Австалия материгінің ішкі суқоры, флорасы мен фаунасы


Австалия материгінің ішкі суқоры, флорасы мен фаунасы. Халқы.
ІШКІ СУЛАРЫ
Австралиядағы және оған жақын аралдардағы ағыс ерекшеліктерін төмендегіден цифрлар жақсы көрсетеді. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия өзендерінің ағыс көлемі 1600 км 3 -ге тең ағыс қабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Австралияның жеке ағын көлемі не бары 350 км 3 , ағын қалыңдығы не бары 46 мм құрайды, яғни басқа материктермен салыстырғанда бірнеше есеге аз. Бұл материктің үлкен бөлігінда жауын-шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында таулар мен мұздықтың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына Австралияның беткі бөлігінің 60%-і жатады. Шамамен территорияның 10%-і Тынық мұхитқа, қалған бөлігі Үнді мұхиты бассейніне тиісті. Материктің басты суайрығы - Үлкен Суайрық жотасы, оның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бұл өзендер тек жаңбырмен ғана толығады.
отаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржандар теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұраландап ағады. Азды-көпті біркелкі су ала отырып, олар Аастралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталарды кесіп өтіп кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзеді. Ең ірі өзендердің (Фицрой, Бердекин, Хантер) ұзындықтары бірнеше жүздеген километр. Олардың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 км және одан да көп жерінде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы.
Сондай-ақ Арафур және Тимор теңіздеріне құятын Солтүстік Австралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен Суайрық жотаның солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Австралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылық болатындықтан, шығыс өзендеріне қарағанда әркез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі-жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бұл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей тұстарында кеуіп калады. Солтүстіктің неғұрлым ірі өзендері - Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше мындаған км төменгі ағысы кеме жүзуге колайлы.
Сондай-ақ тұракты су ағыстары материктің оңтүстік-батысында да бар. Бірақ олардың барлығының режимі өте тұраксыз келеді және жазғы құрғақ маусымда ағыстың жекелеген бөліктерінде бірнеше таяз лайлы су қоймаларына айналады.
Австралияның шөлді жэне шөлейт ішкі бөліктерінде тұрақты су ағыстары жоқ. Бірақ онда плювиалдық дәуір жағдайында қалыптасқан, бұрынғы өріс алған су жүйелерінің қалдығы болып табылатын құрғақ арна тармақтары бар. Бұл құрғақ арналар суға жаңбырдан кейін өте қыска мерзімде толығады. Мұндай дүркіндік су ағыстары Австралияда крик деген атаумен мәлім. Олар әсіресе Орталық жазыктықта, кеуіп бара жатқан ағынсыз Эйр көліне қарай бағыт алған жақта өте көп. Налларбордың карсты жазығында тіпті дүркіндік су ағыстары да болмайды, алайда Үлкен Австралия шығанағына қарай ағатын жер асты су жүйесі бар.
Австралияның ірі өзен жүйесі - Муррей (Марри) - Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер Үлкен Суайрық жотадан ағып шығып, оңтүстік ойпатта қосылады. Муррей Дарлингтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып табылады өйткені Дарлингке қарағанда суы неғұрлым мол болады. Муррейдің ұзындығы 2570 км. Дарлингтің ұзындығы - 2830 км. Муррейдің екінші ірі саласы - Маррамбиджи, оның ұзындығы 1690 км. Муррей мен Дарлинг жүйесіне кіретін бүкіл өзендердін режимі өте-мөте әр түрлі. Олардың суы негізінен жауын-шашын есебінен және белгілі мөлшерде Австралия Альпілерінде жауған қар есебінен толығады. Сондықтан су шығынының ең көбі жазда, Муррей мен Дарлингтің деңгейі көтеріліп, олар ойпаң жазыктыққа құйып, кейде бүліншілік су басу туғызған кезде болады. Сөйтіп өзендер кесек материалдардың есепсіз көп мөлшерін алып кетіп, өзен арнасын бітеп тастайды, бұл салалардың бас өзенге құюына жиі кедергі жасайды.
Өзендер арнасы жазықтық алабында бұралаңдап ағып көптеген тармақтар құрады. Муррей мен Маррамбиджи өзендері аралығындағы түгелдей өзен тосқындары үйілген жерлерде арналар барлык бағытта қиылысады, жазғы тасқын кезінде олар су астында қалады.
Қысқы құрғақ кезендерде Муррей бассейнінің өзендері күшті таяздайды. Бас өзеннің денгейі айтарлықтай төмендейді, бірақ әдетте бүкіл өн бойында үздіксіз су ағыстары сақталады. Тек ең күшті қуаңшылық жылдары Муррейдің жоғарғы ағысының жекелеген учаскелері толығымен кеуіп қалады.
Муррей-Дарлинг өзендері жүйесінің шаруашылықтық үлкен маңызы бар, өйткені олардың сулары кұнарлы, бірақ ойпаттың қуаң жерлерін суаруға пайдаланады. Осы мақсатпен ірі су қоймалары жасалған. Тұрақты режимнің жоқтығы кеме жүруді қиындатып, өзендердің аккумуляциялық әрекетін күшейте түседі. Австралияда көл көп, бірак көп жағдайда олардың ағыны жоқ және тұзды болады, ал олардың көпшілігі жаңбырдан кейін ғана сумен толығады.
Материктің ең ірі көлі - Эйр Орталық жазықта - жатыр. Оның денгейі теңіз деңгейінен 12 м төмен. Көл қазан шұңкыры кең-байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының - криктердің (Куперс, Дайамантин, Эйр т. б. ) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұздалған, оның көлемі мен пішіні тұрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезеңінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғал жылдары Эйр көлінің ауданы 15 мың км 2 -ге жетеді. Жылдың көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және олар бір-бірімен қабыршық тұз басқан учаскелер арқылы жалғасқан, таяу су қоймаларына бөлініп кетеді.
Ағынсыз тұзды көлдердің үлкен тобы материктің оңтүстігінде жатыр. Бұл Торренс, Гэрднер, Фром т. б. көлдер таяздап, құрғақ уақытта жекелеген су қоймаларына бөлінеді және күшті жаңбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сортаң алқаптармен қоршалып жатыр.
Батыс Австралия таулы үстіртінде ағынсыз көлдер көп. Олар суға нөсер жаңбырдан кейін ғана толады, ал жылдын көп уақытында кеуіп кетіп, сортаң жер болып жатады.
Австралияның жер үсті су қоймалары ресурстары халықтың суға мұқтажын канағаттандыру үшін жеткіліксіз, онын үстіне материктің көптеген су коймалары тұзды келеді. Бірақ Австралияда жер асты артезиан суларының үлкен қоры бар. Материкте фундамент синеклизіне ұштасып жатқан көптеген артезиан бассейндері зерттеліп, пайдалануда. Олардың суы өнеркәсіпке беріледі, жайылымдар суландырылады. Күшті минералдануына байланысты олар ауыз су ретінде және егістікті суландыру үшін пайдалануға жарамсыз. Үлкен Артезиан Бассейні деп аталатын дүние жүзіндегі ең ірі бассейн Карпентария шығанағынан Дарлинг бассейніне дейін созылып жатыр. Жалпы алғанда Австралияда 6500-ге жуық артезиан құдықтары бар.
Топырағы мен өсімдік жамылғысы.
Австралия флорасының кұрлыктың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасманиямен бірге Австралиялық айрықша флора патшалығына бөлінген. Мұхиттық аралдар Палеотропикалық өсімдіктер патшалығының әр түрлі аймақтарына жатады. Алайда Австралия мен Мұхиттық ірі аралдардың үлкен бөлігінің жақын болуы және қазіргі флора қалыптасуы басталған сол кезде олардың арасында құрғақтағы байланыстыд болуы, Австралия мен кейбір Мұхиттық аралдардың өсімдіктер жамылғысында көптеген ортақ элементтердің болуын туғызады.
Австралияның тропикалық флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталды және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа учаскелерімен құрлық арқылы байланысы болған кезде жалғаса түсті. Мезозойдың аяғына дейін Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жатты, шығыстағы, солтүстіктегі аралдармен, олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған еді. Мұнымен Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен, сондай-ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған байланысты, кайнозой кезеңінің ортасынан бастап-ақ Австралия басқа материктердей оқшауланып қалған болса керек, сондықтан оның флорасының құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді. Екінші жағынан, Австралия флорасында басқа материктерде кең таралған көптеген тұқымдастар жоқ. Сондай-ақ материктің флорасында өсіруге жарамды азықтық өсімдіктердің болмауы да қызыкты, сол себепті Австралияның байырғы халқы егін шаруашылығын білмеген.
Австралия территориясының өзінде флора қалыптасуының өзара байланыссыз орталықтары болды: оның біреуі оңтүстік-батыс пен орталық бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теңіз бассейні жатқан болатын, ол кұрғады да, өсімдік антропогеннің басында өсті.
Антропогенде Австралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан бері қауырт өзгеріске ұшыраған жоқ.
Австралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі белгілерінің қалыптасуына - ежелгілігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде болуына себепші болды. Эндемик өсімдіктердің көптігіне қарай жер шарында Австралиялық өсімдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ - оның алабында өсетін өсімдік түрлерінің 75%-і эндемик өсімдіктер. Казіргі климаттық жағдайға байланысты Австралия мен Мұхиттық аралдардың топырақты-өсімдік жамылғысы шеткі аймақтарынан материктің орталығына қарай, барған сайын ксерофитизациялана түсу жағына қарай өзгереді. Аралдардың және материктердің оңтүстік жиегіндегі ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандары ішкі бөліктер бағытына қарай саванналармен, сирек ормандармен және бұталы тоғайлармен, ал одан соң шөлейт, шөл формациялармен ауысып отырады.
Экваторға іргелес жатқан Жаңа Гвинея аралының солтүстік бөлігі мен ұсақ аралдардағы ылғалды тропиктік ормандарда өсімдіктердің азиялық және эндемик түрлері көп, сондай-ақ австралия өсімдіктерінің саны да недәуір. Жағалауларға жакын жерлерде бұл ормандарды мангр тоғайлары ауыстырады.
Австралия материгінде ылғалды тропиктік (жаңбыр суына өсетін) ормандар аз. Олардың неғүрлым кең алабы жауын-шашын мол және тұрақты жауатын Кейп-Иорк түбегінің шығыс жағалауында 20° оңтүстік ендіктен солтүстікке қарайғы жерде болады.
Австралияның солтүстігіндегі өзен анғарларын бойлай ылғалды тропиктік орман суайрыктарындағы саванналар мен сирек ор-мандар таралған аймаққа ұласады.
Австралия мен Жаңа Гвинеяның ылғалды тропиктік ормандары пішініне, ішінара құрамына қарай Оңтүстік Азия ормандарына ұксас келеді. Онда кейбір пальмалар, лавр, фикус пен бұршақ тұқымдастар өседі. Лиандар улы шырмауық бұрыш және ротанг пальма-лианы болып саналады. Австралияның ылғалды тропиктік ормандарында азия мен австралиялық элементтерден басқа антарктида мен кап флорасының кейбір өкілдері кездеседі. Бұл ормандардың топырақтары батпақты ойпаттарда күлгін түсті кызыл топырақ типіне, баурайлар мен суайрықтарында күлгін латеритті топырақ типіне жатуы мүмкін.
Қалың тропиктік ормандар сондай-ақ Австралияның Үлкен Суайрық жотасын бойлай көтеріліп, Австралияның бүкіл шығыс шетін жауып жатыр. Бұл ормандар кәдімгі ылғалды тропиктік ормандардан түр құрамының біршама кедейлігімен және пальма мүлде жоқ, дерлік эвкалиптің алуан түрлерінің басым болып келуімен ерекшеленеді. Алайда бұл ормандардың ағаштары орасан зор биіктікке жетеді де, ал лиандары мен эпифиттерінің молдығы жөнінен олар ылғалды тропикалық ормандардан кем түспейді. Олардың түптерінен қызыл-сары ферралит топырағы түзіледі.
Шығыс Австралия ормандарының фонында өсетін эвкалиптер сыртқы түрлері мен көлемдері жөнінен өте әр түрлі. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары көгілдір немесе сұрғылт түсті келеді, бұл оларға өзгеше және біршама өңсіз түр береді. Бүл ормандар үшін сондай-ақ ағаш тәріздес және шөп тәріздес папоротниктер тән. Алуан түрлі эпифитті өсімдіктер көбіне ашық, әрі әдемі гүлдейді. Олардың арасында әсіресе орхидей тұқымдастарының әр түрлі өкілдері ерекше көзге түседі.
Австралияда тропиктік сирек ормандар мен саванналар недәуір үлкен аудан алып жатыр. Олар материктің солтүстігінде көбіне оңтустік ендіктен 20° солтүстікке қарай үлкен кеңістікті жауып жатыр. Австралия саванналарын ылғалды маусым кезінде сарғалдақ, лала гүл және орхидей тұқымдас ашық гүлді өсімдіктер, әр түрлі астық тұкымдастар жауьш жатады. Саваннаға тән ағаштар - бұтактары жіп тәріздес жапырақсыз, эвкалипт, қараған, казурин ағаштары. Сондай-ақ, сабағы жуан, ылғал қорын жинайтын ағаштар да кең таралған. Саванна негізінен эвкалиптердің әр түрлерінен тұратын сирек ормандармен үйлесіп келеді. Мұндай ормандарда ағаштар сирек болады, сондықтан құрғак маусым кезінде топырағы құрғап, жаңбыр кезінде құлпыра көктейтін қалын шөптермен көмкеріліп қалады. Эвкалипт ормандары Кейп-Йорк түбегінің үлкен бөлігі мен Австралияның солтүстік жағалауларының кең алқаптарын жауып жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz