XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

IX тақырып. XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты

Қарастырылатын мәселелер:

1. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі және олардың жер аумағы.

  1. Жоңғар хандығы және Жоңғарлардың қазақ жеріне басып-кіруі, қазақ халқының азаттық күрестегі жеңісі, Жоңғар хандығының күйреуі.
  2. Қазақ хандары Ресейдің қоластына бодандыққа өтті ме? Әбілқайыр хан туралы тарихшылар не дейді?

4. Ресей үкіметінің қазақ жерінде бекіністер мен шептерді салу мақсаты.

Әдебиеттер:

1. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. "Атамура-
Казахстан". Алматы, 1994.

  1. Рычков П. И. "Орынбор тарихы". СБП, 1772.
  2. Бартольд В. В. . Собр. соч., Т. 5. М., 1965; Т. ІХ. М., 1968.
  3. Апаллова Н. Г. Присоединение Казахстана к России. Алматы, 1948.
  4. Бекмаханов Е. Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.
  5. Терентьев М. История завоевания Средней Азии. Спб. 1906.
  6. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедиясы. Том 1. Атматы, 1984. 210-211.
  7. ЦГАРФ. 1219. Оп 18, Л. 21. Л. 2-15.

9. Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. Алматы.
Т. 3. 1999; Т. 2. - 2002.

  1. Казахско-русские отношения в XVI- XVIII вв. Алма-Ата, 1961.
  2. Вопросы истории. 1990 №2.
  3. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы, 1994.
  4. Скайлер Ю. Туркестан. М., 1876.
  5. Рысбеков Т. "Өскен өлке тарихы". Орал, 1997.
  6. Асфандияров С. История Казахстана (с древнейших времен) . Алматы, "Қазақ университеті", 1993.
  7. "Ақиқат" журналы, 1992, №7.
  8. Карамзин Н. М. История Российского государства. Т. 4. М., 1992.
  9. "Вестник Европы". Т. 5. С. -Петербург, 1870.
  10. Истрия Казахской ССР (с древнейших времен) . Т. 2. Алматы, 1979.

1. XVIII гасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі және олардың жер аумағы.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ мемлекетінің жер аумағы айқын белгіленіп, оның шекараларына қазақтың үш жүзі "Жеті жарғыға" байланысты бақылау орнататын болды.

Енді сол айтылған Кіші, Орта, Ұлы жүздердің тайпалық құрамы, жер аумағына жеке тоқталайық:

КІШІ ЖҮЗ - қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалар одағы. Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қай кезде, қандай жағдайда құрылғаны жайындағы деректер нақты емес, 1616 ж. орыс құжатында: "Көз көргендердің айтуынша бүгінде қалмаққа қазақтың Үлкен Ордасы (Ұлы жүз), Қырғыз Ордасы да бағынышты, екеуінен де қалмақтың күші басым'". Соған қарағанда Кіші жүз Ұлы жүзден бөлек билік құрған. 17 ғасырдағы сызба карталарда да қазақ ордалары (жүз) белгіленген.

Батыс Қазақстанның, яғни Кіші жүздің халқы саяси әрі экономикалық жағынан Еділ бойыңдағы хаңдықтармен, орыс мемлекетімен әсіресе, Алтын Орда, Дешті Қыпшақ кезеңіңде етене араласты. Шежіре деректеріне қарағанда Кіші жүздің ежелгі атауы Алшын, бұл Ұлы жүз тайпаларын "Үйсін" дегендей тайпалардың жалпы атауы. Шығыс зерттеушісі Н. ААристовтың зерттеуіне қарағанда Кіші жүздің Алшын т. б. көптеген тайпалары түріктердің Батыс динлиндермен (Дулу, Дулат" араласуынан қалыптасқан. Бұл пікірді Г. Е. Грум-Гржимайло, В. В. Бартольд та құптайды. Мәселен, Кердері тайпасының атауы Хорезм аймағында түріктермен шектес Кердері деген жер атауымен үндес. П. И. Лерх, Н. И. Веселовский, С. П. Толстовтар да Кердері хунндардың мекені болғанын дәледдейді. X ғасырда Арал теңізі де Кердері аталған. Кіші жүздің құрамындағы ежелгі тайпаның бірі - Адай. Геродот пен Страбонның жазбасына қарағанда б. з. б. II ғасырда Каспий теңізінің жағалауында дайлар мекендеген, ал олардың атауы оғыздардың "ада" (арал), "адай" (арал-дықтар) деген сөзінен шыққан. Дайлар туралы алғашқы деректі Дарий 1 патшаның Накширүстемжазбасьшан үшыра-тамыз. Онда б. з. б ҮІ-ІУ ғасырларда Яксарттың (Сырдария) төменгі ағысында тарадари немесе парадари сақтар мекендегені, олардың одағына дахтар енгені жазылған.

Қазақ шежіресіне т. с. с. жазба деректерге қарағанда Кіші жүз құрамына енген тайпалар үш одаққа бөлінген: Байұлы (Адай, Алаша, Байбақты, Беріш, Алшын-Жаппас, Масқар, Таз, Есентемір, Шеркеш, Тана, Қызылқүрт, Ысық) : Әлімұлы (Қарасақал, Қаракесек, Кете, Шомекей, Шекті, Тортқара) ; Жетіру (Кердері, Керейіт, Табын, Тама, Жағалбайлы, Тілеу, Рамадан) . Бұл тайпалардың құрылуы кошпенді халықтың мал жайылымына, ішкі ру тартыстарына да байланысты болған. Мәселен, Жеті ру Тәуке ханның кеңесімен біріккен. Кіші жүздің құрамыңдағы ру-тайпалар туралы алғашқы дерек

1748 жылғы А. И. Тевкелевтің (Қүтлу Мүхаммед жазбасында айтылады. Ноғай ордасындағы феодал топтардың өзара қырқысын пайдаланып Ақназар (Хақназар) ноғайдың біраз мырзаларын өз жағына қаратып, Жайықтың сол жағалауына дейінгі жерді қосып алды. Бұл жайында 1557 ж. Ноғай мырзасы Смаил (Исмаил) Иван ГУ-ге: "Інілерім менен бөлініп, Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылды" деп жазған. Сөйтіп Кіші жүз жеріндегі Ноғай ордасының біраз бөлігі қазақ хандығына қараған. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырда Кіші жүз қазіргі Батыс Қазақстанның жерін мекендеді. Оның жазғы жайлауы Үстірт жазығыңда, Ор, Жайық, Елек, Жем, Темір өзеңдерінің сағала-рында, Мүғалжар тауына орналасса, қыстауы ЬІрғыз езені мен Сырдарияның төменгі ағысын, Арал түбегінен батысқа қарай Маңғыстау түбегінде, Атырау ойпатында, Нарын қүмында бодды. Қазақ хандықтарының XVIII ғасырдың алғашқы жылдарыңдағы ішкі саяси өміріне тән нәрсе - ортақ мәселелерді шешу үшін үш жүздің басын қосатын жина-лыстар еді. Үш жүздің өкілдері жыл сайын мәслихат қүру үшін Сайрам маңындағы Мәртөбе жотасында жиналып отырған. Мұнда қай жерді қыстап, қай жерді жайлау керектігі, тыныштықты қалай сақтап, сыртқы жаулардан қалай қорғану керектігі талқыланған. Қазақ пен жоңғар билеушілерінің арасындағы жүз жылға созылған соғыс кезінде осындай мәслихаттар өткен. Кіші жүз хандығына Оңтүстік батыстан Жайық қазақтары қолдаған Еділ қалмақтары, Солтүстіктен Сібір казак орыстары, Жайық сыртындағы жерлеріне башқүрттар жиі-жиі шабуыл жасады. Орыс мемлекетімен Кіші жүз хандығының сауда әрі дипломатиялық қатынастары Россияға Қазан (1552) және Астрахань (1556) хандығы қарап, Жайық пен Еділ аралығындағы Ноғай ордасы саяси протекторатқа айналғаннан кейін кеңінен жүргізілді. Жоңғар хандығымен күрестің барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке-жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ықпалды хан деп саналған Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Мұнда оған қоса Қайыптың (Хиуа ханы) баласы Батыр сүлтан, Әілқайырдың баласы Нұралы сүлтан өз алдына ел биледі. 1731 ж. 19 февральда империатрица Анна Иоановна Кіші жүзді Россия протектораттыққа қабыдданғандығы туралы грамотаға қол қойды. XVIII ғасырда Кіші жүз Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсене қатысты. 1783-1797 жылдары Сырым Датов бастаған шаруалар котерілісінің шығу себебіжер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің қазақтарға Жайық пен Еділ аралығына отуге тыйым салуы, ру басыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сүлтан-дардың, Жайық казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан ашық тонап, озбырлық жасауы болды. Кіші жүз қазақтарының 14 жылға созылған қозғалысы сәтсіздікке үшырады. Бұл күрес қазақ халқының тарихын-дағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығының томенгі ойпатына көшіп, 1801 жылы Бөкей ордасын (Ішкі Бөкей ордасы) қүрды. 1812 жылы мұнда 7500 түтін, ал И. Казанцевтің дерегі бойынша 1820 жылы 10234 түтін, яғни 102350 адам мекен еткен. 1889 жылы санақ бойынша Бөкей ордасында 236937 адам, ал Орал облысында 412001 адам тұрған 1 . Сонымен Кіші жүздің сыртқы жаудан қорғану аумағы Оңтүстікте Сырдария мен Үстірт қыраттарынан, Каспийдың ПІығыс жағалауларынан басталып, Солтүстікте Жайық, Ырғыз, Ембі, Тобыл және толып жатқан шағын озендер мен дала көлдері алқаптарын қамтыды. Кіші жүзді үш ірі тайпа - Байұлы, Әлімұлы және Жеті ру құрады. Кіші жүз мекеңдеген ортаның бір бөлігінің екінші бөлігінен айқын айырмашылығы бар: Жайық, Тобыл өзендерінің бойларындағы алқаптар шұрайлы жайылымдықтарға бай болса, Үстірт қыраттары суға тапшы, Сырдария алқабының суы мол болса, Қарақүм, Қызылқүм түтасқан шөлдала және климаты да айқын қүрлықтың, күн мен түн қызуы өзгеріске түсіп отырды. Кіші жүз жерлері қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша - Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Орал, Қостанай облыстарының сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Солтүстік Батыс бөлігін және бұрынғы Торғай облысының Оңтүстік Батыс бөлігін қамтыды.

ОРТА ЖҮЗ - қазақ халқы тайпаларының этникалық-территориялық үш бірлестігінің бірі. Олар Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстанды мекендеген. Орта жүз терри-ториясы Арал теңізі - Ырғыз, Торғай өзендерінің бойымен батыста Кіші жүз жерімен шектесіп, Ертіс өзені бассейіні - Алтай-Тарбағатай жоталарына дейін Шығысқа қарай созыльш жатады. Оңтүстікте Сырдария алабы - Шу өзені, Балқаш көлінің бойымен шектесіп, Солтүстікте Орал тауы сілем-дерімен Ощүстікжазығына дейін созылады. (XVIII ғасырдың аяқ шенінен бастап Томск мен Тюмень губернияларының жерімен шектеседі) . Бұл территорияда Орта жүздің: қыпшақ, арғын, найман, керей, уақ, ал оңтүстік шекарада, Қаратау өңіріңде Бөген, Арыс өзеңдері алқаптарында Қоңырат тайпасы қоныс тепті. XVII ғасырдан бастап Жоңғар феодаддары наймандар мен керейлерді Шығыс Қазақстаннан ысыра бастады. Батыс Сібірдің Оңтүстігінде арғын, қыпшақ, қоңы-раттың жазғы жайылымдарының көлемі азая бастады, бұл арада патша өкіметі бекініс шептерін, қалалар мен бекініс қоныстарын салуды күшейте түсті. XV- XVII ғасырлардағы қазақтардың тарихы жөніндегі шығыс деректемелерінде қазақ хандығының жүзге бөлінуі туралы дерек кездеспейді. Орыс шежіресінде де мұндай мәліметтер жоқ. Қазақтың жүздері жайлы алғашқы мәліметтер орыс деректемелерінде "ордалар" деген атпен XVII ғасырдың бас кезінде пайда бола бастайды. Қазақ тайпалары мен халықтарының жүзге бөлінуін халық шежіресінде XVII ғасырға, Тәуке хан хандық еткен кезеңіне саяды. Ғылыми әдебиетте жүз - белгілі бір территорияда тарихи тұрғыда сыртқы жаудан қорғану үшін қалыптасқан тайпалар мен рулар бірлестігі, олар бұл территорияны шаруашылық жағынан игеру арқылы оны көрші халықтардан және басқа қазақ тайпалары мен руларынан қорғау арқылы пайда болды деген пікір басым. Орта жүз осы құрамда XVI ғасырда біржолата қалыптасты. Қазақ жүздері туралы хабарлардың тек Төуке ханнан кейін ғана пайда болу фактісін мынадай жағдайларға байланысты түсіндіруге болады: Тәуке ханға дейін және оның түсыңда да тайпаларды, тігпі рулардың өзін сүлтандар биледі, бұл жайында, әсіресе, шығыс деректемелерінде жиі еске алынады. Ал Тәуке хан өлгеннен кейін жүздердің басында олардың өз хандары отырды. Тіпті Орта жүздерде әлденеше дербес хандар болды. Қазақ жүздері жөніңдегі деректер нақ осы кезде туады. Орта жүз қазақтарына жоңғар шапқыншылығы зор нүқсан келтірді. Әсіресе, басқыншылардың соққысына аддымен үшыраған наймандар мен керейлер үлкен зардап шекті. Орта жүз өкілдерінщ едәуір тобы Қазан төңкерісіне дейін Россияның іргелес Челябинск, 'Қорған, Омбы, Новосибирск облыстарында және Алтай өлкесінде түрды. Керейлер мен наймандардың үлкен бөлігі XVIII ғасырдың орта шенінде-ақ Батыс Моңғолия мен Шыңжанға қоныстанды. Орыс әкімшілігінің мәліметтері бойынша Орта жүз халқының саны 1835 жылы 500 мыңнан асқан екен, алайда, бұл есепке Оңтүстік Қазақстандағы қьшшақтар мен қоңыраттар, соңдай-ақ Моңғолия мен Шығыс Түркістанның наймандары мен керейлері енгізілмеген. XIX ғасырдың аяқ шенінде Россия шекараларында Орта жүз халқы 2 млн. -ға жуық болған. Орта жүз халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған, көбінесе қой, жылқы, түйе, сиыр өсірген. Кедейленіп қалған шаруашылықтардың шамалы бөлігі Сырдария және оның тармақтары бойында, Сарысу, Нұра, Торғай өзендері, Алтайдың тау бөктерлерінде суармалы егіншілікпен айналысты. /Өсірген негізгі дақыл-дары тары болды. Балқаш, Зайсан және басқа көлдер мен өзендерден балық ауладьі. Халық аңшылықпен, негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндейтін түрлі кәсіптермен айна-лысты. Сонымен, Орта жүздің сыртқы жаудан қорғанатын жер аумағы Тарбағатай қыраттары жүйесінің оңтүстігінен бастап Балқаш көлі, Сарысу өзенінің бас жағы, Қаратау тау-лары мен Солтүстікте Оңтүстік Сібір жазықтарына дейінгі үлан-байтақ жерлерді алып жатты. Батыста оның шекаралары Торғай озенінің бас жағынан Обаған өзеніне дейінгі, Шығыста Оңтүстік Алтайдан бастап Сәуір жотасын және Зайсан Қазан шүңқьірын қамтып, Ертіс алқабының Оңтүстік жагалауларын өтті. Орта жүзді арғын, қыпшақ, қоңырат, найман, керей және уақ тайпалары құрады. Орта жүздің қыстық қоныстары үскірік желден жақсы қорғалған, шұрайлы жайылымдық жерлер еді. Суы мол Ертіс, Ешім және басқа да өзендер, Зайсан, Марқакөл көлдері, Көкшетау көл жүйелері, жазық далалар мен тау боктерлеріндегі жайылымдықтар түгел дерлік Орта жүздің иелігінде болды. Орта жүз жерлері сонымен қатар қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облысының Оңтүстік шығыс бөлігінің бір қатар жерлерін де қамтыды.

Кіші және Орта Орданың толық иелік еткен жерлерін хатқа түгелдей түсірген патша чиновнигі П. И. Рычков еді 2 .

ҰЛЫ ЖҮЗ. Жоңғар Алатауының бөктерлерінен, Балқаш көлінің Оңтүстік беткейіндегі жерлерді (Жетісуды) және одан әрі Шу өзенінің Солтүстік жағалауларынан Сырдарияың бас жағына дейінгі жерлерді мекендеді. Оған: дулат, албан, жалайыр, шапырашты, суан, қаңды, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сары үйсін тайпалары жатты. Ұлы жүз қазақтары жайлаған географиялық орта мен климаты өте қолайлы болды: жеті өзен (Іле, Көксу, Қаратал және т. б. ) алқаптарындағы шөбі шүйгін жайылымдықтар мен қыстау қоныстары, Шу мен Сырдарияның бас жағы аралығындағы, Алатау таулары мен жазық беткейлері аралығындағы жалпақ жайылымдық-тарды алып жатты. Ұлы жүз жерлері қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша Алматы, Жамбыл облыстары мен Оңтүстік Қазақстан облысы жерлерінің едөуір болігін қамтыды.

Сонымен, Г. Волконскийдің деректері бойынша, Үлкегі орда (Ұлы жүз) алты тайпадан құралған: дулат, сіргелі, сары үйсін, жалайыр, шанышқылы және қаңлы. 4 отбасынан тұратын дулат тайпасы Жетісу өзендері мен Алатау таулары, сондай-ақ Талас, Ангрен, Шыршық озендері алқаптары мен Шығыс-Шаған тауларындағы жерлерде кошіп-қоньш жүрген. 2 отбасынан тұратын сіргелі тайпасы жазда Түркістаннан Ақмешітке, Сырдария мен Қуандария сағаларына, Алакол мен Аунамаз келдерінің төңірегіңде көшіп қонған. Бұл тайпа көшпенділері Сарысу мен Қараша озендерінің бойын қыстаған. 7-дай отбасынан тұратын сары үйсін және жалайыр тай-паларьшың коші-қонысы сіргелі тайпасымен аралас-құралас болған . 3000 отбасынан тұратын қаңлы және шанышқылы тайпалары Сырдария жағалауларынан Ташкентке қарай ко-шетін болған. Г. Волконскийдің есебі бойынша, жоғарыда аталған тайпалардың 13 руында 7 отбасына дейін болған. Дегенмен, автор атаған тайпалар бойынша барлық отбасының жалпы санын шығарсақ, 13 отбасы болып шығады. Ал-бан, шапырашты, суан, ошақты, ысты тайпалары қалып қойған 2 .

XVIII ғасырдың аяғындағы қазақ тайпаларының жер меншігі туралы аса қүнды материалдар бар. Өзінің "Ұлы, Орда және Кіші орда болып бөлінетін қазақтар туралы" мәлімдемелерінде Орынбор генерал-губернаторы Г. Волкон-ский үш жүздегі қазақ тайпаларының коші-қоныстық жерлері жайлы мағлүматтар береді. Г. Волконскийдің бұл деректері өздеріне қарасты ұлыстарды жақсы білетін ру басшылары арасынан жиналған.

2. Жоңғар хандығы және жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі, қазақ халқының азаттық күрестегі жеңісі, Жоңғар хандығының күйреуі

ХҮІІ-ХҮШ ғасырдағы және т. б. тарихи кезендердегі Орта-лық Азиядағы халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі қазақ елінің ролі мен алатын орны кобіне біржақты және үстірт зерттелген. Нақтырақ айтсақ, осы кезге дейін қазақ елінің "ортағасырлық соңғы көшпелі держава" Жоңғар ханды-ғымен қарым-қатынасы қазақ хандықтарының Ресей мен өзара қарым-қатынасы тұрғысынан ғана қаралып келгені белгілі. Мүның өзі Кіші жүз Ресейдің қол астында болуына байланысты мемлекетгік деңгейдегі қазақ хаңдарының дербес сыртқы саяси қатынастар туралы ешбір әңгіме болуы да тиіс емес деген ресми көзқарастың салдары еді.

Десекте, жоңғарлар мен қазақтардың қарым-қатынастары осы көшпелі екі мемлекеттің бүкіл ішкі өміріне күрделі өзгерістер ғана жасап қоймай, Орталық Азияны және Қиыр Шығыстың кең байтақ, үланғайыр аймағындағы халықаралық ахуалға да зор ықпал жасады.

Осы жерде, бұл өзі неғылған мемлекет, ол қашан пайда болды және қазақ халқы сонымен үзаққа созылған қавды шайқастар жүргізуге неге мәжбүр болды? - деген сұрақтар

туады.

Бүған себеп - ойрат феодалдарының өздерінің басқа екі алпауыт көршілері - орыс мемлекетіне және Қытайға қатар белсенді шабуылдар жасай алмауынан да болғанды. Оның үстіне қазақ хандықтарының Орта Азия дүниесінде басты тұлға болып, талантты да жігерлі хандар - Есімнің, Жәңгірдің, Тәукенің, Абылайдың басқаруы жылдарында елеулі әскери және саяси күштерге айналуы, яғни Жоңғар мемле-кетінің өзінің өмір сүруіне айтарлықтай қауіп-қатер туғызуы да екі мемлекетті ашық қақтығыстарға апарды. Айтылғандарға қосымша болған тағы бір жайт, қазақ хандықтары, Орта Азияның көкорай жайлауларын қалқалай қорғап тұрған өзіндік қалқан да еді. Басқаларға бүзып өту үшін Жоңғар феодалдары алдымен қазақтың қалқанына сызат түсіру керек болды.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ғасырлық соғысы XVII ғасырдың орта шеніне дейін айтарлықтай табысты жүрді. Деректерден белгілі, қазақ ханы Тәуекел (ел басқарған жылдары 1582-1598 ж. ж. ) өзінің қол астына ойраттардың ірі бөлігін біріктіріп, сол кезеңнің орыс құжаттарында көрсетілгендей "қазақ және қалмақ патшасы" атанған. Жеке басының жау жүректігі үшін халық арасында "салқам" атанған Жәңгір хан да ойрат әскерлеріне бірнеше рет ауыр соққылар берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Абылай ханның саясаты туралы
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы
Қазақстанды отарлау кезеңі қарсаңында
Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында. Абылай хан
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz