Ағынды суларды тазарту



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3

1. Ішкі су қоймаларының ластану көздері ... ..4
2. Ағынды суларды тазарту әдістері ... ... .6
3. Aғынды суларды тазартудың технологиялық схемасын таңдау ... ... ... ... ... 8
4. Коагулянттарды қолдану арқылы ағынды суларды тазартудың физико.химиялық әдісі ... ... ... ... ... .9
4.1 Реагенттерді дайындау ... ... ... ... ... ... ... 9
4.2 Реагенттер дозасын оптимизациялау ... ...10
4.3 Ағынды суларды реагенттермен араластыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
5. Салмақталған бөлшектерді судан ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
6. Ағынды сулардың тұнбалары мен белсенді балшықты пайдалану ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 14

Әдебиеттер тізімі
Су – ең бағалы табиғи ресурс. Ол, өмір негізін құрайтын, зат алмасу процессінде ерекше роль ойнайды. Судың, әсіресе өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісте маңызы зор. Адамның күнделікті қажеттіліктеріне, өсімдіктердің барлық түрлеріне және жануарларға судың қажеттілігі де баршаға мәлім. Көптеген тірі организмдер үшін ол тіршілік ету ортасы болып табылады.
Қалалардың өсуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы, ауыл шаруашылықтың интенсификациясы, суарылатын жерлердің аудандарының ұлғаюы және де басқа да факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін одан сайын күрделендіре түседі.
Су қажеттілігі өте үлкен жіне жыл сайын өсіп келе жатыр. Жер шары бойынша сумен қамтамасыз етудің барлық түрлерінің жыл сайын суды жұмсауы 3300-3500 км3. Сонымен қатар барлық су пайдаланудың 70% ауыл шаруышылығында пайдаланылады.
Судың көп бөлігін химиялық жіне целлюлозды-қағаз өнеркәсібі, қара және түсті металлургия жұмсайды. Энергетиканың өсуі де су қажеттілігінің күрт өсуіне әкеп соқтырады. Судың бірталай бөлігі мал шаруашылығы қажеттіліктеріне, сонымен қатар халықтың тұрмыс жағдайына пайдаланылады. Күнделікті тұрмыс қажеттілігіне пайдаланыланылған кейін судың көп бөлігі өзендерге ағынды сулар түрінде оралады.
1. Жуков А.И. Монгайт И.Л., Родзиллер И.Д. Методы очистки производственных сточных вод М.: Стройиздат.
2. Евилович А.З. Утилизация осадков сточных вод М.: Стройиздат 1989
3. А.Г. Банников , А.К. Рустамов, А.А Вакулин Охрана природы М.: Агропромиздат 1987
4. П.И. Капинос, Н.А. Панесенко Охрана природы Киев: “Выща школа” 1991
5. Комплексное использование и охрана водных ресурсов. Под редакцией О.А. Юшманова М.: Агропромиздат 1985
6. Методы охраны внутренних вод от загрязнения и истощения Под редакцией И.К. Гавич М.: Агропромиздат 1985
7. Охрана производственных сточных вод и утилизация осадков Под редакцией В.Н. Соколова М.: Стройиздат 1992.

Тақырыбы: Ағынды суларды тазарту

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Ішкі су қоймаларының ластану
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Ағынды суларды тазарту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6

3. Aғынды суларды тазартудың технологиялық схемасын
таңдау ... ... ... ... ... 8

4. Коагулянттарды қолдану арқылы ағынды суларды тазартудың

физико-химиялық
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 9

4.1 Реагенттерді
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9

4.2 Реагенттер дозасын
оптимизациялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0

4.3 Ағынды суларды реагенттермен
араластыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .11

5. Салмақталған бөлшектерді судан
ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

6. Ағынды сулардың тұнбалары мен белсенді балшықты
пайдалану ... ... ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15

КІРІСПЕ

Су – ең бағалы табиғи ресурс. Ол, өмір негізін құрайтын, зат алмасу
процессінде ерекше роль ойнайды. Судың, әсіресе өнеркәсіп және
ауылшаруашылық өндірісте маңызы зор. Адамның күнделікті қажеттіліктеріне,
өсімдіктердің барлық түрлеріне және жануарларға судың қажеттілігі де
баршаға мәлім. Көптеген тірі организмдер үшін ол тіршілік ету ортасы болып
табылады.
Қалалардың өсуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы, ауыл шаруашылықтың
интенсификациясы, суарылатын жерлердің аудандарының ұлғаюы және де басқа да
факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін одан сайын күрделендіре түседі.
Су қажеттілігі өте үлкен жіне жыл сайын өсіп келе жатыр. Жер шары
бойынша сумен қамтамасыз етудің барлық түрлерінің жыл сайын суды жұмсауы
3300-3500 км3. Сонымен қатар барлық су пайдаланудың 70% ауыл шаруышылығында
пайдаланылады.
Судың көп бөлігін химиялық жіне целлюлозды-қағаз өнеркәсібі, қара және
түсті металлургия жұмсайды. Энергетиканың өсуі де су қажеттілігінің күрт
өсуіне әкеп соқтырады. Судың бірталай бөлігі мал шаруашылығы
қажеттіліктеріне, сонымен қатар халықтың тұрмыс жағдайына пайдаланылады.
Күнделікті тұрмыс қажеттілігіне пайдаланыланылған кейін судың көп бөлігі
өзендерге ағынды сулар түрінде оралады.
Тұщы судың тапшылығы қазір-ақ әлемдік мәселеге айналып келе жатыр.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылықтағы судың қажеттілігінің өсуі, барлық
мемлекеттерді, әлем ғалымдарын бұл мәселені шешудің әр түрлі жолдарын
іздеуге мәжбүр етеді.
Қазіргі деңгейде су ресурстарын тиімді пайдаланудың келесі жолдары
қарастырылады: тұщы су ресурстарын неғұрлым толық пайдалану мен кең өрісіті
өндіріс; су қоймаларының ластауын болдырмайтын жаңа технологиялық
процесстерді шығару және таза суды пайдалануды минимумға алып келу.

1 ІШКІ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ

Су ресурстарының ластануы ретінде су қоймаларына сұйық, қатты және газ
тәріздес заттардың түсу салдарынан болатын, сонымен қатар сол су қоймасының
суын жарамсыз ететін, шаруашылыққа зиян келтіретін және халық денсаулығына
қауіп төндіретін, судың кез-келген химиялық, физикалық және биологиялық
қасиеттерінңі өзгеруін түсінеді. ғкСу асты және жер беті суларының
ластануын келесідей топтарға бөлуге болады:
механикалық – механикалық қоспалары көп мөлшерде кездеседі, әсіресе
жер беті суларының ластануына тән.
химиялық – улы және улы емес әрекеті бар органикалық және
бейорганикалық заттардың суда болуы.
бактериялық және биологиялық – су құрамында әр түрлі патогенді
микроағзалардың, саңырауқұлақтардың және майда балдырлардың болуы.
радиоактивтік – жер беті немесе жер асты суларында радиоактивтік
заттардың болуы.
жылулық – су қоймаларына атом және жылулық электр станцияларынан
жылытылған судың ағызылуы.
Су қоймаларының негізгі ластау көзі өндірістік және коммуналдық
мекемелердің, ірі мал өсіру комплекстердің, кен өндірістің қалдықтарынан;
шахта сулары,мата өнеркәсібінің, темі жол және су өнеркәсібінің ағынды
сулардың жеткілікті емес тазартылуы болып табылады. Табиғи су қоймаларына
түскен ластаушы заттар судың сапалық өзгеруіне әкеп соқтырады. Олар көп
жағдайда судың физикалық өзгеруіне әсер етеді, мысалы судың нашар иіс
шығаруы, бір түрлі дәмнің болуы және т.б. Судың химиялық құрамының
өзгнеруі келесідей болуы мүмкін: құрамында зиянды затардың пайда болуы, су
бетінде қалқитын заттардың пайда болуы және олардың су түбінде жинақталуы.
Өндірістік ағынды сулар негізінен сол өндірістің қалдықтарымен
ластанады. Олардың сандық және сапалық көрсеткіштері өндірістің түріне,
оның технологиялық процестеріне байланысты болады; оларды негізгі екі топқа
бөледі: бейорганикалық қоспалары бар, соның ішінде улы да, және зиян
заттары бар.
Бірінші топқа құрамында қышқылдар және ауыр металдардың иондары бар
содалық, сульфаттық; никель, қорғасын, мырыш және т.б. байыту
фабрикалырының ағынды сулары жатады. Бұл топтың ағынды сулары көбінесе
судың физикалық өасиеттерін өзгертеді.
Ағынды сулардың екінші тобына мұнай өндіру зауыттары, мұнай химимя
зауыттары, органикалық синтез өндірісі, коксохимиялық өнеркәсіп және т.б.
сулары жатады. Бұлардың ағындыларында неше түрлі мұнай өнімдері, аммиак,
альдегидтер, фенолдар және басқа да көптеген зиянды заттар кездеседі. Бұл
топтың ағынды суларының зиянды әрекеттері негізінен су құрамында оттегінің
жоғалуы мен оның биохимиялық жетіспеушілігінен туады.
Мұнай және мұнай өнімдері қазіргі кезде ішкі су қоймаларының, мұхит
сулары мен теңіздердің негізгі ластаушысы болып табылады. Су қоймаларына
түскен кезде олар түрлі ластау сипаттарына ие: суда бетінде қалқитын мұнай
жабқышы, суда еритін немесе ерімейтін. Су түбіне тұнған ауыр фракциялар
және т.б. Бұл жағдайларда судың дәмі, түрі, түсі, су бетінің тартылымы,
судың қалыңдығы өзгеріске ұшырайды, оттегінің шамасы азаяды, зиянды
органикалық заттар пайда болады, су улы сипатқа ие болып тек адам
денсаулығына ғана зиян болып қалмайды. Мұнайдың12г бір тонна суды қолдануға
жарамсыз етеді.
Өндіріс суларының тағы да бір ластаушысы болып фенол табылады. Ол
көптеген мұнай химия зауыттарының ағында суларында кездеседі. Сонымен қатар
су қоймаларының биологиялық процестері, өздігінен тазару процесі күрт
төмендейді, судың жағымсыз иісі пайда болады.
Атом электростанцияларының радиоктивті қалдықтары өзен суларын
ластайды. Радиоактивті заттар өте ұсақ планктондық миктрорганизмдермен және
балықтармен концентрацияланып, одан кейін тағам жүйесімен басқа жануарларға
өтеді. Планктондық мекендердің радиоактивтіліктер саны олар тіршілік ететін
судан мың есе көп екені анықталған.
Жоғарғы радиоативтілікке (100 кюри 1л және одан да көп су мөлшеріне)
ие ағынды сулар, шығысы жоқ жер асты бассейндерінде немесе арнайы
резервуарларда сақталуы тиіс.
Халықтың өсуі, жаңа және көне қалалардың өсуі тұрмыс суларының табиғи
су бассейндеріне түсуінің артуына әкеп соқтырды. Бұл ағындылар өзер
суларыны ауру туғызатын бактериялар мен гельминттармен толтуының себебі
болды. Көп мөллшерде суды ластағыш ретінде синтетикалық жуғыш заттар
қарастырылады. Олар сонымен қатара өнеркәсіпте жіне ауылшаруашылығында
пайдаланылады. Олардың құрамындағы химиялық заттар, ағынды сулар арқылы
өзендер мен көлдерге түсіп, су қоймалардың биологиялық және физикалық
құрамына әсер етеді. Нәтижесінде судың оттегіні сіңіру қасиеті төмендеп,
органикалық заттар түзейтін бактериялардың жоғалуына алып келеді.
Судың пестицидтармен және минералды тыңайтқыштармен ластануы да алаң
туғызады. Бұл заттар суға егін алқаптарынан жаңбыр суларымен шайылып
түседі. Зерттеу барысында келесідей дәлелдер шыққан болатын: суда суспензия
ретінде болатын инсектицидтер, өзендер мен көлдерді ластайтын мұнай
өнімдерінде ериді. Бұл қатынас су өсімдіктерінің әр түрлі су тазарту
функцияларына әсер етеді. Су қоймаларына түскен бетте пестицидтер
планктонда, бентоста, балықтарда жинақталады, одан кейін қорек жүйесі
бойынша адам организміне түсіп неше түрлі аурулар туғызады.
Жылу электростанциялардың жылынған сулары жылулық ластауға әкеп
соқтырады. Жылынған суда тоеегі аз болады, термиялық режимі күрт өзгереуі
судың флора және фауна әлеміне әсерін тигізеді. Сонымен қатар суда жасыл-
көк балдырлардың өсуіне қолайлы жағдай туады. Сулар гидроэнергетикалық
құрылыстың ағынды суларымен де ластанады, ал навигацияның пайда болуымен
оған флоттардың су ластау да қосылды.

2 АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ

Өзен және басқа да су қоймаларында табиғи су тазару процессі жүріп
жатады. Бірақ, ол өте баяу өтеді. Өндірістік-тұрмыстық ағындылар көп
мөлшерде болмаған жағдайда, өзен сулары өздігінен тазаруға үлгеретін
болған. Біздің индустриялы ғасырымызда, ағынды сулардың шамасының көбейгені
сонша, табиғи су тазарту процессі су ластауымен күресе алмайды. Ағынды
суларды зиянсыздандыру, тазарту және көзін жою қажеттілігі туды.
Ағынды суларды тазарту – ағынды суларды, құрамындағы зиян заттарды
бұзу немесе утилизациялау мақсатымен өңдеуден өткізу. Ағынды суларды
ластаушылардан тазарту – қиын өндіріс. Бұл өндірісте, басқа өндірістер
сияқты, шикізаттар (ағынды сулар) және дайын өнімдер (тазартылған су) бар.
Су тарту әдістерін механикалық, химиялық, физико-химиялық және
биологиялық деп түрлерге бөлуге болады, ал бұлардың барлығының бірігіп
қолдануы комбинацияланған деп аталады. Аталған әдістердің қолдануы судың
ластану деігейі мен зиян заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Механикалық әдістің негізі мынада, ағынды сулардан фильтрация және
тұндыру жолдарымен механикалық қоспалар алынады. Қаттыдисперсті заттар
көлеміне қарай сүзгілермен, құмаулағыштармен, әр түрлі конструкциялы
тезектергіштермен алынады, ал су беті ластанулары – мұнайұстағыштармен,
бензомайұстағыштармен, тұндырғыштармен және т.б. ауланады.Механикалық
тазарту тұрмыс ағынды суларының құрамындағы 60-75% жуық, ал қнеркәсіптік
ағынды сулардан, пайдалы қоспалар болып саналатын және өндірісте
пайдаланатын 95% ерімейтін қоспаларды аулауға мүмкіндік береді.
Химиялық әдісте ағынды суларған түрлі химиялық реагенттерді қосу
арқылы суды тазартады. Бұл реагенттер ластағыштармен реакцияға түсіп,
оларды ерімейтін тұнбаға айналдырады. Химиялық тазарту көмегімен ерімейтін
қоспалар 95% дейін, ал еритін қоспалар 25% дейін азаяды.
Физико-химиялық әдісте өңдеу барысында су құрамынан жұқа дисперсті
және еріген бейорганикалық қоспалар жойылып, органикалық және нашар
қышықылданатып заттар бұзылады. Бұл әдістің коагуляция, қышқылдату,
сорбция, экстраия және т.б. жолдары қолданылады. Бұдан басқа электролиз де
кең қолданыс тапқан. Ол ағынды сулардағы органикалық заттарды бұзуға және
металдарды, қышқылдарды және басұа да бейорганикалық заттарды шығаруға
негізделген. Электролиттік тазарту арнайы электролизер деп аталатын жерде
жүргізіледі. Бұл әдіс қорғасын және мырыш өнеркәсіптерінде өте тиімді.
Ластанған ағынды сулар ультрадыбыс, озон, ионайырбас смола және
жоғарғы қысым жолдарымен де тазартылады. Сонымен қатар суды хлорлау әдісі
де жақсы нәтижелер береді.
Ағынды суларды тазарту әдістері ішінде биохимиялық және өзен
суларының өздігінен физиологиялық түрде тазаруға негізделген биологиялық
әдіс үлкен роль ойнауы тиіс. Ағынды суларды тазартуға негізделген бірнеше
биологиялық құрылғылар бар: биофильтрлер, биологиялық қоймалар және
аэротеноктер.
Биофильтрлерде ағынды сулар жұқа бактериялық пленкамен жабылған
ірідәнді материал қабатынан өткізіледі. Бұл пленканың арқасында биологиялық
қышқылдану процесссі қарқынды өтеді. Ол биофильтрдің бастамасы болып
табылады.
Биологиялық қоймаларда ағынды суларды тазартуға қойманың ішінде
тіршілік ететен барлық организмдер қатысады.
Аэротенктер – темір бетоннан жасалған үлкен резервуарлар. Бұндағы
тазарту негізі – өте майда организмдер мен бактериялардан құралған белсенді
балшық. Бұл тірі заттар аэротенкаларда көлемді тұрде тіршілік етеді. Бұған
ағынды сулардағы органикалық заттар және құрылысқа арнайы түрде жіберілетін
ауадан келетін оттегінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізеді. Бактериялар
түйіршіктерге жиналып органикалық ластануды минералдайтын ферменттер
шығарады. Түйіршіті балшық таза судан ажырап тез тұнады. Инфузорилер,
кебісшелер, амебалар, коловраттар және басқа да тірі организмдер
түйіршіктенбеген бактериялармен қоректене келе, балшықтың бактериялық
массасын жақсартады.
Ағынды сулар биологиялық тазартуға дейін механикалық тазартудан өтеді,
ал одан соң ауру туғызатын бектериялардан тазарту үшін химиялық әдіспен
тазартылады: сұйық хлормен хлорлану арқылы немесе хлор әгімен. Дезинфекция
үшін басқа да физико-химиялық әдістер қолданылады (ультрадыбыс, электролиз,
озондау және т.б.)
Биологиялық әдіс коммуналды-тұрмыс суларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнаймен ластану концентрациясы
Қалдық суларды тазарту әдістері
Ағынды суларды тазарту әдістері
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Мұнай өндіруші кәіпорындарды сумен қамтамасыз ету
Су дайындау технологиясында табиғи суды зарарсыздандыру әдістерін зерттеу
Ақаба суларды тазартудың технологиялық схемалары
Экология және судың ластануы
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Пәндер