылған оқулықтарында орын алып отыр. Ол
бағдарламамен оқулықтарда бейнелеу өнерінің сауаттылық негізі қолайлы және
эмоциялық ойын түрінде беріледі. Сөйтіп балаларды бейнелеу өнерінің тілін
білуге, оны түсінуге біртіндеп үйретеді. Баланың шығармашылық қабілетінің
жетілуіне керекті жеңіл мазмунды ең қарапайым тақырыптар мек тапсырмалар
беріліп отырады. Осы бағытта 12 жылдыққа арналған 1-2 сынып "Бейнелеу
өнері" оқулығының авторы ретінде тағы бір айтарым: осы айтылып отырған
жағдай негізінде оқушыларды қарапайымнан күрделіге қарай оқыту мүмкіндігін
арта түсіру еді.
Бірінші сыныпта бейнелеу өнерінің алғашқы сабағы сол сабаққа қажетті
сабақтар, түсті қағаздар, қыл қаламдармен таныстырудан басталады. Сонымен
қатар осы өнер туындыларын жасайтын адамды суретшілер деп айтатынын қоса
түсіндіріледі. Осылайша қарапайым түсініктен басталып балаға бейнелеу
өнеріне байланысты берілетін түсініктер бірте-бірте күрделене түседі.
Бейнелеу өнері пәнінің тікелей талап ететін мазмұныиа кірместея бурын
бастауыш мектеп мугалімдеріне әртүрлі баланың қарапайым байқағыштығын
жетілдіру үшін әңгімелесулер ұсынамыз. Мысалы: балаларға бояу түсін
танытуға керекті мына тектес тапсырмалар беруге болады. Балалар өздеріңді
қоршаған ортада түрлі-түсті бояу : түрлері бар, оларды гүлдерден және
басқа да қандай көріністерден байқауға болады.
Қараңыздар, кім қандай бояу түсін қай жерден көре алады екен деген
тапсырма = беруге болады.
Осындай балалардың өздерін қатыстырып, жүргізілген әңгімелерге арқа
сүйеп негізгі қурайтын бояулар түрін айқындауға болады.

- 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру
жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі ол қылықтар
мен кемшіліктерден арылуға жол ашты;
- әз алдына ел болған қазақ еліиің ұлттық өз табиғатына көкіл қойып,
ой жіберуге және ұлттық мәдениетің әдет-ғұрпын жете білуге, зерттей түсуге
мүмкіндік берді;
- әлемдік білімге зер салып жете білуге, мейлінше көңіл аударуға
мүмкіндік туғызды:
- бүгінгі таңдағы өмір талабы қай салада болса да интеграциялық
байланысты қажетсініп отырған күнде бейнелеу өнері пәнінің өз табиғатында
осы мүмкіндікті іске асыруға жол ашты. Осы айтылғандардың негізінде 12
жылдық білім беру жүйесі, білім сапасын арттырып, жетілдіре түсетіндігі осы
бағытта жүргізілген байқау нәтижелерінен айқын байқалады.
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ – ЕЛ ЕРТЕҢІ

Әр уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны
— заңды құбылыс.
Қазіргі таңда Республикамызда 12 жылдық білім беруге кешуге дайындық
жұмыстары жан-жақты талқыланып, жаңа жүйенің нормативтік-құқыктық негіздері
қалануда. Мұндағы біздің басты принципіміз — тұлғаның жеке дамуына
негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінін басым
бағыттарын айқындау, нәтижесінде елшіздін әлемдік өркениетке негізделінген
білім саясатындағы стратегиялық мақсатгарын жүзеге асыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу — қоғамдағы елеулі өзгерістер мен
адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты
жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие. Тәрбиенің осы бір саналы,
күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі
қарапайым дағдылары арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім
баспалдағы — бастауыш мектеп болып табылады. Өйткені, бала да Ұяда не
көрсе, үшқанда соны ілетін балапан сияқты, айналамыздағы әр нәрсенің
қырсырын білуге табиғатынан ынтызар болып жаратылады.
Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген
тәрбиенің сөлі мен нәрін бойъша сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге
деген бейімділігі де анағұрлым жоғары тұрмақ.
Ал, баланы оқыту мен тәрбиелеу — ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық
қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек бұл орайда, ұстаздар
қауымының орны ерекше екені талассыз.
Сондықтан да 12 жылдық білім беру жүйесі педагог қауымға осы мәселені
жан-жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндетгер мен үлкен
жауапкершілікті жүктейді. Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар оны жүзеге
асыратын әрбір педагогтын, көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі
өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын
қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру,
құзырлығын айқындау — бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.
Білім саласында қызмет ететін әрбір Педагог жаңару процесін жатырқамай
қарсы алып, өзінін, іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені,
өркениетті елдің білім аясаты жаңа тұрпатты педагогтың көзқарасын қажет
етеді.
Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерген шақта жаңа тұрпатты
педагог педагогикалық процестің біріздігін және оқу мен төрбиенің
біртұтастыгын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа
кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік
қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан
тұрады.
Ахмет Байтұрсынов ағамыз кезінде Жақсы мұғалім мектепке жан
кіргізеді деген ғой. Ол үшін әр педагог өрбір баланың ойынан шығып,
қажеттілігін қанағатандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп
жасындағы балалар қай сыныпта окыса да, қай жаста болса да, өзінің кім
болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды
басты мақсаты деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағдар
беретін ақыл-кеңес күтеді.
Сондықтан оқушынын рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды
қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі
қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке
тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа
жүйесіне ауысу білім беруді баскару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби
құзырлықтарын дамытуды талап етеді.
Бұл өзгерістерді қабылдау, оларға дер кезінде икемделу ең алдымен
білім беру жүйесінен басталады.
Өсер елдің әуелі ойлайтыны — өз ұрпағының жай-күйі болмақ.
Облысымызда 1011 мектеп бар. Оның 740 орта мектеп, 132 негізгі мектеп,
141 бастауыш мектеп, 10760 бастауыш сыньш мұғалімі, 6786 жоғары білімді,
768 аяқталмаған жоғары, 192816 бастауыш сынып оқушысы білім алуда.
Жас бала— жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, ескенде
сол иілген күйінде қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз
десең-, сыңдырып аласың. Баланы жастан деген сөздің мәнісі осы, — деп
көрсеткен Мағжан Жұмабаев атамыз. Осы жылдан бастап, біз 12 жылдық жалпы
орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруіміз қажет.
Кейбір ата-аналардың түсінігінде жаппай кешетін шығар деген түсінік
қалыптасып, қорқыныш билеуде. Мұнда ескеретін жай, қазір тек бірінші
сыныпты ғана 12 жылдыққа көшіруді бастаймыз.
12 жылдық білім беру стандартымен жақсылап танысып, ой елегінен
өткізіп, ұшқыр ұсыныс ұсыну бастауыш мұғалімдерінің еншісінде.
Мектепке балаңы алты жастан қабылдау тәжірибемізде бар. Сондықтан 12
жылдық мектепте алты жастағы балаларды оқыту қиынға соқпайды. Өз
заманымыздың ғұламасы Р.Эмерсон Өркениеттін шынайы белгісі — мемлекеттің
байлығы мен білімнің деңгейінде, қалалардың үлкендігі мен өнімнің
молдығында емес, ол мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматында деген екен.
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАЙЫҚ
Мәдиева Қ., қазсқтан мектебі, № 7, 2005 , 3 б.

Ежылдық білім беру тұжырымдамасы мектептің алдында тұрған басты
мақсатын анықтап береді. Олар мына төмендегідей:
— оқушыны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары сапалы
біліммен қамтамасыз ету;
— жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастыратын, өзін-өзі
тәрбиелейтын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіби білім беру
бағдарламасын меңгерген азамат;
— өзінің жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре
алатын тұлға;
— шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке
қабілетті, өзін-өзі толық, іске кірістіре алатын, функционалды сауатты
болашақ маман даярлауды көздейді.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесі моделінен
шығармашылығы мынада.
1. Оқушының функционалдық сауаттылығы (оқу сауаттылығы; математилық
сауаттылығы; ғылыми сауаттылығы).
2. Көпварианттылығы
3. Деңгейлі және бағдарлы сараланғандығы
4. Аймақгық білім беру
5. Жеке тұлғаға бағдарланғандығы
6. Бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.
Біздін № 92 қазақ гимназиясының 12 жылдық білім беруге көшудегі мақ-
іаты — еркін бағдарды ұстайтын, өзін-өзі іске кірістіре алатын, өзін дамыта
алатын және тез өзгеретін өмірдегі жағдаяттарда өздігінен дұрыс шешім
қабылдайтын, жоғары білімді, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің қызығуын,
таланттың қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары,
отандық ұлттық рухы жоғары маман, жеке тұлға қалыптастыру. Мақсатқа жету
жолдары былайша сипатталады.
1. Жалпы білім беретін пәндердің мазмұны әлемдік білім стандартына сай
дащанбалы сипатта болуын қамтамасыз ету.
2. Функционалды сауаттылықты анықтайтын нақты критерийлердің болуы.
3. Кәсіби училище, колледждер, мектеп шеберханаларының әлемдік
стандарт талабына жауап беретіңдей болуы (материалды техникалық базасы
жетілген, кәсіби шебер мамандармен қамтамасыз етітлегн).
Егер 12 жыддық білім құрылымы және мазмұнының тұжырымдамасын өзеге
асырсақ, онда жас өспірімдерді өмірге, еңбекке, еңбекқорлыққа дайындуға,
шығармашылық әлеуетін арттыруға, өзін-өзі біліндендіріп, тілін, салатын,
мәдениетін, сондай-ақ басқа да ұлттың тілін, мәдениетін білуге ықпалын
тигізіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Біздің 12 жылдық білім беруден күтетің нәтижеміз мыналар: ірі орта
жалпы білімінің тәжірибелік бағдарлануы, қолданбалы сипатта алуын
қамтамасыз ету; X — функционалдык сауатты, шығармашылық әлеует, жоғары
болашақ маман
— кәсіби бәсекелесшік қабілеті жоғары жеке тұлға.
БАСТЫ МАКСАТ - КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ БІЛІМ
Дәулетов Н., Қазақстан мектебі, №6, 2006 ж. 23б.

Жалпы білімнің 12 жылдыққа өтуге дайындық кезеңі оның сапалық жағынан
өзгеруіне негіз болатын, түбегейлі реформа жасауды талап ететін тарихи
кезең болып табылады.
Ең алдымен, ғасырлар бойы замана толқынында өзін ақтаған, ақиқаттағы
өмірде дәлелденген білім мен тәрбиенің зандылықтарына сүйене отырып, 12
жылдық білім беруде ұстанатын негізгі бағыттарымызға бағдар жасауымыз
қажет. Бірінші кезектегі көкейкесті мәселелер — жас ұрпақты ертенгі емірге
өзірлеуде бүгінгі берілетін білімнің келемін, сипатын, оның мақсатын
айқындау, әлемдік стандарт бағытында біздің жағдайымыздағы білім берудін
кейбір жетістіктері мен кемшілікті жақтарын түсіну, бүгін қандай бағыттарды
батыл дамыту керектігін білу, т.б.
Орналасқан географиялық ортасына, ғасырлар бойы мәдени, экстомикалық
және саяси даму жағдайына қарай қалыптасқан әр елдің өзіндік сан алуан
білім беру жүйесі бар.
Әлемдік білім беру стандарт деңгейінде, бағытында реформа жасау -басқа
елдердің тәжірибесін өзімізге тікелей пайдаланып көшіру емес, білім берудің
қатаң зандылықтарына сүйене отырып өз жағдайьшызға қолайлы. өзгенің де,
езіміздің де, ең озық тәжірибелерімізді бүгінгі уақыт талабына қарай өз
білім беру жүйемізде жетілдіру.
Қай елдің болсын білім деңгейінің көрсеткіші — сол елдің экономикалық
дамуы. Жалпы даму, соның ішінде экономикалық даму қоғамдағы әрбір
қызметкердің көсіби шеберлік деңгейіне қатысты. Кәсіби шеберліктің іргелі
негізі мектепте қаланады. Мектеп кезеңі — баланын. табиғи мүмкіндігінін
толықтай ашыдып, қабілет икемділіктерінің қалыптасып жетілетін уақыты.
Жалпы білімнің міндеті баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғанз емес,
ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір
мамандыққа арнайы әзірлей білу.
Дүниежүзілік бәсекелестік деңгейінде тауар ендіру, интеллекгуалдық
байлықтын барған сайын құндылығының есуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойды логикалық түрде дамыту
12 жылдық білім беру жүйесі
Білімге қызығушылық
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Қазақ тілі сабақтарында тірек-кесте технологиясын пайдалану жолдары
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
12 жылдық оқытуда қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттерін ашу
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Пәндер