Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МИНАПОВА ПЕРНЕШ
бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
050102 - мамандығы - « Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
КЕНТАУ, 2011ж.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Бастауыш оқыту теориясы мен
әдістемесі» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доц.
Б. Ортаев
«» 2011ж.
Тақырыбы : «БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ»
050102 -мамандығы - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Орындаған: СПМ- 816о тобының
студенті П. Минапова
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Б. Даулетбекова
КЕНТАУ, 2011ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері . . . 6
1. 2 Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары . . . 10
ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері . . . 17
2. 2 Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
ҚОСЫМША . . . 55
КІРІСПЕ
Қаақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылыу кезеңінен бастап, ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси әлеуметтік және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Белгілі кезеңдерде болып жатқан білім беру үрдістеріндегі обьективтік көріністердің қажеттілігі қәзіргі отандық- тарихи педагогикалық ғылымда пісіп жетілген.
Қәзіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты- ізгілік және тұлғаны қалыптастыру Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”: “Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғанаң қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін дамыту”- деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік жігерін яғни жан- жақты азат, шығармашыл дамыту міндеті көзделген. Соның негізінде қәзіргі бастауыш мектепте оқытудағы білім беру білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін игере отырып, оқыту үдерісіндегі пән аралық байланысты жүзеге асыруды талап етеді. Бұл оқушының жеке тұлға ретінде дүниетанымын қалыптапстыруына тікелей ықпал жасайды.
Басты мақсат - пәнаралық байланыстың қажеттілігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдр жүйесін қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Пәнаралық байланыс білім, білік дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың әр пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Бұл зерттеуді оқушылардың математикадан пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымдық қызметі маңызды рол атқарады.
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық және басқа пәндердегі айтылу, жазылу жолдарын толығымен қарастырып жинақтау. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл пе-дагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір 17- ғасырдың орта шенінде пайда болды да, әрі қарай көптегеп шетел және орыс педагогтарының еңбектерінен жалғасын тапты. Ұлы педагогтар Я. А. Коменский, П. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой бұл мәселемен арнайы шұғылданған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фарабидің, Ибн-Синаның және Жүсіп Баласағұнидың тағы басқалардың мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтары Шоқан Уәлиханов, Абай Құанабаев, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде пәнаралық байланыс пікіріне үлкен мән бергенін байқауға болады. Н. К. Крупская өзінің көптеген еңбектері мен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық және практикалық маңыздылығын ашып берді
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдеби-еттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп - түсінуіміз керек. Мектеп оқушыларына математикадан алған білім, білік дағдыларын пәнішіндік және пәнаралық байланыс негізінде дамытумен қатар оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, танымдық қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие үдерісінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге математикалық сауаттылықта да жағдай жасайды.
Сондықтан дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары» деп алуыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары анықтау.
Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
-Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздеріне талдау жасау;
-Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелерін қарастыру.
-Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктерін айқындау.
-Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін: білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Зерттеудің көздері: зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик-әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.
Зерттеудің әдістері: -талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т. б. әдістер арқылы мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
- педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, бастауыш мектептегі оқу үдерісін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу,
математикалық талдау әдістері қолданылды.
Диплом құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеті көзделген. Сонымен қатар математикадан оқушылардың пәнішіндік пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру.
Негізгі бөлімде, оқу үдерісінде пәнаралық және пәнішіндік байланысты ұйымдастыру, оны жүзеге асырудың жолдары, сонымен қатар математиканың басқа пәндермен байланысы, мысалы: информатика, дүниетану, бейнелеу өнері пәндермен байланысы қарастырылған және пәнаралық байланысарқылы шығармашылыққа баулу.
Қорытынды бөлімде, алдыңғы бөлімдерде талдау жасалынған мәліметтерге
жалпы қорытынды жасалынған.
Пайдаланған әдебиеттер бөлігінде әдебиеттердің тізімі, мақала авторлары, жарық көрген кезеңдегі пайдаланған беттері жайлы баяндалған.
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі- бір тұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- оқыту үдерісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру. Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің бір тұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көз қарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдарының бірі- пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесінде сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева, И. Зверев, В. Максимова) және т. б.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қәзіргі педегогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс- қәзіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педегогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар [1] .
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерлікті игеруі- оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс енгізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог - ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
Интеллектік пен дағды ( оқу, жазу есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т. б )
Еңбекке икемділік пен дағды ( сызба, оқи білу, еңбек құралдарымн жұмыс істей білу, т. б)
Спорттық икемділік пен дағды; Өнерге икемділік пен дағдылар;
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты бағдарлы іс- әрекеттермен шұғылданады. Осы әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскрлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева “Пәнаралық іскерлік” ұғымын былай тұжырымдайды: “Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушылармен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады [2] .
Пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми- педегогикалық әдебиеттермен жаңа мәнмен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің, адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. Пәнаралық байланыс ұғымы “ табиғат- қоғам- адам ойы” жүйесінде білім негізін, пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай.
- пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
- өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
- байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігіна анықтау арқылы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін- бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескрмейінше мүмкін емес. Өйткені ол- өзара жақын пәндердің бағдарламаларындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
В. Скакун пәнаралық байланыстағы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдарын пайдалануда әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашуға, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысына, оқушылардың танымдық белсенділігін өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға көп мән берді. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық - материалистік дүниетанымды дұрыс дүниеге көз қарасты қалыптастыруды көздейді. Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірі әлемнің тұтас бейнесі онда адамның ролі мен орны құрайды.
Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрлымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек.
Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде әрдайым пайдалану [3] .
Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжәрибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етуі;
Мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда А. Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамассыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдерінің әлсіздігін, яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пәндерінің аралас пәндер мұғалімдермен қатынасының жоқ себептерінен деп біледі.
А. Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні- 30 пайызы, анда- санда ғана жоспарлайтыны - 35 пайызы, мүлде жоспарламайтыны- 20 пайызы, жауап бермегендері- 15 пайызы. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негезінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастыратыны, оның ішінде тақырыптық жоспарда пәнаралық байланысты 38 пайызы, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні- 32 пайызы,, пәнаралық байланысқа арналған арнайы жоспар жасайтыны- 20 пайызы, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10 пайызы болғандығы сипатталады.
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат- нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдісемелерді және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді жазуда; бұларды басты назарда ұстаған жөн .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары
Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дуниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға кемектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім біліктерді қабылдауы, түсініп - білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, танымдық іе-әрекеттеріне. шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады.
Епіміздегі әлеуметтік-экономикалық, сонымен бірге рухани дамуының келелі, қажетті мәселелерінің бірі - бул білім беретін барлық орта мектептердің, әсіресе бастауыш мектептің, улттық мектептердің білім беру мазмұнын жетілдіру болып табылады. Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдық білім беру жоспарының ішіндегі бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда, Келешекте біздің қоғамымызда жеке тұлға қалыптастырудың негізгі міндеттерінің негізгілерін бастауыш мектеп шешуі тиіс.
Пәнаралық байланыс бастауыш сыныптарда білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде ерекше әрі маңызды рөл атқарады, Бастауыш мектептегі білімдердің жүйесі мазмұны жағынан өте кұрделі әрі комплексті болып келеді. Сондықтан олардың мәні мен меңгерілуі пәнаралық байлзныс деңгейінде жузеге асырылуы қажет. Білім беру жүйесі бастауыш мектеп оқушыларында өмір туралы дурыс ой қалыптастырып, қоршаған дуниеге көзқарасын біртүтас жүйеге бағыттайды. Соған сәйкес, пәнаралык, байланыс бастауыш мектептің оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі төориялық білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беріп, ғыпымның түрлі салалары, тармақтары жөнінде кең түсінігі бар түлғаны тәрбиелеуге, олардың танымдық іс-әрекетін дамытуға улкен жағдай жасайды. Оқушылардың жалпы алынған білімі, тәрбиесі әрдайым сараланып, бағаланып, ары қарай әсіп отыруы қажет. Бул мәселе бастауыш мектептің білім мазмунындағы көптеген принциптерге сүйенеді [3] . Мәселен, оқушыларға ұлттық мәдениетті, тәлім-тәрбиені меңгере отырып, жалпы адамзат мәдениетіне байланыстьі білімдерді сабақтастыру. Оқыту үрдісі кезінде пәнаралық байланыстарды пайдалана отырып, қазіргі заман ғылымының ғылымаралық байланыстарын ұғындыру сияцты түрлерін міндетті түрде ұстану керек. Осы орайда К. Ушинскийдің "Шындыцтың деректерінен нәр бермейішіе, жалпы түрде ғана ақылды дамыту деген ретсіз, себебі адамның ойлауы деректерді жинап, соларды өңдеу арқылы ғана дамиды", - деген тұжырымы дәлел бола алады,
Қазіргі бастауыш мектепте оқытудағы білім беру білімнің шамаға лайықтылығы м&н оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін игере отырып, оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыруды талап втеді. Бұл оқушының жеке тулға ретінде дүниетаным қалыптастыруына тікелей ықпал жасайды әрі мұғалімге өз жұмысының тиімділігінарттыруға себепші болады.
Пәнаралық байланыстың мәні мві маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс бастауыш мектепте жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалыц іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Бастауыш мектепте пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым уйымдастырып, жүргізіп отыру - оқушыларға ғылымдар негізін игерудің, ганымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шар-ты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі,
Пәнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін кдлыптастыру міндеттерінен туын-дайды. Ол оқу пәндерінің топтары деңгейінде табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара әрекеті жөншдегі жетекші және жалпылама кдғидаларды қамтиды.
Оқу пәндерінде қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмунының біртүтас жүйесіне біріктіреді. Бұл жерде пәнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі, олардың беріктіп қамтамасыз етшеді. Пәнаралық байланыс бірқатар оку пәндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми таным әдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланысты жузеге асыру баоысында ок, у материалының қайталанбауы, тиімді орналасуы, муғалімдердің бірлесе жумыс істеуі сияқты бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелері шешіледі.
Бастауыш сыныптарда ана тілі пәнін оқыту барысында пәнаралық, байланысты унемі ескеріп отыру қажет. Пәнаралық байланыс білім. бшік және дағдының тутас жүйесінің дурыс қалыптасуына ықпал етеді, оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Ана тілі пәнінің баоса пәндермен байланысын сөз еткенде, ең алдымен тақырып-тық байланыстарға назар аударған жөн. Аталмыш байланыстар негізіне әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғьімдар алынады.
Бастауыш сыныптардағы пәндердің басты мақсаты- оқушының жеке түлғасын қалыптастыру, оларды шршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу. Атапмыш пәндердің мазмуны байланыстырып сөйлеу дағдыларына үйретуге, әр түрлі жанрдағы мәтіндердің формасы мен мазмуны арасындағы үйлесімнің мәнін үғынуға мүмкіндік береді. Ана тілі пәнін басқа пәндермен тығыз байланыста өткізу үшін бастауыш сынып муғалімі пәнаралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі мол такырыптарды алдын ала анықтап алуы қажет.
Дүниетану пәнінін, мазмуны "Табиғат" блогы бойынша ана тілі пәнімен табиғат объектілерін қубылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар, жумбақтар, макдл-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер т. б арқылы байланысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz