Абайдың психологиялық көзқарастары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, педагогикалық әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т. б. ) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психологиялық өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймады.

Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасын нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің көзқарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б. өлеңдерінде ойшыл ақын адамның денесі ғана өледі, ал жаны ешқашанда өлмейді деп тұжырымдайды.

«Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі».

Абайдың өлмектің жаны кәсіби әрекет негізінде қалыптасқан, сөз өнері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған деген ұғымын:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»

жолдарымен тұжырымдауға болады.

Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы «Ақыл, ғылым - бұлар кәсіби» дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы танып, көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философиялық ой-пікірмен толық үндес келеді.

Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп: «алдымен - «не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып . . . » алу; екінші - « . . . бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін бөтеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?» деп түсіндіреді Абай.

«Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек . . . » -

Деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сезім және қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын адамның үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыда көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі үш бастау - ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулық т. б. ) қайран қалдырады.

Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың жантанулық көзқарастары
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz