Ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҰЙЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, оларды ұйымдастыру формалары 4
1.2 Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық базалары ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Ұйымдасқан кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... 8
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны12
2.2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары
2.3 Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық
стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның ролі ... ... ... ... ... ... ... ...17
3 ҰЙЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ
3.1 Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын
ұйымдастырудың ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың қызметін талдау ... ... ... .23
3.3 Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау ... ... ... ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Кіріспе
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды.
Нарықтық экономика жағдайында ұйымдасқан кәсiпорын тiкелей шетелдiк инвестицияны тартудың ең перспективалы формасы және қызмет iстеу арқылы шетел нарығына жоғарғы тиiмдiлiкпен шығудың құралы болып табылады. Әлемнiң әр түрлi елдерiнде тiкелей шетелдiк инвестицияны тартуда ұйымдасқан кәсiпорындар құру халықаралық экономикалық қатынастардың жаппай құбылысы болып табылады, себебi одан біріккен қызметтiң қатысушылары үлкен пайда табады.
Ұйымдасқан кәсiпорын ресурстарды тартуда құрылтайшылардың шеңберiн кеңейту үшiн көп мұмкiндiк бередi.
Ұйымдасқан кәсiпорындардың негiзгi принципi бiр ғана кәсiпорынның қызмет атқарғанымен, мақсатты нәтижеге жетуде бiрнеше партнерлар қызметiнiң анықталған формада жүзеге асқаны әлде қайда тиiмдi болуы мүмкiн.
Дипломдық ық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесiлердi қамтиды:
• Ұйымдасқан кәсiпорындардағы өндiрiстi ұйымдастыру және басқарудың теориялық негiзi зерттелдi;
• Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiстiң тиiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi шарттар анықталды және бағыттар негiзделдi;
• Нарықтық қатынас жағдайында ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн тиiмдi басқару мен ұйымдастырудың факторлары мен шарттарын теориялық жинақтап қорыту;
• Ұйымдасқан қызмет бойынша кәсiпорындар қызметiнiң заңды базасын қарастыру;
• Қазақстан Республикасы және шетелдiк кәсiпорындарының негiзгi тенденциясы мен қызметiне талдау жүргiзу;
• Біріккен кәсiпорындардың өндiрiсiн тиiмдi ұйымдастыру және басқаруды жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау.
Зерттеудiң тәжiрибелiк мағынасы аумақтар жағдайында біріккен кәсiпорындардағы өндiрiстi басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн көтеру және одан әрi зерттеудегi негiзгi жағдайларға байланысты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. "Кәсіпорын туралы" ҚР Заңы/ Егеменді Қазақстан, 13.02.2000.
2. Дюсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
Алматы., 2002- 602-68-6
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының 2008-2009 жылғы әлеуметтік-
экономикалық дамуы" Статистикалық жинақтар. Шымкент 2009.
4. А.Ә.Әубакіров «Экономикалық теория негіздері» 2001ж.
5. Б.Көшенова «Ақша,несие,валюта қатынастары» Алматы , 2005ж
6. С. Райымқұлұлы «Экономика теория негіздері» Шымкент , 2008ж.
7. Шеденов «Экономикалық теория» Алматы, 2002ж.
8. А.Ә.Әубакіров «Экономика» Алматы,2003ж.
9. Д.М.Мадиярова «Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік» Алматы , 1999ж
10. А.Қ.Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, 2006ж.
11. Ғ.Ө. Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, 2006ж
12. Агеев А. И. Предпринимательство: проблемы собственности и
культуры. -М., 1991. Введение и гл. 1, с. -15.
13. Бусыгин А. Предпринимательство : Основной курс., 2002 -М.,2002
14. Виленский А. Этапы развития малого бизнеса. Вопросы экономики.
1996 г. - С.38-41.
15. Грачев И. Развитие малого предпринимательства // Деньги и
кредит . 1997 . –ғ1.-С.15-21.
16. Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство: формы и методы
организации предпринимательской деятельности // Экономика
предприятия . - М., 1996
17. Иващенко А. А. Товарная биржа. - М., 2001.
18. Карлоф Б. Деловая стратегия. -М., 2001, с. 121-125.
19. Котлер Ф. Основы маркетинга. -М„ 1990, с. 339-405, 468-473, 477-479. Курс экономики : Учебник. Основыпредпринимательстаа . -М.,2003
20. Кадзума Татеиси. Вечный дух предпринимательства. Практическая
философия бизнесмена. -М., 2000.
21. Маршалл А. Принципы политической экономии. - М., 1999, т. III,

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҰЙЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, оларды ұйымдастыру
формалары 4
1.2 Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық
базалары ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Ұйымдасқан кәсіпорындарды дамытудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... 8
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны12
2.2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары
2.3 Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық
стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3 ҰЙЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ
3.1 Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын
ұйымдастырудың
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
3.2 Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан және шетелдiк
кәсiпорындардың қызметін талдау ... ... ... .23
3.3 Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды
болжау ... ... ... ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...50
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...51
Кіріспе
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған
Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында
Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын
жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент
Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып,
бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы
қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды.
Нарықтық экономика жағдайында ұйымдасқан кәсiпорын тiкелей шетелдiк
инвестицияны тартудың ең перспективалы формасы және қызмет iстеу арқылы
шетел нарығына жоғарғы тиiмдiлiкпен шығудың құралы болып табылады. Әлемнiң
әр түрлi елдерiнде тiкелей шетелдiк инвестицияны тартуда ұйымдасқан
кәсiпорындар құру халықаралық экономикалық қатынастардың жаппай құбылысы
болып табылады, себебi одан біріккен қызметтiң қатысушылары үлкен пайда
табады.
Ұйымдасқан кәсiпорын ресурстарды тартуда құрылтайшылардың шеңберiн
кеңейту үшiн көп мұмкiндiк бередi.
Ұйымдасқан кәсiпорындардың негiзгi принципi бiр ғана кәсiпорынның
қызмет атқарғанымен, мақсатты нәтижеге жетуде бiрнеше партнерлар
қызметiнiң анықталған формада жүзеге асқаны әлде қайда тиiмдi болуы мүмкiн.
Дипломдық ық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесiлердi қамтиды:
• Ұйымдасқан кәсiпорындардағы өндiрiстi ұйымдастыру және
басқарудың теориялық негiзi зерттелдi;
• Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiстiң тиiмдiлiгiне әсер ететiн
негiзгi шарттар анықталды және бағыттар негiзделдi;
• Нарықтық қатынас жағдайында ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн
тиiмдi басқару мен ұйымдастырудың факторлары мен шарттарын
теориялық жинақтап қорыту;
• Ұйымдасқан қызмет бойынша кәсiпорындар қызметiнiң заңды базасын
қарастыру;
• Қазақстан Республикасы және шетелдiк кәсiпорындарының негiзгi
тенденциясы мен қызметiне талдау жүргiзу;
• Біріккен кәсiпорындардың өндiрiсiн тиiмдi ұйымдастыру және
басқаруды жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындау.
Зерттеудiң тәжiрибелiк мағынасы аумақтар жағдайында біріккен
кәсiпорындардағы өндiрiстi басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн көтеру
және одан әрi зерттеудегi негiзгi жағдайларға байланысты.

1.1 Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру
формалары
Ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындарды құру кәсiпкерлiктiң
перспективалы формаларының бiрi және шетелдiк инвестицияны Қазақстан
Республикасының экономикасына тартуға бейiмделген. Ұйымдасқан кәсiпорын деп
қазақстандық заңды тұлғалармен қатар шетелдiк фирмалар, компаниялар,
ұйымдар қатысатын бiрлестiктер мен ұйымдарды, кәсiпорындарды атайды.
Шетелдiк кәсiпорындар деп толығымен шетелдiк инвесторларға қарайтын
кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдастыру құрылымдарын айтады.
Ұйымдасқан кәсiпкерлiк – әр түрлi елдердiң өнiмдерi мен қызметтерiн
өндiретiн өнеркәсiптiк қарым-қатынастың ерекше формасы. Ұйымдасқан
кәсiпкерлiктi құруды жүзеге асыру қарым-қатынастағы заңды тұлға болып
табылатын партнерлардың өзара iс әрекетi деңгейiнде сол елдiң заңы бойынша
iске асырылады. Ұйымдасқан кәсiпорының қабылдаған елдiң заңдарына сәйкес
заңды тұлға статусы болады.
Ұйымдасқан кәсiпорындардың қатысушыларының қарым-қатынасының
приниципиалды ерекшелiктерi:
• өзара қатынастағы партнерлардың меншiктерiн бiрiктiру және осы
негiзде біріккен кәсiпорындарға қарасты негiзгi қорларды және
айналым құралдарын құру;
• кәсiпорындардың даму процесiн, өндiрiсiн және өндiрген
өнiмдерi мен қызмет көрсетуiн бiрлесiп басқару;
• кәсiпорындардың өндiрiстiк және коммерциялық тәуекелiн бiрiгiп
көтеру;
• қабылдаған елдiң нормативтiк актiлерiнiң шарттарына сәйкес
ұйымдасқан кәсiпорындар партнерларының арасында пайданы бөлу
(кәсiпорынның өзiндiк қаржыларын қалыптастырудағы
серіктестердің қатысуына пропорционалды бөлу);
Тек өндiрiс саласында ғана емес, өндiрiстi ғылыми-техникалық
дайындауда, біріккен кәсiпорындардың белгiлерiне ынтымақтастықтың
ұзақтығы, сол сияқты өнiм өткiзуде партнерлардың өзара iс-әрекетi жатады.
Ұйымдасқан кәсiпорындың негiзiне жергiлiктi және шетелдiк
серіктестердің бiрiн-бiрi толықтырушы элементтерiнiң типтiк комбинацияларын
бөлiп көрсетуге болады:
• ғылыми-техникалық шешiм плюс оны өндiрiстiк iске асыратын құрал-
жабдықтар (өнеркәсiптiк технология);
• қабылдаған елдiң табиғи ресурстарын қолдануға құқығы плюс оны
тиiмдi қайта өңдеу технологиясы;
• өндiрiс алаңы, еңбек күшi, қабылдаған партнердың инфрақұрылымы
плюс өнiм шығару үшiн жинақтау бұйымдары мен жинаудың
инвестицияланатын технологиясы;
• қайталама ресурстар плюс оларды коммерциялық қайта өңдеу үшiн
құрал-жабдықпен қамтамасыз ету;
• маркетингтiк талдаудың қорытындысы, жергiлiктi рынокты игеру
элементтерi (жарнама, сауда желiсi, сауда белгiсi, т.б.) плюс
өндiрiстi ұйымдастыру үшiн ресурстар, технология және
қаржыландыру.
Ұйымдасқан кәсiпорынның аталған ерекшелiктерi жергiлiктi және шетелдiк
серіктестердің құрған кәсiпорындарының табысты қызмет атқарудағы өзара
қызығушылығын тудырады. Инвестицияның өндірістік игерілу тәуекелін,
негізінен қабылдаушы жақ өз мойнына алады.
Барлық ұйымдасқан кәсіпорынның әріптестерінің шығындарының тиімді
болуы, олардың іс-жүзінде кәсіпорынды қалыптастыру мен оның қызметін
басқаруға қатысуына байланысты болады. Кәсіпкерлік тәуекелін әріптестер
өзара бөлісіп алады. Сонымен қатар өндірістік процесстерді басқару мен
өнімді өткізу, инвесторға да және қабылдаушы жақтың ұйымдасқан кәсіпорынға
қатысушысына да бірдей артықшылық береді. Инвестор осыны ескере отырып,
оқыстан пайда болған ауыспалы технологияларды пайдалану арқылы өндірілген
өнімді өздері меңгеріп отырған рыноктан қақпайлап отырады.
Ұйымдасқан кәсіпорындағы жергілікті және шетелдік әріптестердің түпкі
мүдделері әртүрлі болуы мүмкін, әсіресе, егерде ұйымдасқан кәсіпорын
әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің экономикалық қатынастары шеңберінде
құрылатын болса. Қаржы бөлуші кәсіпкер үшін шетелдің ұйымдасқан
кәсіпорынына қатысу, капиталды сыртқа шығару мен өз еліне қарағанда
капиталын мол табыс түсетін басқа елде пайдалануға тырысуының жемісі болып
табылады.
Инвестордың негізгі мүддесі болып, қабылдаушы елдің жаңа рыноктарын
игере отырып, салынған капиталының есебінен қосымша көп мөлшерде табыс
табу, шикізатқа кететін және жалдамалы еңбектің төлемақы шығындарын
төмендету болып табылады.
Ал, жергілікті әріптестің мақсаты мен мүдделері, тәртіпке сай,
қабылдаушы елдің толығымен шаруашылық және әлеуметтік мүдделерімен тығыз
байланыста болады.
Сондай-ақ, ұйымдасқан кәсіпкерлік бірлесіп әрекет етуші әріптестердің
қарама-қарсы мүдделерін де өзара тиімді етіп қанағаттандыруға мүмкіндік
береді.
Өте атап өтетін жай, бұл ұйымдасқан кәсіпкерлік ұлттық ғылыми-
техникалық әлеуетке және мәдениетке өзара ендіру құралы, сонымен қатар,
мемлекетаралық саяси қатынастарды жақсарту факторларының бірі болып
табылады.
1-кесте – Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формаларының мiнездемесi
Жеке кәсiпорын Ұйымдасқан Корпорация
кәсiпорын
Құрылудың Жеңiл құрылуы, Серіктестер Арнайы заңды
күрделiлiгi ұйымдастыруға жәнеiздестiрумен реттеулермен
ресiмдеудеуге байланысты байланысты,
шығындардың аздығыбелгiленген қомақты күш және
қиындықтар, материалдық
қатысушылар шығындарды талап
арасындағы етушiлiгi
келiсiмнiң болуы
Капиталды Меншiк иесiнiң Серіктестердің Бағалы қағаздар
жұмылдыру қабiлетiжинақтарының меншiктерiн шығару жолымен
мөлшерлемелi бiрiктiру жолымен капиталды тез
шектелуi капиталды тарту жұмылдырудың
мүмкiндiгiн өсiру жоғарылығы
Меншiк иесiнiң Мүлiктердi қоса Жарғылық Ұсталған бағалы
жауапкершiлiк есептегендегi капиталдағы қағаздар бағасының
шеңберi барлық қатысуға шектеулiлiгi
мiндетемелер байланысты пайда
бойынша толықтығы мен залалды
пропорциялы бөлу
Меншiк иесi Барлық қызметтер Серіктестер Акция үлесiнен
жағынан бақылау бойынша толықтығы арасындағы ұсталуына
дәрежесi бөлiнушiлiк сәйкестiгi
Өмiр сүрудiң Қожасы өмiрiнiң Серіктестер Шектелмеген,
ұзақтығы ұзақтығының арасында банкрот болған
шектеулiлiгi келiсiмнiң шартынажағдайда ғана
байланыстылық тоқтату
Өтiмдiлiгi Сатудың қиындығы, Пайларды сатудың Жоғары
төмендiгi қиындығы,
төмендiгi
Ескерту : кесте автормен құрастырылған
Қабылдаған елдiң территориясында сол елдiң заңдарымен анықталған заңды
тұлға формасында ұйымдасқан кәсiпорын құрылады және қызмет атқарады.
Халықаралық тәжiрибеде ұйымдасқан кәсiпорынды (қоғамды) ұйымдастырудың
ерекшелiгiн және кәсiпорынның мiндеттерi бойынша қатысушылардың жауапкершiк
дәрежесiн анықтайтын ұйымдасқан кәсiпкерлiктiң әртүрлi заңды формалары бар.
Оның ең көп тараған түрлерiне акционерлiк компаниялар, толық жауапкершiлiгi
бар қоғамдар, жауапкершiлiгi шектелген қоғамдар жатады.
Бiрлескен кәсiпорындар қайда, кіммен, кандай мақсатпен және
әріптестердің қатысу улесі бойынша ерекшеленеді.
Осы мақсаттарды ескере отырып ұйымдасқан кәсіпорындарды 4 негiзгi
белгiлерді негізге ала отырып келесі топтарға бөлуге болады:
1. Бiрлескен кәсiпорынның орналасқан жерi. Бiрлескен кәсiпорын құруда
әрiптестердiң бiрі кәсіпорын орналасқан мемлекеттің өкiлi болып табылады.
Қазақстан және шетел экономистері ұйымдасқан кәсіпорындарды тек қана ұлттық
капитал, яғни мемлекеттiк үлестермен де, жеке тұлғалардың капиталдарын коса
алғанда қатысатын бірлестіктерді ғана жатқызады. Бұл, бiздің ойымыз
бойынша, мүлдем дұрыс көзқарас емес, өйткенi осындай кәсіпорындарды аралас
экономикаға жатқызу керек.
2. Ұйымдасқан кәсiпорынның шетелмен тиiстiлiк белгiсі бойынша 4 түрге
бөлуге болады:
1) Өнеркәсiбі дамыған елдер бойынша – Батыс-Батыс немесе өнеркәсiбі
дамыған елдер арасындағы қатынастар;
2) Өнеркәсiбі дамыған және дамушы елдер – Солтүстiк-Оңтүстiк
қатынастары;
3) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және өнеркәсiбі дамыған
капиталистiк елдер қатынасы – Шығыс-Батыс қатынасы;
4) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және дамушы елдер.
2. Әрiптестердiң құрылымы. Бiрлескен кәсiпорындардың 3 негiзгi түрлерiн
қарастыруға болады:
1) Тек қана жеке капиталдың қатысуы негізінде(көбiнесе дамыған
капиталистiк елдермен);
2) Жеке кәсіпорындар мен мемлекеттiк кәсiпорындар және ұйымдардың
қатысуымен.
Бұл нұсқа дамушы және бұрынғы дамыған және дамушы социалистiк елдермен
ұйымдасқан кәсіпорын құруда көп таралған. Ұлттық және халықаралық
ұйымдардың қатысуымен бұрынғы социалистiк елдердің кәсіпорындары шетелде
орналасқан ұйымдасқан кәсіпорындар арқылы өнім өткiзу мен қызмет көрсету
мақсатында әрiптестiк-экспорттық бірлестіктер негізінде көптеп таралған.
3. Әрiптестердiң бiрлескен кәсiпорынның капиталындағы қатысу үлесіне
байланысты өз артықшылықтары және кемшiлiктері болатын 3 нұсқасы қаралады:
1) Паритеттiк бастмаларда қатысу. Ұйымдасқан кәсіпорындардың бұл түрі
өнеркәсiбі дамыған елдерде көптеп таралған. Яғни кәсіпорындардың бұл түрі
әрiптестердiң бірдей үлеспен қатысуымен және кәсіпкерлік мотивтерге ғана
бағытталған болып табылады. Ұйымдасқан кәсіпорындардың капиталына тең
үлестерінің болуы, іскерлік құқытары да тең болуынан, әріптестіктің идеалды
түрде құралу мүмкіндігі. Бірақ мұндай бірлестіктердің негативті жақтары
болып, әріптестердің бір жағының шешімді өз жауапкершілігіне алу жағдайында
орын алады (даулы жағдайларда "лидердің" болмауы).
Сонымен бiрге паритеттiк негiздерде ұйымдасқан кәсіпорындарды құру
құқықтық реттеу негізінен жасалуы мүмкін. Бұл дегеніміз шетелдік
әріптестерідің қаржы салу кезінде жергілікті кәсіпкерлердің үлесінен асып
кетпеуі сақталуы мүмкін. Осыған байланысты жергiлiктi билік өкілдері
экономиканы национализациялауға тырысатынын атап өтуге болады, сондықтан
жергiлiктi кәсіпкерлердің капиталын үлесінің үлкен болуы да сол тенденция
арқылы түсіндіруге болады.
Әріптестердің арасындағы тең үлестік жағдай бұзылуы мүмкін жағдай
болып, ұйымдасқан кәсіпорынды дамыту үшін қажеттi қосымша капитал жұмсаулар
үшін әрiптестердiң арасындағы капиталды тең бөлу, (әдетте жергiлiктi)
әрiптестердiң үлестері пара-пар болыуның сақталу мақсатында шетел
капиталының негізінде үлкейте алмауы болып табылады. Мұндай ахуал егер заң
шығару ретiнде рұқсат берілмеген шетелдiк капиталының қатысуы көбiрек болса
дауға да келтiре алады;
2). Шетелдiк капиталдың қатысуы көп болса. Бұл формалар шетелдiк
әрiптес шетелдiк капиталдың ұйымдасқан кәсіпорынды максималды бақылауға
көбiрек ұмтылады егер жергiлiктi кәсiпкер өз еншiсiн үлкейту үшiн
қаражаттармен орналастырмаған жағдайда орын алады.
Мұндай ұйымдасқан кәсіпорындардың терiс моменттері болып жергілікті
биліктер мұндай ұйымдасқан кәсіпорындарды мемлекеттік деп танымайды және
осындай кәсіпорынға қандай да бір жеңілдік беру кезінде арыздарын
қайтарады. Осыған байланысты шетелдiк кәсiпкерлер бұл кемшiлiктерді жою
мақсатында кейде шетел кәсіпкерлері жергiлiктi әрiптестеріне ұйымдасқан
кәсіпорынның ағымық басқаруын өз қызметтері мен меншіктерін ауыстырып
тастауға тырысады. Мемлекеттiк құрылымдармен жедел қатынастарда осы
жағдайда тек қана жергiлiктi әрiптесi ғана болады;
3). Меньшая доля участия иностранного партнера. Такого рода участие в
СП, по мнению некоторых бизнесменов, является неблагоприятной формой,
учитывая стремление западных фирм к контролю над деятельностью СП. При этом
иностранные инвесторы устанавливают строгую взаимосвязь между доей капитала
и правом контроля, правда, без учета специальных оговорок в соглашении.
Так, например, К. Зайберт в книге "Совместные предприятия как
стратегический инструмент в международном маркетинге", пишет, что "право на
управление может быть установлено договором о порядке деятельности
совместнных предприятий вне зависимости от доли капитала, или даже путем
заключения соглашения в области "ноу-хау", или лицензионного соглашения".
Дополнительные соглашения такого рода легче заключить в том случае, если
местный партнер нуждается в технологии и "ноу-хау" иностранного участника.
3) Шетелдiк әрiптестiң кiшi қатысу үлесі. Кейбір кәсіпкерлердің ойы
бойынша батыс елдерінің ұйымдасқан кәсіпорынды бақылау ұмтылысын ескере
отырып ұйымдасқан кәсіпорынға әріптестің кіші қатысуы жағымсыз деп ойлайды.
Мысалы, "Халықаралық маркетинге\\\дегi стратегиялық аспап сияқты бiрлескен
кәсiпорын" \\\ның кiтабындағы К.Зайберт осылай, "Немесе лицензиялық
соглашения\\\" ноу "басқару құқығы капитал кәсiпорындардың совместнных
қызметтiң ретi туралы келiсiм шартымен еншiге тәуелсiз анықтала алады,
немесе тiптi \\\лардың төңiректiң келiсiм жасасуы жолымен" \\\ жазады. Егер
жергiлiктi әрiптес шетелдiк қатысушы "ноу" \\\ да технологияға зарықса
қосымша келiсiмдер сондай сол жағдайда жеңiлдеу жасау.
1.2 Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық базалары
Бүгінгі таңда Қазақстанда ұйымдасқан кәсіпорындардың саны бірнеше мыңға
жеткенімен, жаңадан құрылған және табысты әрекет етіп келе жатқан бұрын
құрылған кәсіпорындардың проблемалары ерекше көкейтесті мәселелерге
жатады. Сондай-ақ, олардың кейбіреулерінің әрекет ету процессі кезінде
ұйымдастыру толқыны сияқты, тас-талқан етуші мәселелер туындап, оның
ақыры бірлесіп ары қарай әрекет етуге мүмкіндік бермейді.
Ең алдымен ұйымдасқан кәсіпорын деген ұғымды түсініп алайық.
Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Шетелдік
инвестиция туралы заңының 1 бабы бойынша бұл ұғым төмендегіше сипатталады:
Ұйымдасқан кәсіпорын дегеніміз – Қазақстан Республикасының аумағында
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүліктің белгілі бір бөлігі
(акция, үлес) шетелдік инвестордың иелігіндегі, шетелдің қатысуымен
құрылған кәсіпорын.
Ұйымдасқан кәсіпорындарды құру, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 1998 жылдың
22 сәуірдегі Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы, 1998 жылдың
10 шілдесіндегі Акционерлік қоғамдар туралы, 1994 жылдың 27
желтоқсанындағы Шетелдік инвестициялар туралы Заңдарына, 1995 жылдың 17
сәуіріндегі ҚР Президентінің заң күшіне ие Заңды тұлғалаларды мемлекеттік
тіркеу туралы Жарлығына және тағы басқа да халықаралық, үкіметаралық
келісімдерге негізделеді.
ҚР Шетелдік инвестициялар туралы заңының 14 бабы бойынша шетелдің
қатысуындағы кәсіпорын шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және басқа
да ҚР Заңдарына қайшы келмейтін формаларда құрылуы тиіс. Осы заңның 15 бабы
төмендегілерді қарастырады:
1. Шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорынның жарғылық қорының
көлемі, қалыптасу тәртіптері мен мерзімдері ҚР Заңдарына сәйкес анықталады.
2. Ғимарат, кешен, құрал-жабдық және басқа да материалдық
құндылықтар түрінде, сондай-ақ жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды
пайдаланудың, сонымен қатар басқа да мүліктік, оның ішінде интеллектуалды
қызмет нәтижесінің құқықтары бойынша ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке
сәйкес жарғылық қорға жарнаны ендіруге болады.
3. Жарғылық қор шаруашылық қызметтен түсетін пайданың есебінен
және бақа да кәсіпорынның түсімдерінен, сондай-ақ оның қатысушыларының
қосымша салым салуы есебінен толықтырылып отырады. Егерде мұндай салымның
көлемі жиырма мың көлеміндегі айлық есептік көрсеткіштен асып кететін
болса, онда оның бағасы тәуелсіз сарапшы арқылы расталуы қажет.
4. Қатысушылардың келісуіне байланысты, ұйымдасқан кәсіпорынның
жарғылық қорындағы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың мүліктік
үлесі, заңды тұлғалардың тіркелген мерзіміндегі ҚР Ұлттық банкі бекіткен
және әлемдік рыноктағы баға мен бағамдарды қолдана отырып ҚР ұлттық немесе
шетел валютасымен анықталады. Жарғылық қорға салынған салымды бағалау, ҚР
заңдық актілерінде бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
5. Жарғылық қордағы ақша Қазақстан Республикасында тіркелген
өкілетті банкте сақталуы тиіс.
6. Егерде, шетел инвестициясы шетелдік инвестордың Қазақстан
Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген жабық акционерлік қоғамның
акциясын немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін иемденуге пайдаланылатын
болса, онда әлгі заңды тұлға осы Заңның 16 бабына сәйкес шетелдің
қатысуымен құрылған кәсіпорын ретінде қайтадан тіркеуден өтуге тиіс.
Осы заңмен толық танысып алған соң, ұйымдасқан кәсіпорын
құрылтайшыларына ең алдымен жарғылық қорға салған өздерінің салымдарының
үлесін анықтап алуы тиіс. Себебі, болашақта осы мәселе бойынша
келіспеушіліктің алғагшқы белгілері туындайды. Жарғылық қорда қай
құрылтайшының үлесі молырақ болса, ұйымдасқан кәсіпорынның бірінші басшысын
таңдау, кадрлық саясат пен түскен табысты бөлу, соған байланысты болатыны
әркімге де түсінікті. Сондай-ақ, жалпы капиталда кімнің салымы салмақтырақ
болса, сол құрылтайшының ұйымдасқан кәсіпорынға билік жүргізетіні айдан
анық. Ал бұлай болмаған кезде, бұл жағдай ұйымдасқан кәсіпорынның
құрылтайшылық құжаттарында ( құрылтайшылық келісім-шарт пен жарғы)
айқын көрініс табуы қажет 6.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, құрылтайшылық құжаттардың ұйымдасқан
кәсіпорындарды басқару органдарына арналған бөлімінде екінші бір
келіспеушілікті тудыратын мәселелер кездеседі. Анық түсінікті болу үшін
мысалға акционерлік қоғамды алып көрелік. Әрекет етуші заңнамаларға сәйкес
құрылтайшылардың ұйымдастыру жиынында басқа да мәселелермен қатар құрылып
отырған акционерлік қоғамның органдарының тізімі бекітілуі тиіс. ҚР
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 46 бабына сәйкес бұндай органдарға
төмендегілер жатады:
1. жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиыны;
2. басқару органы – директорлар кеңесі;
3. атқарушы орган – бірлесе отырып (басқарма) немесе жеке (президент
немесе бас директор);
4. бақылаушы орган – бірлесе отырып (тексеру комиссиясы) немесе жеке
(тексеруші);
5. әрекет етуші заңнамаларға сәйкес басқа да органдар.
Атап өтетіні, жабық қоғамның жарғысында директорлар кеңесін құрмай-ақ
акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда,
директорлар кеңесінің заң бойынша тиесілі құзыры толығымен акционерлердің
жалпы жиынына беріледі.
Акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларға жасалған талдау, осы уақытқа
дейін қоғамның қызметкерлерін қызметке таңдау және босату тәртібі және
олардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі айқын көрініс таппаған. Бұл
құқықтық мәселе бойынша, ұйымдасқан кәсіпорын қызметкерлері арасында
жинақталған мәселелерді шешуде өздерінің құқықтарын анықтауда үшінші бір
келіспеушілік пайда болуы мүмкін.
1.3 Ұйымдасқан кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі.
Әртүрлі елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындардың даму барысы мен ауқымы ең
алдымен инвестициялық климатқа байланысты болады. Осы уақытта ұйымдасқан
кәсіпкерлік тек қана экономикалық сипатқа ғана емес, сондай-ақ басқа да,
мысалыға әртүрлі елдердің аймақтық және топтық мүдделеріне жағдай жасауы
мүмкін. Сонымен, социалистік елдердің тауар өндірушілері құрған ұйымдасқан
кәсіпорындар, шоғырландыру процесстерінде өздерінің рөлдерін ойнады және
тәуелсіз әріптестердің ғана емес толығымен социалистік жүйенің экономикалық
мүдделеріне қызмет етті.
Дамыған капиталистік елдердің кәсіпорындары мен корпорацияларының
ұйымдасқан кәсіпорындарды құрудағы айтулы көлемі туралы. 80-ші жылдардың
басында-ақ америкалық компаниялардың 5300-дей шетелдегі бөлімшелерінің 1760-
ы Батыс Еуропада біріккен кәсіпорын статусына ие болды. 1984 жылы АҚШ-та
шетел капиталының қатысуымен әрекет етуші кәсіпорындар өздерінің өнімдерін
56 млрд. доллар көлемінде өткізді. Бұл әлемдік шаруашылықта тікелей
тартылған шетел инвестициясын орналастыру сипатына ие болады. Дамыған
капиталистік елдерге американың 77 пайыз, ұлыбританияның 82 пайыз, батыс
германияның 86 пайыз және 50 пайыздан артық жапондардың тікелей тартылған
инвестициясы бағытталған.
Батыс-Батыс қарым-қатынасында теңдей жағдайдағы технологиялық және
экономикалық мүмкіндіктерге ие әріптестердің ұйымдасқан кәсіпкерлігі,
бәсекелестік жағдайында рынокқа жеке шыққандарға қарағанда, олардың
бірлесіп өткізу рыногын игере отырып шығындарды төмендетуі өте тиімді болып
саналады.
1981-1982 жылдары ГФР-де жапон инвестициясының қатысуымен 40 аралас
кәсіпорындар, ал 1984 жылы жапон кәсіпорындарының қатысуымен батыс еуропа
елдерінде 865 ұйымдасқан кәсіпорындар құрылды. 1985 жылы Жапонияның тікелей
инвестиция құрылымының ұйымдасқан кәсіпорындардағы үлесі 62,2 пайызды
құрады 11.
Дамыған капиталистік мемлекеттерде экономикалық қарым-қатынас
шеңберінде ұйымдасқан ғылыми-іздестіру ұйымдарын құру кеңінен орын алуда.
Ғылыми іздестірудің, жаңа ғылыми өтімді өнімді өндіру үшін жобалау
шешімдерін қалыптастырудың және бұл өндірісті іске қосу тәуекеленің жоғары
болуымен қатар рынокты меңгеріп алудың қиын және құнының жоғары болуы,
ғылыми-техникалық және экономикалық даму мүмкіндіктері жоғары әріптестерді
де бірлесіп әрекет етуіне алып келеді. Дамыған капиталистік елдердің
трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары арасында құрылған көптеген
ұйымдасқан кәсіпорындар, электроника, шағын процессорлы техника, байланыс
құралдары, биотехнология, химиялық технология және басқа да ғылыми өтімді
салаларда әрекет етеді.
Өнеркәсіптік дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы Солтүстік-
Оңтүстік қарым-қатынасы шеңберінде ұйымдасқан кәсіпорындардың қалыптасуы
мен қызмет етуінің ерекшеліктері айтарлықтай сипат алады. Бұндай
кәсіпорындардың дамуы, бір жағынан үйреншікті неоколониализмнің принциптері
шеңберінде жүзеге асырылса, ал екінші жағынан дамушы елдердің өздігінен
экономикалық дамуға және дамыған капиталистік елдердің инвесторлары санасып
отыратын жаңа экономикалық қатынастардың тәртібін бекітуге талпынысын
көрсетеді.
Дамушы елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындар, дамыған капиталистік
мемлекеттердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындарының осы елдің
экономикасына тікелей бағыттаған инвестициясының шеңберінде құрылады.
Осындай инвестициялардың көлемі 70-ші жылдардың басы мен 80-ші жылдардың
ортасына дейін шамамен 5 есеге дейін артқан. Осыған сәйкес, олардың негізгі
үлесі жаңа индустриялық елдерде, сонымен қатар минералдық және
биологиялық ресурстарға бай елдерде орналасқан.
Инвесторлардың (негізінен АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінің
трансұлттық компанияларының) негізгі мүддесі болып, дамушы елдердің арзан
табиғи ресурстарын, шикізаттарын, жұмыс күшін пайдалану мен жергілікті
рынокты меңгеру болып табылады. Кейде бұл мүдделерге саяси мүдделер де
қосылуы мүмкін.
Ал, қабылдаушы дамушы елдердің мүдделері болып, елге прогрессивті
технологияларды және басқару әдістерін тарта отырып, ұлттық табиғи
ресурстарды тиімді өзіндік пайдалануға, елдің өмір сүру деңгейін көтеруге
қол жеткізу болып табылады.
Өнеркәсіптік дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен
кәсіпорындары ұйымдасқан кәсіпкерліктегі дамушы елдердегі әріптестерінің
осы елдің аумағында әрекет етуші капиталды ұлттық етуге деген талпынысына
қолдау көрсете отырып, олардың саяси ортадағы белсенділіктерін пайдалана
отырып елдің табиғи ресурстарына, жұмыс күшіне және рыногына қол жеткізуге
тырысады. Дамушы елдерде жапон капиталының қатысуымен құрылған
кәсіпорындардың 80 пайызы жергілікті әріптестермен құрылған ұйымдасқан
кәсіпорындар болып табылды.
Дамушы елдерде ұйымдасқан кәсіпорындарды құру шетел инвестицисына
жергілікті табиғи ресурстарға қол жеткізіп беретін ең тиімді жол болып
табылады.
Дамушы елдерде құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар, елдің ұлттық бизнесін
жандандыруға, шетел тәжірибесін пайдалана отырып елдің экономикасын
басқаруға, жергілікті ресурстарды экспортқа шығаруға және ұйымдасқан
кәсіпорындардың өнімін үшінші бір елге сатуға мүмкіндік береді.
Соңғы 10-15 жылдың төңірегінде ТМД елдерінің аумағында шетелдің
қатысуымен құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар белсенді түрде дамуда. Бұл
процесс айтарлықтай тұрақтылыққа ие болды және әлемдік шаруашылық
байланыстарында ұйымдасқан кәсіпкерліктің даму үрдісіне белгілі бір
дәрежеде ықпал етіп отыр.
Шетел инвестициясын заңды түрде біріккен кәсіпкерлікте ұлттық
кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлесе отырып пайдалануға Югославия аумағында
- 1968, Румынияда – 1971, Венгрияда – 1972, Польшада – 1976, Болгарияда –
1980, Чехословакияда – 1985, ССРО-да – 1987, Вьетнамда – 1977, Қытайда –
1979, Моңғолияда – 1980, Кубада 1982 жылдардан бастап рұқсат берілген.
Экономикалық өзара көмек көрсету Кеңесінің шарттарында Кеңеске мүше
елдердің әріптестерінің қатысуымен құрылған келесі екі жақты өндірістік
бірлестіктер әрекет етті: Польша мен Венгрия арасындағы тас көмірді
өндіріп, өңдеп өткізетін Халдекс кәсіпорыны (1959 жылы Польшада
құрылған); Дружба мақта-тоқыма фабрикасы (1972 жылы Польша мен ГДР-лік
әріптестер арасында құрылған); Польша мен ССРО арасындағы Миракулюм,
Посиб кәсіпорындары; Болгария мен ССРО арасындағы Автоэлектроника
кәсіпорыны және тағы басқада кәсіпорындар.
Қазіргі уақытта Венгрияда 1000-нан аса ұйымдасқан кәсіпорындар батыстық
кәсіпорындар капиталының қатысуымен әрекет етуде. Бұл кәсіпорындардағы
жалпы шетел инвестициясының көлемі шамамен 90-100 млн. АҚШ долларын
құрайды. Венгрияның инвестициялық климатында батыстық инвесторларды
төмендегілер қызықтырады:
- шетел инвестициясының қатысумен және әртүрлі шаруашылық
ассоциацияларды және кәсіпорындарды құруға мүмкіндік беретін
заңнамаларының болуы; салықтық жеңілдіктер және тағыда
басқалар;
- Венгрияның ішкі шаруашылық механизмінде дамыған рыноктық
элементтердің болуы;
- Венгриялық кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық
байланыстар бойынша іс-тәжірибелерінің мол болуы, елде жақсы
жолға қойылған банктік жүйенің және дамыған іскелік
инфрақұрылымдардың бар болуы.
Кәсіпорынды барлық керек-жарақпен толық қамтамасыз етіп отыру мәселесін
жеткіліксіз шешу, келісім-шартта көрсетілген шетел инвестициясының көлемі
мен олардың нақты игерілуі арасындағы айырманың пайда полуына алып келеді.
Бағалау бойынша, тек қана 1980-86 жылдары Қытайдың еркін экономикалық
аймақтарында келісім-шартта көрсетілген жалпы шетел инвестициясы көлемінің
50 пайызы ғана игерілген.
Бүгінгі таңда социалистік елдердің әріптестері мен капиталистік
мемлекеттердің ұйымдары (кәсіпорындары) арасында құрылған ұйымдасқан
кәсіпорындардың дамуына Батыстың қолдан жасап отырған экономикалық емес,
саяси мәні бар шектеулері кедергі келтіріп отыр.

2.1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі — бұл зкспорт және импорт
тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық
кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай
болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге
әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы
тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады.
Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты -
сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде
республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын
сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезіну, дүниежүзілік
шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік
ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да
болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде
Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді,
оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең
ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек
ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы
бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете
алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен
маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау
қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды
реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық
қызметі — активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту
мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті оған әрі
дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы
саясат.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және
ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.
Экспорт — бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге
міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен
зиялылық меншіктің нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық
Импорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден
аумағына сатып алушылардың алып келетін тауарлары.
Реэкспорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына
оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің
сатып алушыларына қайта сату.
Ыңғайлас сауда (ыңғайласпа мәмілеме) — экспортты, импортты
операцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің Тауар
құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір
бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұган ыңғайласпа мәмілесі тауар
айырбасы негізінде баспа-бас ыңтымақтастық мысал бола алады.
2.2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары.
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) - бұл сыртқы экономикалық
байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек
бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының
нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат
кіреді);
• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын
реттеу саласындағы саясат;
• валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ)
реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының
құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен
сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді
түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының
бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.
Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін
нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-
құқықтық реттеуге берілген, оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық
мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен
аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің
сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел
инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік
сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында,
жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық
саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның
субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру
қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат - кез келген мемлекеттің сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді,
сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар
жасау - ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға
тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл
жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және
интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда
саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы
саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат,
технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы
саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі
құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің
бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда
аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату
операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық
операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен
несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және
экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен
процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына
жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы,
экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым
салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті
компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы
құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін
экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға
шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен
келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы
мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен
бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен
экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық
және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген
қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз
мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.
Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен
түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы
саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының
тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын
қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар
статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде
біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз
болып есептеледі.
Егер "ұлттық" және "мүдде" деген терминдерге терең талдау жасалса, онда
ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі
анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы
анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу
қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де,
объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету - абстрактылы
нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір
мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде
мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде
мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-
бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа "ұлттық мүдде"
сипатын береді. "Ұлттық мүдде" ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды,
ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету
сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы
түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар
құраушылары "ұлттық мүдде" түріне айналады.
Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы - мемлекеттік саясаттың территориялық
бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей
экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын
көрсетті.
Қазіргі кездегі дуниеде "үлттық мүдде" саясаты бір түр^ рөлдерді
атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел
баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті
өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі
ретінде, екінші жагынан - Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық
бақылау қою ретінде түсіндіреді.
Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері
ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі үшін
мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес,
оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани
және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор
құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД
кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада
белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың
гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі
Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген,
олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара
байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі
бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік
кәсіпорындарға жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы
экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын,
әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір
технологиялар қолдануды талап етеді.
Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен
салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық
ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері
белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:
• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;
• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық
мүдделер шебінен;
• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы
теңдігінен;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz