Соғыс қарсаңындағы ұлы мемлекеттер антогонизмдері


К і р і с п е
XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыстың себептерінің проблемасы осы күнге шейін тарих ғылымының өзекті мәселесі болып қалуда. Әлемде өте көп зерттеулер жүргізіліп, ұлы державалар арасындағы XX ғас. басындағы шиелестердің 1914-1918 ж. соғысқа әкелген шиеленістердің себептері туралы көптеген кітаптар мен мақалалар жазылды. Бұл проблеманың көптеген аспектілері өзекті болып қала отырып, жаңа пайда болған аспектілерді анықтауды талап етеді. Бұл мәселелердің қатарына Герман-Ұлыбритания және Герман-Француз антагонизмі жатады. Оның үстіне Писарев Ресей туралы мәселе көтерді. Ол Ресейді соғыс алдындағы жылдарда Германияның өндірістік империализмінің ең манызды бәсекелесі қатарына қойды. Сонымен қатар Балқандық шиеленістер түйіні көбінесе еске алынбайды. Соғыстың бұрыннан дайындалып жатқандығы белгілі болатын. Милитаризм ертеме, кешпе әйтеуір бір кезде қысым көрсете алатын күшке айналды. Оған қоса 1914 ж. шілде дағдарысы кезіндегі дипломатиялық түсініспеушілік те көніл аударатын мәселе. Ол түсініспеушілік жанжалға айналып өрши түсіп, державалар арасында сенімсіздік туғызып ақырында соғыс ашылуының бір себебіне айналды. Бұл мәселе өз кезегінде американ авторы Барбара Такман «Августовские пушки»/1/ деген кітабында көтерілді.
Бұл дипломдық жұмыста мүмкіндігінше дүниежүзілік соғыстың осы проблемаларына тоқталуға талпынас жасадық.
1914-1918 жылдардағы қасіретке толы бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы зерттеушілердің көңілін ғана аударып қоймай, уақыт озған сайын басталғанына 100 жыл толуы жақындаған сайын халықаралық дәрежеде күн тәртібіне іліге бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс 10 млн. адам өмірін әкетіп адамзатқа алапат қайғы-қасірет әкелгенімен қоса, ғаламат тарихи бетбұрыс жасап, адамзат тарихына бұрын болмаған әлеуметтік-экономикалық және дәуірлік жалпы тарихи өзгерістер туғызды. Соғыс пен әлеуметтік астан-кестен өзгерістер нәтижесінде Габсбургтер, Романовтар, гогенцоллерлер империясы таратылып, түрік сұлтандары жойылды Европа мен Азияның бірталай халықтары өз бетімен егеменді түрде даму жолына түсті. Бірінші дуниежүзілік соғыс өзінің аумағы мен тарихи өзгерістірінің нәтижесінде ұлы соғыс болды. Кәзіргі заманда бүкіл Европа мемлекеттері мен Америкада, Азияда бұл соғысқа осындай баға берілуде. Соған қарағанда біздің елде де оған тиісті баға беретін уақыт келген тәрізді.
Көрсетілген тақырыпта жұмыс істеу барысында автор ең қызықты, әрі күрделі мәселелерді ашуды мақсат етті: Сараеводағы қастандықтан кейінгі Европаның екі жауласқан лагерьге бөлінуі мен шиеленістің туу себептері. Автор соғыс ашушы негізгі кінәлілерді іздеуден гөрі, сол соғысқа қатысқан мемлекеттер арасындағы шиеленіс себептерін, жіберілген саяси және дипломатиялық қателіктерге баға беруге тырысты.
Бұл дипломдық жұмысты жазуға негіз болған 1914 жылдың шілде айынан кейін жарық көрген дипломатиялық құжаттар жинағындағы материалдар болды.
Осындай алғашқы басылымдардың бірі германияның Ақ кітабы болды. Іле британдық Көк кітап, орыстың Қызылсары кітабы, бельгиялық Сұр кітап шықты. 1915 жылы Сербтік Көк кітап, француздық Сары кітап және австриялық Қызыл кітап жарияланды. Бірақ бұл кітаптарды әр мемлекет соғыстың ашылу себебін өзінің қарсыласына жабуға тырысты.
Оған байланысты Қазан төңкерісінен кейін жарық көрген патша мұрағаты мен уақытша үкімет мұрағатынан алынған құжаттардың шығуы қызығушылық туғызады. /2/
Кеңестер одағы кезінде патшалық Ресейдің (ресей армиясының бас штабының архиві, барлау мен қарсы құжаттары) бірқатар мұрағаттары жасанды түрде жабық болды. Кәзіргі кезде бұл құжаттардың барлығы тарихшыларға ашық, сондықтан ғылыми тұрғыдан соғыс мәселесіне жаңа көзқарас туғызуға болады. /3/
Сондай-ақ мемуарлық бір қатар жарық көрген әдибиет те соғыс туралы мағлұмат беретін бір көзге айналды. Әр түрлі мемлекеттің мемлекет және саяси қайраткерлерінің мемуарларында жазылған соғысқа берген бағасы ғылыми құндылығымен саяси бағыты жағынан әртүрлі. Бірақ мемуарларға ортақ бір мәселе бар: Әр автор өзінің жүргізген саясатын ақтап шыққысы келеді. Бұл жұмыста біз солардың кейбіреуін ғана қарастырамыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін көптеген Ресей қайраткерлері қолына қалам алды. Ресейдің сол кездегі сыртқы істер министері С. Д. Сазонов Ресейдің бұғаздарға көз қарасын саяси және экономикалық түрғыдан негіздемек болса да, оны іс жүзінде іске асырудың мүмкін еместігін мойындады. /4/
Белгілі орыс дипломаты В. П. Извольский де өзінің естеліктерінде Германияны айыптап, кедергілерді айналып өту тәсілін қолданды.
Францияның бұрынғы президенті Р. Пуанкаре Франция еш уақытта өш алып, соғыс ашу туралы ойлаған емес деп жазды. Сондықтан не Антанта, не орыс-франция одағы соғысқа дайындық құралы болған емес. /5/
Бұл тақырыпқа байлынысты көп жәйіттерді белгілі шетелдік дипломаттар М. Палеолог пен Дж. Бьюкененнің де мемуарларынан табуға болады.
Осы жұмыста бұрынғы одақ тарихшыларымен қоса шетелдік тарихшылардың да еңбектері пайдаланылды.
Ресей және одақ тарихшылары 20 жылдардан бастап XX ғасырдың импералистік державаларының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатын, соғыстың шығу себептері мен негізін зерттей бастады. Бұған итерлеген жарыққа шықан патша архиві мен уақытша үкімет кезіндегі құжаттар еді. Бұл жерде А. М. Зайончковскийдің еңбегін атап өту керек. /6/ Ол еңбегін архивтерді зерттеу негізінде жазды. Автор еңбегінде екі негізгі ”вулкандық пункттерді” атап көрсетті: Балқандағы орыс-австриялық қарама-қайшылық пен теңіздегі қарулануға деген ағылшын-германия арасындағы келіспеушілік. Зайончковский Антантаға іріткі енгізбекші болған Германияның көптеген әрекеттерін көрсетті. Бұғаздар туралы құжаттарды сараптай келіп ол кейінгі 50 жыл ішінде Ресейдің оларды басып алуына не дипломатиялық, не соғысқа жол беретіндей себептердің болмағанын дәлелдейді.
Одақтық әдебиетте М. Н. Покровскийдің /7/ I дүниежүзілік соғысты зерттеу жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде бірсыпыра жазылды. Сөз жоқ, патшалық сыртқы саясаттың басып алушылық озбырлығы, сол сияқты жалпы Үштік келісім туралы пікірлері көңілге қонымды. Бірақ орталық державалардың, оның ішінде Германияның импералистік ұмтылыстары көлеңкеде қалды. Оның пікірінше Ресей Бұғазар мен Констонтинопльға ауыз салса, сөйтіп Австро-Венгрия мен Германия арасында соғыс өртін үрлесе, Германия өзінің одақтасын соғыс ашудан сақтандырды делінеді.
Ал ғұлама ғалымдар-академиктер Е. В. Тарле және В. М. Хвостов, профессолар Е. А. Адамов және Ф. И. Нотович т. с. с. соғысты империалистік, жаулап алушылық, ұлы державалардың саясатының жалғасы деп карастыруы соғыс тарихына енгізген үлкен үлесі болып есептеледі /8/.
Соғысқа дейінгі тарихшылардың еңбектерінде де соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар зерттелуде болатын. А. А. Могилевич пен М. Э. Айрапетянның бірігіп жазған еңбегінде жарық көрген архив құжаттары пайдаланылған. Авторлар 1914-1918 жылдағы соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастарды салалап, барлық империалистік державалардың саясатын сынға алды. Покровскийден басқа авторлардың барлығы австро-германия одағының агрессорлық саясатын көрсетіп берді.
40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдардың бірінші жартысында I-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатнасты зерттеуге қызығушылық арта түсті. Бұл жерде соғысты идеологиялық тұрғыдан дайындау жөнінде Ф. И. Нотовичтің еңбегі көп болды/9/. Бұл мәселені қарастырғанда Ресейдің Англия мен Францияға тәуелділігін тым зорайтып көрсетіп, сол Ресейдің халықаралық істегі рөлін тым төмендетіп жіберді.
50 жылдың ортасында одақ зерттеушілеріне архив материалдарын қолдануда зор мүмкіндіктер туды. Сол кезге шейін жазылған еңбектердің дәрежесі ұлы державалардың Европа мен Азияның жекелеген аудандарында жүргізген саясатын тереңірек зерттеуге жол салды.
XIX ғ. аяғы- XX ғ. басындағы халықаралық қатынастарды зерттеу тарихына академик В. М. Хвостовтың сіңіген еңбегі зор болды/10/. Оның зерттеулерінде империалистік державалардың I - ші дүниежүзілік соғысқа дайындық кезеңдері анық көрсетіліп, ағылшын-германия автогонизмінің негізгі кезеңдері мен орыс-герман қайшылықтары жіктелді. В. И. Бовыкин мен П. Н. Ефремовтың зерттеулері оқушыларын Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастарымен таныстырады /11/. А. В. Игнатьев пен В. И. Бовкиннің монографиялары соғыс қарсаңындағы Антантаның позициясын тереңірек түсіндіреді. /12/.
60 жылдары көрсетілген еңбектерге қоса Балкандағы империалистік державалардың саясатын зерттенген жұмыстар мен монографиялар жарық көрді. В. Н. Виноградов /13/ Босниялық кризистің кезіндегі австро-германия одағының саясатының астарын ашып береді. Ол саясат XX ғ. басындағы халықаралық қатынастың бірден-бір шешуші саясаты болатын.
Ю. А. Писарев /14/ I-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Австро-Венгрияның ішкі және сыртқы саясатының бірқатар маңызды жақтарын жария етті.
70-ші жылдары да тарихшылардың I-ші дүниежүзілік соғыстың проблемаларын қарастыруы тоқталған емес. И. И. Астафьевтің /15/ жұмысы XX ғ. басындағы орыс-герман қатынастарының дипломатиялық тарихын зерттеуге күрделі үлес қосты. Бұл еңбекте Извольскийдің «тепе-теңдік» саясатын сынға алынады, өйткені ол уақыт өткен сайын екі арадағы сызат ақыры 1910 ж. мүлдем сәтсіздікке ұшырады. Оның себебі Германия мен Антанта әрқайсысы өз мүддесін қорғау мақсатында сол «тепе-теңдікті» жоюды мақсат етті.
I -ші дүниежүзілік соғыстың шығу тегін зерттеу тарихнамасына кеңес тарихшысы К. Б. Виноградовтың қосқан үлесі мол болды. Ол еңбегінде тарихи оқиғалардың буржуазияның тарапынан бұрмаланғандығын, тарихи аренада шет мемлекеттер дамуының тарихнамасының даму кезеңдері көрсетілген.
Зерттеліп отырған мәселе төңірегінде шет мемлекет тарихшыларының да көптеген еңбектері бар, біз соның тек қажет деп саналғандарын ғана қарастырамыз.
I- ші дүниежүзілік соғыс аяқталып құжаттар жарияланған соң соғысты ашқан жақтың жауапкершілігі мен «кінәлілігі» туралы мәселе көтерілді. Осыған байланысты көптеген кітаптар басылып шықты.
Германияда Э. Бранденбургтың, Х. Онкеннің, О. Хамманың және тағы басқалардың еңбектері шықты.
Алғашында соғыстың ашылуына жалғыз Германия себепші емес делінді. Кейіннен Үштік келісімді кіналау басым болды.
Дегенмен Германияның тарихнамасында I- ші дүниежүзілік соғыстың ашылуына дұрыс бағыт беретін жұмыстар да жазылды. Соның бірін жазған Г. Хальгартен болды /16/. Бірақ оның еңбегінде саяси және соғыс жайынан да, экономикалық жайы басымырақ көрсетілді. Ал Ф. Фишер болса барлық империалистік мемлекеттердің соғысты ашуға ұмтылысын көрсетті. 1914-1918 ж. ж. соғыстың ашылуының терең империалистік және басқа да себептері бір топ басқа мемлекеттердің зерттеушілерінің еңбектерінде көрсетілген: Пьер Ренувен (Франция), Луиджи Альбертини (Италия), Роберт Уильям Ситон-Уотсон (Ұлыбритания), Е. Хелвирайх (Германия), Васо Чубрилович және Владимир Чорович (Сербия) және т. б. /17/.
Ал Британдық тарихшылар Гуч, Шмитт, Тейлор және т. б. еңбектерінде антантофильдық пікір басым болды.
Американдық тарихшы С. Фей /18/ басқа да көптеген тарихшылар секілді соғыстың сөзсіз болатындығын теріске шығарды. Ол соғыстың ашылуына негізгі кінәлілер Ресей, Австро-Венгрия және Сербия деп санады.
Бұл дипломдық жұмыс дипломатиялық құжаттар монографиялар мен ғылыми жұмыстарды зерттеу негізінде жазылды.
Европаның қопарылысын дайындауға бірнеше ондаған жылдар жұмсалған болса, сол қопарылыс туы үшін бірнеше күн ғана қажет болды. Бұл жұмыстың негізінде сол қопарылыс қалай дайындалғаны жөнінде және оған қандай себептер болғанын ашу болды. Сонымен қатар біз ұлы державаларды соғысқа әкелген негізгі саяси, дипломатиялық және қарулануға деген көз қарасқа ерекше мән бердік.
- Такман Б. Августовские пушки. Перевод с англ., М. 1972 ж.
- «Международные отношения в эпоху империализма» Сокр. издание. Документы из архивов царского и временного правительства. Серия III. 1914-1917г. г. т. I. М. 1935г.
- Писарев Ю. А. “Новые подходы к изучению истории первой мировой войны” Новая и новейшая история. №3 М. 1993г.
- Сазонов С. Д. Воспоминания “Международные отношения” -М. 1991г.
- Пуанкаре Р. “На службе Франции. Воспоминание за 9 лет” М. 1936г.
- Зайончковский А. М. “Подготовка России к мировой войне в международном отношении” М. 1926 г.
- Покровский М. Н. “Империалистическая война” сб. статей. М. 1934 г.
- Адамов Е. А. Великодержавная политика Греции и великие державы- Новый восток 1922 г. Кн. 2.
- Тарле Е. В. Германская ориентация. -П. Н. Дурново Былое, 1922 г. Вып. 19.
- Нотович Ф. И. “Империалистические противоречия накануне I-ой мировой войны»- «Исторические записки»6 1947 г. Т. 23.
- «История дипломатии» под ред. Хвостова В. М. -т. -2. М. 1961г.
- Бовыкин В. И. «Очерки истории внешней политики России» -конец XIX в. -1917г. М. 1966г. Ефремов П. Н. «Внешняя Политика России 1907-1914 г. г. » М. 1961 г.
- Игнатьев А. В. «Русско- английские отношения накануне I-ой мировой войны 1908-1914 г. г. » М. 1962 г. Бовыкин В. И. “Из истории возникновения I-ой мировой войны: отношения Россий с Францией» М. 1961 г.
- Виноградов В. Н. «Боснийский кризис 1908-1909 г. г. Пролог I мировой войны”, Л. 1964 г.
- Писарев Ю. А. “Главные направления политики Австро- Венгрии -Вопросы истории”, 1960 г. №6.
- Астафьев И. И. “Русско-Германские дипломатические отношения, 1905-1911г. г”. М. 1972г.
- Хальгартен Г. “Империализм до 1914 г. ” М. 1961 г.
- См. Писарев Ю. А. Указанная статья с. 47.
- Фей С. “Пройсхождение мировой войны”, М. 1934г.
I тарау
Соғыс қарсаңындағы ұлы мемлекеттер антогонизмдері
§1. Германия-Ұлыбритания және Германия-Франция антагонизмдері.
XIX ғасырдың соңғы онжылдықтарында халықаралық аренада жаңа империализмнің пайда болу кезеңі басталды. Оның маңызды көріністерінің бірі европалық ұлы державалардың жаңа теңіз сыртындағы елдерді жаулап алу ниетінің жаңғыра бастауы болды. Бұған ықпал еткен бірқатар факторлар болды: өндіріс революциясының табыстары, жаңа нарық көздерін меңгеру мен бос сауданың ыңғаюы капиталдың экспортталуы, жаңа қару-жарақ технологиясының пайда болуы және т. с. с. Ұлы державалардың бар колонияларды нығайтып және жаңа колониялық империя құру барысындағы кең көлемді әрекеттері сол кездегі халықыралық қатынастарға өз таңбасын салды.
XX ғасырдың бас кезінде жетекші империалистік державалар арасында жаһандық шиеленістің көріністері қалыптаса бастады. Қытай, Туркия, Иран сияқты ірі мемлекеттер тікелей аннексияға ұшырай қойған жоқ, бірақ ықпал ету аймақтарына бөлініп қойды. Бірақ бұрынғы к олонияалдық жетекшілердің гегемондығымен келіспеген державалардың өсіп келе жатқан талаптары, АҚШ пен Германияның үдемелі өсіп келе жатқан экономикалық дамуы, халықаралық транспорттық коммуникациялардың бүкіл жүйесінің жаңаруы колониялдық бәсекелестіктің жаңа бір айналысының пайда болуына, нарық пен ықпал ету аймағы үшін, билік ету аймағы үшін күресуге алғы шарттар туғызды.
XX ғ. басында Европа әлемдік саясаттың орталығы болып қалды. Ірі Европа елдерінің континентке және әлемде гегемониялық үшін күресінің жаңа кезеңі басталды.
XIX ғасырдың аяғында Европада төмендегідей жағдай қалыптасты. Англия, Франция және Рессеймен бәсекелестігін жалғастыра отырып, Германия империясы тарапынан жаңа қарсылас тауып алды. Германия болса сырт көзге қарағанда Рессеймен жақындасқандай болғанмен, франко-орыс одағының жауы болып қала берді, сөйте тұра ол Ағылшынмен бәсекелес болып шыға келді.
Бұл жағдай Британияның мемлекет қайраткерлерін бұдан былай ”ерекше даралану” қалпын сақтап қалу мүмкін емес деген пікірге жетеледі. 1895 ж. Англия премьер- министрі Лорд Сольсбери Туркияны бөлуге уақыт тірелді, ендігі жерде Англия өзінің ұстанымын өзгертеді дегенді Германияға тұспалдап жеткізді.
Бірақ Германияның сорына қарай Берлин Сольсберидің пікірін қабыл алмады.
XIX ғ. аяғындағы саяси жағдай Британия кабинетін бұдан былай даралану саясатынан бас тарту қажеттілігін дәлелдеді. Орталық Африкада Ніл төңірегі үшін Франциямен келіспеушілік туды, оның үстіне Франция Шығысқа Жоғары Нілге қарай ауыз сала бастады.
Африканың оңтүстігінде ағылшындардың бурлармен қақтығысты жиілеп, оның аяғы бірнеше айдан кейін бұрын-соңғы Англия жүргізіп көрмеген парықсыз әрі қысбатқа түскен соғыс басталды. Түптен келгенде, Германия Қытайдың Киао-чжоуда орналасқан теңіз базасын жалдап алса, Ресей Манчжурияны жаулап алды.
Бұл жағдайды түсінген Англия әуелі Ресейге бет бұрды. 1898 жылдың 19 қантарында ағылшындықтар патшаға келісім жасауға қолқа салды. Ол келісімде бұрыннан келе жатқан екі мемлекет арасындағы кикілжіңді жою көзделді. Бірақ ағылшын -орыс арасындағы қарама-қайшылықтар тым көп болғандықтан келісім жасалмады. Осыдан кейін Д. Чемберленге (Британ колонияларының министрі) Германиямен одақ құруға талпыну тапсырылды.
1898 ж. 29 науырызында Чемберлен Лондондағы Герман елшісі Гацфельдпен кездесуінде бұдан былай Англия өзінің дәстүрлі даралану саясатын өзгертетіндігін жеткізді. Оның пікірінше Англия мен Германияның арасында колониялар жөнінде кішігірім айырмашылықтар болса да, қарама-қарсылық туғызатын мәселелер жоқ делінді.
”Егер Англия Германиямен одақтасу мәселесі шешілмесе, онда ол Франция мен Ресейге бұрылады” деген ойын Чемберлен топшылап жеткізді /1/.
Чемберленнің бұл ұсынысы Берлинде осыдан 3 жыл бұрын Туркияны бөлу жөніндегі ұсыныс сияқты, күдік туғызды. Сыртқы істер министірі граф Бюловтың ойынша Ағылшынмен жасайтын ашық одақ Германияға Ресей мен Франция тарапынан қауіп төнгізуі мүмкін.
Сондықтан, Бюлов Гацфельдке Чемберленнің ұсынысын қабылдамауын, бірақ оны жоққа шығармай, мәселені ұзын сонарға салуды тапсырды.
Оның ойынша Германия мен Англия одақ құрмай-ақ, колониялар мәселесі бойынша кейбір мәселелерді шеше алады.
Дегенмен, 1898 ж. 30 тамызында сол кезеңде қол жеткізуге болатын ең маңызды ағылшын-герман конвенциясына қол қойылды. Ол бойынша жобамен Португалия колониясы бөлінді. Түптен келгенде бұл Англиямен қарым-қатынастарға ұтылыс болатын.
Сонымен, егер Германия Чемберленнің ұсынысына зер сала қараса, англо-германдық қорғаныс одағына қол жеткізуге болушы еді. Бұл жағдай осы соғысты туғызған екі ел арасындағы антогонизімді бәсеңдетіп, бір-бірін дұрыс түсінуге негіз қалаған болар еді. Сонымен қоса Солтүстік теңіздің қос жағалауында өсіп келе жатқан қарулануға деген күдікті көзқарасқа да жол бермеген болар еді.
Бірақ Бюлов пен Кайзер жағдайды дұрыс бағалай білмегендіктен, қолайлы жағдайдан айрылып қалды. Олардың негізгі қатесі Англия еш уақытта өзінің ежелгі жауы Франциямен жақындаспайды, ал Ресей болса оның ымырасыз бақталасы деп есепетеуінде болды.
Бюлов тамаша әдіскер, тапқыр, дипломатиялық әңгімелерді икемді, тәсілқой, қандай да қиын жағдайлардан шығу жолын тез табатын саясаткер болғанмен, мақсатқа жету үшін басшылық етуге епсіз еді. Бюлов өзінің мемуарларында сыртқы істер министірлігінде статс- секретарь болғаннан кейінгі кезеңдегі сыртқы саясаттың негізгі бағытын сипаттайды. Сонда жазылған ойлардың қаншалықты тайыз болғанына таң қаласың. Францияның жаунгершілігіне, Ресей-Франция одақтастығына қарамастан Ресеймен жанжалдаспау. Австриямен одақты нығайту, бірақ оған Германияны өз дегеніне көндірмеу. Бір сөзбен айтқанда, негізгі халықаралық жағдайды тізбектей келіп, сол жағдайларға икемделіп, жалтарып отыруды ұсынды. Сол мезгілдегі Германияның ауыр жағдайын жеңілдететін бір-де бір жасампаз ойы болмады. Бюлов концлер болғанда да ойдан өткен саяси жүйе болмады. Германия мен Англияның жақындасуына кедергі болған тағы бір жәйіт- ағылшын королі Эдуард VII-ге деген Вильмгельмнің жеке басының ұнатпаушылығы болды.
Сонымен бірталай пікірлердің әсерінен Бюлов пен Кайзер англияның ұсынысынан бас тартты. Шешім қабылдауды баяулатып олар тиімді жағдайға жеткізбекші болып жүргенде, ақырында ештеңесіз қалды. Германиямен одақтасудан күдер үзген Англия енді басқа жаққа бет бұрды. 1904 ж. Олар Үштік құруға алғашқы жол салған Франциямен келісімге қол қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz