Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . 3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. 10
1.2. Оқушылардың оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттары. . . . . . . . 10.12
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды оқыту мәселелері. . .. . . . . . . . . . . . . . . . 12.20
2.2. Ана тілін (1.сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс.әрекеттер. . . . . . . . . . .20.21
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . 22.23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . 24
ҚОСЫМША

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жағдайы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан білім беруді жариялау және ізгілендіру процесі – бүгінгі таңның басты міндеттерінің бірі. Себебі өркениеттің дамуы жеке адамның рухани дамуынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің негізгі салаларында рухани бай, гумандық тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туып отыр.
Тараз мемлекеттік педогогика институтының психология кафедрасындағы психологиялық-педагогикалық зертханасы жұмысының барысында «Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы және 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын, «ХХІ ғасыр мұғалімнің нобайы» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, 12 жылдық оқу жүйесіне көшу барысында оқушылардың психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сараптап талдау жүргізіліп келеді.
Халыққа білім беру жүйесінде үлгерімі төмен мектеп оқушыларына үлкен көңіл бөлініп отыр және бөлініп келген. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеру керек, дегенмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбіреулері негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейді.

1. Ж.Б.Қоянбаев. Р.М. Қоянбаев Педагогика А. 2002ж
2. Т.А.Ильина. Педагогика. «Мектеп» баспасы А. 1977ж
3. С.Бабаев, А.М.Кудьяров. Педагогика.
4. Т.Жүндібаева. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу жлдары. Бастауыш мектеп. №5 2001ж
5. А.О.Молдыбаева, А.А.Сұлтанбекова. Оқушылардың үлгерімі жайында. Бастауыш мектеп. №8 2003ж
6. Мұханбетова. Үлгермеушілікті болдырмау жолдары. Қазақстан мектебі. №4 2003ж
7. Т.Қоқымбаева. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. №5 2001ж
8. Н.Жұманова. Оқушылармен жеке жұмыс. Бастауыш мектеп. №3 1987ж
9. Б.Шетенов. Жеке оқушымен жұмыс. Бастауыш мектеп. №12 1988ж
10. Ә.Дөненбаева. Жеке жұмыс жүргізу. Бастауыш мектеп №3 1987ж
11. К.Тілеубергенова. С.Нашарипова. Оқушының үй жұысына ата-ана көмегі. Бастауыш мектеп №5 1991
12. Л.Әбділдаева. Өзіндік жұмыс мақсаты. Бастауыш мектеп. №12 1990ж
13. ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Ақпан 2005ж.
14. ҚР Тіл туралы заңы.
15. ҚР Білім туралы заңы.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .4-10
2. Оқушылардың оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың
педагогикалық шарттары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 10-12
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
1. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды
оқыту мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 12-20
2. Ана тілін (1-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен
жүргізілетін іс-әрекеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .20-21
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 22-23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . 24
ҚОСЫМША . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 25-27
КІРІСПЕ
Көкейтестілігі: Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жағдайы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екені
белгілі. Сондықтан білім беруді жариялау және ізгілендіру процесі – бүгінгі
таңның басты міндеттерінің бірі. Себебі өркениеттің дамуы жеке адамның
рухани дамуынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің негізгі
салаларында рухани бай, гумандық тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туып
отыр.
Тараз мемлекеттік педогогика институтының психология кафедрасындағы
психологиялық-педагогикалық зертханасы жұмысының барысында Қазақстан
Республикасының білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын, Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы және 2006-2011
жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын, ХХІ ғасыр
мұғалімнің нобайы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, 12 жылдық оқу
жүйесіне көшу барысында оқушылардың психологиялық-педагогикалық тұрғыдан
сараптап талдау жүргізіліп келеді.
Халыққа білім беру жүйесінде үлгерімі төмен мектеп оқушыларына үлкен
көңіл бөлініп отыр және бөлініп келген. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы
мектеп бағдарламасын толық игеру керек, дегенмен оқушылардың басым
көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбіреулері негізгі
пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейді.
Үлгермеуші оқушыларды зерттеуде ғалымдар екі мәселеге тоқталады.
1. Оқытушы қала оқытады?
2. Оқытушы қалай оқиды және осы кезде оның дамуы қалай жүзеге асады?
Дидактиктер бұның себептерін педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі
жағынан қарастырады. Ал психологтер үлгермеуші оқушылардың оқу үрдісіндегі
оқу іс-әрекетінің жеке ерекушеліктеріне тоқталады.
Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік
дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке
жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушыларымен гумандық қарым-қатынасын
көрсету.
Міндеттері: 1) Оқу-танымдық іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын
жинау. 2) Озат іс-тәжірбиенні практикаға ендіру, дидактикалық материал,
үлестірме, материалдлармен жұмыс істеу.
Нысанасы: Бастауыш сынып оқушылары (1-сынып)
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселелері бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттердің
теорияларымен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді
сараптау.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында-сабақ
үлгермеуші оқушыларды болдырмау.

ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбие – жалпы халықтық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз
жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді
тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай
кетуге болмайды.
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол
мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе
оқушылармен ұйымдастыр, сабаққа қатыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп
көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сынып
жиналыстарында әсіресе 1-сыныптарда олардың ата-аналардың, мектеп
ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды
өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың
білімін тексеруге міндетті, оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген
тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мұғалім мен
оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бұл проблеманы толық шешуге мүмкіндік
жоқ. Сондықтан мұғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа
әдістерін қарастырған жөн.
Әдетте орталықтанаған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің,
оның әрбір сыныптағы жәрдемішілернің, оқу төрайымының атқарар ісі қыруар.
Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға
алғандардың тізімін алып сынып жетекшіге береді. Міне осындай жанды
әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларына, ең қажеттілерін
қосып іс-шаралар белгілейді.
Оқушылармен әңгімелесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада
өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі
кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу
жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін
оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген
тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты.
Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мұғалімімен тығыз байланысып
сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі
болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге назарлығы
кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай
қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді. Осындай
жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір
жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бұзушылығы
ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мұғалімдер
мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар
өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой
алдырады.
А.С.Макоренко былай деп көрсетті. Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде
әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ
бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін – адам. Олардың бірінші
орныда тұратыны ата-аналар мен педагогтар.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы
басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік
отырысында талқыланып белгіленіп алады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына
мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы оқу
тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.
Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы
медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты
орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте
сақтауы. Еркін жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша
үдгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.
Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білім
мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі оқулықтар анықталады. Жеке
жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға қарай сатылап
жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта
жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген
оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу
керек деп ұйғарды. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн режимін
белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен
байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағатын өткізу,
мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру сабақта жұмыстар жүргізу
белсенділігін жетілдіру, оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін
ұйымдастыру.
Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын
элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты
дидактикалық материалдарды техникалық құралдарды мейлінше молынан
пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды
мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке
жұмыстарда оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге принципін басшылыққа алып
қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер
кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.
Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша
біліміндегі оқулықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты
белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Үлгерімі төмен оқушыларға
өткен материал мен өтілетін материал арасындағы сабақтастықты білдіруге
басқа назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді
саналы меңгеруі, ойлау қабілетін дамыту. Оның алған білімдерін практикада
қолдану дағдыларын дамыту.
Сондықтан тәжірибе көрсеткендей зерттеу жұмыстарын үнемі және ғылыми
тұрғыда жүргізіп жеке жұмыстарды біртіндепкүрделендіріп отыру қажет. Оқудың
белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай
жұмыстар барысында едәуі жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың дұрыстығын
көрсетеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз
байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың қалай өткенін мұғалімнің үйге
тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары
болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген
тапсырманы 3 топқа бөлуге болады.
Олар ауызша (оқушының материалын оқып үйрену, өлеңдер, ережелер
жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығуды, есеп шығаруды, шығарма, т.б.), оқу-
практикалық тапсырмалар (тәжірибелер, бақылаулар т.б).
Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мәселесі оның көлемі т.б.
түрлі жастың балалары үйге берліген тапсырманы оындауда түрліше уақыт
жіберуі мүмкін сабақты ұйымдастыруда гигиеналық және педагогикалық
талаптарды ескерген жөн. Мектеп ережесінде бұл мәселеге байланысты оқушының
үй тапсырмасын орындауына мынадай уақыт мөшері анықталған. Мысалы: 1
сыныпқа-1 сағат, 2 сыныпқа-1,5, 3-4 сыныпқа-2 сағат.
Барлық тақырыпты мұғалім жоспарлаған тапсырманың, олардың мазмұны мен
көлемінің маңызы зор. Бұл жағдайда тапсырма сан алуан болады да, сыныпта
оқып, үйренетін оқу материалдарының бір бөлігі болады.
Сөйтіп, теориялық материалдарды оқып үйренуді практикалық тапсырмамен
дұрыс ұштастыруға болады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының ойдағыдай
орындауы мұғалімнің жұмыс сапасына байланысты да. Сондықтан да әрбір
тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс.
Бұлардың формалары төмендегідей болады:
1. Бұрын қолданылған тәсіл мен тапсырма орындауды жәй көрсету.
2. Екі-үш мәрте мысалмен тапсырманы көрсетіп жіберу.
3. Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.
4. Жұмысқа жеке тапсырмаларды орындау әдістеріне қойылатын талаптарды
түсіндіру.
Оқушылар жас болған сайын , нұсқау соғұрлым нақты егжей-тегжейлі болу
керек. Мысалы: 15 – беттегі ережені жаттау, 16 – беттегі 3-4 жаттығуды
орындау. Оқушылар тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды. Ол
үшін мынадай шаралар жүйесі қажет:
• Оқушыға мұқият нұсқау бері, дер кезінде жұмысқа үйрету.
• Олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру.
• Оқушылардың режимдері дәл сақталуына жету.
• Кездескен қиыншылықтарды өздігінен шешуге үйрету.
Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалімнің дұрыс ұйымдастыра алмауынан сыныпта
бірнеше артта қалатын және үлгермейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс сан
алуан себептерден туады. Кейде мұғалім оқушының ерекшелігін ескерумен,
онымен өзінің жұмысын онша дұрыс құра алмағандықтан да туады. Кейбір
оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дұрыс бағалай білмейді.
Сондықтанда артта қалады.
Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау
болмағандықтан оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу үлгермеу оқушыға
қатты әсер етеді. Ол өз күшіне сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді.
Артта қалуды жою құралдарының бірі – қосымша сабақ. Оқушылармен бұл жұмысты
бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек. Егер оқушы
ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен
істелінетін өзіндік жұмыс ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса оны
тым қамқорлыққа ала бермей, мұғалімнің жолдастарының ата-аналардың
бастауымен оны жұмыс істеуге көндіре керек.
Жеке жұмыс – артта қалу басталысымен мұғалім оқушыға көмек көрсетуі
керек. Істелетін жұмыстар ерікті де міндетті сипатта болуы керек. Әсіресе
нашар оқушыларға көмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек.
Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді көп пайдалануға болмайды.
Әсіресе, сыныпты түгел қалдыру зиян. Өйткені жұмыс нәтижесі болмайды.
Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі – оқу жұмысын
жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығынан
болады. Мұғалім міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету.
Білім негізі – бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай.
Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы – жоғары
сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды.
Оған бастауыш мұғалімінің жыл сайын төрт жыл оқытып, қолдарынан шығарып
жүрген жас түлектерінің білім жүйесі айғақ болады. Сондықтанда бастауыш
сыныптарда сабақ беру жүесін жетілдіруге халық ағарту органдары көп көңіл
бөлініп келеді. Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше
жұмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде.
Әрине, бұл – мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы,
қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық
шеберлігіне, ізденгіштігіне жеке басының білімі мен ерекшелігіне
байланысты.
Орыстың тамаша демократы В:Г:Белинский тәрбиешіні, мұғалімді бекерге
бағбанмен салыстырмаған.
Бастауыш сынып оқушыларын жоғары сыныпқа барғанда сабақты нашар оқитыны
және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі: бірінішісі – бастауыш
сыныптарда оқыту жұмыстарының дер кезінде жүйелі, тиянақты, сапалы
өтілмеуінен, екіншісі – мұғалімдердің тәжірибесіздігі мен методиканы жете
меңгермейтіні, шеберлігінің жоқтығы, күнделікті өмірдің жаңалықтарынан
бейхабарлығы, өз жұмысына немқұрайлы қарайтындығы.
Осындай жағдайлардан барып оқушылар өткен сабақты толық түсіне алмайды.
Өйткені сабақ қызықсыз, тартымсыз болғандықтан, бала ынта қойып тыңдамайды.
Сондықтан үй жұмысы да орындалмайды. Бала өткен материалға
түсінбегендіктен, жаңа сабақты да түсіне алмайды. Себебі бір сабақ екінші
сабақпен байланысты. Сабақ үлгермеушілк біртіндеп келіп осындайдан шығады.
Кейде сабақ қызықты, өз дәрежесінде өтіп жатыр делік. Осындай жағдайда
да кейбір оқушылар көңілмен тыңдамай, басқа жұмыспен айналысып отырып,
сабақты түсінбей қалады. Мұғалім де ол оқушыны аңғармай қалады, бұлда сабақ
үлгермеушілікке апарып соғады. Сондықтан мұғалім сабақ өткізгенде де сақ
болуы керек. Әр баланың тек сабақ емес, сабақтан тыс уақытта да
психологиясына, біліміне, қабылдау қабілетіне, үй жағдайына да көңіл
бөлінсін. Оның қай сабақтан үлгермейтіні есепке алынып, кезінде көмек
берілсін. Бұлар – үлгертудің жолы.
Осындайлардың өте жақсы оқушы – жақсыға, жақсы ортаға, орташасы нашар
оқитын болады. Олардың қызығушылығы жойылады да, үлгермеушілер көбейе
бастайды. Оқушының сабақ үлгермеуінің тағы бір себебі: мұғалім олардан
кезінде сұрамайды. Күдер үзіп, көңілі қалған бала сабақ оқуды қояды. Бұл –
мұғалімнің қатесі.
Үлгермеушілк ата-аналармен жүйелі қарым-қатынас жасамаудан да шығады.
Баланың үйінде жағдайы болмаса, сабақты оқуға да ынтасы болмайды. Оқушының
сабаққа келмеуі немесе жиі-жиі кешігуі дер кезінде анықталмаса да залал.
Мұғалім ауырып немесе басқа себептен келмей қалса, кез келген мұғалімді
жібереді. Ол сабаққа дайындалмайды және сыныптың талабын да білмейді. 4
сыныпқа барғаннан кейін 3 сыныпта үлгерген оқушының да үлгермеуі мүмкін. Ол
– жыл басында пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің жыл бұрын
бекітілуінен. Оның үстіне мұғалімдердің жиі ауысып, сабақ кестесінің
тұрақты болмауынан да болады. Міне, оқушылардың үлгермейтін себебін қысқаша
айтқанымызда осылай. Енді сол себептерді болдырмау жолына бәріміз болып ат
салысуымыз керек.
Бұл істер әрбір мұғалім өз алдындағы талаптарды жете түсініп, қолынан
келетін жұмысты дұрыс ұйымдастырып, қажымай-талмай көп ізденіп, еңбек етсе,
сөзсіз, ойдағыдай орындалады. Бұған қазір барлық жағдай бар. Ең басты -
әрбір жеке пән мұғалімінің сол пәнен терең білімі болуы қажет. Екінші – сол
білімді оқушыларға саналы түрде жеткізе білу.
Оқушы сабақ айтып тұрғанда ойын бөлмей, жауабы аяқталған соң, бағаны не
үшін қойғаныңды баланың берген жауабының кемістігі мен жетістігін айта
түсіндірген жөн. Бұл сөзсіз, оқушылардың сабақ үлгеруіне, материалдарды
саналы меңгеруіне ықпал жасайды.
Оқушы жауап бере алмай тұрып қалса, мұғалім ой салатындай жетекші сұрау
беру керек. Мұндайда жауаптың мазмұнды мазмұн толықтығына ғана емес, оның
тіліне, ой жүйесіне бастауы мен аяқтауына көңіл бөлген дұрыс. Сонда
оқушының тілі ұстарып, оған қойылған баға әділ болады да оқуға, өзіне деген
сенімі артады.
Үй тапсырмасының маңызы өте зор. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге
үйретіп, жауаптылық сезімін туғызады, білімді игеріп алуға көмектеседі.
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны, сондай-ақ оны орындаудың тәсілдері
сабақ үстінде түсіндіріледі. Мақсат олардың сабақ үстінде алған білімдерін
бекіту, үйренген дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өздігінен білім алу
шеберлігін дамыту. Мысалы, оқушы бір қысқа өлеңді жаттау үшін ол алдымен
өлеңді 3-4 жолдан бірнеше бөлімге бөліп, әуелі бірініші бөлімін, содан
кейін екінші білімін бірнеше рет қайталайды. Соңынан ол бөлімдерді қосып,
тағы жаттайды. Өлең жаттаудың жаттаудың басқада тәсілі көп. Кейбір оқушылар
өлеңді әуелі басынан аяғына дейін түгел 2-3 рет оқып шығады, қиын жерлерін
қайталап оқиды, осыдан соң түгел қайталайды. Зерттеулерге қарағанда өлең
жаттаудың бұл түрі де нәтижелі.
Қабағын түйіп, ашулы дауыспен, жекірумен сабақ өткізетін мұғалімдер де
бар. Әрине , ондай мұғалімнің сабағы оқушыларды тартпайды да,
қызықтырмайды. Ал, өз пәнін, оның методикасын, балалардың өзгешелігін,
психологиялық процестерін жетік білетін мұғалімдерді, сөз жоқ, оқушылар
ұнатады да құрметтейді және ондай мұғалімнің сабағында жалықпайды.
Атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, бала мұғалімінің бет құбылысы
мен дауыс ырғағынан не айтқалы тұрғаннан білгені пайдалы екенін тәжірибе
көрсетеді.
Ақауы жоқ, таза қанды, тоқырап, тоқтап қалуды білмейтін, өз білмегенін
біреуден көрмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек
мектепке.
Мектептің жүрегі бола білуі - өмірден өз орнын табу деген сөз. Жас
ұрпаққа білім берудің негізгі формасы – сабақ. Онда материалды түсіндіріп
қана қоймай, балалардың білімін тексерудің маңызы зор.
Үлгермеушілікті тудыратын факторлардың бірі – мұғалімнің оқушы білімін
тексерудің және бағалаудың әр түрлі әдістерін орынды пайдалана білмеуінде.
Күнделікті сабақ барысында 3-4 оқушыдан ғана сұрап, сол бағалардың
негізінде тоқсандық қорытыныды шығару оқушы білімінің дәрежесін толық
көрсетпейді. Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстары үшін
күнделікті бағалардың негізінде тоқсандық баға қойылады. Баға қойғанда
оқушылардың жазбаша жұмыстарының сауаттылық дәрежесі еске алынуы тиіс.
Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалауда мына негіздерге сүйенеміз:
1) Оқушы білімінің толықтығы, яғни оқып жүрген сыныбының бағдарламалық
материалын толық меңгеруі.
2) Оқушының білім сапасы.
а) Оқушы анықтамалар мен ережелерді жете түсіне ме, оны мысалдар
келтіріп, дәлелдеп айтып бере алама? Жауаптарында қандай қателер жібереді,
олардың сипаты қандай, қателерін оқушы өздігінен түзей ала ма?
ә) Оқушының алған білімін практикада дұрыс қолдана білуі, берілген
тапсырманы өздігінен толық орындай алуы.
3) Оқушы оқу материалын стильдік жағынан жатық тілмен толық
айтып бере алуы қажет. Баланы оқыту, білім беру, бағалау үлкен тәрбиелік
сапасына жету алуан түрлі жолдармен іске асады. Солардың бірі – сұралған
оқушының білім дәрежесін әділ бағалау, қойылған бағаны жариялау.
Біздің ойымызша, әр бағаның сұралған балаға ғана емес, бүкіл сынып
оқушыларына қатысы бар.
Бағаны жариялау сапасы белгілі тақырып немесе бөлім материалдарын
түгел меңгеруге сынып оқушыларын толық ұмтылдыратындай болсын. Ол үшін
оқушыға қойылған баға жай айтыла салмай, жариялана түсіндіріліуі қажет. Бұл
әдіс бойынша екі түрлі мақсат жүзеге асады. Біріншіден, қойылған бағаның
әділдігі дәлелденеді, екіншіден мұғалімнің ескртпесі бойынша оқушы олқы
білетін материалдарын келешекте қайталап жете білуіне нақты тапсырма
алғандай жауапкершілік сезінеді.

педагогикалық шарттары
Сынып жетекшісінің аса маңызды міндеті оқушылрдың тәртібі мен оқу
үлгерімін күшейтуге қамқорлық жасау болып табылады.
Осы мақсатпен сынып жетекшісі оқушылардың сабақ үлгеріміне үнемі
бақылау жасап отырады. Ол сынып журналдарын үнемі қарап, осы сыныпта сабақ
беретін мұғалімдермен әңгімелеседі, олардың сабағына қатысып қойылатын
талаптардың бірегей болуына, үйге берілетін тапсырмаларының біркелкі
берілуін қамтамасыз етеді, оқушыларға тапсырмалардың шамадан тыс берілмеуін
қадағалайды.
Балалардың үлгерімі туралы ата-аналарды дер кезінде хабардар етіп отыру
мақсатымен сынып жетекшісі әдетте оқушының сол аптада алған бағалары оның
күнделігіне қойылғаны, қойылмағанын аптасына бір рет сынып журналы бойынша
тексереді, егер кейбір баға қойылмаған болса, оны күнделікке сынып
жетекшісінің өзі қойып отырады. Сынып жетекшісі оқушының бақылау жұмысынан
алған бағасын да күнделікке жазады.
Сынып жетекшісі ата-аналардың қолы күнделікте барма, жоқ па оны да
тексеріп отырады, егер қажет болған жағдайда тәртіп бұзып, мектептің жеке
талаптарын орындамаған жөнінде ескертулер жазады. Егер сынып жетекшісі,
себепті жағдаймен сабақтан қалып қойған қайсыбір оқушыға көмек көрсетуқажет
деп тапса, бұл туралы сол сыныпта осы пәннен сабақ беретін мұғаліммен
немесе сыныптағы озат оқушылардың бірімен келіседі.
Сынып жетекшісі әрбір баламен жеке әңгімелесіп, түсіндіру әдісін
кеңінен қолданылады. Ол: күн тәртібі, үйде сабаққа қажет дайындық керек
екені, өзінің жұмыс орнын қалай дайындаудың қажет екені жайлы ұжыммен
әңгімелер де өткізеді.
Сыныпта оқушылардың жазбаша үй тапсырмаларын қалай орындағанын
тексеруге болады. Дәптерлерді сабақ басталғанға дейін-ақ тексеріп,
тапсырманың қалай орындалғаны, оның нәтижесі туралы мұғалімге хабарлайтын
оқушыларда бөлінеді. Әрине мұндай оқушылар тек тапсырманың орындалғанын
немесе орындалмағанын ғана біле алады. Дегенмен осындай тексерудің өзі де
жекелеген ынтасыз оқушыларға қатты әсер етіп, мұғалімге оқушы тапсырма
орындалмай келген жағдайларын түгелдей ескеріп отыруға көмектеседі.
Әрбір сынып оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап отырады. Оқушының
белгісіз себептермен екі күннен артық уақыт сабақтан қалауынынң өзі сынып
жетекшісін алаңдатуға тиіс. Ол үшін оқушынынң үйіне барып, сабаққа не үшін
келмегендігін білуі тиіс. Сабақ үлгерімін көрнекті түрде есептеудің кейбір
жолдарын оқушыларға үйретуге болады. Мәселен, сенің апта ішіндегі оқуын
деген қабырға бұрышын жасап, оған оқушылардың әрбір сабақтан алынған
бағаларын қондырып, аптаның қорытындысы бойынша озаттар мен артта
қалғандарды анықтауға болады.
Әрбір күнді екіліксіз өткізу үшін күрес жүргізу пайдалы. Егер сынып
жетекшісі оқу жұмысындағы осындай міндеттердің бәрін орындауға мұқият
қарап, инициативті көрсетіп, оқушыларды осындай істерге еліктіре білсе оның
сыныбында оқушылардың үлгерімі мен тәртібі жақсара түседі.
Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда да, сыныпта
бірнеше артта қалған және үлгермейтін оқушылар болады.
Бұл құбылыс мейлінше сан алуан себептерден, кейде ұзаққа созылған
сырқаттан туады. Сондай-ақ мұғалім оқушының ерекшелігін ескермей, онымен
өзінің жұмысын онша дұрыс құра алмағандығынан да болуы ықтимал.
Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі бағалай
білмейді, сондықтанда артта қалады, қалғандарына зиян келтіреді. Ата-аналар
тарапынан олардың оқуына және мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушы
үлгермеу жағдайы көп артта қалу, үлгермеу және екінші жылға қалып қою
оқушыға жаман ықпал етеді. Ол өзінің күшіне сенуден айрылады да, оқуды жиі
тастап кетеді. Үлгермеу мен екінші жылға қалып қою мемлекетке үлкен
материалдық зиян келтіреді. Сондықтан да артта қалу мен үлгермеуді жою
мұғалімнің аса маңызды борышы.
Артта қалуды жою құралдаырның бірі оқушымен қосымша жұмыс істеу болып
табылады. Жұмыс формасы мен оның көлемін дұрыс белгілеп алу үшін қосымша
сабақтарды бастардан бұрын оқушының артта қалу себептері мен сипатын
білудің маңызы зор. Егер оқушы ауырып артта қалған бірақ жақсы үлгеретін
болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыспен ұштастырған
қолайлы болады. Егер оқушы жалқауланыса оны тым қамқорлыққа ала бермеу
керек, мұғалімнің, жолдастарының, ата-анасының бақылауымен оны жұмыс
істеуге көндіру керек. Сақтандыратын қосымша дара жұмыс өте тиімді. Артта
қалу басталысымен-ақ мұғалім қажетті көмек көрсетуі тиіс. Қосымша сабақтар
ерікті де, міндетті сипатта болады. Нашарға көмек беру үшін күнделікті
оқушыларды тарту мүмкін де пайдалы. Бірақ бұл жұмысты мұғалім ұйымдастыруы
тиіс. Алайда қосымша сабақтарды да көп пайдалануға болмайды. Әсіресе
қосымша сабаққа сыныпты түгел қалдыру зиян. Мұндай сабақта тиісті нәтиже
бермейді.
Еңбектегі табыс бұл мұғалім мен оқушылардың, ата-аналар мен балалардың
өзара түсіндіру негізі, демек мектеп пен жанұялық қимыл және ттәрбиелік күш-
жігер бірлігі.
Осындай байланыс жасымайынша, көңілдер жараспайынша, өзара
түсініспейінше, ештеңе де тынбайды. Егер барлық бала алдарына қойған
міндеттерді орындаса, егер бір біріне өзар көмектесіп сергек рахаттанса
жұмыс істесе, өткерілген оқу күніне риза болып үйлеріне тараса, және
ертеңгі күнді асыға күтетін болса, онда оқуға деген ынта рат түседі. Ал
мұның өзі мұғалім еңбегі мен оқушы үлгерімін нәтиже көрсеткіштерінің бірі.
Мұғалімдерге В.А.Сухомлинскийдің еңбектегі табысы бұл табысқа жеткен
адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды -
деген сөздерін ұдай етсе ұстауымыз керек. Оқудағы, үлгерім жолындағы күресу
балаларды оқи білуге үйрету, әрқайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне
көмектесу. Ұйымшылдыққа, дербестікке, жауапкершілікке еңбек тәртібіне
тәрбиелеу. Баланың 1-сыныпқа келгендегі мектепке деген ынтасының, білімінің
өшпес отын жаға білудің маңызы қаншалықты зор десеңізші. Ал сабақта бәрінің
оқуға деген белсенділігін қолдау үшін өз оқушыларыңды жақсы біліп, оларға
мұқият болу, шаршағандарын дер кезінде аңғарып жұмыс қабілетін сақтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz