Opтa ғасыр костюмі



1 Ерлер костюмі
2 Әйелдер костюмі
3 РОМАН КЕЗЕҢІ
4 ГОТИКА КЕЗЕҢІ ( XIV.XV ғғ.)
Рим империясының негізіңде құрылған басқыншы мемлекеттер - феодалдық қоғамымен, христиан дінімен, жаңа еуропалық мәдениетімен ерекше сипатталады. VIII ғ. ірі феодалдық мемлекеттердің бірі — франктар корольдығы құрылды. Оны Ұлы Карль патшасы басқарды. 843 ж. Франк империясы үш үлкен корольдікке: Франция, Германия, Италияға бѳлінді.
Ортағасырда дінге уағыздау, зұлымдық, жалған сұлулық, жанның ѳлмейтіндігі жѳнінде қарама-қайшы көзқарастар байқалады. Дегенмен орта ғасыр суретшілері адамның сұлулыққа қүштарлығын, ішкі жан дүниесін түйсініп, еңбек сұлулығын бағалай отырып, жаңа киім үлгілерін шығарды.
Еуропадағы орта ғасыр өнерін үш кезеңге бѳлуге болады:
а) роман стиліне дейінгі кезең (VI-X гг.);
ә) роман стилі (XI-XII гг.);
б) готика кезеңі (ХГѴ-ХѴ гг.).
Бірінші кезең - феодализмнің құрылу кезеңі.
Екінші кезең — оның өрлеу, шарықтау кезеңі.
Үшінші кезең — орта ғасыр қамалдарының даму кезеңі.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
OPTA ҒАСЫР КОСТЮМІ
Рим империясының негізіңде құрылған басқыншы мемлекеттер - феодалдық
қоғамымен, христиан дінімен, жаңа еуропалық мәдениетімен ерекше
сипатталады. VIII ғ. ірі феодалдық мемлекеттердің бірі — франктар
корольдығы құрылды. Оны Ұлы Карль патшасы басқарды. 843 ж. Франк империясы
үш үлкен корольдікке: Франция, Германия, Италияға бѳлінді.
Ортағасырда дінге уағыздау, зұлымдық, жалған сұлулық, жанның
ѳлмейтіндігі жѳнінде қарама-қайшы көзқарастар байқалады. Дегенмен орта
ғасыр суретшілері адамның сұлулыққа қүштарлығын, ішкі жан дүниесін
түйсініп, еңбек сұлулығын бағалай отырып, жаңа киім үлгілерін шығарды.
Еуропадағы орта ғасыр өнерін үш кезеңге бѳлуге болады:
а) роман стиліне дейінгі кезең (VI-X гг.);
ә) роман стилі (XI-XII гг.);
б) готика кезеңі (ХГѴ-ХѴ гг.).
Бірінші кезең - феодализмнің құрылу кезеңі.
Екінші кезең — оның өрлеу, шарықтау кезеңі.
Үшінші кезең — орта ғасыр қамалдарының даму кезеңі.
Материалдық мәдениеттің өсуі, ғылым мен техниканың дамуы, жаңа
қоғамдық қажеттіліктер және эстетикалық идеалдың жоғарылау деңгейі
нәтижесінде киімнің конструкциялау мен модельдеудің дамуына әсер етті,
ертеден келе жатқан жамылғы және қаусырмалы киімдерді Еуропада ІХ-ХІ
ғасырға дейін киді. Дегенмен ерлер мен әйелдердің сұлулыққа табынушы түрлі
көзқарастар нәтижесіңде олардың киімдерінің пішімі бір-бірінен ерекшелене
түсті, XII ғасырда киім пішуде бүйір және жота бөліктеріне үш тігіс
түсірілді.
Киімнің жоғарғы бѳлігін осы тігістер бойынша денеге қынай түседі, ал
тѳменгі етек бөлігін мықын тұсынан төмен үшбұрышты қиықтар қосып кеңейтеді.
Киімнің бүйір тұсында овал пішіндес ойықтар жасап, оны баулармен біріктіріп
байлайды.
Әсіресе готика кезеңінде киім конструкциясы дами түсті. Оған сәулет ѳнері
әсер етті. Жауынгерлердің сауыт киімдерінің денеге, қимыл-қозғалысқа
ыңғайлы болуын қамтамасыз етуші нәтижесінде шеберлер жазық формалардан адам
денесіне қонымды пішімдер шығарады, яғни киімнің жота, өңір, жең бөліктерін
бөлек пішіп, оларды жеке қосып тікті.
Матадан мұндай бөліктерді пішуде оның созылғыштығын ескеріп, қиынды
бөлікке бүкпе, жең ойындысы мен мойын ойындысын түсірді. Жеңді алғашында
уақытша баулармен, таспа тоқымасымен байлап қойды. Матаның қиғашынан пішу
арқылы уплелянд сырт киімін сәндей түседі.
Готика кезеңінде киімді конструкциялау мен модельдеудің гүлденген
кезеңі болды, мұнда қазіргі киім үлгілерінің негізі пайда болды. Киімнің
жеке бөліктерін әшекейлеу төмендегідей жалпы қағидаларымен ерекшеленді:
1) Мойын ойындысын, киімнің етегін, жең аузын, жең ойындысын-жеңмен
біріккен түсы кестелермен, мережкамен, бей-камен (қымбат матадан), лента,
фестондармен әшекейледі.
2) Киім тігуде ашық контрасты түстерді, яғни жасыл, қызыл, көк, сары
жіптерді пайдаланды.
3) Матаны алтын, күміс шашақ баулармен әшекейледі (жауынгер киімі бас
киімімен, аяқ киімінде 500-дей шашақ бау тағылғаңцығы жөнінде көне
қолжазбаларда айтылған).
4) Қолғап пайдаланылды, әрі оны алтын және т.б. қымбат тастармен әсемдеді.
Алғашқы роман кезеңінде кенеп (лен), холст, сукно, үлпек (мех), тері,
Шығыс және византиялық жібек маталарынан киімдер тікті.
Қолөнердің дамуы нәтижесінде орта ғасырда тоқыма өнері де дами отырып
түрлі сапалы, ою-өрнектелген маталарды шығарды. Олар тоқылған және баспа
ѳрнекті маталар, бедер түсірілген маталар, алтын, күміс жіптермен
әшекейленген маталар болды.

РОМАН ДӘУІРІНЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ
OPTA ҒАСЫР КЕЗЕҢІ (IX-XII ғғ.)
Бұл кезенде қалалардың өсуіне орай алғаш кішігірім тоқыма цехтары
пайда болды. Онда бір түсті көк, жасыл, қызғылт және қарапайым халық үшін
сүр, қоңыр түсті маталар шығарыла бастады. Арнайы заң бойынша сары түсті
киім киюге рұқсат етілмеді. Себебі бұл түс сатқыңдар мен жауыздар киетін
түс деп есептелді. Әрбір түстің символдық белгісі болды. Ақ түс — адалдық
белгісі, қара — қайғы, көк — нәзіктілік, қызыл — қан түсі деп санаған.
Сондықтан қызыл түсті тек баскесерлер костюміне пайдаланды.
Мата бетіне ою-өрнектер салынбады, сондықтан киімді әшекейлеуде арнайы
кестеленген жолақтар, үлпек жиектер мен контраст түсті маталарды
пайдаланды.
Ерлер костюмі
Бұл кезеңдегі шапқыншылар костюмін Ежелгі Римдегі Троян колоннасынан
көруге болады. Костюмнің жеңі бар әрі белі буылған қысқа туника, қысқа
шалбар, мата шұлық, тері башмак оң иықта түйреуішпен түйрелген жүн матадан
тігілген жамылғы. Бастарына кіші конус пішінді шапкі киді. Мұндай костюм
үлгілерін VIII ғасырдағы Ұлы Карл үкіметі түсында тұрмыста пайдаланылды.
Сонымен қатар ерлер екі бөліктен тұратын шалбар, бірінің үстінен бірін
киетін ұзын енді туникаларды киді.
Үстіңгі туника — ұзын енді қондырмалы киім, әдетте оны қымбат
маталардан тікті, киімнің мойын ойындысын дөңгелетіп немесе тік бұрышты
етіп пішілді. Жеңсіз не қысқа, кең женді етіп тігілді.
Астыңғы туниканың — ұзын тұтас пішілген жеңі болды, оның аузы
кестеленіп не түсті матадан әдіптеп тікті.
Әйгілі бай кісілердің сулығы ұзын әрі енді етіп жасалып, оң иық,
түсына түйреледі. Мұндай костюмді X ғасыр Оттон II императорының бейнесінен
көруімізге болады. Ол ашық түсті тупика оның етегіңде енді алтын түсті
жіппен зерленген жиекпен көмкеріп әшекейленген. XI ғасырдан бастап ерлер
костюміне жауынгерлер сауыты өсер етіп, ыңғайсыз, ұзын және енді киімдерді
қысқа әрі қынамалы киімдерге ауыстырылады. Мысалы, блио костюмінің
бүйірінде терең жырық түсіріліп белден етекке дейін қиық жалғанған киімдер
киілді. Оның силуэті: иық, сызығы айқын, көкірек пен бел түсы қынамалы.
Мықын сызығынан төмен қарай кеңейтілген болып келді. Ұзындығы тізеден сәл
төмен түсірілген. Блионың бүйір түсындағы қиығынан ішкі ашық түсті көйлекті
көруге болады.
Үстіңгі туника котта деп аталады. Астыңғы туника камиза деп аталады.
Күннің салқын кездері жилет секілді — рок — сулығын киді. Алғашында ол
сулық Римдік полудалментуманың пішіміне ұқсаса, XI ғасырда оның етегінің
ұзындығы жерге дейін түсірілді. Бұл сулықты оң иық түсына түйреп (фибула
түйреуішімен) қояды. Қарапайым халық көбіне капюшон бас киімі бар пенулу
сулығын киген.
Бұл кезеңдегі варварлар тайпасына грек-рим мәдениетіне кірмейтіндерді
жатқызды. Оларға неміс тайпалары — гота, франктер, вандал мен монгол
тұқымдас басқыншыларды жатқызды.
Гректер мен Рим еркектерінен айырмашылығы, олар бүттарына шалбар киіп
жүрді. Шалбар өте ұзын және тізеге дейін енсіздеу пішінде болды. Ерлер
арасында, әсіресе, қызыл шалбар модаға айналды. Аяқтарына тұмсығы үшкір,
табаны жұмсақ матадан немесе әр түрлі теріден тігілген башмактар киді.
Көбіне оны баумен айқастыра байлады. Шаш қою пішімі барлығына ортақ формада
болды. Құлақтың үстінен бастап айналдыра тақырлап алып маңдайында кекіл
қалдырды. Ал XI ғасырда ерлер шаштарын иығына дейін ұзартты. Бастарына
капюшон не конус тәрізді шапка киді. Бұл кезенде алғаш рет қолғаптар кие
бастады.

Әйелдер костюмі
Әйелдер костюмі ерлер киімі секілді екі туникадан тұрды. Олардың
ұзындығы тізеге дейін жетті. Астыңғы туниканың ішінен камиза көйлегін киді.
Әйелдер туникасын котта және сюрко деп атады. Бұл киімдердің силуэті
трапеция түрпатта болды: ол иық түсында енсіз, ал етегіне қарай кеңейе
түсті. Көйлектің кеуде түсы және жағасы жабық әрі тұйық етіп тігілді. Бел
түсы жоғары көтерілді. Соғыстың, түрлі жұқпалы аурудың әсерінен халықтың
саны тым азаюына байланысты халық арасында жүкті әйелдерге үлкен қошемет
көрсетілді. Осыған орай әйелдер киімінің қарын және бүйір түсында шаршаулар
жинап, жүкті әйелге ұқсас формада киім кию модаға айналды. Котта киімінің
жеңі ұзын әрі енсіз болды. Ал сюрко болса жеңі қысқа әрі енді, кей жағдайда
жеңсіз етіп тігідді. Сюрконың белін буып, мықын түсына дейін көтеріп қойды.
Аяктарына түрлі теріден жасалған өкшесіз жұмсақ жабық туфлилер киді. Қыздар
ұзын шаштарын ѳріп, бастарына дөңгелек сақина тақты. Ал әйелдер шаштарын
орамал астына жасырып қоятын болды. Олар ойығы бар дөңгелек орамалды
пайдаланды. Бұл орамал әйелдің басын, иығын тұтасымен жауып түрды. Көбіне
бұл орамалдың ұшын мойын ойындысынан котта киімінің астына жіберді. Бұл
кезендегі мода ағымында киімге әшекей ретінде түрлі тағыншақтар: фибулла,
сақина, белдік, басқа тағатын сақина кеңінен пайдаланды.

РОМАН КЕЗЕҢІ
XII—XIII ғғ. киім тігу өнері бұрынғыға Караганда жетіле түсті.
Шіркеудің тыйым салғанына қарамастан киім барынша қынала түсті. Киім
пішімінің түбегейлі өзгеруіне ерлер киетін сауыт әсер етті. Ұзын, кең
пішімді киімдер кең әрі қысқа, қынамалы киімдерге өзгерді. Бұл кезде
киімнің жеке бөліктерін тартпа баулармен буып, бүкпелер түсіріп, киімді
денеге қынамалы етіп тікті. Тігісті мықты етіп бекіту үшін таспа баулармен
бастырып тігу модаға айналды. Сонымен қатар Шығыс елдердің мәдениеті Еуропа
мемлекеттерінің салт-дәстүріне, тұрмысына, гигиеналық тазалық талаптарына
әсер етті. Киімнің қолдану мақсаты мен әлеуметтік ерекшеліктеріне
байланысты түр түсі, пішімі түрліше болды.

Ерлер костюмі
Ерлер костюмі бұрынғысынша камиза және котта киімдерінен тұрды. Ол
иық түсында өте енсіз болып, етегіне қарай қиықтары қосылып кеңейе түседі.
Беделді адамдар ұзын котта кисе, қарапайым халық қысқасын пайдаланды. Кота
женді және жеңсіз болып келді. Бұл киімді бас жағынан киді. Сондықтан
кішірек мойын ойындысы ойылып, оны бауме байлап қоятын болды. Коттаға
қосымша ретінде шалбар және шұлық шалбар киді. Аяқтарына тұмсығы
дөңгеленген жұмсақ туфли пайдаланды. Беделді адамдар шаштарын бүйралап
жүрді. Ал қарапайым халық пен қала тұрғындары шаштарын шапка пішінде
қидырып жүрді.
XII ғасыр соңында Еуропада алғашқы феодалдық герб пайда болады. Ол
гербтер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ондағы түрлі түстер мен суреттер сақталып
отырды. Герб екі немесе төрт бөлікке және тігіске бөлінді. Осыған
байланысты киім үлгілерінде де герб түсімен ондағы суреттерді қайталай
отырып тігілген мипарти киімі пайда болды. Бұл киімдерінің оң бөлігі сол
бѳлігімен ѳзгеше түске боялды. Тіпті аяқ киім мен сыртқы киімдері екі түсті
болып тігілді. Мұндай үлгідегі киімдерді жастар мен сәнқойлар киетін.

Әйелдер костюмі
Әйелдер бұрынғысынша камиза — қысқа кѳйлек пен котта -кѳйлегін киді.
Бұл киімнің белі баумен буылып, бүйір түсында не арқа болігінде
қынала түсті. Етегіне жалғанған қиықтар әсерінен көйлектің етегі кеңейе
түседі. Жеңі ѳте тар әрі ұзын жерге тиетіндей етіп жасалды. Бұлай ету
себебі, бай әйелдердің жұмысқа икемсіздігін байқатты. Белдіктері
белден төмен мықын түсында байланды. Сырт киім ретінде әйелдер ер
кісілердікіне ұқсас жартылай сулықтар киді. Қыста киетін киімдерін
үлпектен жасады. Тұрмысқа шыққан әйелдер бастарына ақ орамалдар тартты.
Көйлектің жеке бѳліктерін үлпектермен, кестелі жолақтармен, қымбат
тастармен әшекейледі.

ГОТИКА КЕЗЕҢІ ( XIV-XV ғғ.)
Готика кезінде киімді конструкциялау жетіліп, оның пішімі
архитектурамен тығыз байланысты болды. Киімнің сыртқы формасы өзгере
отырып, оның конструкциялық шешіміне әсер етті. Ең алдымен жауынгер
киімінің конструкциясы өзгерді. Темір сауыт киіп соғысқанда қимыл-
қозғалыстары өте ебедейсіз болтан. Кейде қолайсыз киім аурудың тууына себеп
болған. Сондықтан, шеберлер монолитті сақиналарды кіші бөлшектерге бөліп,
оларды мата, ілмек және тоқымалар мен бөліктерді біріктірген. Себебі, қимыл-
қозғалыстың болуы көзделді. Сондықтан, шеберлер практикалық іс-тәжірибе
негізінде жазық детальдар формасын ойлап тапты. Киімнің жеке бөліктері мен
бөлшектерінің формалары табылды. Олар: өңір, жота мен жеңі. Бұл бөлшектер
(детальдар) матаның шеткі желі жібі бойымен орналастырып, оның созылу
қасиетін ескерген. Көлемді форма алу үшін ең алдымен бүкпе түсірілді, жең
және жең ойындысын овал етіп пішті. Алғашында жеңді жең ойындысына уақытша
көктеп немесе бау, тесьма арқылы бекітті.
ХІѴ ғасырда киімнің бел сызығында тігіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім кию мәдениеті жайында
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Француз костюмінің пішімі
XVII ғ. 1-ші жартысындағы франция костьюмі
ЕЖЕЛГІ ГРЕК КОСТЮМІ
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау
Араб халқының киімі
Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Пәндер