Азаматтық қоғамның пайда болуы



І.Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Азаматтық қоғамның пайда болуы туралы көзқарастар
Ә) Мемлекеттегі адам құқықтарының қорғалу механизмі.
Б) Құқықтық мемлекет туралы түсінік.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық катынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада кашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т, Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды камтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоеамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
1. Құрманғазы Сансызбай. «Түркістан 2004»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Азаматтық қоғамның пайда болуы туралы көзқарастар
Ә) Мемлекеттегі адам құқықтарының қорғалу механизмі.
Б) Құқықтық мемлекет туралы түсінік.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі
көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп,
нарықтық катынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір
шамада кашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің
өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін
кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де
иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т, Гоббс, Ш. Монтескье,
Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын
жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша,
азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік
топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты
қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды камтамасыз
етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-
экономикалық және мәдени-рухани қоеамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол
жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл
қоғамда мемлекетгің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал
олардың, атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және
орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар
(отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби,
шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың
өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің
түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына дүние жүзінде кепілдік беріледі.
Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.
Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі —әртүрлі меншіктегі көп укладты
экономика. Бұл қоғамнын әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз
қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке,
тапқырлықка, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және
қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның
халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық
құқықтары жүзеге асырылады:
ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да
болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі,
мамандық тандау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету,
хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Саяси партиялардың алуан түрлілігі
Азаматтық әңгіме мен үкіметті, саяси партияларды біріктіретін қажетті байланыс
Мемлекет және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Мемлекет, теориялық негіздері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында
Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру
Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Пәндер