«Колледж – жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 373. 3: 37. 046

Берденова Сауле Аскербековна

«Колледж - Жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары

6N0102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

рефераты

Қызылорда, 2010ж

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу - мемлекеттің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан Н. Ә. Назарбаев « . . . білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық күштің бой ұстар тұсында болады» деп мемлекет тағдыры мен кәсіби білікті де құзыретті мамандар даярлауды негізгі басымдықтар деп қатар қояды.

Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың мақсаты - Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде елімізде көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеруде.

Кәсіби педагогикалық білім берудің көп деңгейлі құрылымының икемділігі мен вариативтілігі сипаттамасы - кез-келген білім алушыға белгілі бір деңгейге жеткенде оны тоқтатуға, ал сонан кейін осындай бейіндегі кез-келген жоғары оқу орнында келесі деңгейде білім алуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Көп деңгейлі құрылымды енгізуге байланысты педагогикалық білім берудің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі оның мазмұнын тереңдете отырып жаңарту болып табылады.

Мұғалімнің кәсіптік даярлығы орта немесе жоғары оқу орнының қабырғасында бітпейтінін көптеген зерттеулер дәлелдеген, ол оның кәсіптік қызметінің барлық кезеңінің барысында жалғастырылады.

Мектептегі білім беруді дамыту беталысына талдау мынаны көрсетті, яғни оның басты мақсаты әрбір оқушы тұлғасын тәрбиелеу, ал оқыту процесі дамыту құралы болып тпабылады. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасын дамытуда маңызды кезең, бала болашағы, зияткерлік және құқықтық дамуы, еңбекке қатынасы көптеген жағдайда тәрбиелеу мазмұны мен бастауыш сыныптағы оқыту кезеңінде анықталады деген түсінік қалыптасты.

Егер бұрын бастауыш сынып мұғалімі алдына балаларды біліммен байыту, ең бастысы сауаттылық, есептеу және т. б үйрету міндеті қойылса, ал бүгінгі күні төменгі сынып оқушыларын оқыту процесі олардың тұлғасын дамытудағы негізгі құралға айналып отырғанда, педагог әлеуметтік-мәдени жобаны игеріп, баланы тұлғалық-бағдарланған оқытуды жүзеге асырып, оқу бағдарламасын, оның әдістері мен формаларын дербес таңдай білуі қажет. Төменгі сынып оқушыларының дамуы оқу пәндері құралдарымен жүзеге асырылатын болғандықтан, мұғалім орыс тілін, әдебиетті, математиканы, жаратылыстануды жақсы білуі қажет. Дамыған оқытуды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасына зейін қою педагогика мен психология саласындағы терең білім мен шеберлікті қажет етеді. Мұғалімнің оқушыларды оқыту жүйесін таңдап және оны практикада іске асыруына мүмкіндік беретін, бұрынғыдан мүлдем басқа әдістемелік дайындық (қазіргі кездегі қолданылып жүрген әртүрлі оқыту жүйесінен) . Сондай-ақ, ол әртүрлі топтың (дарынды, мотивациясы жоғары, психикалық дамуы кешеуілдеген) балалармен жұмыс жасай білуі қажет. Осыған байланысты кәсіби біліктілік деңгейін үздіксіз жоғарылату әрбір мұғалімнің табысты кәсіби қызметі үшін қажетті шарт болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімін даярлаудың қолданыстағы практикасы әртүрлі біліктілік деңгейіндегі кәсіпті меңгеруіне мүмкіндік береді: педагогикалық колледжден арнаулы кәсіби педагогикалық білім алып оны өз қалауымен педагогикалық жоғары оқу орындарында жалғастыру мүмкіндігі жасалынған.

Қазақстан Республикасындағы білім саласында қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білім тұрғысынан маманның кәсіби білім жүйесін жетілдіру бағыттарында зерттеулер кең өріс алуда. Ғылыми-теориялық және практикалық бағытта болашақ мамандарды дайындау әр деңгейлерде зерттелуде:

  • педагогикалық кадрларды даярлау мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері (В. П. Беспалько, В. А. Сластенин, Н. В. Кузьмина, М. С. Молдабекова, Н. Көшекбаев, С. М. Кеңесбаева және т. б. ) ;
  • көп сатылы білім жүйесіндегі кәсіби білімдендірудің моделін жетілдіру (А. В. Батаршев, В. С. Батурин, С. М. Годник, Н. А. Завалко, Д. М. Қазақбаева, Т. А. Кишкашбаев, Б. К. Момынбаев) ;
  • үздіксіз кәсіби білім жүйесінің өзіндік сабақтастығы (Н. Г. Барышникова, Н. Б. Истомина, Н. И. Шипулин, Ю. А. Кустов) ;
  • «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінің құрылымдық мазмұны (С. М. Годник, О. И. Коломок, В. Л. Крайник, В. Т. Хорошко, Д. С. Ягофарова) .

Кәсіби-педагогикалық білім берудегі әлеуметтік қажеттіліктердің өзгеруі ғылыми мазмұнның күрделенуіне ықпал жасап отырғандықтан деңгейлі кәсіби білім беру жүйесінде кәсіби қызметті біліктілікпен жүзеге асыратын болашақ маманды кәсіби тұрғыдан даярлаудың теориялық негіздердің жеткіліксіздігі, практикалық тұрғыдан әлеуметтік сұраныстың үйлесімсіздігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр.

Осы қарама-қайшылықтар диссертациялық зерттеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау үдерісінде «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесін жетілдіру тиімді екенін білдіреді және біздің зерттеу проблемамызды айқындап, «Колледж - ЖОО» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық шарттары» деген тақырыпты таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде даярлаудың тиімділігінің педагогикалық шарттарын теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру, тәжірибелік-эксперименттен өткізу, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәні - «колледж-жоо» білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімін даярлау үдерісі.

Зерттеу нысаны - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде кәсіби даярлау.

Зерттеу әдістері. Белгіленген проблеманы шешу мақсатында әдістер кешені сарапталып, жүйеленді. Әдістер кешеніне: теориялық талдау (салыстырмалы - салғастырмалы, ретроспективті - перспективті моделдеу) ; диагностикалық (тестілеу) ; обсервациялық (тура, жанама, сырттан енгізілген бақылау) ; праксиметриялық (іс-әрекет нәтижесін бағалау, кәсіби іс-әрекетті зерттеу мен қорытындылау) ; эксперименттік (пилотаждың өзгермелі) түрлері; мәліметтерді статистикалық жолмен өңдеу, нәтижелерді табулярлық-графикалық жолмен бейнелеу әдістерін қолдану.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мұғалім тұлғасын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделді және мәні ашып көрсетілді;

- болашақ мұғалімдерді дайындауды жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері анықталды;

- «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары айқындалды;

- «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру бойынша технологиялар ұсынылып, нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексерілді және тәжірибеге ендірілді, жұмыстың нәтижесі қорытындыланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мұғалім тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері, зерттеу проблемасының мәні мен мазмұны айқындалып, профессиограмманы талдау нәтижесінде анықталды;

- болашақ мұғалімдерді дайындауды жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық нобайы, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері;

- студенттерді «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде даярлауды жетілдіруді нақты педагогикалық шарттар арқылы ( мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік ) жүзеге асырылады: мазмұндық - тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; ұйымдастырушылық - оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік - тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстары;

- болашақ мұғалімдерді «колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде даярлауды жетілдіруде сабақтастық принципінің негізінде оқу материалдары кешенді түрде ( оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар ) қамтамасыздандырылуы болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысын, біліктілігін арттырады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Зерттеліп отырған тақырып бойынша негізгі идеялары мен тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, семинарда, мақұлданды. Зерттеу нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен колледжінің оқу үдерісінің практикасына ендірілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Кәсіби даярлықтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі, педагогикалық кәсіптің мәні мен маңызын түсіну және кәсіпке деген тұрақты қызығушылықтың негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіптік педагогикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруі мен кәсіби қабілеттіліктерін деңгейлі дамытуда сабақтастық принципін пайдалану болып табылады. Болашақ мұғалімдерді даярлауда сабақтастық пен жүйелілік принциптері кәсіби-тұлғалық дамуының реттеуші жүйесі деп танылып, соған байланысты арнайы мамандардың кәсіби білімін шыңдандыруға педагогикалық технологиялар мақсатты жүйеленді, нысанаға - «Колледж-жоо» екі сатылы білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда болашақ мамандардың кәсіби шеберлігінің үздіксіз дамуын қамтамасыз ету жүзеге асырылды, тәжірибеге ендірілді.

Публикация: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы, Университеттің жас ғалымдар мен магистранттардың жинағы

Диссертация құрылымы және көлемі: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім

Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу - мемлекеттің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан Н. Ә. Назарбаев « . . . білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық күштің бой ұстар тұсында болады» деп мемлекет тағдыры мен кәсіби білікті де құзыретті мамандар даярлауды негізгі басымдықтар деп қатар қояды.

Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың мақсаты - Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде елімізде көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеруде.

Кәсіби педагогикалық білім берудің көп деңгейлі құрылымының икемділігі мен вариативтілігі сипаттамасы - кез-келген білім алушыға белгілі бір деңгейге жеткенде оны тоқтатуға, ал сонан кейін осындай бейіндегі кез-келген жоғары оқу орнында келесі деңгейде білім алуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Көп деңгейлі құрылымды енгізуге байланысты педагогикалық білім берудің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі оның мазмұнын тереңдете отырып жаңарту болып табылады.

Үздіксіз педагогикалық білім беру - ашық жүйе, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсу қорытындысында адамдардың және ақпараттардың ауысуы үнемі жүріп отырады (оқушыларды және студенттерді қабылдау және оқытып шығару, оқытушыларды ИПК-ға, тәжірибе жинақтауға, оқу орындарының материалдық базаларын жаңарту, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, т. б. ) .

Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты - қоғамның нақты талаптарын қанағаттандыратын мұғалім тұлғасының жалпы үздіксіз және кәсіби дамуы үшін тиімді жағдайлар жасау. Мақсатты іске асыру процесінде жүйенің барлық компоненттері өзара байланысты қызметке жұмылдырылады.

Болашақ педагог оқушылардың білімін қайта ұйымдастыру үшін оқымайды, сонымен бірге өзін-өзі қайта ұйымдастырады, бұл сыртқы мақсаттар емес, бұл оның ішкі даму жағдайы. Осыған байланысты А. Н. Леонтьевтің сөздерін ескергеніміз дұрыс болады: «кәсіби білім - ең алдымен кәсіби қызметтер жиынтығын орындаушы робот секілді мақұлықтар емес, адамды адам ретінде ондіру болып табылады».

Егер компоненттер арасындағы байланыс сырттай тұрақсыз сипатта болса, онда бұл суммативті жүйе. Оның негізі аддитивтілік (қасиеттері компоненттер қасиеттеріне тең) . Бұл үздіксіз педагогикалық білім беру - педагогтің квалификациясын көтеру бойынша іс-шаралар жиынтығы ретінде түсіндірілген жағдайда ғана болады.

«Колледж-ЖОО» білім беру жүйесінің қалыптасуындағы үш кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең білім, білік, дағдыны оқыту жүйесінің бір бөлігінен екіншісіне бақылаусыз беру кезеңін көрсетеді, себебі жүйенің базалық мекемелері арасындағы өзара қарым-қатынас өте әлсіз.

Екінші кезеңде педагогикалық білім берудің жүйелік бөлімдері арасында интеграциялану процесі жүреді, өзара қарым-қатынас түрлері пайда болады, бұл ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларға негізделген.

Үшінші кезеңде базалық оқыту тәрбиелеу мекемелерінің жұмысында интеграция жоғары деңгейге жетеді.

Мұғалімді дайындаудың көп сатылы сабақтастығы деп- біз ЖОО педагогикалық процеснінің ретімен өрістеуін түсінеміз: педколледждегі жоғарғы оқу орны субьектісі ретіндегі педколледж бітірушісін қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық процеске байланысты білімді ретімен және тереңдете өрістету.

Жоғары кәсіби білім беру мақсаты - аса күрделі міндеттерді шеше алатын ғана емес, сонымен бірге өз алдынан мәселелер қойып негізінен жаңа шығармашылық шешімдер таба білетін жоғары квалификациялы мамандарды дайындау. Кәсіби міндеттерді атқаратын жоғары білімді мамандар класына В. С. Леднев былай деп анықтама береді: «күрделі алгоритмдерді пайдаланатын қызмет, шешімдерді конструкциялауды талап етеді (ұйымдастырушылық еңбек параметрлері, технолгия және т. б. ), сонымен бірге ағымдағы және өз қорындағы орасан зор ақпараттарды пайдалану, бұндай қызметте жекелеген ғылыми шығармашылық белгілердің болуы өзіне тән қасиет». Сипатталған қызмет түрі маманнан обьект - жүйені зерттей білуді талап етеді, дамыған проблемалы ой қажет.

Көп сатылы кәсіби дайындаудағы оқу процесін құру ерекшелігі оның циклды болуында, яғни, әрбір саты жоғары білім алу процесінің ішінде салыстырмалы түрде аяқталған цикл, соның қорытындысында студент белгілі бір білім бөлігіне ие болып, үйренеді және тәжірибе жинайды, дайындығы және мамандануы жоғары дәрежеге өсе түседі. Бұл білім алушыға оқудан бос кезінде еңбек қызметінен айналысуына мүмкіндік жасайды.

Әрбір сатыдағы білім мақсаттары теориялық және тәжірбиелік оқыту көлемін, құрылымын, ұымдастырылуын анықтайды. Мысалы, орта кәсіби білімдегі теориялық және тәжірбиелік дайындық бір-біріне тең немесе екіншісі 60 пайызды құрайды. Жоғары кәсіби білім жағдайында теориялық дайындық тәжірбиелікке қарағанда көп (80%), бұл жоғары білімді мамандар өзінің қызметтік міндеттерін орындауда тәжірбиелік дайындықты көп қажет етпейді деген сөз емес, себебі жоғары дәрежеде білім алуына қарай теориялық білімін тәжірбиелік білімге алмастыра алады және кәсіби қызметінде оларды іске асыра білу мәселелесін өз еркімен шешуге қабілетті.

Теориялық оқыту аясындағы кәсіби білім дәрежесенің маңызды көрсетілімі жалпылығымен, жалпы кәсіби және арнайы дайындық арасындағы қатынас болып табылады.

Біз педколледж бітірушілері жоғары оқу орнына түскенде пайда болатын қайшылықтарды бөліп көрсетеміз:

  • педколледждегі және жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық процестің мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері арасындағы;
  • жаңа статус жағдайларында субъективті күтулер, сұраныстар және объективті қажетті мінез арасындағы қайшылықтар.

Егер осы сияқты қайшылықтарды жеңуге болатын болса, онда олар педагогикалық мақсатқа лайықты және студенттерді жаңа оқу жағдайына бейімделуіне итермелейді.

Екі сатылы кәсіби дайындықтың ерекшелігі түрлі оқу орындарында оқитындығы болып табылады, түрлі педагогикалық ұжымдармен қарым - қатнасқа түседі. Оқытушылар үшін сабақтастық педколледжде және педагогикалық жоғары орынында зерттелетін болып, дейінгі педагогикалық процестің даму логикасы, оқытылып отырған тұлғаларды кезек - кезегімен зерттеу және дамыту колледж және ЖОО педагогикалық процесс жүйелеріндегі қайшылықтарды жіктелген түрде шешеді.

Екі сатылы білім тиімділігі педагогикалық ұжымдардың координацияланған іс - әрекетіне байланысты. Оқытушыларда әрбір сатыда білім берудің мазмұнды және процессуалды компоненттері туралы мәліметтер болуы тиіс, педколледж бітірушілердің жоғарғы оқу орындарына дайындығы туралы, колледж бен жоғары оқу орыны жүйелерінің құнды - нормативті ұқсастығы және айырмашылығы туралы, жоғары оқу орынында оқығандағы педколледж бітірушілерде пайда болатын қиыншылықтар, жаңа танымдық міндеттер және студенттерде қалыптасқан ойлау әдістері арасындағы қайшылықтарды ескеру . Көп сатылы дайындық дискреттілігі және оның тұтастығын қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы қайшылықтарды шешудің негізгі механизмі болып табылатын сабақтастық принципі білім беру мақсаттармен сәйкес түрлі сатылардағы педагогикалық процесс компоненттерінің сабақтастық байланысын оранататын негіз.

Осы зерттеудің мақсаты - колледж және жоғары оқу орыны педагогикалық білім сабақтастығын жасау. Оны іске асыру технологиясына талаптарды өңдеу, дидактикалық жағдайда және әдістерді тұрақтандыру және өткендерге сүйене отырып, түрлі сабақтастық байланыстарын сақтау, ескі мен жаңа білімдер, іскерлік тәжірбиелердің өзара әрекеттері.

Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында пайда болған, кәсіби қызмет үшін қажетті білімдер арасындағы қарама қайшылықтар «өмірлік білім» қағидасын «өмір бойы білім алу» қағидасына, яғни үздіксіз білім қажеттілігіне әкелді. Оның мақсаты - адамды өмір бойғы іс - әрекет және қарым - қатынас субъектісі ретінде дамыту.

Алға қойған мақсатқа жетудің шешуші факторларының бірі үздіксіз білім алу қажеттіліктеріне жауап беруге қабілетті педагогтарды дайындау болып табылады.

Мұғалім дайындау үшін қағидалы жаңа үлгілерді іздеу оның біліктілігін жоғарылату бойынша іс - шаралар жиынтығы ретінде түсіндіріліп ғана қоймай, педагогикалық білім алу болашақ мұғалімнің өзін - өзі сі жүзінде көрсете білуіне негізделеді.

Әдебиеттерге жоғары және орта пеадгогикалық білім берудің мемлекеттік білім стандарттарына, практикалық қызмет іс - тәжірбиесіне жүргізілген талдаулар педколледж бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсуі кезінде туындайтын қарама қайшылықтарды ерекшелеуге мүмкіндік берді:

  • пеадгогикалық колледж және ЖОО - да оқыту мазмұны, құралдары, формалары әдістері арасындағы;
  • субъективті күту, сұраныс және жаңа статус жағдайындағы студенттердің объективті қажет мінез - құлқы арасындағы.

Теориялық зерттеулер мен тәжірбие - сараптамалық жұмыстар нәтижесі, тұтас алғанда алға қойылған болжамдарды дәлелдеп, мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1) «Колледж - ЖОО» үздіксіз пеадгогикалық білім беру жүйесінің элементі болып табылады, оның шеңберінде педагогикалық білім берудің аймақтық мәселлеерін шешеуге болады.

2) Тәжірбие - сараптамалық жұмыс көрсеткендей, ол «Колледж - ЖОО» білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда жоғары нәтижелермен қамтамасыз етті.

3) Мұғалімдерді көп сатылы дайындау тиімділігін білім берудің екі сатысындағы педагогикалық процесті ұйымдастыруға ғана емес, сондай - ақ білім беру құрылымдарындағы қиындықтарды шешуге тәуелді.

4) Педагогикалық колледж бен педагогикалық ЖОО арасындағы сабақтастық, интреграция, үйлестіру, дитропиктілік қағидаларына негізделген байланыстар осы мекемелердегі педагогикалық процестерде туындаған қарама - қайшылықтарды шешуге көмектеседі.

5) Оқыту мазмұны, формасы, әдістері, құралдарын таңдау оңтайлылығы педколледж бен ЖОО арасындағы өткір қарама - қайшылықтарды

қарама - қайшылық

1. педколлдеж және пед ЖОО - дағы құрылымының формаларының, құрал - әдістерінің арасындағы

2. студенттердің субъективті үміт етіп күткен тілектері мен жаңа статус деңгейіндегі ережелерге сай қажет объективті тәртібі арасында

Мақсат

Болашақ мұғалімінің көп сатылы педагогикалық білім жүйесінде, тұлғаның, қоғамның және сол аймақтың талабына сәйкес келетін үздіксіз жалпы және профессионалды дамуын қамтамасыз ету

Міндеті

1. үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде педколлдеж және пед ЖОО - да логикалық дамуы үшін құрылымын, әдіс формаларын, құрал әдістерін талаптарға сәйкес етіп орындау

2. білім беру құрылымындағы «түйіскен» қарама - қайшылықты шешу

«Колледж ЖОО» білім беру жүйесінде пеадгогикалық процесті басқару принциптері
Педколледж: Педколледж
Педколледж:
:
:
:
:
:

Сабақтас

тықты талап ету

Сабақтастық

тың дидактикалық шарттары

Сабақтаст

ықты жүзеге асыру тәсілдері

Педколледж:
Пед ЖОО: Пед ЖОО
студенттер:

с

т

у

д

е

н

т

т

е

р

студенттер:

Мақсат

Міндет

Мазмұны

Құралдар

Формалар

Әдістері

тәсілдері

Оқытушылар:

О

қ

ы

т

у

ш

ы

л

а

р

Оқу тәрбие процесінде субъектілердің өзара педагогикалық әсерлесуі

Нәтиже: студенттердің кәсіби қызметке дайын болуы

«Колледж - ЖОО» екі сатылы білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімін даярлау моделі

төмендетіп күйзелісті ахуалдарды болдырмауға ықпал ететіндігі дәлелденген.

6) ЖОО мен колледж педагогикалық ұжымдары қызметін үйлестіру, бірлескен студенттік конференциялар өткізу, біртұтас ақпараттық білім желілерін құру студенттер бойында шынайы кәсіби - педагогикалық бағыттылықты дамыту, оқыту кәсіби мәнді мотивациясын қалыптастыруға ықпал етіп, ЖОО - да оқу жүйесін педколледж бітірушілер үшін барынша айқындап, олардың дербес педагогикалық білімін пролонгациялау қажеттілігін саналы түрде сезінуіне көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz