АӨК салаларындағы инновациялық қызметтің теориялық негізін қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚР АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ СИПАТЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 5
1. 1 Агроөнеркәсіптік кешеннің сипаты мен құрылымы 5
1. 2 Агроөнеркәсіптік кешеннің даму жағдайы 20
2 АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 34
2. 1 АӨК салаларының инновациялық даму жолдары 34
2. 2 ҚР АӨК-тегі инновациялар: даму тенденциялары мен болашағы 46
2. 3 АӨК салаларындағы инновациялық қызмет 52
3 ҚР АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ 56
3. 1 ҚР агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын талдау және бағалау 56
3. 2 Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы 68
ҚОРЫТЫНДЫ 76
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өндірілетін өнім сапасын жоғарлату қажеттілігі, қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші, экологиялық таза технологияларды қолдану арқылы өсімдік және мал шаруашылығы өнімін бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етуі атап өтілді. Президенттің осы үндеулерін экономиканың агралық секторын сәйкес материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету және техника мен қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен дамыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Көп салалы экономиканы қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Тақырып өзектілігі. Әлем экономикасының қазіргі даму жағдайында Қазақстанның бәсекеге қабілетті болуының басты жолдарының бірі - елдің аграрлық секторын дамыту. Ғылым мен техниканың дамуы аграрлық секторды дамытуда жаңа инновациялық әдістердің қолдануына алғышарт болып табылады. АӨК тұрақты дамуы - қайтадан қалпына келетін және келмейтін табиғат ресурстарын, бірегей табиғат кешендерін және биологиялық әртүрлілікті максималды сақтай отырып, халықты түрлі азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын даму, яғни экономикалық даму мен табиғатты қорғау арасында қолайлы баланс сақталуы қажет.
Жоғарыда аталған жағдай диссертацияның тақырыбын, мақсаты мен міндетінің қойылымын анықтады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - АӨК салаларындағы инновациялық қызметтің теориялық негізін қалыптастыру және АӨК дамуының қоршаған ортаға келтіретін зиянын анықтау. Диссертациялық жұмыс қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді қамтиды:
- ҚР АӨК салаларының қазіргі жағдайы және оны дамытудағы негізгі мәселелерді анықтау; АӨК салаларының инновациялық даму жолдарын анықтау; АӨК-тегі инновациялық жүйенің қызмет ету механизмін айқындау; ауыл шаруашылығымен қоршаған ортаға келтірілетін зиянды анықтау; ауыл шаруашылығымен алынатын пайда мен қоршаған ортаға жұмсалатын шығын арасындағы қатынасты айқындау; жер қыртысын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүйесін зерттеу.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің материалдары, Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылық министрлігінің арнайы материалдары мен мәліметтері зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, графиктік-сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық болжамдау әдістерін қолдану көмегімен алынды.
Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық қызметтің экономикалық механизмін жетілдіру бойынша ғылыми тұрғыда берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Зерттеу үрдісінде қол жеткізілген жаңалықтар:
- АӨК-тегі инновациялық қызметтің экономикалық механизмі зерттелді; ауыл шаруашылығымен алынатын пайда мен қоршаған ортаға жұмсалатын шығын арасындағы қатынас айқындалып, жер қыртысын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүйесі зерттелді.
- ҚР АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ СИПАТЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- Агроөнеркәсіптік кешеннің сипаты мен құрылымы
Ауыл шаруашылығы саласы көптеген дамыған және дамушы елдер экономикасының негiзгi болып табылады. Ал, аграрлық экономика жалпы экономикалық теорияның органикалық бөлiмi болып табылады. Экономиканың басқа салаларындағы секiлдi ауыл шаруашылығында да экономикалық дамудың жалпы заңдылықтары әрекет етедi. Нарықтық экономиканың көптеген заңдары басқа салалармен салыстырғанда аграрлық экономикада барынша таза түрiнде көрiнедi. Сондықтан көптеген оқулықтарда бұл заңдар ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң мысалдарымен түсiндiрiледi. Салалық экономиканың қолданбалы экономикалық аспектiлерi оның ерекшелiктерi ретiнде зерттеледi. Ал, ауыл шаруашылығы экономикасында жеке теория ретiнде көрiнiс табады. Ол ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бірқатар ерекшелiктерiнiң болуымен байланысты түсiндiрiледi. Ол ерекшелiктер бiрiншiден, халық шаруашылығының негiз құраушы саласы болып табылады, екiншiден басты өндiрiс құралы ретiнде жер пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруда жердi рационалды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған жердi басқару жүйесiн жасау маңызды роль атқарады. Үшiншi ерекшелiгi ауыл шаруашылығындағы қоғамдық еңбек бөлiнiсi өнеркәсiп салаларына қарағанда басқаша. Мысалы, трактор зауыты тек қана трактор және оның қосалқы бөлшектерiн бередi, ал ауыл шаруашылығында көптүрлi өнiм өндiрiледi. өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерi бiр уақытта, бiр шаруашылықта өндiрiле алады. Жоғарыдағы ерекшелiктерiне байланысты ауыл шаруашылығының төртiншi ерекшелiгi келiп шығады. Ол - ауыл шаруашылығындағы өндiрiсiнде өндiрiс құралы ретiнде тiрi ағзалар, өсiмдiктер мен жануарлар пайдаланылатындықтан мұндағы экономикалық үдерiс табиғи-климаттық факторларға тәуелдi. Ауыл шаруашылығындағы өндiрiс кезеңi негiзiнен өсiмдiктер мен жануарлардың өсуi мен дамуының табиғи шарттарымен анықталады., сондықтан жұмыс кезеңi өндiрiс кезеңiмен сәйкес келмейдi. Мұндай сәйкессiздiк ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маусымдылығын бiлдiредi. Осы жерден жұмыс күшiн рационалды пайдалану қажеттiлiгi, техникаларды пайдалану ерекшелiктерi, ақша қаражаттарының түсуi мен олардың айналыс ерекшелiктерi, өндiрiстiң басқа элементтерi мен салаларының рационалды байланысы келiп шығады. Ауыл шаруашылығының бесiншi ерекшелiгi - мұнда алынған өнiмнiң болашақтағы өндiрiс үдерiсiнде шикiзат ретiнде қолданылуы. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығы басқа салалары үшiн шикiзаттық ресурс базасы болып табылады. Бұдан басқа ауыл шаруашылығының әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiгi бар. Ол салада шаруашылық жүргiзудiң және меншiк нысандарының әртүрлi болуы. Осы ерекшелiктерiнен өндiрiстi дамытуда халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына барынша кең шаруашылық еркiндiк беру қажеттiгi туындайды. [1]
Ауыл шаруашылығында қоғамдық еңбектiң, күн энергиясын, табиғаттың әсер етушi күштерiн және өсiмдiктер, жануарлар мен микроағзалар өмiрiнiң биологиялық процестерiн пайдаланудың әсерiнен адамның мүдделерi үшiн қолданылатын органикалық заттардың көбею үдерiсi болады. Бұл үдерiс тек ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ғана тән. Ауыл шаруашылығындағы ұдайы өндiрiстiң экономикалық үдерiсі ұдайы өндiрiстiң табиғи үдерiсiмен ұштастырылады. Ауыл шаруашылығының басқа өндiрiс салаларынан түбегейлi өзгешелiгi осында жатыр. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру, оның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тек экономикалық заңдардың ғана емес, сонымен бiрге табиғат заңдарының, өсiмдiктер мен жануарлардың ұдайы өндiрiсiнiң биологиялық заңдылықтарының да әсерiн ескеру қажет. Жер - ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ең басты және өзгермейтiн құралы болып табылады. Оның бiрегей қасиетi - дұрыс пайдаланған жағдайда өзiнiң құнарлылығын арттырады. Ауыл шаруашылығында тiрi ағзалар - агробиологиялық ғылымның талаптарын орындауда жоғары нәтижелерді қамтамасыз ете алатын мәдени өсiмдiктер мен жануарлар - өндiрiс құрал-жабдықтары мен еңбек заттары болып табылады. Егiншiлiк пен мал шаруашылығындағы жүйесi еңбек заттары мен құралдары ретiнде жердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың ерекшелiктерiне негiзделедi.
Ауыл шаруашылығы өзiнiң даму үдерiсiнде мүлдем бөлек егiншiлiк пен мал шаруашылығы салаларына бөлiнбейдi. Ол тек белгiлi бiр аймақтың экономикалық және табиғи жағдайларына сәйкес тауар өнiмiнiң әртүрлi түрлерiн өндiруге ғана маманданады. Осы табиғи ерекшелiктi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыруда және мамандандыруда ескеру қажет. Ауыл шаруашылығындағы өндiрiс үдерiсiнде көптеген табиғи факторлар пайдаланылады. Олар еңбек үдерiсiне қатысады, бiрақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң құнына кiрмейдi. Алайда, ауыл шаруашылғы өнiмi оны өндiрумен байланысты шығындарды шегерiп тастағанда қалғанын физиократтар таза өнiм деп оның өндiрiс бөлiнуi мен айналысына талдау жасады. Физиократтардың таза өнiмi - қосымша өнiммен қосымша құнның жақын түрi, оны бiрыңғай жер рентасына жатқызып, жердiң табиғи өнiмi деп түсiндiрдi. Ауыл шаруашылығының осы ерекшелiктерi экономикалық заңдарға және олардың пайдалану сипатына өз әсерiн тигiзедi.
Ауыл шаруашылығы экономикасы - дербес экономикалық ғылыми пән. Алайда, оған берілген анықтамалар біржақты емес. Мәселен, А. М. Емельянов «Ауыл шаруашылығының экономикасы ауыл шаруашылығында өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуын, социализмнiң экономикалық заңдарының әсер ету және пайдалану ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым» деген анықтама бередi. Алайда, автордың «ауыл шаруашылығы экономикасы өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастарды зерттейтiн ғылым» деген тұжырымымен келiсуге болмайды. Мәселе мынада: қоғамның табиғатқа қатынасын бейнелейтiн өндiргiш күштер жаратылыстану және техникалық ғылымдардың зерттейтiн пәнi болып табылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын адамдардың өндiрiстiк қатынастары ауыл шаруашылығы экономикасының зерттеу пәнi болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында республиканың ауыл шаруашылығының жүйесi әртүрлi меншiк нысандарының базасында қалыптасады. Республиканың ауыл шаруашылығы жүйесiн нарықтық типтегi ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, iшiнара акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, фирмалар, серiктестiктер, шаруа қожалықтары, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қосалқы шаруашылықтары, шағын және орта бизнес кәсiпорындары, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары құрайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесiнiң жалпы құрылымын келесі схемадан көруге болады:
Сурет 1 - ҚР ауыл шаруашылығының жүйесi [1, б. 20-21]
Ауыл шаруашылығының теориялық негiздерiн талдағанда тұтас агроөнеркәсiптiк кешеннiң құрылымы мен құрамын қарастырмау мүмкiн емес. Себебi, ауыл шаруашылығы саласы осы агроөнеркәсiптiк кешеннiң негізгі саласы болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешен - бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы.
АӨК-нің қазіргі құрамы 4 негізгі сферадан тұрады. Бірінші сфера - ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізуші өнеркәсіп салаларының жиынтығы. Осы сфераға жататындар:
- машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын, Қостанай дизель зауытын және мал шаруашылығына қажетті машиналар шығаратын 3 зауытты жатқызуға болады. («Манкентживмаш», «Актюбсельмаш», Мамлют машина зауыты) ; химия өнеркәсібі. Минералды тыңайтқыш өндірісі мен айналысатын кәсіпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Республикада өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының жартысы ТМД елдеріне экспортталады; микробиологиялық өнеркәсіп. Бұл өнеркәсіпке Шымкент гидролиз зауыты, Түркістан жемдік антибиотиктер зауыты, Степногорскідегі «Прогресс» зауыты кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізушілердің өзара қатынасы өндіріс құралдары нарығы арқылы жүзеге асады. Өндіріс құралдары нарығы немесе инвестициялық тауарлар нарығы бүкіл негізгі және айналым капиталдарын, сондай-ақ өндіріс құралдарын алу үшін талап етілетін ақша қаражаттарын да өзіне қосады.
Екінші сфераны өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндірістік-технологиялық, агрохимиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету салаларын біріктіретін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығы күрделі экономикалық және табиғи-биологиялық жүйемен көрінеді. Бұл жердегі ұдайы өндіріс жерді, өсімдік пен жануарларды пайдалануға және де экономикалық және табиғи-биологиялық заңдардың өзара әрекет етуіне негізделеді.
Үшінші сфера - ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін өндіріс салаларының жиынтығы. Мұнда тамақ, ет-сүт, ұн, жем дайындау өнеркәсіптері, сондай-ақ дайындау ұйымдарының желісі біріктірілген.
Қайта өңдеу өнеркәсібі 25 саланы біріктіреді. Олардың негізгілері ет - 24, 7%, сүт - 10, 5%, нан және макарон өнімдері - 7, 3%, кондитер - 3, 9%, ұн және жем дайындау - 17%, жүнді алғашқы өңдеу - 15, 9%.
Агроөнеркәсіптік кәсіпорынның басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнынан айырмашылығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде оны қайта өңдеу кезеңдерін де қосады, басқаша айтқанда тұтынуға дайын өнімдерді алады. Ал соңғы өнім тек қана аграрлық сектордың шикізат саласы және өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларымен тығыз өндірістік-экономикалық байланысының негізінде, сондай-ақ өнімді жеткізу мен өткізуде алынады.
АӨК құрамында төртінші сфера маңызды орын алады. Төртінші сфераға өндіріс дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ететін жол-көлік шаруашылығы, байланыс, материалдық-техникалық қызмет көрсету, сақтау жүйесі, қойма шаруашылығы секілді инфрақұрылым салалары кіреді. Әрбір салада өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарда бөліп көрсету қабылданған. өндірістік инфрақұрылым тікелей өндіріске қызмет етуші салалар, әлеуметтік инфрақұрылым - адамның өмір сүру шарттарын қамтамасыз етуші салалар [2] .
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, дағдарысқа байланысты қиын жағдай қалыптасса да, елімізде халықтың әлеуметтік жағдайы төмендемейді. Ал дағдарысқа қарсы мемлекеттің іс-қимыл жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы - ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі. Елбасымыздың былтырғы Жолдауында «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» әртараптандырудың маңызды бір сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.
Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды. Сондықтан біздің міндетіміз - 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру. Бұл күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек.
Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс.
Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары. Қазірдің өзінде «Жетіген-Қорғас»және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілері салынып жатыр, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің рыноктарына жол ашады. Таяауда салуға кірісетін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы - тауарлар үшін маңызды магистраль. [3]
2009 жылы аграрлық секторды мемлекеттік қолдау деңгейі 2008 жылғы көрсеткіштен 1, 7 есе асып түсті. Соның ішінде субсидия беру 2 есе, несиелендіру деңгейі 2, 2 есеге өсті. Нәтижесінде, егіс көлемі артып, 15, 6 миллион тонна астық алынды, мал шаруашылығында да ілгерілеу байқалды. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу де едәуір жақсарды. Халық қажет ететін негізгі тағам түрлерінен тұрақтандыру қорлары құрылып, бұл ішкі рынокта азық-түлік бағасының тұрақты болуына ықпал етті. Ірі қалалар айналасында азық-түлік белдеулері қалыптаса бастады.
Биыл республика бойынша жалпы аумағы 17, 8 млн. гектар жерге егін егіледі. Облыстық әкімдіктердің ауыл шаруашылық мекемелерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 2009 жылға қарағанда 243, 3 мың гектарға немесе 1, 4 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде астық 16, 0 миллион гектар аумаққа, майлы дақылдар 824, 5 мың гектар жерге, ал мақта 158, 4 мың гектарға, сондай-ақ қант қызылшасы 16, 4 мың гектарға, көкөніс және бақша дақылдары мен картоп 327, 5 мың гектар аумаққа, жеп-шөп дақылдары 433, 3 мың гектарға егіледі.
2009 жылдың егініне қажетті 2060, 9 мың тонна жаздық егіс тұқымының 99, 1 пайызы немесе 2041, 8 мың тоннасы жинақталған. Тек тұқымнның жетіспеушілігі Шығыс Қазақстан облысында 18, 6 тонна, ал Жамбыл облысында 4, 2 мың тонна көлемінде анықталып отыр. Бұл қажеттілікті мемлекеттік тұқым ресурстары мен облысаралық айырбастау арқылы толықтыру жоспарлануда. Қазіргі кезде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ мен облыс әкімдіктері аталған мәселені шешу бойынша жұмыстарды жүргізуде. 2009 жылдың басында жалпы 2041, 8 мың тонна тұқымның 935, 7 мың тоннасының сапасы (45, 8) тексерілді. Кондицияға жеткізілген тұқым 919, 7 мың тоннаны құрады. Егіс стандарттарының бірінші классына 387, 4 мың тоннасы, екінші классына 355, 3 мың тоннасы, сондай-ақ үшінші классқа 176, 9 мың тонна тұқым сәйкес келеді. Кондицияға жетпеген тұқымның көлемі республика бойынша 16, 0 мың тоннаны (0, 8 пайызды) құрады.
Егін шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау ішкі рыноктың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының (қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек және тағы басқа) 1 гектарына кететін шығындарын субсидиялауға, тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр. Нәтижесінде 2008 жылы қант қызылшасының көлемі - 39 пайызға, майлы дақылдар - 34, 5 пайыз, көкөніс 16, 8 пайызға өсіп отыр. 2009 жылдан бастап минералды тыңайтқыштар ендірілетін егіс көлемін ұлғайту мақсатында, ауылшаруашылық тауар өндірушілері пайдаланатын минералды тыңайтқыштардың құнын 50 пайыз арзандатуға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама жұмыс істей бастады. Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жыл сайын мал тұқымын асылдандыруға, ірі қара мал, қой, шошқа, құс еттері мен сүт, жұмыртқа өндіруге керекті құрамажем бағасын төмендетуге кететін шығындарға субсидиялар берілуде. Алайда, республика бойынша асыл тұқымды мал санының жыл сайын өсуіне қарамастан, олардың үлес салмағы әлі де төмен. Мәселен, мүйізді ірі қара мал шаруашылығында - 3, 6 пайыз, қой - 6, 9 пайыз, жылқы - 2, 5 пайызды құрайды. Алдағы кезде де мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін істелетін жұмыстар сапалы мал өнімдерін өндіруді молайту мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге бағытталуы керек. [4]
2010 жылғы қаңтар-сәуіде шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылы-мы 782, 4 млрд. теңгені құрады.
2009 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағаларда) 10, 9%-ға төмендеп, 155, 9 млн. теңгені құрады.
Кесте 1 - 2010 жылғы қаңтар-сәуірде шағын және орта субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. тг [5]
2010 жылғы 1 мамырға ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2013, 2 мың адамды құрады. Соның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар-514 804, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар-236 167, жеке кәсіпкерлер - 824 164, шаруа (фермерлік) қожалықтарында - 438 035 мың адам.
Сурет 2 - Шаруа қожалықтарындағы жұмыспен қамтылғандар сандарының өзгеруі, % [5]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz