Абайдың қара сөздеріне талдау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Абайдың қара сөздеріне талдау

Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі көтерген басты мәселесі ол - кербездік. Кербездік ол адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Абай атамыздың айтуы бойынша, кербез адам ол - надан, санасыз адам. Абай: «Егер сен сені қоршаған адамдардың арасында өзіңнің дүниеңмен сыйлы боламын деп ойласаң, сен нағыз ақымақтардың бірісің», - дейді. Оның:

«Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық», деген жолдарынан біз мынаны түсінеміз:

Сен қандай топтан шықсаң да, ең бастысы ақылың жоғары және жүрегіңде имам болса, сонда ғана сен өзіңді қоршаған адамдардың арасында сыйлы болуға лайықтысың.

Абай өзінің он тоғызыншы қара сөзінде адам бойындағы қалыптасқан мінез-құлық жайлы қарастырады. Оның пікірінше, адам туылғанда есті болмайды, ол кейін уақыт өте келе қалыптасатын нәрсе. Ол:

«Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» демекші, адам бойына тек жақсы қасиеттерді жинау керек, ал жамандықты шеттету керек» дейді.

Абай өзінің жиырмасыншы қара сөзінде басты мәселе етіп адам бойындағы жаман қасиет - жалығуды алады. «Адам баласы неден жалығады?» деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Ұлы Абай атамыз былай деп жауап берген:

«Жалығу деген сөзді тек өмірдің құндылығын бағалай алмайтындар ғана айтады. Олардың ойынша, өмірдің бар қызығы ол - байлықта. Олар біз осы байлық арқылы дүниенің бар қызығын көрдік деп ойлайды. Бірақ олар нағыз санасыздар » Сондықтан да өмірде қандай да бір дәрежеге жету үшін ең алдымен жаман қасиеттерден (мақтан, кербездік, өтірік айту, дүниеқорлық, пасық сөйлеу т. б. ) арылу керек. Сонда ғана сен адам боласың.

Абайдың өзінің жиырма бірінші қара сөзінде айтпақ болғаны:

Адам бойында бір жағымсыз қасиет бар және одан арылу өте қиын. Бұл - мақтаншақтық. Бұл қасиет адам бойына туа бітпейді, ол оның бойында бірте-бірте қалыптасады. Мақтанудың тәсілі де, түрі де көп. Негізінен мақтаншақтық дегеніміз - бұл адам өзінің байлығын, дүниесін, істеген істерін жұртқа жария етуі. Мақтанудың бұл түріне жататын адамдар олар - нағыз ақымақ адамдар. Енді кейбір адамдар бар олар дүниесі жоқ болса да дүнием бар деп мақтанады. Ондай адамдар олардан өткен ақылсыздар. Бірақ жағымды мақтанулар да кездеседі. Бұл қандай мақтану? Бұл туған жеріне деген, халқына деген мақтаныш. Бұл қатарға жататын адамдардың ақылы да, түсінігі де мол.

Абай жиырма бесінші қара сөзінде негізгі идея етіп ақыл-ой, білімді алады. «Баланы жеті жасқа дейін жеті тіл үйретуге болады» демекші, шынында да балаң адам болсын десең, дүние жинамай, бар малыңды сатсаң да оған білім беріп қалуға тырыс. Егер сен оған білім берсең, оның болашағы ашық болады. Ал егер сен дүние қуып және сол дүниенің қызығына батып кетсең, онда сенің де, балаңның да болашағы қараңғы. Және де ол: «орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр», -дейді. Қорытындылай келе, «білімдінің көзі ашық» демекші, Ұлы Абай атамыз бұл қара сөзінде жастарды оқу, білімге шақырады.


Абайдың он сегізінші қара сөзі

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре бол мақ. Біреуі - атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін күйдіріп, өзінен ке йінгіге «әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не ар маны бар екен?!» дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық.

Мұны адам бір ойламасын, егер де бір ойласа, қайта адам болмағы қиын іс.

Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.

Абайдың он тоғызыншы қара сөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жа манды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.

Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?

Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Абайдың жиырмасыншы қара сөзі

Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар, жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында тағы келіп жеңеді.

Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқа са, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Та мақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі аз ба, көп пе жалығады. Аның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды.

Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Алла Тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?

Бірақ осы жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын - бәрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Хаттаки ғұмырдың баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.

Абайдың жиырма бірінші қара сөзі

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп айтамын, біреуін мақтаншақтық деймін.

Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады.

Екінші мақтаншақ деген біреуі: «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрнешік не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады.

Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да бол са адам.

Екіншісі, өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі, өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы ләкин өзі адам емес.

Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді-өзім мақтап жетем дейді.

Абайдың жиырма бесінші қара сөзі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздеріне мультипликация
Абайдың ақиқат әлемі
Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Абайдың қара сөздері туралы
Абай публицистикасындағы философиялық сарындар
Көлік кешені жайында
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абайдың экономикаға көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz