3-сынып математика төл оқулықтары мазмұнын талдау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

3-сынып математика төл оқулықтары мазмұнын талдау

Анализ содержания учебников по математике 3 класса

To analyses the contents of our country’s Mathematics book for the 3 form

Қазақстан Республикасы мектептерінің бастауыш сыныптарында өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін математика пәні Ресей оқулықтарының аударма нұсқасымен оқытылып келген болатын. Сондықтан оқулық дайындау мәселесімен қазақстандық әдіскер-ғалымдар мен мұғалімдердің айналысуна қажеттілік туындамады, мүмкіндік болмады, рұқсат берілмеді. Алайда алты жасарларды оқытуға көшудің жоспарлануына байланысты Қазақстанның жағдайына лайықталған 1-сыныпқа арналған математика оқулығын дайындау 1986 жылы қолға алынды және 1986-1987 оқу жылында ол оқулық тәжірибеге енгізілді.

Содан кейін математикадан егемен және тәуелсіз Қазақстанның төлтума оқулықтарының жаңа нұсқасы 1991-1992 оқу жылында дүниеге келді. Осы оқулықтардың негізінде дайындалған жаңа буын төлтума оқулықтарымен бастауыш сыныптарда математика пәні 1997-1998 оқу жылынан бастап оқытылып келе жатыр.

Оқулық - пәнді оқыту үдерісі жобасын түзеді, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін (әрекеттесуін) айқындайтын, пәнді оқытудың нақты және дербес міндеттерінен туындайтын оқыту нәтижелеріне (білім, білік, дағды, оқушы тұлғасының қалыптасуы және дамуы) бағдарланған, нақты ғылыми идея мен көзқарасқа (мәселен, тұлға қалыптастыру, дамыта оқыту, оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің басымдығы және т. б. ) негізделген оқыту технологиясы нұсқасын анықтайды [1] .

Қазіргі таңда бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарымыз жылдан-жылға жаңару үстінде. Сонымен бірге бастауыш буынның математика оқулықтары екі айналымнан үшінші айналымға қарай қолданысқа бет алуда.

Соның ішінде авторлары Т. П. Кучер, А. С. Акрамова, Г. И. Кукарина, А. Қ. Әділбековалар жазған жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулықты талдап көрелік [2] . Қандай өзгерістер мен толықтырулар болды? Кемшіліктер бар ма?

Оқулық сөз жоқ, жалғыз бастауыш сынып оқушыларын ғана емес, оқырманның барлығын да қызықтырарлықтай тартымды безендірілген. Берілген жаттығулары да тұлғаны зияттық (интеллектуалдық) дамытуға бағдарланған технология негізіне бейімделіп жазылған және әрбір берілген жаттығу жанына сол жаттығудың мазмұнын ашарлықтай суреттер берілген. Оқулық әр сабаққа құрылған. Жақсырақ бағыт алу үшін оқулықта сабақ тақырыптары белгіленген. Оқулықтың соңында сабақ тақырыптарын көрсететін мазмұн берілген.

Оқулықтың бірінші бетінде оқушылар мен мұғалім оқулықтағы бір түспен ерекшеленген арнайы белгілермен және қысқартылған сөздермен танысуына болады. Жаңа шартты белгілер енгізілген. Оқулықтағы есептер өтілетін материалды бейнелейді әрі нақтылайды. Үшінші сыныпта оқылатын өзге пәндермен пәнаралық байланыстарды да жүзеге асырған. 3-сыныптың математика курсында оқушыларды есепті талдаудың және қысқаша жазудың тағы бір тәсілін - графтың көмегімен талдау жолымен таныстыру қарастырылған. Графтар көрнекі дүние болғандықтан, оқушыларды модельдер құру тәсілдерімен таныстыру дағы таптырмас құралға жатады. Графтық модельдерді құру мен оқып үйренудің тағы бір өзгешелігі бар: ол оқушылардың математикалық ұғымдар мен фактілердің шынайы әлеммен байланысын көре алмайтын қасаң білімнен аулақ болуына көмектеседі. Модельдерді құру мектептегі білім берудің тағы бір маңызды міндетімен тығыз байланысты ол - абстрактілі ойлауға үйрету. Есептің графтық моделі оқушылардың оның шартының құрылымын түсінуіне, жүргізілген талдаудың толықтығы мен дұрыстығын бақылауына шешу тәсілін саналы түрде таңдауына көмектеседі. Графтық модель оның шешімін сөзбен түсіндіруге бағыт-бағдарлық негіз береді, оқушылардың математикалық тілін және өз қорытындыларын негіздей білуін дамытуға мүмкіндік тудырады. Графтарды пайдалану арқылы мұғалімнің оқу материалын жақсырақ жеткізуіне, ал оқушылардың жетік түсінуіне, математикалық және логикалық ойлау деңгейін арттырады.

Бірақ, авторлар тобы біздің ұлттық болмысымыздан, тіл, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет, өнерімізден мәлімет беретін мағлұматтардан ақсатып қойғандай. Әрине, мүлдем ондай мәлімет жоқ деудан аулақпыз. Бар, бірақ аз көлемде.

Математиканы мектепте оқытудың мақсаты - оқушыларды математикалық білім, білік және дағдымен қаруландырумен шектелмейді. Яғни, математиканы мектепте оқытудың басты мақсаттарының бірі - жеткіншек ұрпақты «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу». Бұл деген сөз математика пәні арқылы келер ұрпаққа белгілі бір деңгейде өз Отанынының тарихы (мысалы, қазақстаннан шыққан математиктер мен олардың математика ғылымына қосқан үлесі жайлы, есептердің мәтіндері арқылы қазақ батырлары мен билерінің өмірінен оқиғалар, т. б. ) саяси-экономикалық жағдайы (кейбір ірі өндіріс орындарының, аудан, қала, облыс, республиканы экономикалық даму барысы, т. б. ), елдің географиялық, биологиялық жағдайлары жайлы мәлімет (Зайсан көлінің аумағы, тереңдігі су қоры, ондағы балық түрлері т. б. ) беріледі емес пе? Және де, дәл осындай мәселелердің көмегімен ертеңгі ұрпақты елжандылық рухта тәрбиелеуді көздеуіміз керек емес пе? Әр бір өркениетті ел үшін өз жерінде өз халқының болашығын ойлап оқулықтар шығару аса маңызды [3] . Мүмкін, бұл төл оқулығымыз арқылы оқушылырды ұлттық рухта тәрбиелерміз. Мүмкін математиканың қатысы жоқ деп ойлармыз. Онда неге ақыл-парасатын Ресей үшін аямаған, қоғамның әр саласында көрегендік саясат ұстанған, соның арқасында Ресейді Еуропа елдерінің қатарына қосып кеткен І Петр математика оқулығының маңызын түсініп, оны өз отанында шығаруға күш салған. Соның негізінде Ресейде математика оқулығы 1703 жылы Леонтий Филиппович Магницкийдің авторлығымен жарық көрді емес пе? Себебі, еліме, жеріме шапағатым тисе екен деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген ұлы Петр математика оқулығының келер ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудғы орнын түсіне білді.

Екіншіден, «қайтсем қазақты өркениетті елдердің, ұлттардың қатарына қосам?» деп түн ұйқысын төрт бөлген, тіпті, керек кезінде осы бір ұлы идея үшін жанын берген М. Дулатов, С. Қожанов, К. Жәленов, Е. Омаров, Ә. Қасымов, Т. Құралов сияқты азаматтарымыз өздері математик немесе физик болмаса да математика мен физикадан оқулықтар дайындаған. Бұл - оқулықтың маңызын жоғары бағалағандықтан туған іс-әрекет емес деп кім айта алады!

Енді ғана өз жағдайымызды өзіміз ойлауға, анықтауға мүмкіндік тиген уақытта мұндай маңызды дүниені ескермеу авторлар тобына сын емес пе?

Жақында 2010 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан жалпы орта білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған математика оқулығында берілген тапсырмалардың көпшілігінде қазақ есімдерімен қатар басқа ұлт өкілдері есімдері берілген. Неліктен?

3-сынып (2010ж. ) оқулықтың 214-бетіндегі 9-есепте, «Чип 15 ақ саңырауқұлақ және одан 3 есе кем қозықұйрық жинады. Чип қанша жинаса, Дейл де сонша саңырауқұлақ жинады, бірақ Дейлде ақ саңырауқұлақ қозықұйрыққа қарағанда 4 есе артық болды. Дейл неше ақ саңырауқұлақ пен қозықұйрық жинады?» Мұнда алынған кеіпкерлер американдықтар екені белгілі. Осы сияқты есімдер Ваня, Лаура, Карина, Маша, Катя, Лена, Громозека сияқты есімдер қолданылған. Сонымен қатар, мәтіндік есептердің мәтінін беруде қазақша аудармасы бар сөздердің өзі қазақша берілмеген. Мысалы, экскурсия (топсеруен), паке (дорба, қалта), парк (саябақ), лента (бау), буфет (асхана), схема (тірек сызба) сияқты сөздер көптеп берілген. Және мұнымен біткен жоқ, берілген есептер мазмұны және сол мазмұнға сәйкес берілген суреттер қазақтың ұлттық салт-санасынан, өзімізге тән қазақ ертегілерінен хабардар етпейді. Өзіңіз қарап көріңіз:

(6-м(1), 88-бет)

1. Базило мен Алиса Ғажайыптар даласында 4 шұңқырға 6 алтыннан көмді. Олардың қобдишасында әлі де 20 алтын қалды. Базило мен Алиса Ғажайыптар даласына неше алтын әкелді?

(5-м, 197-бет) 2. Крокодил Гена мен Қалқанқұлақ салып жатқан үйлердің қабырғаларында неше текше бар?

(14-м, 166-бет)

3. Элли, Тото және Отын кесуші 3 күн жолда болды. Бірінші күні олар 6 км, ал екінші күні одан 2 есе кем, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 2 км артық жол жүрді. Олар үш күнде неше километр жол жүрді?

Сонымен қатар жаңа енгізілген шартты белгілерді бейнелейтін суреттерді алып қарайық:

- мына жұптық жұмысқа арналған тапсырмаларды бейнелейтін суретті қараған әр адамның көз алдына орыс өкілдері елестейтіні мәлім. Бұл суреттің орнына қазақ ұл-қыздарын алу керек еді. Өйткені, біз Ресейде не басқа мемлекетте өмір сүрмейміз. Біз қазақпыз, бұл қазақстандықтардың төл оқулығы. Онда неге ең маңызды белгілерді көрсетуде қазақтығымызды ескермеген?

- және мына берілген қатесін табуға арналған жаттығуды көрсететін шартты белгі де түсініксіз.

Міне, оқулықта осы іспеттес басқа ұлт өкілдерінің мультсериалдар, ертегілерінен мысалдар көптеп берілгенде, ал қазақ ертегілері, мысал, аңыздары, батырларынан хабардар етер брде-бір сурет немесе мәтін берілмеген. Сонда қазақтан бір ертегі кейіпкері табылмағаны ма? Балалар күнделікті өмірде естіп, біліп ана тілінен оқып түрлі күлдіргі әзілдерімен көпшіліктің көңілінен шыққан Алдаркөсе, Қожанасыр және Қаңбақ шал секілді кейіпкерлерді, алуға болмас педі?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Сандар мен өрнектер
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
Бастауышта математикалық білім беру
2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздеу
Бастауыш математиканың білім мазмұны
Бастауыш сынып оқыту процесіне жаңа оқу - әдістемелік кешенді енгізу
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz